4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты



бет2/11
Дата07.01.2022
өлшемі45,43 Kb.
#18030
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дыбыстың созылыңқылығы (длительность или долгота звука). Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен коса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ не қысқа болуына) байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа карағанда, екпін түскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашығырақ айтылады.

Дыбыс әуені (тембр звука). Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс дірілінің түрлерімен (типтері) байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы (колебательное движение) күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады.

Сөйлеу тілінде әуен (тембр) туралы ұғым, ең алдымен, дауысты дыбыстар туралы мәселемен байланысты. Есту мүшесі дауысты дыбыстарды бір-бірінен әуені (тембр) жағынан ажыратады. Дауысты дыбыстарға тон тән болады да, дауыссыздарға, негізінен алғанда, салдыр тән болады.

Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс ( resonance- фр. сөзі-жаңғырық деген мағынада) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады. Ауыз қуысында әр түрлі тәсілдер арқылы дауыстылардың әуені жасалады. Жұтқыншақ қуысы да белгілі дәрежеде резонаторлық қызмет атқарады, ауыз қуысымен бірге дауыстылардың әуенін (тембр) жасауға қатысады. Мұнымен бірге, мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.

Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық (articulare- латын тілі- ажыратып айтып беру) жақтарын түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мушелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы. мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т. б. Дыбыстау мушелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.

Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше - тіл. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары (т, д..), ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюінен немесе жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады.

Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о, ө, у, ү...) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м, п, б...) жасалуына да қатысы бар. Еріннің сүйірленіп дөңгелеңуінен еріндік дауыстылар (о, у, ө...) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары (м, б, п...) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан (ф, в) жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет