40- балдық 1-билет


-билет Бактрим дәрісінің құрамы және әсер ету механизмі. Термопсис шөбінен (Неrbа) дайындалған 200 мл тұндырмаға рецепт жазыңыз. Жауабы



бет4/9
Дата06.03.2023
өлшемі28,1 Kb.
#71873
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СТК - фарм 40 балдық

10-билет
Бактрим дәрісінің құрамы және әсер ету механизмі. Термопсис шөбінен (Неrbа) дайындалған 200 мл тұндырмаға рецепт жазыңыз.
Жауабы:
Бактрим –бұл құрамы күрделі дәрі.Оның құрамында сульфаниламид- Сульфаметоксозол (0,4г) және триметоприм( 0,08г) дәрілері бар.Балаларға арналған дәріде:сульфаметоксозол-0,1г,ал триметоприм-0,02г.
Бактрим бактериялардың метаболиз ішінде құрамындағы сульфаметоксозол дигидрофоль қышқылының биосинтезін бұзады,ал құрамындағы екінші зат-триметоприм бактериялардың метаболизмінің келесі сатысын,яғни тетрагидрофоль қышқылының биосинтезін бұзады.
Сөйтіп,бактрим (сульфаметоксозол+триметоприм) бактериялардың өсіп-өнуіне керекті дигидро-фоль қышқылымен тетрагидрофоль қышқылдарының биосинтезі екі жерден бұзып бактерицидтік әсер көрсетеді.
Бактериялардың өсіп-өнуінің схемасы және бактримнің әсері:
Rp.: Infusi Herbae Thermopsidis (1:10)-200ml
Da.Signa. Ішке күніне 20 тамшыдан 3 рет ішуге
11-билет
Циметидин дәрісінің әсер ету механизмі,негізгі жағымсыз әсерлері, қолдану көрсетпелері. Ранитидиннің 20 түймедәрісіне (таблетка) рецепт жазыңыз
Жауабы:
Циметидин- H2 гистамидік рецепторларды тежейтін зат тобына жатады. Асқазанның хлорлы сүтек қышқылының экскрециясын төмендететін негізгі заттар.
Циметидин-таңдамалылығы белсенділігі және әсер ету механизмі ұзақтығы бойынша 5-10есе ранитидиннен төмен. Әсері 6 сағ. жуық сақталады. Антиандрогендік әсері бар. (Андрогендік гармондардың рецепторларын тежейді) Соған байланысты еркектерде жыныстық қызметіның бұзылуы және гинекомастияны(сүт безінің ұлғаюы)шақырады. Бауырдың микросамалды энзилдер жүйесіне тежегіш әсер көрсетеді.Аралас функциялы оксидазаларға жататын цитохром р-450 рецепторларымен байланысады сондықтан бірқатар дәрілік заттардың-диазепамның, анаприлиннің,теофелиннің ж.е т.б әсерін күшейтуі мн.
Циметидинді ұзақ қолданғанда шетки қан құрамын бақылап тұрған жөн себебі ол лейкопения тудыруы мн.
Қазіргі кезде медицинада жиі қолданылмауының ең бастысы андрогенді рецепторды тежеуі болып саналады.Бауыр макросамалды ферментін тежеуі болып саналады.
Ранитидин-20 таблеткасына рецепт жазыңыз.
Recipe.: Ranitidini 0,15
Da tales doses №20 in tabulettis
Signa. Ішке күніне 1 таблеткадан 1рет қабылдау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет