6Тақырып. Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы
Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік .
Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл "адам-адам" қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі.
Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады:
мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету;
тәрбиеленушінің әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының
белсенді қабылдауы мен меңгеруі.
Тәрбиеленушінің белсенділігі педагогқа және өзіне-өзі тікелей, жанама түріндегі әсер етуден пайда болады.
Білім беру тек процесс ретінде ғана емес, тұлғаның әр түрлі білім деңгейінде байқалатын процесс нәтижесі ретінде де түсіндіріледі.