Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі. Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 1200-ге жуық (кей мәліметтерде 2000) түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б.Ботаникалық сипаттамасы[ Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы. Химиялық құрам Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т.б.). [2] Магнолиялар тұқымдасы (лат. Magnoliaceae) — гүлді өсімдіктердің Қосжарнақтылар класының Магнолиидтер класс тармағының (Magnoliidae) тұқымдасы. Магнолиялар тұқымдасы 14 туыс, 240 түрді біріктіреді. Басым түрде Солтүстік жарты шардың субтропикалық аудандарына тараған. Магнолилер Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Орталық Америка және Вест-Индияда басым түрде кездеседі. Кейбір түрлері ғана Оңтүстік жартышарда кездеседі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда магнолиялардың көп түрі ғана емес, көптеген қарапайым туыстары мен түрлері шоқталған. Тек қана Азияда тұқымдастың манглиетия туысы кездеседі. Тіршілік формалары – ағаш, көбіне өте ірі, кейде бұталар. Кейбір түрлерінің биіктігі 35-40 м., ал америкалық жауқазын ағашы (американское тюльпанное дерево) – 75 м. Жапырақтары кезекті, жай, қауырсын жүйелі, мәңгі жасыл немесе түсетін бөбе жапырақты. Магнолиялардың гүлдері ірі, (ірі жапырақты магнолияның гүлінің диаметрі 32-46 см жетеді), ашық, ациклді немесе спироциклді, қосжынысты немесе кей жағдайда біржынысты, энтомофильді, жалғыздан. Магнолиялардың кейбір азиаттық түрлерінің гүлдері ерте көктемде жапырақ түзгенге дейін ашылады (ақпанда), басқалары жапырақ түзгенге немесе жапырақ жарғаннан кейін гүлдейді. Ерте гүлдейтін азиат түрлері бақша өсіретіндерді қызықтырады.