62.Дәрілік өсімдіктердің анатомиялық ерекшеліктері. Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады . Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
65.Жер асты мүшелері. Тропизмдер. Тропизмдер (гр. tropos – бұрылыс, бағыт) – өсімдік органдары өскенде бір жақты әсер ететін тітіркендіргіштердің (жер тартылысы, химиялық зат, жарық, т.б.) қимыл бағытының өзгеруі.
Өсімдік жасушаларының созыла өсуіне ондағы фитогормондардың (индолил сірке қышқылы, абсцизин қышқылы, т.б.) түзілуі, тасымалы мен таралуы ықпал етеді. Әсер ететін факторлардың (тітіркендіргіш) табиғатына байланысты тропизмдердің бірнеше түрі ажыратылады. Егер өсу қозғалысы тітіркендіргіш факторға бағытталса – оң тропизмдер, ал егер қарама-қарсы бағытта болса – теріс тропизмдер деп аталады.
Геотропизм – өсімдіктердің жердің гравитациялық алаңына сай келуі. Тамырдың жер қыртысына ене өсуі оң геотропизм болса, сабақтың қарама-қарсы бағыттағы өсуі теріс геотропизм болады.Фототропизм – жарықтың бір жақты әсерінен өсімдік органдарының қисая түсуі. Өскіндердің жарыққа қарай өсуі оң, ал қарама-қарсы бағытта өсуі теріс фототропизм мысалы, күнбағыстың өсуі) болып саналады.Тигмотропизм – өсімдіктің механикалық әсерге жауап ретінде өсу қозғалысы. Тұрақты түрде өсу аймағына механикалық әсер ету нәтижесінде өсімдіктің кері бағытта өсу қозғалысын байқауға болады. Бұл теріс тропизмдерге жатса, басқа өсімдікке жанаса, өрмелеп өсетін өсімдіктер (шырмауық) оң тигмотропизмнің мысалы бола алады.Хемотропизм – өсімдіктердің химиялық қосылыстар градиентіне әсерлене өсуі. Улы химиялық заттан алшақтау (теріс) немесе қоректік заттар бағытына қарай (оң) өсу қозғалыстарын жатқызуға болады.