46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы


Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары. Көбелектілер қатары



бет21/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Ботаника

73.Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары. Көбелектілер қатары.


74.Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары.Көкнәрлер тұқымдастарына сипаттама.
Көкнәр тұқымдасы (лат. Papaverales) — қос жарнақтылар класының өсімдіктері. Көбіне шөптесін өсімдіктер, кейде бұта немесе аласа ағаштар.
Көкнәр тұқымдасы 26 туыс, 250 түрді біріктіреді. Тұқымдастың өкілдері Солтүстік жартышардың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінде, сондай-ақ оңтүстік және тропиктік Африкада, Шығыс Австралияда, Арктикада кездеседі. Қазақстанда 8 туысы, 40 түрі кездеседі. Басым түрде бір- және көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Құрамында ақ, сары, тоқ сары түсті латекс (млечный сок-өзек шырыны) болады. Жапырақтары кезекті, кейде супротивті, жай, аздап немесе көптеп тілімделген, бөбе жапырақсыз. Гүлдері әртүрлі типті жалғыздан немесе жоғарғы гүл шоғырында, жиі ірі және ашық түсті, актиноморфты, кейде дұрыс емес, қосжынысты, гүл қоршауы қосарлы, тостағаншасы екі мүшелі, гүл жарғанда түседі, күлтесі 4, кейде 6 күлте жапырақты екі шеңберде орналасқан, аталығы көп, гинецейі паракарпты, 2-16 жемісжапырақтан, аналық аузы отырықты. Көкнәрлер негіщ\зінен насекомдармен тозаңданады. Жемісі – паракарпты қорпша, жақтаулары немесе жоғарғы бөлігіндегі саңылаулары арқылы ашылады. Тұқымдары сансыз көптеген, ұсақ, кішкентай ұрығы және өте майлы эндоспермді.
Өкілдері: көкнәр-мак, сүйелшөп, боккония, маклея. Көкнәрлердің құрамында алколоидтар болады. Олардың ішінде тамақтық, дәрілік және әсемдік өсімдіктері бар. Көкнәр, мүйіз көкнәр және Мексика аргемонының тұқымынан техникалық май алынады. Көкнәрлер тұқымдасының көптеген түрлері гүлдері әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі.
Қазақстанның Қызыл кітабына жұқа көкнәр (Papaver tenellum) – сирек түр, эндемді, тек Шығыс және Орталық-Қазақстан бөліктерінде ғана кездеседі. [2]

75.Қосжарнақтылар класы. Біріккен күлтелілік қатары. Айлаулықтар, сабынкөктер, алқалар тұқымдастарына сипаттама.
Сабынкөктер тұқымдасы (лат. Scrophulariaceae) – қос жарнақты шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта және шырмауық тәрізділер, көпшілік түрлері сапрофит, жартылай паразит және паразит болып келеді. Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі, негізінен, қоңыржай және субтропиктік белдемдерде өсетін 250 туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 23 туысқа бірігетін 170-тен аса түрі белгілі. Олар республиканың барлық облыстарында кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары көбіне кезектесіп, кейбір түрлерінде қарама-қарсы не жеке-жеке орналасады. Гүлі қос жынысты, пішіні, құрылысы жағынан алуан түрлі болып келеді. Тостағаншасы ұзынды-қысқалы 4 — 5 тостағанша жапырақшалардан, күлтесі 4 не 5-тен тұтасып кеткен, пішіні дөңгелек не қос ерінді болады. Аталығы негізінен төртеу, аналығы жоғары жатынды, қос ұялы. Жемісі — көп тұқымды қорапша, сирек жидек тәрізді. Көптеген түрінің тұқымдары желмен тозаңданады, вегетативті көбейетін түрлері де кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасының көпшілігі егістік пен шабындықтардың арам шөбі, кейбір түрлері улы болады, араларында балды және дәрілік түрлері де кездеседі. Қазақстанда өсетін 8 түрі (Бор сиякөгіЖоңғар сабынкөгіНұрания сабынкөгіАлатау бөденешөбіКиікшөптес бөденешөпТарбағатай қандыгүліШу-Іле қандыгүліДауыр цимбариясы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет