III. Жалға алынған кәсіпорынға Жалға алушының жақсартуларенгізуі 3.1.Жалға алушы Жалға беруші келісімінен тәуелсіз жалға алынған мүліктен бөлінбес жақсартуларының құнын өтеуді талап етуге құқылы.
Жалға беруші жалға алынған мүлікті жақсарту құнын өтеу міндетінен, егер ол Жалға алушының осы жақсартуға шыққан шығысының жалға алынған мүлік құнынан оның пайдалану қасиетін жақсарту мөлшеріне сәйкес келмейтіндей екенін немесе мұндай жақсартуларды жүзеге асыру кезінде адалдық пен ақылға сыйымдылық принциптерінің бұзылғандағын дәлелдесе, сот арқылы босатылуы мүмкін.
IV. Осы шартта істің жарамсыздығының залалдары, шартты өзгерту және бұзу туралы ережелерді қолдану АК-тің шарт бойынша бір немесе екі тараптан алынған мүлікті қайтаруды мәжбүр ету көзделген істің жарамсыздығының залалдары, шартты өзгерту және бұзу туралы ережелері, егер мұндай залалдар Жалға беруші және Жалға алушы несиешілерінің, басқа тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын бұзбаса және қоғамдық мүдделерге қайшы келмесе, осы шартта қолданылады.
V. Тараптар жауапкершілігі, соңғы ережелер. 5.1.Осы шарт бойынша Тараптар өз міндеттерін орындамағандары немесе лайықта орындамағандыры үшін шартта реттелмеген, бірақ соған байланысты туындайтын барлық басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтық заңына сай жауапкершілікке тартылады.
5.2.Шарттың 2 данасы жасалған.