Тауық жұмыртқасы Бұл да кең таралған аллерген. Медициналық тәжірибеде бір ғана тауық жұмыртқасын тұтыну анафилактикалық шокқа және басқа да ауыр зардаптарға әкелген жағдайлар бар. Бұл жұмыртқаның құрамындағы протеиндер ішек қабырғаларынан өзгермеген түрінде өте алуына байланысты.
Ақуыз мен саруыз түрлі антигендік қасиеттерге ие, сондықтан кейбір адамдар ақуызды оңай тұтынып, сарыуызын тұтынғанда аллергияға шалдығуы мүмкін, және керісінше. Температуралық өңдеу кезінде, жұмыртқа ақуызының антигендігі аз білінеді.
Тауық жұмыртқасының аллергиялық реакциясы үйректің немесе қаздың жұмыртқасына да тән, сондықтан бұл жағдайда бір өнімді басқа түрімен алмастыру көмектеспейді. Сонымен қатар, тауық жұмыртқасына аллергиясы бар адамдарда тауық етіне де жиі аллергия болады.
Өсе келе балалардың шамамен 10% -ында жұмыртқаға реакциясы жоғалады.
Балық Балықтың күшті антигендік және гистаминолибераторлық қасиеттері бар. Балықты тұтыну ғана емес, осы өнімді дайындау кезінде балықтың иісін жұту да өмірге қауіпті болып табылады. Балыққа жоғары деңгейде реакциясы бар адамдар, әдетте, балықтың кез-келген сұрыптары мен түрлерін мүлдем көтере алмайды. Ал кей жағдайларда аллергия тек балықтың бір немесе бірнеше түріне ғана таралады, қалған балықты адам ауыртпалықсыз тұтына береді.
Шаян тәрізділер (шаяндар, таңқы шаяндар, асшаяндар, омарлар) Шаян тәрізділер үшін айқас антигенділік тән: егер адамда шаян тәрізділердің бір түріне реакциясы болса, онда барлық басқа түрлерін рационнан шығарып тастаған жөн. Бұған аквариум балықтарының құрғақ жеміне жиі қосылатын тұщы су шаяны дафния да жатады. Өйткені дафния да тыныс алуды қиындататын аллергиялық реакцияларды тудыруға қабілетті екенін ескеру керек.
Теңіз өнімдері мен балықтарға аллергия өмір бойы сақталады және аллергенмен елеулі емес байланыс кезінде-ақ анафилактикалық реакциялар орын алуы мүмкін.
Бидай және соя Бұл өнімдер де ең көп таралған аллергендер санына жатады.
Ет Еттің құрамында ақуыздың көптеген мөлшері бар, алайда бұл өнім аллергияны сирек туғызады. Сонымен бірге ет пен құс етінің кей түрлері басқаларға қарағанда анағұрлым жоғары антигенділікке ие. Мысалы, сиыр етіне реакциясы бар адамдар кейде қой етін, шошқа етін немесе тауық етін ауыртпалықсыз тұтына береді.