Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта шенінің үстіңгі жағының қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі й дыбысы және неміс тілінде графикалық жақтан сһ әрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ — «мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.
Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты дауыссыздарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң, дыбыстары жатады. Қазақ тілінде к, г дыбыстары тіл ортасы дыбыстарының қатарында саналып жүр.
Көмей (фарингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Көмей дауыссызына түркі тілдері мен неміс тіліндегі һ дыбысы (неміс тіліндегі һаgеп - «болу, бар», Fгеіһеіt - «бостандық» деген мағыналарда қолданылатын сөздердің құрамындағы дыбыс) жатады.
Дыбыстардың артикуляциялық ұқсастықтары неғұрлым мол болса, олар өз ара бірімен-бірі алмасуға соғұрлым икемдірек болады. Мысалы, п дыбысы д дыбысына қарағанда б дыбысымен алмасуға икем болса, ш дыбысы т дыбысына қарағанда с дыбысымен алмасуға әлдеқайда икем. Өйткені бұл дыбыстардың (п мен б,ш мен с) артикуляциялық жақтан өз ара ұқсастықтары мол. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм (латын тілінің conconontis- дауыссыз дыбыс) деп те аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |