Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын»,- деп
Халқың айтқан орынды өсиетін.
Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың -жер,су, мөлдір ауа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,беретіні қарызға.
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
1) Өлеңнен негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып, көшіріп жаз.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
2) Өлеңге ат қой. ___________________________________________________________
3) Өлеңнен теңеу мен эпитет тауып жаз.
Теңеу: ________________________________________________________________________
Эпитет: _______________________________________________________________________
4) Табиғатқақатыгезадамдарды тоқтатудың 2 жолын ұсын:
___________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
[6]