4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шен, -шық, -шік 
т.б.бағынбайды. Мысалы: баласыз, баласың, көйлекшең, сөзшең, көпшіл, ұраншыл. 
Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң 
дауыссыздарының бірі болса; дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші 
дыбысы қатаң болады: клубқа, педагогтер, арабтар. 
г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар 
дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяндап, ғ, г дыбыстарына, ал п дыбысы б, 
кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына айналады да, 
естілуінше жазылады: күрегі, тарағы, табу, блогы, бағы. 
Ескертулер. П, х дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге 
дауыстыдан басталатын косымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: 
принципі, типі, окопы, телескопы, цехы, алманахы. 
«Қатар» мағынасындағы сап сөзі мен тарап сөзі де тәуелдік жалғауын 
жалғағанда, соңғы қатаң дыбысын сақтайды: сапында, сапымызға (тұрды), 
тарапында, өз тарапымыздан. 
 Қазақ, калмақ деген сөздерге сын есім жасайтын -ы жұрнағы жалғанғанда, сөз 
соңындағы дыбыстар ұяңдамайды: қазақы ер, қалмақы ат. Ал бұл сөздерге 
тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, сөз соңындағы катаң дыбыстар жалпы заңға 
бағынып, ұяңдайды: Ол кісі - Сыр бойының қазағы. Менің жолдасым – Еділ 
бойының қалмағы. 
ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б 
дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады. Бірақ бұл 
өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түнгі, бұрынғы, сәнқой , көнбеді. 
Кейбір сөздердің соңғы буындарындағы ы, і дыбыстары сол сөздерге белгілі 
бір қосымшалар жалғанғанда, айтылуы да, жазуда да сусып түсып қалады: ойна, 
орна, орнады, қырқыншы т.б. 
Соңғы буындарында ы, і дыбыстары бар сөздерді тәуелдегенде, көбінесе соңғы 
буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киімі, дәуірі, ғылымы, ырысы т.б. 
«Анықтағышта»: «Мына сияқты сөздерді, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і 
дыбыстары үнді дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерді 
тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады және түсіріліп жазылады», - 
деген анықтамаға бөркі, көркі, халқы, еркі, әрпі сияқты сөздермен қоса мұрны, 
мойны сөздерін мысалға келтірген (аузы, ерні). 
Ал «дауыс, ауыл» сөздеріне тәуелдік жалғауы әр кездегі сөздікте әртүрлі 
жалғанып жүрді. Соңғы ереже бойынша екі нұсқа да дұрыс болып табылады: аулы, 
ауылы, даусы, дауысы
Ә әрпіне аяқталған немесе соңғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге 
қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғануы да ОС-нің әр жылғы 
басылымдарында әртүрлі сипат алып келді. 


1963 жылы жарық көрген сөздікте күмән, күнә, шүбә, кінә, куә сөздерінің ғана 
екінші буынында ә әрпі жазылатыны заңдастырылды да, оларға қосымша жуан 
жалғанатын болды; 
«Ә әрпіне аяқталған немесе соңғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге 
қосымшалар жуан жалғанады» деген пікір 2000 жылы шыққан «Анықтағышта» да 
бар: кінә+лау (кінәлеу емес), күнә+сыз (күнәсіз емес), күнә+ға (күнәге емес), 
күмән+дану (күмәндену емес), Күлән+ға (Күләнге емес). 
Бірақ 2000 жылдың қараша айында қазақ тілі орфографиясының негізгі 
ережелеріне проф. Р.Сыздықтың редакторлығымен енгізілген өзгертулердің ішінде 
екінші буында ә жазылатын сөздерге қосымша да, жіңішке жалғанатын болды, тек 
барыс жалғауы мен -ла, -ле қосымшасының жуан болатыны ескертілді; 
Дегенмен, жуан жалғанатын қосымшалардың ішінде көптік жалғауы, шығыс 
септік жалғауы да бар және бұл қосымшалар жіңішке жалғанған тәуелдік 
жалғауынан 
кейін 
де 
жуан 
жалғана 
береді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет