4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет36/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
3cb6657a70360b9c12f83223ae5a1768 (8)

Е с к е р т у л е р .  1. Бірінші мамыр, Сегізінші наурыз дегендердің алғашқы сөзі 
цифрмен таңбаланса, мамыр, наурыз деген сөздер бас әріппен жазылады:
Мамыр, 8 Наурыз. 
Бұрынғы ордендердің аттары тырнақшаға алынбай, әрбір сөзі бас әріппен 
жазылады Кейбір ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтар тырнақшаға 
алынып жазылады, мұндайда олардын бірінші сөзі ғана бас әріппен беріледі: 
"Еңбектегі ерлігі үшін"медалі, "Ардақты ана" ордені. Қазақстан Республикасынын 
мемлекеттік наградалары мен қүрметті атақтары да осы тәртіппен жазылады: Отан 
ордені, Даңқ ордені, Парасат ордені, Кұрмет ордені, "Ерлігі үшін"медалі, "Ерен 
еңбегі үшін"медалі, "Шапағат"медалі, "Алтын алка", "Күміс алқа"


Ресми құжаттардағы шартты атаулар бас әріппен жазылады. Мысалы: Жоғарғы 
мәртебелі Президент мырза. 
Әрбір жаңа сөйлем бас әріппен жазылады: Qonaqúıde, dóńgelek ústel ústinde 
qyzǵylt, kúńgirt sáýlesi bar tas sham janyp tur. Qyryn otyrǵan ákesiniń úlken kesek 
pishini Abaıǵa jartylaı ǵana kórinedi (M.Áýezov).
Өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталады: Paıda oılama, ar oıla, Talap qyl artyq 
bilýge. Artyq bilim kitapta, Erinbeı oqyp kórýge (Abaı).
Жалқы есімдер емлесі
Кісінің аты, әкесінің аты, тегі бас әріппен жазылады: Dýlat Saǵynuly Berdáli, 
Qyrmyzy Nábıqyzy Seıdimbek.
Кісі есімдеріне және -ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша 
түбір сөздің соңғы буынына сәйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń, Álıhanǵa; 
Kúnsulýdyń, Kúnsulýǵa; Nábıevanyń, Nábıevkе; Baıǵaraevanyń, Baıǵaraevqa.
Е с к е р т у. Соңғы буыны á-мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар §16 
бойынша жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-ǵa, Bilál-ǵa.
Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, 
Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala, 
Aqylbek, Jaqsybaı, Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdildá, Bıbihanym, 
Asyljan, Ahmetqazy.
Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар айтылымына сәйкес 
жазылады: Aıǵyz, Baıgeldi, Jumaǵul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet.
Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына 
сәйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, 
Ybyraıym, Bátıma, Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl, Ábdiqadir, Álbeıbarys.
Тарихи тұлға есімдеріндегі көмекші сөздер сөз басында бас әріппен, сөз 
ортасында кіші әріппен дефис арқылы жазылады: Ábýnasyr ál-Farabı, Leonardo da 
Vınchı, Janna d’Ark, Fon der Gols, Lıýdvıg van Bethoven, Ál-Farabıdiń murasy barlyq 
túrki halyqtaryna ortaq. Көрсетілген есімдерге қосымшалар буын үндесіміне сәйкес 
жалғанады: Leonardo da Vınchı (-diń, -ge); Fon der Gols (-tyń, -qa); Vılgelm fon 
Gýmboldt (-tyń, -qa). 
Ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары бас әріппен және бірге жазылады: Jelaıaq, 
Jeztyrnaq, Saqqulaq, Taýsoǵar.
Құрамында bı, jyraý, ata, ana, batyr, abyz, aqyn, bahadúr, han, seri, sal, datqa, sultan, 
qajy, sulý, begim, hanym, myrza сөздері бар ұлттық-мәдени қоғамдастыққа танымал 
кісі есімдерінің алдыңғы сыңары – бас әріппен, екінші сыңары кіші әріппен бөлек 
жазылады: Móńke bı, Buqar jyraý, Adam ata, Haýa ana, Qorqyt ata, Domalaq ana, 
Jalańtós batyr, Baıserke abyz, Dýlat aqyn, Ábilǵazy bahadúr, Abylaı han, Aqan seri, 
Birjan sal, Baızaq datqa, Baraq sultan, Qunanbaı qajy, Baıan sulý, Aısheker hanym, 
Rabıa begim.
Дәстүрлі мәдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында 
қолданылатын тұрақты эпитеттер бас әріппен жазылады: Úkili Ybyraı, Qyz 
Jibek, Máshhúr Júsip, Qazdaýysty Qazybek bı, Er Tarǵyn, Qaraqypshaq Qobylandy, 
Jaıaý Musa, Er Tóstik.
Жануарлар мен құстарға қойылған күрделі атаулар бас әріппен және бірге 
жазылады: Aıtóbel, Qoıankók; Bóribasar, Aqtós, Qaratorǵaı. 
Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі


Географиялық және астрономиялық атаулар бас әріппен жазылады: Alataý, 
Jetisý, Ertis, Jaıyq; Kún, Аı, Jеr, Sholpan, Jetiqaraqshy, Súmbile, Úrker.
Muhıt, asý, aral, qum т.б. сөздермен келетін жер-су және астрономиялық 
атаулардың бастапқы сыңары бас әріппен жазылады: Qara teńiz, Tynyq muhıty, 
Kúngeı asýy, Barsakelmes araly, Borsyq qumy.
Тұрақты анықтауыш арқылы қалыптасқан күрделі жер-су атауларының екі 
сыңары да бас әріппен және бөлек жазылады: Kishi Azıa, Ortalyq Qazaqstan, Batys 
Qazaqstan, Qıyr Shyǵys, Taýly Altaı.
Күрделі жер-су атаулары бас әріппен, түбір тұлғасы сақталып, біріктіріліп 
жазылады: Araltóbe, Úsharal, Kókshetaý, Betpaqdala, Jarkent, Marqakól, Saryarqa, 
Saryaǵash, Jańaarqa.
Қосарланған жер-су атауының екі сыңары да бас әріппен, дефис арқылы 
жазылады: Aqsý-Jabaǵyly qoryǵy, Úıtas-Aıdos jerasty sýy, Saıram-О́gem ulttyq parki, 
Balqash-Alakól oıysy.
Күрделі атаулар емлесі
Мемлекет және ең жоғарғы мемлекеттік басқару органдары мен лауазым 
атаулары бас әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń 
Prezıdenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Premer-mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy 
Parlamenti Májilisiniń Tóraǵasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Úkimeti. Бірақ 
мемлекеттік лауазым атауларындағы hatshy, mınıstr, depýtat, ákim, orynbasar, basshy, 
tóraǵa сөздері кіші әріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik hatshysy, 
Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamentiniń depýtaty, 
Túrkistan oblysynyń ákimi, Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdenti ákimshiligi basshysynyń 
orynbasary, Ádistemelik bólim basshysy, Til komıtetiniń tóraǵasy.
Мемлекеттік әкімшілік-басқару органдары (министрлік, комитет, департамент, 
кодекс т.б.), заңнамалық құжаттар күрделі атауларының бірінші сөзі бас әріппен 
жазылады: Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan 
Respýblıkasy Ishki ister mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrliginiń 
Memlekettik múlik jáne jekeshelendirý jónindegi komıteti, Qazaqstan Respýblıkasy 
Aqparat jáne komýnıkasıalar mınıstrliginiń Aqparattandyrý departamenti, Qazaqstan 
Respýblıkasynyń Eńbek kodeksi.
Оқу орны, ғылыми мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының және 
олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары бас әріппен жазылады: Ál-Farabı 
atyndaǵy Qazaq ulttyq ýnıversıteti, Sh.Ýálıhanov atyndaǵy Tarıh jáne etnologıa ınstıtýty, 
Qazaqstan Sýretshiler odaǵy, Abaı atyndaǵy Opera jáne balet teatry, Qazaq ulttyq 
ýnıversıtetiniń Tarıh fakúlteti, Shyǵystaný fakúltetiniń Shyǵys fılologıasy kafedrasy; Til 
bilimi ınstıtýtynyń Til mádenıeti bólimi, Jazýshylar odaǵy Kórkem ádebıet bólimi, Til 
bilimi ınstıtýtynyń Ǵylymı keńesi.
Ғимарат, ескерткіш, көркем әдебиет, музыка, сәулет, өнер туындылары 
атауларының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады: Beıbitshilik pen kelisim saraıy, 
Qazmedıa ortalyǵy, Táýelsizdik saraıy, Áziret Sultan meshiti, I.Esenberlınniń 
«Kóshpendiler» trılogıasy, «Alasapyran» romany, «Aıqyn» gazeti, «Qazdar qaıtqanda» 
áni, «Máńgilik el» monýmenti.
Маңызды тарихи оқиғалардың, мереке атауларының бірінші сөзі бас әріппен 
жазылады: Aqtaban shubyryndy, Jeltoqsan kóterilisi, Qurban aıt, Naýryz meıramy, 
Qazaqstan halqynyń birligi kúni, Bilim kúni.


Мемлекеттік марапаттар, атақтар бас әріппен жазылады: Qazaqstan 
Respýblıkasy Memlekettik syılyǵynyń laýreaty, «Halyq qaharmany» ataǵy, «Altyn 
qyran» ordeni, «Eren eńbegi úshin» medali, «Altyn alqa» tósbelgisi.
Тасымал. Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөздер буын жігімен 
тасымалданады:
Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у, й дыбыстары сол сөзді буындағанда, 
өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әрпі болады. Мысалы: та-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет