Жүсіпбек пен Мұхтардың алашқа қатысы, тілектестігі бұрыннан белгілі. 1918 жылы Семейде Алашорда жұмысына араласып, екеуі “Абай” атты журнал шығарды, елдіктің, тәуелсіздіктің туын көтерген өлең, әңгімелер, мақалалар жариялады, Жүсіпбектің «Ұран», «Әскер марсельезасы» өлеңдері сол тұста жазылған. Олар қазақ халқының азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресінің ұранына айналды. Патша құлағаннан кейінгі үмітін ақын Алашордаға артты.
Жүсіпбек пьесалары мен романдары қазақ халқының ел болуын, тәуелсіздік жолымен дамуын, оның оянып, есейіп келе жатқан жаңа адамдарын бейнелеу мақсатын көздеді. Ол шын мағынадағы европалық үлгідегі бірінші қазақ романын жазды, «Қартқожа» мен «Ақбілек» арқылы халық ішінен шығып, ұзақ өмір талқысынан өтіп барып жолын тапқан жас ұрпақтың өкілдерін көрсетті.
43. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» жинағының тақырыптық-идеялық мазмұнын сипаттап жазыңыз.
1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты.
Негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.
«Оян, қазақтың!» басында Міржақып өзінің неге қалам ұстағанын айта келе: «Бір кеңес түсті қиял бастарыма: Дəптер қып, ғибрат үшін тастарыма. Хусусан арнап жаздым, халық үшін, ХХ ғасырдың жастарына»,– дейді. Осы өлеңнің өзі-ақ Міржақыптың ескі өмірден қол үзіп, жаңа өмірге аяқ басқанын, қолын ескі ақсүйектерге емес, жаңа оқыған, байшыл зиялыларға тірейтіндігін, сөзін XX ғасырдың жастарына арнайтындығын айқын көрсетеді: XX ғасырдың жастары дегендер, қазақтың байшылдары екені, байшыл, ұлтшыл дəуірдің сынында айтылған.
Міржақыптың əдебиет əлеміне ерте араласқан Абай, Ахмет сықылды ақындар қазақтың таза ұлт тілімен жазса, Міржақып татар сөздерін екі сөздің бірінде қыстырып отырды. Оған «Оян, қазақ!» айқын куə. Мысалға «Сөз басы» дегенін алсақ, татарлар қолданып жүрген арабтың «Қумумия, бихабар, ғажайып умлиал, хунар» сықылды көп араласқан. Өлеңдерде де осылай татарша сөздер көп. Бұл кезде қазақтың емлесі жоқ, тілі өркендемеген кезі. Сондықтан қазақ сөздерінің жазылуы ол кезде, бүгінгі күйіндей болуға мүмкін емес. Бүгінгі күйі салыстырғанда тілі таза деген Абай мен Ахметтің өзінде де емле жағы ол кезде Татарша. Бірақ олар емлені Татарша жазғанмен, сөздерін қазақша бере алды. Ал, Міржақып, жалғыз емлесі емес, тілінің өзін де жарым-жартылап татаршалап отырды. Тіл жағынан қарағанда «Оян, қазақ!» осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |