Мәтінді түсініп оқы.
Байлық
Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазымен жолығып,өзінің бұл күнде кедей екенін айтып,мұңын шағады. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін айтады.
Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің?- дейді ұстазы.
Сенің денің сау, қол- аяғың аман жұмысқа жарарлықсың, -деп, шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрайды :
Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің ?
Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін! - дейді жігіт.
Қаншаға берер едің: жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды,мықты аяқтарыңды ?- дейді ұстаз.
Мен бұларды дүниенің малына айырбастамас едім,- дейді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке:
Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің?- дейді.
1 сұрақ: Жарлы жігіт ұстазына не деп мұңын шақты?
А) Кедей екенін айтып
В) Жағдайынын ауыр екенін
С) Жұмысының жоқтығын айтып
D) Достарының жоқтығын айтып
2 сұрақ: Жігіттің жолдастары қандай болған ?
А) оқыған, ауқатты
В) білімді, дана
С) бай, қадірлі
D) қуатты, бай
3 сұрақ: Ұстазы байлық деп нені айттты ?
А) малды
В) дүниені
С) он екі мүшеннің саулығын
D) ақшаны
4 сұрақ: Мәтін мазмұнына сай мақал
А) Тазалық- денсаулық кепілі
В) Денсаулық-зор байлық
С) Дені саудың-жаны сау
D) Ас -адамның арқауы
Оқу сауаттылығынан сынақ аяқталды
Достарыңызбен бөлісу: |