пікір
білдіруге теріс қарады, тіпті агрессиялық қатаңдықпен барлық
қарсылықтарды тыйып отыруды ұстанды, осының нәтижесінде негативті жайттар
көп орын алған жоқ; елдің беті бірден бері қарады; біржақтылықты ұстанған саясат
өз
жемісін берді; қазіргі кезде Әзірбайжанда латын графикасына өту процесі
аяқталды, осы кезеңге дейін аталған мәселе бойынша
айтарлықтай наразылық
болған жоқ.
Әзірбайжан жазуының латын графикасына көшу тәжірибесін қорыту:
1 факт. Әзірбайжан тілінің дыбыстық жүйесіне негізделген латын
графикасындағы жазу кирилл әліпбиінде қалыптасқан қосамжар орфографиядан
арылудың жолына айналды.
2 факт. Түркі дүниесіне ортақ жаңа әліпби негізінде бауырлас елдермен, әсіресе
көршілес Түркиямен мәдени қатынастарды жақсарту көзделді;
3 факт. Жаңа графика тоталитарлық жүйенің
боданынан босаған жаңа
мемлекетте ұлттық сананың көтерілу,
өз рәміздерін, ұлттық нақышын белгілеу
процесінің жемісі ретінде қаралып, әртүрлі саяси қарсы топтар тарапынан болған
қарсылықтар мемлекеттің қатаң саясаты арқылы тойтарылып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: