59.«Ядро» құрылымы органеллаларға сипаттама.
Ядро – клетканың маңызды құрамдас бөлiгi. Клетка ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу. Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1 клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi. Ядроны қабықша қаптап тұрады, олар 2 мембранадан тұрады немесе екi қабатты. Сыртқы ядролық мембранада рибосомалар орналасқан, ал iшкi мембрана тегiс. Ядро қабықшасы клетканың мембраналық жүйесiнiң 1 бөлiгi. Iшкi ядролық мембрананың өскiндерi эндоплазмалық тордың каналдарымен бiрiгiп, байланысқан каналдардың тұтас жүйесiн түзедi. Ядро және цитоплазма арасындағы заталмасу 2 жолмен жүредi. 1-ден, ядро қабырғаларында көптеген тесiктер бар, олар арқылы цитоплазма мен ядролар арасында молекулалық алмасуы жүредi. 2- ден, заттар ядродан цитоплазмаға және керi бағытта ядро қабықшасының өскiндерi мен ойыстарының жиырылуынан қозғала алады. Ядро қабықшасы ядроны цитоплазмадан бөлiп тұрады және ядроның iшкi ортасының – ядро шырынының болуын қамтамасыз етедi. Ядро шырынының құрамына ферменттер, рибосомаларды және хромосоманың құрылымдық белоктары кiредi. Сондықтан бүге, ядрошырынында бос нуклеотидтер, аминқышқылдар, ядрошық және хроматин қызметiнiң өнiмдерi бар. Хроматин деп ядроның барлық құрылымын және гранула, дөңбектерiн айтады (грекше chroma - түс), олар кейбiр бояғыштармен қарқынды боялады. Генетикалық белсендi емес хроматин бар – ол гетерохроматин (грекше heteros - әртүрлi) генетикалық жағынан белсендi емес, хроматиннiң әртүрлi жәрежедегi спиральданған бөлiгiнен түзiледi. Гетерохроматин және дамудағы ерте немесе өте ерте кезеңде қолданылған, немесе «жұмысқа әлi кiрiспеген» гендерден құралады. Ядроға тән тағы бiр құрылым – ядрошық. Ол ядрошықтарына батып тұрған толық домалақ дене. Әртүрлi клеткалар ядросында, және 1 клетканың ядросында оның функциональдi күйiне тәуелсiз ядрошық саны 1 ден 507 және одан да көп болуы мүмкiн. Бөлiнген кезде олар жойылып, бiткеннен кейiн ол қайтадан түзiледi. Ядро. Ядро – өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтардың клеткаларының маңызды органоиді. Көбіне клеткаларда бір, кейде 2-3, кейде одан да көп(саңырауқұлақтарда) ядро болады. Шар тәрізді, сопақша, кейде дұрыс пішіні болмайды. Диаметрі бірнеше мкм-ден (метрдің млн-нан бір бөлігі) бір жарым мм-ге дейін болады. Саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің клеткаларында ядросының диаметрі – 1-2 мкм. Клеткадағы ядро мен цитоплазманы қосып протоплазма деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |