Ботаника ғылымы биологияның басқа да салаларымен тығыз байланысты.Оның ауыл шаруашылық ғылымдарымен де,фармациямен де байланысы зор,себебі ботаника бұл ғылымдар үшін теориялық негіз болып саналады.Фармация-дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылатын шикізаттар туралы ғылым.Қазіргі кездегі шығарылатын дәрі-дәрмектің 30 пайызы арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан жасалады.Ал кейбір нақтылы ауруларды емдеуге арналған препараттарды алатын болсақ,мысалы, жүрек ауруларын,бауыр және ас қорыту жолдарының ауруларын,ішек құрттарына қарсы қолданылатын,қақырық түсіруші және т.б.Өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектердің мөлшері 75-80%-ға дейін жетеді.Сондықтан болашақ фармация мамандары (провизорлар) ботаника пәнін жақсы игеруі қажет,себебі олардың келешектегі кәсіптік қызметі дәрі жасауға шикізат болып табылатын дәрілік өсімдіктерді жинау,олардың сапасын анықтау,оларды қорғаумен байланысты.Сонымен қатар,ботаника пәні фармакогназия пәнін жақсы игеруге де қажет
56.Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы. Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады