Ұсыныстар: біріншіден, қоғамда зерделенген ұлттық тарихтың маңызы мен мағынасын
дәл осы кезеңде халыққа жеткізуіміз керек; екіншіден, жастар мәселесі, патриоттық тәрибе
мәселесіне ден қою керек; үшіншіден, қоғамдық пікірді қалыпастыратын, жастарға тарихи
танымды арттыруда бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық-танымдық хабарларды көбейту
қажет; төртіншіден, жастардың назарын ұлт тарихына аудару үшін және олардың отаншылдық
қасиетін арттыру үшін ғаламторда тарихи жобаларды орналастыру керек.
Жастарға тарихи тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейткен
жөн. Осы орайда еліміздің терең тарихын баяндайтын деректі фильмдер мен ақпараттық-
танымдық хабарлардың санын арттыру қажет. Жастарға арналған тарихи-көркем фильмдер де
патриоттық сезімді оятудың тиімді құралы бола алады. Мәселен, «Жаужүрек мың бала» фильмі
көпшіліктің туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттырды. Басқа мемлекеттердің
сериалдары ұлт рухын көтеріп қана қоймай, ол халықты өзгелерге таныстырады. Бізге де осы
жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек. Сондай-ақ тарихи тәрбие беру жұмысын ғаламтор
арқылы үздіксіз жүргізіп отыру қажет.
Әдебиет:
1. Назарбаев Н.Ә. Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық. – Ана тілі, 5 маусым 2008 ж.
2. Бұл да сонда.
3. Айқын, 17 қаңтар 2014 ж.
4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
ҚР Президенті-Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012 ж. – Айқын, 15 желтоқсан 2012 ж.
5. Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан 2006 ж.
120
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңару арқылы - өркендеуге. ҚР тәуел-
сіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. – Егемен Қазақстан, 16 жел-
тоқсан 2006 ж.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. А., 2001. 29-б.
8. Бұл да сонда, 37-б.
9. Бұл да сонда, 38-б.
10. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. ҚР Президенті-Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012 ж. – Айқын, 15 желтоқсан
2012 ж.
Солтиева Б.Ш., Сойкина Н.Ю.
«МУЗЕЙ ІСІ ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ
СТУДЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ КӘСІБИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда музейге деген талаптар келушілер тарапынан өзгеруде, сонымен қатар
музей мекемелерімен бәсекелес мекемелер (кинотеатрлар, ойын-сауық орталықтары) саны
артуда. Музейлер ешқашан статистикалық мекеме ретінде болған жоқ және қоғам
сұраныстарына өзінің пайда болған уақытынан бері әрқашан икемді түрде бейімделіп келеді.
Олар көне Грецияның храм жиналыстары және рим аристократтарының жабық коллекция-
ларынан, қайта өрлеу дәуірінің протомузейлерінің эклектикасы және эстетизмінен ағарту-
шылық дәуірінің қатаң жүйелеуі кезеңінен бері өзгеруде. «Бүгінгі таңда ақпарат дәуірінің
орнына өзара қатынас дәуірі келуде», – деп белгілі музейтанушы М. Юхневич өзінің «Я
поведу тебя в музей» атты кітабында жазады (1, 16б.). Музейлер өзгерген жағдайларға
бейімделуге мәжбүр болуда. Музейлер саны ұдайы өсу арқылы олардың алуан түрлілігін
тудыруда және сонымен қатар, бүгінгі уақыттағы музей үйреншікті құбылыс, соған
байланысты көптеген адамдарда белгілі бір және кейде позитивтен алыс стереотип қалып-
тасты.
Кез-келген кәсіби қызметтерге дайындық сияқты, музейтануды оқытудың негізгі
мәселесі – ол болашақты көз алдымызға елестетуге тырысатынымыз және сол болашаққа өз
студенттерімізді дайындауымыз.
Музей ісінің оқытушылары коллекцияларымен жұмыс
негіздері, көрмелік қызмет, интерпретация және басқарудан өзге диапозонның кеңдігі,
бейімділік және білуге құштарлыққа да көңіл бөлу керек(2).
Өз студенттеріңіе қайткенде оқытушылар музей ісі туралы қажетті әдістерді үйрете
алады? Оған қоса қажетті әдістер деген не? Қарапайым пенденің мүмкіндігінен талап етілген
білім мен ептіліктің потенциалды тізімі шексіз сияқты көрінеді. Оның үстіне, барлық жаңа
талаптарды көрсету – тиімсіз және пайдасыз шаруа. Ойластырылған таңдау жүргізу керек (2).
Сөзсіз, студенттер үшін білім жинақтауда негізгі музей ісі салаларына – сақтау және
консервация, қорларды жинақтау және есеп, көрмелік, мәдени-ағартушылық ісі, сонымен қоса
менеджмент, этика, марткетинг және фандрейзинг салалары болып саналады. Әрине, музей
ісіндегі есептің бұрлысына қатысты диологиялық, мәселеге шешім табудан өзге, комму-
никация, көрмеге қойып көрсету және интерпретация сияқты интерактивті технологияларды
қосуға болады.
Біздің елге келуші туристердің саны онша көп болмағандықтан, музейге келушілерді
мектеп оқушылары мен студенттер құрайды. Олар музейге топ болып барып жатады және
олардың музейге баруына өздерінің қалауымен емес, мұғалімдердің талаптарымен барады.
Біз әрдайым бірінші курстың музейтанушы студенттеріне сұрақ қоямыз: Сіздер қандай
музейде болдыңыздар? Сіздерге не ұнады, не ұнамады? Нені өзгерткілеріңіз келеді? Өкінішке
орай оқушы жастардың көпшілігі музейдің маңызыдылығы туралы бірауыздан, белсенді түрде
мойындағанымен, іс жүзінде тек атышулы ұран айтудан аспайды. Жастар өз еркімен
музейлерге сирек барады, яғни бұл өте аяныш туғызатын статистика. Студенттердің
көпшілігінің музейге бармауының басты себебін, музейдегі іш пыстыратын жағдаймен
байланыстыруы болып отыр. Интернет ғасырында өсіп келе жатқан жастар интерактивті
технология, бейнематериалдарды қажетсінеді. Бұл қосымша ақпарат алу мүмкіндігіне ие
болады деген сөз. Музей олар үшін тек «музаның храмы» емес, сонымен қатар ол қарым-
121
қатынас орны, достық жағдайда өз әсерлерімен бөлісу орны, демалып қосымша ақпараттар
іздейтін орын болуы керек.
Музейде (экскурсовод, қараушылар) сияқты өз саласында келушілермен жұмыс жүргізе
алатын, арнайы білім алған, музейге келгендердің мұқтаждықтарына жауап бере алатын
мамандар болуы керек.
Біздің республикамызда музейтанушылар үшін жоғары білім жаңа құбылыс болып
есептелінеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2003 жылы бірінші
қабылдау болып, олар 2007 жылы бітірді, ал магистратурада оқу 2007 жылы басталды. Біздің
бітірушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде, Мемлекеттік Ә.
Қастеев атындағы өнер музейінде, Д.А. Қонаев музей үйінде, Ғылым ордасы музейінде, «Есік»
музей қорығы, М.О. Әуезов музей-үйі, Тараз қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану
музейінде, М. Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Быстрин
этнографиялық музейінде (РФ, Камчаткада) жұмыс істеуде.
Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында (әсіресе ХХ ғасырдың 80 жылдары бұл үрдіс
жанданды) музейдің әлеуметтік миссиясы түбегейлі өзгеріп, оның коммуникативті (байланыс)
қызметі өсіп және музейлердің саны да ұдайы өскендіктен, сәйкесінше, музейлер көптеген
білімді мамандарды қажет етеді. Көптеген кішігірім музейлер бар. Ол жердегі қызметкерлерге
бірнеше функционалды міндетті бірден қатар алып жүруге тура келеді. Алайда ол арнайы
білімді қажет етеді.
Музей ерекше құбылыс, оның қабырғасында көптеген кәсіби бағыттарда: қор атқарушы,
экспозициянерлер, реставраторлар, экскурсовод, маркетологтар т.б. жұмыс істейді. Осыған
байланысты студенттер өз мамандықтарының келесі пәндері бойынша зерттейді: Музейдің
ғылыми-қор жұмысы, Музей экспозициясы, Музей педогогикасы, Музей менеджменті және
маркетингі, Өнер тарихы, Археология, Этнология. Қазіргі уақытта ғылымда басты орынға
пәнаралық тәсіл шықты және әртүрлі пәндерді біріктіре отырып зерттеу маңызды. Осындай
принципті жоғарғы оқу орындарындағы жағдайда да мамандарды дайындауда ұстану керек.
Пәнаралық ықпал студент-музеологтарды дайындауда шешуші роль атқарады.
Студенттер үшін жасалған негізгі оқу жоспары шеңберінде пәнаралық ынтымақтастық
қарастырылып, бәрінен бұрын маман даярлауға кешенді ықпал ететін әлеуметтік-комму-
никативті және пәнаралық модулдер болмақ. Болашақтағы музейтанушыға қажет, меңгеруге
тиісті пәндер мыналар: «Мәдениет және дін», «Тұлғааралық коммуникациялар психо-
логиясы», «Халықаралық туризм географиясы», «Қосалқы тарихи пәндер».
Музейтанушыларды оқыту әлемдік музейдің оқу үрдісімен тығыз байланысты
болжайды. Оның динамикалық даму студенттерді дайындаудың жүйесін үнемі түзетіп
отыруды талап етеді. Ол қазіргі күннің талаптарына құлақ аса отырып, иілгіш және жылдам
болуға міндетті. Реставрация және консервацияның жаңа әдістерінің пайда болуы, ақпараттық
технологиялардың белсенді дамуы, маркетингтік стратегияларды жасау – бұлардың барлығы
оқу жоспарларын тұрақты қарастыруды, олардың жаңалауын және ықшамдалуын талап етеді.
Студенттің теориялық және практикалық оқуын бітіргеннен кейін қалыптасатын кәсіби
орта компетенциясы болуы керек. Музей қорындағы жұмыстарды жинақтауды, сонымен қоса
тарихи-мәдени мұра нысандарын және музей қорларын сақтауды қамтамасыз ету және есепке
байланысты жинақтауды іске асыру; музей заттарының сақталу күйіне мониторингті
ұйымдастыру; практикалық қызметіне қатысты даулы сұрақтарда нақты шешім қабылдау;
музей экспозициясын және көрмесін жасау әдістерін меңгеру; музей және өзге де мәдени
мекемелерді басқаруды ұйымдастыра білу; мекеменің маркетингтік қызметіндегі дағдыны
игеру керек.
Студент – музейтанушыларды оқытудағы практика үлкен мәнге ие екендігін айта кету
керек. Археология, этнология және музеология бітірушілер кафедрасында 3 оқу музейі бар:
Олар археология, этнология және Қазақстан палеолиті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
қабырғасында биология және университет тарихы сияқты сияқты 2 музей жұмыс істейді.
Студенттер үшін әр оқу жылының соңында «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»
мамандығының оқу жоспарында практика қарастырылған. Олар, яғни студенттер мен
магистранттар практикаларын осы ҚазҰУ-дың музейлерінде және республикамыздың жетекші
музейлері ҚР Мемлекеттік Орталық музей, Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде
өткізе алады. Магистратурада міндетті түрде шетелде іс-тәжірибеден өткізу қарастырылған.
Білім алушылар соңғы бірнеше жылда Стамбулдың Мимар Синан атындағы өнер
122
университетінде, Гази университеті және Анкараның Хажеттепеде, Чехия республикасының
Ұлттық музейлерінде сынақтан өтті.
Студенттер кәсіби дағдыларын іске асыруда археология – этнографиялық далалық
деңгейінде (1 курс), өндірістік (2 және 3 курс) практиканы іске асырады.
Алайда, өндірістік практика ең үлкен мәселе туындатады. Музейге келгенде, біздің
студенттер көпшілігінде, әртүрлі тақырыпта тағы 1 курс дәріс тыңдайды және музей залдарын
тағы да аралайды, бірақ алған теорияларын практикада іске асыруға, бекітуге мүмкіндік ала
алмайды.
Студенттер практика уақытында нақты музейлерде нақты адамдармен жұмыс істейді.
Жас мамандардың, соның ішінде гуманитарлық пәндер саласындағы «теориялық шыңдалған»
қызметкерлердің жанында болуы дұрыс қабылданбайды. Жергілікті музей бірлестіктерінің
кейбір өкілдеріне жас кадрларды даярлау музейден тыс жерлерде дайындалатындығы күмән
туғыздырады. Музейлер жас мамандарды даярлауда өзінің кәсіби жүйесін қалыптастырып,
ұзақ бейімдеу рәсімін жасап ондағы өзгерістер қажет деп саналмайды. Әрине мұның барлығы
практикалық сабақты ұйымдастыру үрдісіне әсер етпейді.
Музейдің жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, практиканттардың қор
сақтаушысы, реставратор және құжаттарды рәсімдеуді толтыру, қызметтік міндеттерді
орындау туралы сөз болып отырған жоқ. Бірақ бұған маркетинг бөлімді жұмысқа тартуға
болады. Көрмелер ұйымдастырып, экскурсиялар өткізуге болады. Олардың әлеуметтік желідегі
музей парақшаларында жете зерттеулері немесе музей сайтында ақпараттарды жаңалау
жұмыстары болуы мүмкін.
Студенттердің практикалық жұмыстарының сапасын жақсартуды жүргізгенде, негізгі
оқу бағдарламаларын құрастыруда және жазуда теориялық жағын барынша практикаға
жақындату керек. Алдын-ала ұйымдастыру кезеңінде студенттер нақты тапсырмаларды білуі
қажет. Музейдегі жұмыстар үрдісінде олар тапсырмаларды шеше алатын болады. Сонымен
қатар музейдің мүддесін ескере отырып, студенттердің жұмысын музей өмірімен кірістіру
қажеттілігі бірнеше рет белгіленді.
Практиканы өтуде студенттер толық бірнеше мәселені ашып көрсетеді. Бәрінен бұрын
студенттер үшін музей «жабық», «түсініксіздеу». Көптеген студенттер практика кезінде
әртүрлі музейде және әртүрлі бөлімшелерде жұмыс істегілері келетіндігін жазған.
Шындығында, студенттер музейдің тек сыртқы қабығын ғана көріп, ар жағына ене алмайды.
Сонымен, музейлік практика өзінің заманауи түрінде өзіне қойылған мақсаттарын атқармай
отыр. Студенттер осының нәтижесінде гуманитарлық пәндер ұсынатын мол қажеттіліктерді
әрқашанда түсіне бермейді. Одан бөлек, пәнаралық принциптің өзі жоғалған. Практиканы өтіп
жатқан студенттер өздерінің алған білімдерін түсіне бермейді (3).
Сонымен «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығындағы студенттерді
дайындау музеймен тығыз жұмыс істеу және оқу жоспарын үйлестіру және тұрақты түрде
қарау талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Юхневич М.Ю. Я поведу тебя в музей: учебное пособие по музейной педагогике. – М., 2001.
2. Дэвис Э. Преподавание музееведение: широта диапазона, гибкость и любознательность //
Вопросы музеологии. – №2. – 2010. – С. 76-82.
3. Оторочкина А. Е., Страхова Н. В. Место блока общих гуманитарных дисциплин в профессио-
нальной подготовке студентов-музеологов // Музеология – музееведение в начале ХХI века: проблемы
изучения и преподавания. Материалы Международной научной конференции. Санкт-Петербург, 14 – 16
мая 2008 года / Отв. ред. А. В. Майоров. СПб., 2009. – 443-449.
123
Cулейменова О.Я., Хасанов Б.Ж.
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ
БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай болашақ мамандарды дайындауда кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру, терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту
бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз
ететін үздіксіз үдеріс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің,
кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу
үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1].
Жоғарғы оқу орындарында студенттің болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуын
зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз арта түсуде, бұл мәселе олардың кәсіби құзырет-
тіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өз
мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығы арасындағы қайшылық және кәсіби
құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан
туындайтын қайшылықтарды да кездестіреміз. Осы орайда химик мамандардың университет
қабырғасынан алған білімдерін практикада қолдануда кәсіби құзыреттіліктерінің жетіспей
жатқандығын байқауға болады. Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын саралап, педагогикалық үдерісте
білім алушылардың белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса,
дәріс сабақтар мен зертханалық сабақтар нәтижелерін байланыстыруды тұрақты бақылау мен
сапалы бағалау жүйелі жүзеге асырылса, онда олардың кәсіби құзыреттіліктері де қалып-
тасады.
Химияны оқытудың негізі формаларының бірі химиялық эксперимент болғандықтан,
болашақ химик мамандарды даярлауда зертханалық сабақтардың алатын орны ерекше. Сту-
денттерге зертханалық сабақтарды жүргізу барасында теориядан алған білімдерін практикада
қолданып эксперименттік біліктері қалыптасады. Эксперименттік білік экспериметтік
жұмыстарды студент өзі жасағанда ғана қалыптасады. Сонда ғана біліммен бірге білік, дағды
одан әрі пәндік құзыреттілік қалыптасады. Эксперименттік білікті жоғары оқу орнында игеріп
қоймай, қалыптасқан дағдыны өнеркәсіп, өндірістерде тәжірибені жүргізу барысында
қолданатын құрал-жабдықтар мен ірі қондырғылардың жұмыс істеу техникасын меңгеруге де
машықтанған жөн. Әдетте, химияны оқыту үрдісі кезінде эксперименттерді жүргізілу тәсіліне
байланысты былай жіктеледі:
• демонстрациялық эксперимент;
• зертханалық тәжірибелер;
• зертханалық жұмыстар;
• сарамандық жұмыстар;
• эксперименттік практикум;
Жалпы ұсынылған оқу үдерісіндегі эксперименттің жіктелуінің логикалық негізі: білім
алушы мен оқытушының іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға
да болады, мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл
жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:
- жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент;
- жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;
- қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;
оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент, тағы да
басқалары[2].
Химиялық эксперименттің бірнеше түрлері бар, оның әрқайсысың өзіндік ерекшеліктері,
яғни білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары болады. Бұл мақсаттар студенттердің
химияға деген қызығушылығын, еңбекке баулуын және ең бастысы құзыреттілігін жоғары
деңгейде қалыптастырады. Химиялық экспериментті жүргізу барысында педагогикалың
124
дидактикалық қызыметтерін де қарастыратын болсақ, әр қызыметтің өзіне тән нәтижеге
бағдарланғанын көруге болады (1-кесте).
1-кесте – Химиялық экспериментте орындалатын дидактикалық қызыметтер
Қызыметтер
А) деректерді; мысал ретінде газ тәрізді сутегінің мыс(II) оксидімен
әрекеттесуін келтіруге болады. Мүндай тәжірибе арқылы студенттер
сутектің белгілі бір жағдайда металл оксидтерімен әрекеттесіп, оларды
жай зат металдарға дейін тотықсыздандыратынын тағайындайды.
Эвристикалық
Б) ұғымдарды; химиялық эксперимент ұғымдарды қалыптастыруда
үлкен мүмкіндік жасайды. Мысалы «Оттегі» тақырыбын оқып
үйрену кезінде оқытушы асқын тотықтың ыдырауы арқылы
оттегінің алу әдісін көрсетеді. Ал, марганец тотығын пробиркаға
енгізу арқылы асқын тотықтың тез ыдырауын көрсету арқылы, білім
алушыларға катализатор ұғымын бере алады.
В) заңдылықтарды тағайындау; «Химиялық реакциялардың жүру
заңдылығы тәжірибесі арқылы реакция жылдамдығына әрекеттесетін
заттар концентрациясын, жанасу ауданының әсерінт, факторлардың
әсер ету заңдылығын тағайындауға мүмкіндік туады.
Түзетуші
теорияялық материалды игерудегі қиыншылықты және
студенттердің қателігін түзете алу кезінде көрінеді. Оқушылар
көбінесе мыс сым күкірт қышықылы, тұз қышқылдарымен
әрекеттескенде сутегін бөледі деп есептейді, оны тәжірибе жасау
арқылы бұл түсініктің қателігіне көз жеткіземіз.
қортындылаушы
әр түрлі эмпирикалық қортындылардан алғышарт жасай отырып,
жалпы қортынды жасауға мүмкіндік жасайды. Мысалы әр түрлі
класстағы заттардың электролиттерге жататынын айтуға болады.
зерттеушілік
мәселелік оқыту кезінде байқалады
Оқытушы үшін химиялық эксперимент бір жағынан білім алушылар түсіну мен танып
білу, олардың өзіндік ерекшеліктерін бағалауға, екінші жағынан, өзіндік құндылық, жұмысқа
деген шығармашылық ізденіс және жеке ойларын жүзеге асырудағы негізгі мүмкіндік болып
табылады.
Химиялық экспериментті жүйелі жүргізудегі білік пен дағды тек қана оқу үрдісінде ғана
емес, әрі қарай өздігінен ғылыми, әдістемелік, практикалық ізденістер жүргізгенде дами түседі.
Химиялық экспериментті жүргізу мынадай сатылардан тұрады:
химиялық эксперименттің мақсаты мен міндетін қою;
химиялық экспериментті талдау;
химиялық заттар мен химиялық реакцияларды зерделеу;
химиялық экспериментті жоспарлау, жүргізу және бақылау;
химиялық эксперименттің орындалу техникасын меңгеру;
химиялық эксперименттің нәтижесін бағалау.
Осы орайда бейорганикалық химия практикумында әр зертханалық жұмыстың: мақсаты
мен мазмұны, зертханалық жұмысты атқаруға негізгі теориялық мағлұматтар, ауысулырды
орындауға керекті технологиялық нұсқаулар, кестелер мен бақылау сұрақтары берілген [3].
Химиялық экспериментті жүргізуде оқытушының негізгі міндеттерінің бірі студенттерді
бақылау мен бағалау. Зертханалық сабақ барысында білім алушылардың білімі ғана емес білік
пен дағдылары бақыланып бағаланады. Осыдан барып зертханалық сабақты бақылаудың
негізгі критерийлері шығады. Зертханалық сабақ барысында студенттердің іс-қимылын
бақылау мен бағалаудың дұрыстығы құзыреттіліктің қалыптсуының кепілі. Осы орайда
химиялық экспериментті жүргізу реті бойынша оқытушының бақылау мен бағалаудағы негізгі
критерийлері жүйеленді (2-кесте).
125
2-кесте – Химиялық экспериментті жүргізу реті бойынша оқытушының атқаратын
қызметі
Экспериментті
жүргізу реті
Оқытушының атқаратын қызыметі.
Достарыңызбен бөлісу: |