4-сыныптың «әдебиеттік оқу» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет3/8
Дата03.04.2023
өлшемі63,43 Kb.
#78597
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Барлығы

4

18

4-сыныптың «әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Нұсқа: 1
Сыныбы 4 «Б »
Оқушының аты- жөні ........................................................................................................... Күні
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ғажайып дүние
Мейрамбек мектептен келді де, қозыларын өріске айдап шықты. Күн жылы. Төмпешіктің түстік бетіне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына біраз қарайлады. Сөйтті де, сарғалдақтар өскен қырға жүгіре жөнелді. Жоғары көтерілді.
Төбенің үстінен ауылға қарады. Ана тұста өзінің үйі, ал сонау жерде өзімен бірге оқитын Марат пен Айгүлдің үйі. Мейрамбек шөп арасында шалқая жатып, заңғар аспанға көз тастады. Көкте аппақ мақта секілді бұлттар жүзіп барады. Мейрамбек енді байқады, аспан керемет екен!
Төбедегі бұлттар тұңғиық су үшінде қалқып жүзген қаздардан аумайды. Анау бір бұлт ше? Ол тау-тау қып үйген ақ бұйра жүндей екен. Мына шеттегі бұлттың үстіне шығып алып, жер – дүниені серуендер ме еді, шіркін!
Биылғы көктем есінде ұзақ сақталар-ау. Әсіресе жаңа ғана көкке қарап жатып, дүниенің ғажап екендігіне қайран қалғанын қарасаңшы.
Анау төмендегі ауылда өзімен қол ұстасып бірге жүріп, бірге оқитын Марат пен Айгүл қасында жоғын айтсайшы! Мейрамбек орнынан тұрды да, қырдан еңіске қарай көйлегінің түймелерін ағытқан қалпы зымырай жөнелді.

a) Биылғы көктем неге Мейрамбектің есінде неліктен ұзақ сақталады?


b) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.
Сұрақ:______________________________________________________________
Жауап: _____________________________________________________________
[2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет