4-МӨж тақырыбы: «Ғ. Бегалыұлы мен Ә. Сыдықұлының «Математика сабағы»


ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНЕ АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ – «МАТЕМАТИКА САБАҒЫ»



бет3/6
Дата10.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#25197
1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНЕ АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ – «МАТЕМАТИКА САБАҒЫ»

2.1 Ғ.Бегалыұлы мен Ә.Сыдықұлы туралы қысқаша мәлімет және «Математика сабағы» оқулығына түсініктеме

Математикадан қазақ орта мектебіне арналған оқу құралдарының бірі «Математійке сабағы» (Математика сабағы) деп аталады. Оқулық 1931 жылы Қызылорда қаласында латын әліпбиімен басылып шықты. Авторлары – қазақтың әдіскер ғалымдары Ғ.Бегалыұлы мен Ә.Сыдықұлы. Авторлар туралы қысқаша мәліметтер келтірейік: Ғ.Бегалыұлы (1888 - 1966) - қазақ тіліп оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ұстаз- педагог. 100 - ге тарта күрделі еңбектер жазған. Оның 5 - еуі монография, 10- ы оқулық, 4 - еуі сөздіктер. Ғ.Бегалыұлының қазақ мектебі үшін сол кезеңдегі аса ділгір мәселені, оқулықтар жазу мәселесін шешуге атсалысып, бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасуына үлкен еңбек сіңіргендігінің тағы бір дәлелі 4 - сынып үшін «Есеп сабағы» атты тағы бір оқулықты дайындап ұсынуы болып табылады. «Есеп сабағы» оқулығы Алаш қайраткері Ә.Қасымұлының 4-сыныпқа арналған математика оқулығының орнына енгізілген. Әміржан Сыдықұлы (1898 - 1984). Көпке танымал ғалым – ұстаз, педагогика ғылымдарынын кандидаты, Қазақстанда кеңес үкіметі тұсында халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі Әміржан Сыдықұлы ұстаздық жолын 1918 ж бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы халыққа білім беру Орталық институтын тәмамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А. Блонский, Н.К. Крупская секілді аса көрнекті ғалым - педагогтар болды. Ә.Сыдықұлы халық ағарту саласындағы жұмысын педагогика және мотодика жөніндегі шығармашылық қызметімен орайлы ұштастыра білді. Оның тұңғыш ғылыми мақалалары «Темір қазық» және «Таң» журналдарында жарық көрді. 1932 жылы ппрофессор Ш.Әлжановпен бірге «Маркстік педагогика жөніндегі хрестоматия» деген еңбекті құрастырды. 1949 ж. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты монографиясын жазып республикадағы педагогика ғылымы тарихына елеулі үлес қосты. Ә.Сыдықұлының оқыту методикасы саласындағы еңбегі де айтарлықтай мол. «Математика сабағы» оқулығы Қазақстан баспасынан латын алфавитімен басылып шыққан. Кітаптың сыртында «Колхоз жастары мектебінің 1-інші оқу жылына,жеті жылдық мектептердің 5-інші оқу жылына және өз бетімен білім алушыларға арналған кітап» деп атап көрсетілген. Кітаптың «Жазушылардан» деп аталатын алғы сөзінде «...бұл математике кітабы қазақ тілінде алғаш рет шыққан кітап» екендігі атап көрсетіліп, сол кезеңдегі 5-ші сыныптарда оқытылатын оқу материалына сипаттама берілген және оқулықта пайдаланылған математика терминдері туралы айтылған. Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – онда пайдаланылған математикалық терминдердің сипатында. Авторлар, алғысөзде атап көрсетілгендей, Мемлекетттік білім кеңесі бекіткен терминдерден ауытқымауға тырысқан. Бұл жөнінде авторлар былай деп жазады: «...қолданылған атаулар түгелімен білім кеңесі мақұлдаған пән атаулары. Қазақ оқытушылары – өздерінше басқа атаулар қойып, білім кеңесінде алынған сөздерді қолданбауы лайық емес. Бұл сөздердің ұнамсыздары, дұрыс ұғым бере алмайтындары болса – оларды сын ретінде газетке, журналға, білім кеңесінің өзіне білдіруі тиіс...». Оқулықта берілген есептердің негізгі ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: -олардың мазмұнында сол кездегі қоғамдық және тұрмыстық жағдайларға байланысты мәселелер қамтылған; -мазмұны мен сандық мәліметтері нақты өмірден және оқушыларға коммунистік тәрбие беру ісіне жәрдемдесетіндей етіліп алынған; -есептерде оқушының жасына, оның мүддесіне лайықты мәселелер қарастырылған; -есептердің мазмұнының оқушыға таныс немесе оңай түсінетіндей оқиғалардан алынуына мән берілген, т.б. Оқулыққа барлығы 795 жаттығу (мысалдар, есептер, практикалық жаттығулар және т.б.) енгізілген. Бұның әрине оқушылардың математикалық білімдерді тәжірибемен ұштастыра отырып игерулеріне мол мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

«Математика сабағы» оқулығының титул беті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет