4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

 
 
 


№10 дәріс тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздердің емлесі. 
Дәріс жоспары:
1. Күрделі номенклатуралық атаулардың емлесі. 
2. Жалқы есімдер емлесі.
3. Тасымал. 
Дәріс мәтіні: 
1. Төл сөздегі сейлемге қойылған сұрау, леп белгілерінен және көп нүктеден 
кейінгі автор сөзі кіші әріптен басталып жазылады.
2. Көп нүкте сейлеушінің қысылып, тұтығып не басқа себептермен бөліп-бөліп 
айтқан бір сөйлем ішіндегі сездерінің арасына койылған болса, одан кейінгі сөз кіші 
әріппен жазылады. Мысалы: 
Төл сөз және цитаттар бас әріптен басталып жазылады. Кейде цитат автор 
сөзінің жалғасы немесе ажыратылмас бөлігі ретінде жымдастырыла келтірілуі 
мүмкін. Ондайда тырнақшаға алынғанмен, цитат кіші әріптен басталып жазылады 
және алдынан не соңынан төл сөзге (цитатқа) тән тыныс белгілері қойылмайды.
Жақша ішіне алынған ремаркалар, өзге де сілтемелер аяқталған, сөйлемнен 
кейін келтірілсе, бас әріптен басталып жазылады.
Адамның өз аты, әкесінің аты және фамилиясы, сондай-ақ лақап аты 
(псевдонимі), ныспысы бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттарының алдьнан 
не соңынан адамның белгілі бір қылығын, қасиетін, кемістік-жетістігін т.б. 
көрсететін сын есімдер - тұрақты эпитеттер қосылып, ел атап каткен жалқы есімге 
айналады. Ондай сөздер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен жазылады, 
соңынан келсе, кіші әріппен жазылады. Мысалы: Ер Төстік, Қыпшак Сейітқұл, 
Тентек Ояз Судыр Ахмет, Қамар сүлу, Қамбар батыр, Жиренше шешен, Ақан сері, 
Біржан сал
Әр алуан мифологиялық "иелердің", "құдайлардың", "әулие-лердің" аттары бас 
эріппен жазылады: Мұхамбет пайғамбар, Будда, Зеңгібаба, Ойсылкара, Қамбарата, 
Шопаната, Бифатима, Әзіреті Әли, Бабатүкті Шашты Әзиз. 
Соңғы жылдары қолданыс жиілігі артып отырған, бас әріппен жазылатын 
кейбір жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Алла, Құдай, Хақ, Құран, Тәурат, Інжіл, 
Елбасы, Наурыз, Қаршағыз т.б. 
Әдебиеттер мен мектеп оқулықтарында жиі кездесетін, жазылуы қиын кейбір 
ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары, сондай-ақ тұрақты эпитетпен, титулмен, 
құрметті атақпен келген жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Ер Төстік, 
Қожанасыр, Әз Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек би, Бабатүкті Шашты Әзіз т.б.
Ру аттары кіші әріппен жазылады. Мал құс, ит т.б. қойылған аттар бас әріппен 
жазылады. 
Тырнақшаға альшып жазылған зауыт, фабрика, трест, комбинат, спорт 
қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр т.б. аттары бас әріппен жазылады. Егер 
олар күрделі атаулар болса (бірнеше сөзден тұрған болса), бірінші сөзі ғана (және 
солардың ішіне кіретін жалқы есімдер) бас әріппен жазылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет