40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы



бет11/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Әдеби мұрасы. Мұхаметжан Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары сонша көп емес. Небары үш поэма: 1) «Топжарған, 2) «Гүлкәшима», 3) «Рүстем—Зорап» (аударма); бес-алты өлең («Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы», «Ленин», «Жоқтау»), бір очерк, бір әңгіме «Жусан» (аударма), «Қайғылы қара күн».
Кейбіреулердің айтуына қарағанда, Мұхаметжан Сералиннің Қазан төңкерісінен бұрын жазған «Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы» деген өлеңдері басқа жүзін көрмеген; тек гектограф арқылы көбейтіліп, ел арасына қолдан-қолға таратылған; олар байлардың зұлымдығын әшкерелейтін мысал өлеңдер болған. Ал ақынның басқа әдеби шығармаларының бәрі де өз кезінде газет, журналдарда және кітап болып басылған.
Мұхаметжан Сералиннің бірінші поэмасы —«Топжарған». Ол 1900 жылы Троицкіде бөлек кітап болып шықты. 1903—1907—1915 жылдары қайта басылды. 1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүргсн әдебиет хрестоматиясында үнемі басылып келеді.
«Топжарған» поэмасының тақырыбы қазақ халкының өмірінде XIX ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында болған оқиғаға байланысты: Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты.
Поэманың әр жерінде Кенесары мен Наурызбай жөнінде хан, мырза, батыр деген сияқты мадақ сөздер кездеседі.
«Топжарған» поэмасын жазуда Мұхаметжан Сералиннің орыс халқы классик әдебиетінен, атап айтқанда, Н. В. Гогольден, оның әйгілі «Ревизор» пьесасьнан өнеге алғаны айқын көрінеді. «Ревизордағы» сиякты, «Топжарғанда» да аты аталып, жөні, қызметі суреттеліп көрсетілген ұнамды кейіпкер жоқ. Оның ұнамды кейіпкері тақырыпты, оқиғаны белгілі желімен, халық көз-қарасы, халық мүддесі тұрғысынан баяндап отырған автордың өзі.
Осы сияқты, поэманың сюжеті мен композициясьң құруда да акынның. орыс әдебиетінен нәтижелі үйренгені байқалады. Өйткені ол поэмасын, бұрынғы ертек, қиял-ғажайып қиссалардағы сияқты, кейіпкерлердің туғанынан бастап, ерлік ісін түгел баяндап, ақырында оны мұрат-мақсатына жеткізіп аяқтамағаны; окиғаны орта жерінен кілт бастаған: Басқасын шегіну, жалтару, кейін аңғарту ретімен баяндаған, қиықты қиыстырған.
«Топжарған» адай жігіттің қолга түсуінен басталады; тез өрбіп, оқушыны тартып әкетеді. Ал ол жігіттің кім екені, не қылып жүрген адам екені, ниеті — бәрі поэманың ақырына дейін жұмбақ болып отырады; тек ақырында бір-ақ ашылады.
«Топжарған» поэмасында Мұхаметжанның тілі таза; ақын бұрынғы діни кітап сөздерін, татарша сөздерді аз колданған тіпті қолданбаған десе де болады. Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде, нағыз реалистік сөздермен, реалистік, жарасты теңеу, салыстырулармен суреттеген. «Топжарған»— тарихи-реалистік, көркем поэма.
Мұхаметжанның екінші поэмасы «Гүлкәшима» (1903)—қазақ халқының сол кездегі өмірінен алынып жазылған реалистік-романтикалық, сюжетті поэма. Оның негізгі идеясы — адамның бас бостандығы, әйел теңдігі; ізгі тілектеріне жете алмай арманда өткен екі жастын, бір-біріне шын ғашық қаэақ қызы Гүлкәшима мен қазақ жігіті Баймағамбеттің әңгімесі.
Поэ.ма үш .бөлімді: бірінші бөлімі — жазушының көрген-білген бір оқиғасы; екінші бөлімі -Гүлкәшима мен Баймағамбеттің ғашыктық әңгімесі; үшінші бөлімі - автордың қорытындысы.

  1. Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық өмірбаяны. «Байлық», «Кедейлік», «Жарқынбай», «Әйел», «Түсімде көрген бір аяныш хал» өлеңдері. «Адасқан өмір» мен «Кедей», «Таныстыру» мен «Айтыс» поэмалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет