Ескерту: Әртүрлі мекемелердің, білім-ғылым ордаларының, партиялардың,
ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың т.б. күрделі атауларының бірінші сөзі
ғана бас әріппен жазылады: Ғылым академиясы, Сыртқы істер министрлігі.
Бұлардың бірсыпырасының алдында келетін Мемлекеттік, Ұлттық, Қазақстан
Республикасы деген сияқты анықтауыштардың әр сөзінің бас әріппен жазылуы
сақталады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Мемлекеттік
Қыздар педагогикалық институты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті.
Кітап, газет, журнал аттары бас әріппен жазылады. Егер олар бірнеше сөзден
тұрған күрделі аттар болса, бірінші сөзі ғана (және ішіне енген жалқы есім) бас
әріппен жазылады. Кітап, газет, журнал, шығарма т.б. аттары текст ішінде
қолданылғанда тырнақшаға алыныл жазылады.
Сөйлем соңына қойылған нүкте, көп нүкте, сұрау белгісі және леп белгісінен
кейінгі келесі сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады:
̶ Сен ал!
̶ Е, сен ше?
̶ Ал, өзің? – десіп, қау-қауласып тұрған жұрт қолды-қолына бір-бір кесек тас
көтеріп алыпты.
Қаратпа сөздер мен одағайлардан және жоқ, иә деген сөздерден соң қойылған
леп белгісінен кейінгі сөз бас әріппен басталып жазылады:
‒ Жоқ, Әйкежан! Базаралы айтпағаныңды білмейді, айтқаныңды ғана біледі.
Айт, айналайын! - деп, тағы да жақсы өтінді.
Түу!.. ‒ деп, бас шұлғып, үндемейтамашалап барып: ‒ Өлең мен ән ырысын
тауыпты-ау, Абай!.. Өнеріңнен айналайын! ‒ деді.
‒ Жоқ! Мен шапқаным жоқ! Қуырдақты жеп отыра бердім.
‒ Неғылсам рауа, екі ит!! Ә-ә! Өлтірсем қолымнан кім алады!?
Төл сөз және цитаттар бас әріппен басталып жазылады:
Өзі алдымен алды да, Бөжей мен Байсалға қарап жердегі тасты нұсқап:
«Алыңдар!» деді.
Жұрт: «О не: о не?» десіп жатты.
Ырғызбайдың мына тобы Құнанбайды қоршап келе жатқанымен: «Қайда көшіп
барамыз? Неге көштік?» деген сөзді сұраған емес-ті.
Әр алуан мифологиялық "иелердің", "құдайлардың", "әулиелердің" аттары бас
әріппен жазылады:
«Аузың ораза ма? Бес уақыт намаз оқимысың? Мұсылмандық парызын
атқарамысың?» деп, дәл бір Мүңкір-Нәңкірдей тергеуге алғаны.
А, Құдай-ай, бері әкпеші!- деп, зар қағып жүгіріп кеп, Дәркембай да жетті.
Бұның сөзі - әкемнің Құдай алдында жауап беретін сөзі.
Адамның өз аты, әкесінің аты және фамилиясы, сондай ақ лақап аты
(псевдонимі), ныспысы (туып өскен жеріне, руына т.б. қарай аталған көбінесе
тарихи есімдер) бас әріптен басталып жазылады:
Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі
оятып тұрғызып еді.
Арт жағында жорға Жұмабай Абайдың бүгін оны қорқытқанын әңгіме қып
жатта.
Кісі көп емес, Құнанбай мен Майбасар, Жұмабайдан басқа осы өңірдегі
Тобықтының белгілі үлкендері: Байсал, Бөжей, Қаратай, Сүйіндік екен.
Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар бас әріппен жазылады:
Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген, үлкен ақ көк
ат болатын.
Абайды сол сөз бен Желқұйынның жалынып тұрған түрі қатты қызықтырды.
Алыстан қашқан қоян оңай жеткізбей, екі-үш қырқадан асқанда ғана Желқұйын
талдырып жетіп, еріксіз алған-ды.
Географиялық атаулар (жалқы есімдер) бас әріппен жазылады:
Кей-кейде өзіне таныс Көкүйім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-
құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла
бестісін ағызып-ағызып та алады.
Биыл да, бұл отырған барлығының кеңесі Шыңғыс сыртындағы Бақанас,
Байқошқарға шейін көшіп барыспақ.
Ол мұның түсінігінде Һарон-Рашит халифа заманында, әлдеқайдағы Бағдат,
Мысыр, Ғазнада ғана болатын жаза сияқтанады.
Ырғызбай ішінен, әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын.
Өлеңнің әрбір жолы, көбінесе, бас әріппен жазылады. Бұл тілдік заңдылықтарға
байланысты емес, тек дәстүр бойынша жазу болып саналады:
Старшын дейтін әкім бар,
Пайдасын көрер жақындар.
Қалың елі тек жемі
Боранды күн тиіскен
Аш қасқырдай тақымдар...
Мұның ұғымтал зеректігіне қатты ырза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада,
жай ғана тақпақтап:
Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің,
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң шыңға жетерсің, ‒
деп кеп, Абайға домбыраны ұсынды.
Соның аяғын шұбыртып кеп
Мына да қарлар не дейді?
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді,
Ұрлап та көмдің Бөжейді, ‒
деп, қатты айқайлап, қалт тоқтады.
Ру аттары бас әріппен жазылады:
Бірақ Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы
Тобықтының ішінде.
Тобықтының осы жуандары малы аз ғана Керейден сол екі өзенді жылма-жыл
қона жүріп, тартып алмақ ниетте болатын.
Ол – Бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің көштері.
Жалқы есім болып тұрған астрономиялық атаулар бас әріппен жазылады:
Қайта серпілер кезде бәрі тегіс ат құйрығын Темірқазыққа дәлдесін!
Облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылкеңесі аттарының бірінші сөзі
ғана бас әріппен жазылады:
- Тағы ойласам, Тобықты ‒ Керей, Қаракесек ‒ Найман ішіндегі болыс атаулы
Семей мен Омбы, Орынбор ‒ Мәскеу атаулыдағы барлық трелер тобымен ұрандас
екен.
Бұл жолғы Балқыбек сиязына Семей уезіндегі крестьянский начальник
Казанцевтің учаскесіне қарайтын тоғыз болыс ел жиналмақ.
Оның жасы жиырмада екенін, өзінің Семей шаһарында Камали хазірет
медресесінде көп жылдар оқып жүрген шәкірт екенін білді.
Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі бас
әріппен жазылады:
Құнанбайдың жаңағы ашу үстінде Майырды керек қып отырғаны да сол жұмыс
болатын.
‒ Әлбетте, Ваше благародие, жол емес!.
‒ Еткенім кемшілік-таршылықтан, Ваше благородие.
Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен
жазылады:
Қазір Россия патшалығындағы закон-тәртіп пен қырғыз сахарасының
арасындағы барлық тұтас халдің өзі сондай.
Олардың Сібір мен Ресейдегі бар орыс жатақтарымен де ұраны, мұңы бір екен!
‒ деді.
Тырнақшаға алынып жазылған әңгіме, өлең, роман және сол сияқты
шығармашылық еңбектер бас әріппен жазылады:
Айтып тұрғаны Абай әні ‒ "Көзімнің қарасы".
"Еділ-Жайық", "Жұпар қорығы", Құла мерген" ‒ бәрі де айтылды.
Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген
кітаптарының ішінен "Жүсіп-Зылиқа" сияқты қиссаларды оқып береді.
Кісі аттарының алдынан не соңынан адамның белгілі бір қылығын, қасиетін,
кемістік жетістігін т.б. көрсететін сын есімдер тұрақты эпитеттер қосылып, ел атап
кеткен жалқы есімге айналады. Ондай сөздер жалқы есімнің алдынан келсе, бас
әріппен жазылады, соңынан келсе, кіші әріппен жазылады:
Өзімен бірге әке-шеше ауылынан жас балаларды және Кішкене молда деген
тәрбиеші молдасымен ала келеді.
Оны Кішкене молдаға молдалар тілімен жеткізеді, яғни медресе шәкірті
ерінбей жылдар бойы оқыса, бір сәтте сол талапты шәкіртке, дүние есігі кең
ашылып кеткендей көрінеді, сол кез медресе шәкірті үшін ең бір бақытты.
Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып «Қозы Көрпеш –
Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы еді.
Аса маңызды тарихи дәуірлердің, революциялардың; уақиға-лардың,
мерекелердің аттары бас әріппен жазылады. Егер ол аттар күрделі болса, бірінші
сөзі және кейбір атаулардың алдынан айтылатын ұлы деген сөз бас әріппен
жазылады: Отан соғысы жэне Ұлы Отан соғысы, Бірінші мамыр, Жаңа жыл,
Халықаралык бейбітшілік жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |