4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

күнәсіна, 
күнәсінан, 
күмәніна,шүбәланбау т.б. 
Сонымен, 2005 жылы жарық көрген ҚТОС-тың Ү басылымында екінші 
буынында ә жазылатын сөздердің барыс, тәуелдік жалғауымен келген түрі ғана 
берілсе, енді күмән, куә, шүбә сияқты сөздерге табыс, жатыс, шығыс септіктері мен 
көптік жалғауының қосылып жазылуы көрсетілді (күнәлар); 
Мысалдар: күнәға, күнәсі, күнәсіна, күнәсінан, күнәлары, күмәнға, күмәні, 
күмәніна, күмәнінан, күмәндар, шүбәға, шүбәлар, шүбәсі, шүбәсіна, шүбәсінан, 
шүбәсіз, шүбәланбау, шүбәлі, күмәнсіз, күмәнді, күмәншіл 
Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс тілінен енген 
сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: курсқа, автобуқа, институтқа. 
Бұл ережеге г дыбысына аяқталатын сөздер мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын 
бір буынды сөздер және бль, ль дыбыстарына аяқталатын сөздер бағынбайды, 
оларға қосымша жіңішке жалғанады: округке, рульге, патрульге. 
Соңғы буынында (не бір буынды сөздің өзінде) и дыбысы бар орыс тілінен 
енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: кассирге, 
синтаксистік, кальцийдің. 
Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары буын 
үндестігіне бағынбайды: 
ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й 
және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады. Бұл қосымша 
жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: Тәжібаев, Жабаев, Имашев, 
Мұқашев, Мұқашева, Жақашева.
Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-ева) қосымшасы 
жалғануы мүмкін: Мұсаев, Абдоллаев, Бөкеев.
Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (-ева) қосымшасы жалғанғанда, ол 
дыбыстардың орнына и әрпі жазылады: Сариев, Жұмалиев, Аккозиев.
Й мен ш дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) 
қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке 
алынбайды: Мұратов, Медетов, Сұлтанов, Жүнісов, Сейітов.
Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, әдетте фамилия -ин (-ина) 
қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин 
(-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы буынының жуан-
жіңішкелігі есепке алынбайдьі: Нұралин, Алтынсарин, Дербісалин. -ин (-ина) 


жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о дыбыстары у болып өзгеріп 
айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов, -ова жұрнақтарымен 
жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мусин (Мұсаев), Абдуллин 
(Абдоллаев), Бөкин (Бөкеев).
-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы 
түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Қонысбековтің, 
Сәрсенбаевқа
Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің 
қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты 
дыбыстың әуеніне қарай жалғанады: физиктер, лактың, поляктар, маякқа, 
бамбуктың. 
Ескерту. ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады: 
педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік. 
1983 ж. Қазақ ССР жоғары Кеңес Президиумының 25 тамыздағы Жарлығымен 
ҚТОНЕ-ге толықтыру енгізілгенде соңғы дыбысы рк, нк, нг, кс, ск, лк, нкт, кль, брь, 
бль және ог, уг болып келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тіліндегі 
қосымшалар жіңішке түрде жалғанатыны туралы жеке параграф енгізілді. 
Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне 
аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: паркке, 
парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскісі, фактіге, фактісі, танкіге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет