54.Жемістер мен тұқымдардың құрылысы. Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады. Жемістің түзілуіне жататынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады, жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді:Шырынды жемістер (1-сурет) шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері. Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады, өзінше гесперидий (померанец) тобына жатқызады. Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт, беже және т.б. жатады. Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті – шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б. Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ (кебу) болады
Тұқым (лат. semen) - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбүршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан, (қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және, (немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады).
Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе тұқымжарнағы), бүршігі болады