б) Жалға алушы осы шартта белгіленген мерзім ішінде мүлікті толық жондеуден өткізу міндетін орындамағын; в) Жалға алушының жауапкершілігінен тыс жағдайлар салдарынан мүлік қолдануға жарамай қалған жағдайларда осы шарт сот арқылы мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
IV. Жалға алынған мүліктің жақсаттылуы.
4.1. Жалға алынған мүлікке Жалға алушы жасаған жекелеген жақсартулар оның меншігі болып саналады. 4.2. Жалға алушы Жалға берушінің келісімімен өз қаржысына жалға алынған мүлікке зиян келтірмей, жақсартулар жүргізген жағдайда, осы шарт тоқтатылғаннан кейін осы жақсартулар құнын қайтаруды талап етуге құқылы.
V. Жалға берушінің жалға берілген мүліктің кемшіліктеріне жауапкершілігі.
5.1. Жалға беруші жалға берілген мүліктің пайдаланулуына толық немесе жартылай кедергі келтіретін кемшіліктері үшін тіпті жалдыу шартын жасау кезінде олар туралы білмеген жағдайда да, жауап береді. Мұндай кемшіліктер табылған жағдайда Жалға алушы өз қалауы бойынша - Жалға берушіден бұл кемшіліктерді тегін жоюын немесе жалдау ақысын мөлшерлес деңгейде азайтуын немесе мүлік кемшіліктерін жою шығындарын өтеуін талап етуге; -Жалға берушіге алдын ала хабарлап, жалдау ақысынан кемшіліктерді жоюға кеткен соманы ұстап қалуға; - шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуын талап етуге құқылы. 5.2. Жалға алушының немесе оның кемшіліктерді Жалға берушінің есебінен жою туралы талаптарынан хабардар болған Жалға беруші Жалға алушыға берілген мүлікті тез арады лайықты қалыптағы осындай мүлікпен ауыстырады немесе мүлік кемшіліктерін тегін жояды. 5.3. Егер Жалға алушы талаптарының орындалуы және жалдау ақысынан кемшіліктерді жою үшін ұсталып қалған сома Жалға алушының тартқан шығындарының орындарын толтырмаса, онда ол шығынның ттолмаған бөлігін төлеуді талап етуге құқылы. 5.4. Осы шарттың 5.1.- 5.3. тармақшаларында көзделген дағдайлармен қатар, Тараптар ҚР азаматтық заңына сай жауапкершілік тартады.