4. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі Фонетиканың қарастыратын мәселесі және тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты



бет9/11
Дата07.01.2022
өлшемі45,43 Kb.
#18030
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3. Фонема ұғымы, дыбыс және фонема.

Тілдегі сөздер бір-бірінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және т. б. формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп, бір-бірінен сөздерді ғана емес, сонымен бірге, сөздің формаларын және морфемаларды ажырататындығын көреміз.

Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема - сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.

Фонема дегеніміз де - тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да - тілдід материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пән емес, тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі түрлі жағы (аспектісі). Сонымен, фонема деген ұғым сөз мағынасын, сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғыммен байланыстырылады.

Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстан да (мысалы, жоғарыда аталған дифтонгта) құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет