41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік



бет6/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
41-48

«Автор ішкі монолог арқылы Шолпанның жан дүниесін шебер бейнелейді. «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау», деп ойлайтын еді Шолпан...Бала туса күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді...Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.
«Ішкі монолог кейіпкер жан дүниесінде әбден толысқан ойды бейнелейді. Шынында да, бұл – ішкі ой. Сыртқа ол танығысыз өзгеріп шығады. Өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», - деп аузымен ғана айтады. Аузы айтқанды қолы істемейді. Істеткізбейтіні іші. Ішінен құдайға «Бала бере көрме!» деп жалбарынады»[3,282б].
Әңгіменің «Шолпанның күнәсі» деп аталуының өзінде терең мағына жатыр. Бұл жерде кінә мен күнә деген ұғымдарды ажыратуымыз керек. «Кінә мен күнә синонимдер емес, екеуі екі жағдайда белгілі болатын дүниетанымдық ұғымдар, олардың басты айырмашылығы сонда, кінә – адам мен адамға қатысты болса, күнә –адам мен жаратушыға қатысты, нақты айтқанда, алла мен адам арасындағы мәселе»,Ал Шолпан күнә жасады ма, кінә жасады ма деген сұрақ пайда болады. Шолпанның күнәсі құдайдан бала берме деп дұға етуі . Бұл алла бұйрығына, табиғат заңына қарсы әрекет еді. Шолпанның күнәлі болуына біріншіден, отбасылық өмірдің бал күндерін қимау ниетінен болса, екіншіден, Сәрсенбайдың бала сүюге ықылассыздығы әсер етті. «Дұрысы, баласыз өмір бос өмір деген сөзді басқа талай адамдардан естіді, бір-ақ жаны сүйген жарынан естіген жоқ. Ғашық адамға құранның аяты қасиетті емес, жарының сөзі қасиетті, жарынан басқа адамның сөзін не қылсын Шолпан!» [6,95б]. Демек Шолпан күнәлі болды. Үш жылдан соң Шолпан өз күнәсін түсінеді, тәубесіне келеді. Күнәсін мойындаған Шолпан Алланың рақметінен де құр қалмады.
Екіншіден, Шолпан қазақтың ұлттық танымына сай әрбір әйелдің өмірінің мәні ана атану екенін түсінген парасатты келіншек ретінде сипатталады. Себебі Шолпан сәби сүю бақытын, ана атану деген сияқты сезімнің өмірде барын білді, өмірлік ұстанымы етті. «Мағжан шеберлігін айтыңызшы: осы тілек бір түннің ішінде өзгеріп сала береді. Оған иланасың, еш күмән келтірмейсің. Мағжан өзін жан диалектикасының сұңғыла білгірі мен шебер суреткері есебінде көрсете біледі. Шешім кейіпкердің ішінде піседі және бір қызығы еркінен тыс жүзеге асады. Характер іштің ашылуына қарай көрініс табады. Кейіпкердің өз менін таныған санасы бұ жерде сырт көзден күштірек рөл атқарып тұр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет