42 әріп бар: 15 дауысты дыбыс (гласных), 25 дауыссыз



бет10/15
Дата07.10.2024
өлшемі310,59 Kb.
#147001
түріЗакон
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Фонетика ереже1

Екпін (Ударение)
Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі екпін, екіншісі – көмекші екпін.
(В казахском языке есть два вида ударения: первый вид – основной, второй вид – вспомогательный).
Қазақ тілінде екпін тұрақты, дыбыстың соңғы буынына түседі. (Ударение в казахском языке постоянное, всегда падает на последний слог). Мысалы: қала, жақсы- негізгі екпін (основное ударение).
Сөзге қосымша жалғанса (жалғау, жұрнақ), екпін соңғы қосымшаға түседі.
(Если к слову присоединяется окончание или суффикс, то ударение падает на последний аффикс). Мысалы: қала+лар, қала+лар+дың, жақсы+лық, жақсы+лық+тар+дың сөздерінде негізгі екпін соңғы буынға көшеді, ал түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметін атқарады. (В данных примерах ударение переносится на последний слог и становится основным ударением, а основное ударение в корне слова превращается во вспомогательное ударение).
Екпін түспейтін буындар. (Слоги, не принимающие ударение)

  1. Жіктік жалғауы (Личные окончания). Мысалы: оқушы+мыз, бара+сың, келе+ді т.б.

  2. Етістіктің болымсыз жұрнақтарына (Отрицательные суффиксы глагола): -ма-ме-ба-бе-па-пе-:

Мысалы: жаз+ба, отыр+ма, айт+па, бер+ме, қара+ма т.б.

  1. Шылау сөздерге (Союзы и частицы): да,де,мен,пен,бен,үшін т.б: Мысалы: Үй де, мал да аман.

  2. Көмекші сөздерге (Вспомогательные слова): -ғой –дейін –шейін - соң т.б.

Мысалы:Үйге дейін келдім. Мен ғой мектепте болдым.

  1. Есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату мәнін білдіретін -дай-дей-тай-тей-лай-лей- және -ша-ше- жұрнақтарына екпін түспейді. (Ударение не падает на суффиксы уподобления, которые присоединяются к именным частям речи и к причастиям).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет