Шешуі:
Таза күміс – 9x ғырам
Қоспа – x ғырам
Жауабы: 20 ғырам.
Қостабанның (трапеция) екі табанының ұзындығы 6 жаңа 4 см-ден. Бұл екеуі бір бүйіріне кесе (перпендикуляр) келеді. Кесе бүйірінің ұзындығы 4 см. Қостабанның ауданын біліңдер.
Шешуі:
Шарт бойынша қостабанның сызбасы былай болады:
4 см
4 см
6 см
Жауабы: 20 см2.
Үш жұмысшы қосылып ағаш кескені үшін 42 сом еңбекақы алған. Жұмысшының бірі 3, екіншісі 5, бірі 6 күн жұмыс қылса, бұлар үшеу ара 42 сомды қалай бөлісіп алулары керек?
Шешуі:
Бір күн істегені үшін берілетін ақша – х сом.
Жауабы: 9 сом; 15 сом; 18 сом.
Енді оқулықта берілген әдіспен дөңгелектің ауданының формуласын дәлелдейік. «Радиусы 10 см дөңгелек (шеңбер) сызайық. Дөңгелектің жиегін 12 бөлікке бөлеміз. Белгілеп алған нүктелерді дөңгелек кіндігімен (центрімен) қосамыз.
Дөңгелектің 12 бөлігінің әрқайсысын бір-бір үшкіл (үшбұрыш) деп алып, шаршысын табамыз (бұлар бір-бірімен тең, бірінің ауданын тапсақ, 12-ге өсіріп (көбейтіп), 12 үшкілдің де шаршысын білеміз).
1-сурет
2-сурет
Енді 12 үшкілдің әрқайсысын жеке қып алып 2-суреттегідей қатар саламыз. Сонда параллелограмм шығады. Ауданы дөңгелектің ауданындай, табаны дөңгелектің жартысына тең, биіктігі (ені) радиуспен бірдей. Сонда оның ауданы жарты шеңбер мен радиус өсіндісіндей (көбейтіндісіндей) болады. Жарты шеңбер ұзындығы болса, параллелограм ауданы болып шығады.
Олай болса, радиусы 10 см-ге тең дөңгелектің ауданы: болады».
Қорытынды
Қазақ орта мектебіне арналып латын әліпбиімен жазылған оқулықтардың бірі – «Математика сабағы». Оқулық аса үлкен әдістемелік шеберлікпен жазылған. Кітап ең бірінші кезекте, оның алғысөзінде атап көрсетілгеніндей, қазақ мектебінің 5 - сыныптарына арналған математика оқулығы түрінде жазылған. Сонымен қатар оны колхоз жастары мектептерінің 1 - оқу жылында, қысқа мерзімді оқытушылар курсында, математикалық білім мазмұны 4-5- сыныптармен шамалас келетін басқа да оқу орындарында және өз бетімен білім алу барысында пайдалануға болатындығы ескертілген. Өйткені, жаңа, латын алфавитіне көшу мен Алаш қайраткерлерін қудалау және олардың математика оқулықтарын пайдалануға тыйым салу, жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталған 30-ыншы жылдары қазақ мектептері үшін оқулық тапшылығы орын алған болатын. Сондықтан авторлар алдына әмбебап оқулық жазу міндеті қойылған да олар осы міндетті шешуге барынша күш сала отырып, сол кездегі қоғамның тілек - талаптары мен 5-сынып оқушысының жеке мүдделерін үйлестіруге тырысқан. Зерттеу барысында мынадай қорытындылар шығардық:
Кітапта эконмикалық, географиялық, ауыл шаруашылығы және т.б. өмірмен байланысты есептер қамтылған.
Диаграммалар, кестелер, геометриялық сызбалар, жаттығулар берілген.
Кітаптағы ұғымдар ескіше атауларымен берілген: «Үшкіл», «Қостабан», «Көпкіл», «Қиықша» т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосанов Б.М. Ана тіліндегі алғашқы математика оқулықтары: монография / Алматы : "Мерей" баспасы, 2015. - 500 б.
Әбілқасымова А.Е., Қосанов Б.М. Қазақстандағы математиканы оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы: Оқу құралы. – Алматы: Мектеп, 2018. – 264 бет.
Қосанов Б.М. Қазақстандағы әдістемелік-математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы: Оқу құралы. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 1999. - 150 бет.
Ә.Сыдықовтың педагогикалық көзқарастары/Ғаламтор көзі: http://g.engime.org/lekciya-30-saf-soj-30-saf-obsoj-30-saf-barli-safat-90-saf-orit.html?page=6
Ғали Бегалыұлы Бегалиевтiң туғанына 130 жыл/Ғаламтор көзі:
https://emirsaba.org/azastan-respublikasi-bilim-jene-filim-ministrligi-respublikali-v2.html?page=29
Достарыңызбен бөлісу: |