4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты


Тіл дыбыстары және олардың түрлері



бет3/11
Дата07.01.2022
өлшемі45,43 Kb.
#18030
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2. Тіл дыбыстары және олардың түрлері.

Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екі топқа бөлу - ертеден келе жатқан дагды. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзкарастың жоқтығы да осыдан болып отыр.

Акустикалық тұрғыдан қарағанда, дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальды үн (тон) мен салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн басым да, дауыссыздарда салдыр басым. Бұл ретте мына жағдайды да ескеру қажет: салдырдың элементтері дауыстыларда мүлдем жоқ деуге болмайды; ал кейбір дауыссыздарда, атап айтқанда, ұяңдарда музыкальды үн (тон) бар. Сонор дыбыстарды дауыстылардын немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою да қиын мәселе болып саналады. Акустикалық түрғыдан алып қарағанда, сонор дыбыстарды, әсіресе л, р дыбыстарын, дауыстылардың. қатарына емес, дауыссыздардың қатарына жатқызуға жеткілікті негіз жоқ екені айтылып жүр. Бұлай болатындығы: сонор дыбыстарда салдырға қарағанда үн (тон) басым. Ал сонор дыбыстар оқулықтар мен жеке еңбектерде дауыстылардың емес, дауыссыздардың қатарында қаралған да, тілдердің басым көпшілігінде олардың буын құрай алмайтындығы ескеріледі.

Физологиялық (артикуляциялық) тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа (сөйлеп тұрғанда шыққан ауа): 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; 3) фонациялық ауа баяу (лепсіз) шығады. Ал дауыссыздардың артикуляциясы мұнан басқаша болады. Дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа: 1) кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі; 3) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажыратуда негізге алынатын басты белгілер - міне, осылар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет