Дауысты дыбыстар
Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік - оларда музыкальды тонның болуы. Әрбір дауысты дыбыста ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері (саны) болады. Бұлардың бәрінің жиынтығынан дауыстының әуені (тембр) немесе сапасы жасалады.
Дауыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы және ауа ағысының баяу өтуі. Ауа ағысының болуы дауыстылардың жасалуының қажетті және басты шарты болып саналады.
Тіл-тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі-түрлі болып келеді. Кейбір тілдерде дауыстылардың саны көп те, қайсыбіреулерінде аз. Мысалы, қазақ тілінде тоғыз жалаң дауысты дыбыс (монофтонг) болса (а, ә, ы, і, о, ө, ұ, ү,е), орыс тілінде алты дауысты дыбыс (а, э, и, ы, о, у) бар. Ағылшын тілінде дауыстылардың саны - жиырма бір (оның ішінде он екісі жалаң дауысты).
Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына, 2) еріннің қатысына және 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |