46-шы ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата09.03.2017
өлшемі7,5 Mb.
#8691
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

Литература 
1.  Назарбаев  Н.А.  СОЦИАЛЬНАЯ  МОДЕРНИЗАЦИЯ  КАЗАХСТАНА:  Двадцать  шагов  к 
Обществу Всеобщего Труда. 10 июля 2012 г.  
 
2.
http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-42552/
 © Shkolazhizni.ru 
3. Кривонос Г.А. Теоретические основы проблемного обучения. Проблемное учение. Проблемная 
Ситуация. – М. – 2011. 
4. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения. - М. - 1977.  
5. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -  М.- 1980. 
6. Казбекова Ж.Б. УМК по дисциплине «Рынок ценных бумаг», КазНУ им. аль-Фараби, 2014 г. 
7.  Казбекова  Ж.Б.  Управление  финансовыми  потоками  экономики  Казахстана  в  условиях 
глобализации. Алматы, Изд. «Қазақ университетi», 2009 г. 
 
 

140 
 
Салқынбай А. Б. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСІ 
 
Түйін 
Мақалада  шетелдіктерге қазақ тілін  оқыту жүйесіне американдық ағылшын тілін оқыту 
әдістемесін қолдану туралы пікір айтылады. Әлемдік тіл білімінде өзіндік орны бар Н. Хомский 
ілімі арқылы тілді үйрету әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі анықталып, біліктілігі нақтыланып, тілді 
моделдеу  үдерісін  пайдалану  арқылы  оқыту  жүйесінің  орнықтылығы  мен  нәтижелілігі 
сараланады.  Шетелдіктерге  қазақ  тілін  үйретудің  кейбір  ерекшелігі  анықталып,  ондағы 
қиыншылықтар  көрсетіледі.  Лебіздік  ортаның  жоқтығы,  алайда  тілді  үйренудің  мотивациясы 
бар,  қызығушылық  жоғары  екендігі  тілді  оқытудың  жаңаша  әдістерін  қалыптастыру  қажет-
ттілігін туғызатыны айтылады.  
Тірек  сөз. Қазақ  тілі, оқыту  әдістемесі, шетелдіктерге  арналған  қазақ тілі, американдық 
оқыту әдісі 
 
В  статье  обсуждается  применение  американской  методики  преподавания  английского 
языка для изучения казахского языка. Определены особенности методов обучения по известной 
в мировой лингвистике методики Н.Хомского, анализируются результативность и компетенция 
системы  обучения  с  применением  процесса  языкового  моделирования.  Выявлены  некоторые 
проблемы и трудности изучения казахского языка иностранцами. Отмечается, что достаточный 
уровень  мотивации  и  интереса  при  отсутствии  речевой  среды  порождает  необходимость 
формирования новых методик обучения.  
Ключевые  слова.  Казахский  язык,  методика  обучения,  казахский  язык  для  иностранцев, 
американская методика языкового обучения
 
The article discusses the use of American methods of teaching English to study Kazakh. The 
features of the known methods of teachingin the world linguistics techniques N. Chomsky analyzed 
the performance and competence oft he training system using process modeling language. Revealed 
some of the problems and difficulties ofl earning the Kazakh language for foreigners. Itis noted 
thatanadequate level of motivation and interestin the absence of speech environment createstheneed 
for the formation of new teaching methods. 
Keywords. Kazakh language teaching methodology, the Kazakh language for foreigners, the 
American method of language training. 
 
Қазақ тілі еліміздің ата заңында мемлекеттік тіл ретінде танылғаны бері, әртүрлі сипатты 
аудиторияларда,  әртүрлі  бағытпен  оқытылып  келе  жатыр.  Осы  уақыт  аралығында  бірнеше 
ғылыми  әдістемелер  ұсынылып,  оқу  стандарттары  белгіленіп,  типтік  бағдарламалар  негізінде 
оқулықтар  мен  оқу  құралдары  жазылғаны  аян.  Нәтиже  бар. Орта  мектептер  мен  жоғары  оқу 
орындарында оқытылатын оқулықтардың жалпы типтерін былайша бөлуге болады:    
1)  дәстүрлі  құрылымдық  жүйеге  негізделген  грамматикалық  бағытпен  оқыту 
әдістемесі;  
2)  грамматикасыз оқыту жүйесі;  
Елімізде бұл екі бағыт бойынша бірнеше деңгейлік оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулар 
жазылып, тест жүйесі жасалған.  
Қазақ  тілін  оқытудың  әдістемесін  анықтамас  бұрын,  ең  алдымен  қазақ  тілін  оқитын 
тілдік  тұлғалардың  әлеуметтік,  психологиялық,  қажеттілік  деңгейін  анықтау  абзал.  Тілдің 
бүгінгі  әлеуметтік  ахуалы  мемлекет  жүргізіп  отырған  тілдік  саясатпен  тығыз  байланысты 
болатыны белгілі.  Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  оқудың, оқытудың мотивациясы  артып отыр, бұл, 
әсіресе, шетелдіктердің қазақ тіліне деген қызығушылығынан анық көрінеді.  
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы 70-ші  мерейтойлық  сессиясының 
жалпы пікірталасында жасаған баяндамасын қазақ тілінде жасағаны бәрімізге белгілі. Қазақ елі 
үшін бұл үлкен рухани көтерілу болды, ал қазақ тілін оқытушы мамандар үшін, жауапкершілік 
арта түсті деп бағалаймыз. Абайды өз ана тілінде оқығысы келетіндердің саны артып отырған 
тұста, жоғары әдістімелік деңгейде оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, үйренушілерге нақты 

141 
 
бағыт  көрсетіп,  лебізіміздегі  ойдың  қанықтығын,  нақтылығын,  тиянақтылығын  айқындай 
алатын  әдістемемен  оқыту  жүйесін  белгілеу,  тіл  үйрету  жүйесін  жүйелі  жолға  қою  іргелі 
мақсаттардың бірі болмаққа керек.   
Қазір  қазақ  тілін  оқыту  ісі  саябырламай,  керісіше,  қарқынды  дамуы  қажет.  Елбасымыз, 
айтқандай,  қазақ  қазақпен  қазақша  сөйлесіп,  лебізіміздің  ішкі  дамуын  жалғастырып  жатса, 
шетелдіктерге қазақ тілін үйрету арқылы оның халықаралық деңгейде де өсуіне жағдай туғызу 
керек. ХҮІ ғасырда қазақ тілінің халықаралық мәртебесі болғанын есімізге түсіріп, жадымызда 
жаңғыртсақ  деген  ой  келеді.  Елбасының  БҰҰ  мәртебелі  мінберінде  қазақша  сөйлегені  бізді 
осындай ойларға жетелейді.  
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту ісі де қазіргі Қазақ елі үшін аса маңызды және өзекті 
мәселенің  бірі.  Қазіргі  уақытта  Ресейде,  Қытайда  (Пекинде),  Кореяда  (Сеулде),  Польшада, 
АҚШ-та,  Еуропаның  көптеген  елдерінде  қазақ  тілі  шет  тілі  ретінде  оқытылуда.  Сондай-ақ 
елімізге  сырт  елден  келген  шетелдік  азаматтарға    қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытудың  да 
өзіндік  ерекшелігі  мен  қыр-сыры  бар.  Қазақ  ұлты  мен  бірнеше  ұлыстарды  біріктіріп  отырған 
тәуелсіз  еліміздің  мемлекеттік  тілін  өз  елімізде  оқытудың  ішкі  жүйесі  мен  желісін 
қалыптастыруда ғылыми бірізділік пен жүйелілік қалыптасты десек, шетелдіктерге қазақ тілін 
үйретудің де өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, нақты әдістемесін жасау өзекті мәселенің 
бірі деп пайымдаймыз.  
Ағылшын және орыс тілдерінің  оқыту әдістемесінің жетілгенін, жүйелі екенін білсек те, 
мұны  игерудің,  үйренудің  де  жолдары  көп.  Әлемдік  деңгейде  оқытылып  отырған  ағылшын 
тілінің  оқыту  әдістемелерін  жүйелі  зерделеп,  соның  негізінде  қазақ  тілін  оқытудың  өзіндік 
ерекше әдістемесін қалыптастыруға болар еді. Ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту жүйесін 
ғылыми тұрғыдан зерттеу американдық ғалым НоамХомскийдігенеративті тіл білімін жасауға 
әкелді [1]. Ол 1950 жылдары құрылымдық грамматиканың бір бағыты ретінде генеративті тіл 
білімінің  негізін  салған.  Генеративті  тіл  білімі  дәстүрлі  құрылымдық  грамматиканың  көп 
өкілдерінің  ғылыми  көзқарастарына  өзгеріс  енгізді,  сондықтан  да  тіл  білімінде  «хомскийдің 
төңкерісі»  деген  термин  тұрақтап,  солай  аталды.  Генеративті  тіл  білімінің  (ГТБ)  негізінде 
тілдің туғызушы моделі туралы түсінік жатады, яғни кез келген тілдік ережелер тек қана дұрыс 
сөйлем  құраудың  жөн  жосығын  анықтауға  бағытталуы  қажет.  ГТБ  біздегі  қалыптасқан 
дәстүрлі  тіл  біліміндегі  сияқты  тілді  сипаттаумен  айналыспайды,  тілдегі  басты  ақпараттық 
тұлғаларды  моделдеу  үдерісін  көрсетеді.  ГТБ  ның  пайда  болуы  ең  алдымен,  экстро-
лингвистикалық  факторлармен,  яғни,  ХХ  ғасырдың  елуінші  жылдарындағы  соғыстан  кейінгі 
қиын  кезеңде  қалыптасқан  модельдеуге  ұмтылу,  компьютерлік  төңкеріс,  генетикалық  код 
моделін  құру,  машиналық  аударма  жасау  мен  математикалық  тіл  білімінің  дамуына 
байланысты  болды.  Оның  дәстүрлі  грамматикадан  басты  айырмашылығы  мынада:  дәстүрлі 
грамматика  дыбыстан  сөз,  сөзден  сөз  тіркесі,  сөз  тіркесінен  сөйлем  құралады  деп  дәлелдесе, 
ГТБ  лебіздің  пайда  болуы  синтаксистен  басталып,  фонологияға  қарай  өрбиді,  яки  ойдың 
көрінісі  ретіндегі  лебіздегі  сөйлемнің  абстрактілі  синтаксистік  құрылысы  бастапқы  маңызды 
рөл атқарады деп пайымдайды.  
Н.  Хомский  ұсынған  «компетенция»  ұғымының  маңызы  ерекше,  ғалымның  пайым-
дауынша, «компетенция»   тілді интуитивті меңгеру. Қазіргі таңда әлемдік ғылымда Хомский 
теориясы кеңінен қолдау тауып, дамытылуда [2].  Осыған орай коммуникативтік құзыреттілік, 
әлеуметтік  лингвистикалық  құзыреттілік,  дискурстық  құзыреттілік,  ақпараттық  құзыреттілік, 
когнитивтік құзыреттілік т.б. түрлері анықталып, ғылыми тұрғыдан орнықты. Бұл құзыреттілік 
түрлерін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғалымдардың пайымдауынша, тілді үйренудің екі 
түрлі сыпаты бар:  

тіл туралы білімнің болуы;  

метакогнитивті стратегия.  
Тілді  үйренуші  үшін,  сол  тіл  туралы,  оның  жалпы  құрылымдық  заңдылықтары  туралы 
жалпы  ақпараты  болуы  қажет.  Қабылданатын  ақпарат  үйренушінің  бұрыннан  бар  білім 
білігінің негізінде қабылданып, оның дамуына ықпал етуі керек. Мынадай қарапайым мысалға 
назар  аударалық:  Бала  мектепке  барды.  Сөйлемді  талдамас  бұрын  ондағы  ойдың  бүтіндігіне, 
сөйлемнің  дұрыс  құрылғанына  көңіл  бөлеміз.  Сөйлемде  баланың  мектепке  баратындығы 
туралы  ақпарат  берілген.  Енді  сөйлемді  құрылымдық  тұрғыдан  бөлеміз:  бала – сөйлемдегі 
ойдың  субъекті,  заттық  мағынаны  білдіреді  (С),  мектепке  (О) – баланың  қайда  бет  алғанын 

142 
 
анықтайды,  жанама  толықтауыштық  мағына,  барды  (Е)  әрекетті  анықтап,  сөйлемнің 
баяндауышы  болады.  Сөйлемді  құраушы  тұлғалар  нақты  ақпарат  беріп,  ойдың  біршама 
тиянақтылығын қамтамасыз етеді. Бір қарағанда  мектеп деңгейіндегі талдау болып көрінуі де 
ықтимал. Алайда, қолданыстағы тіл үшін маңыздысы ойдың түсініктілігі мен нақтылығы десек, 
оның  түсінілуі  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  мағыналық  құрылымымен  байланысты  тірке-
сімділігінде екендігінде дау болмаса керек. Әсіресе, машиналық аударма жұмыстарында табиғи 
тілдік иірімдерді дұрыс және нақты түсіну үшін сөйлем ішіндегі сөздердің тіркесімділік ретінің 
анықалуы  да  маңызды  саналады.  Мәселен,  жоғары  да  келтірілген  сөйлемді  әртүрлі  сипатта 
түрлендіріп  көрелік:  Бала  мектепке  барды.  Мектепке  бала  барды.  Бала  барды  мектепке. 
Мектепке  барды  бала – сөйлеу  барысындағы  лебізде  осы  нұсқалардың  қай-қайсысы  да 
қолданатыны  белгілі.  Бір  қарағанда,  сөйлемдердің  мағыналық  сипаты  бірдей,  алайда 
функционалдық  семантикалық  ерекшелігі  бар,  әрі  бұл  лебізде  айқын  аңғарылады.  Бірінші 
сөйлемде «мектепке» сөзіне ерекше маңыз беріле айтылса, екінші сөйлемде «бала» маңызды да, 
келесі  сөйлемде  «барды»  ерекше  лебізді  екпінмен  айтылады  да,  тыңдаушыға  берілетін 
ақпаратта  өзіндік  ерекшелікке  ие  болады.  Демек,  ойдың  тиянақты  жеткізілуі  үшін  сөйлемнің 
синтаксисі емес, сөйлемнің мәні, яғни семантикасы маңызды болады.  
Біздің елімізде де Ф.Ш. Оразбаева [3], Э. Сүлейменова [4], З. Күзекова [8],  К. Қадашева 
[5],  сынды  ғалымдар  еңбектерінде  қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  оқытудың  әдістемесі 
жасалғаны жоғары бағаланады. Бұл еңбектер негізінен, орыс тілді аудиторияға арналып, соның 
ерекшелігін ескере отырып жазылған. Қазіргі орыс тілді аудиторияда отырған үйренушілердің 
дені қазақстандық азаматтар екенін ескерсек, олардың қазақ тілін меңгеруінде көп жеңілдік бар 
екені анық. Ең бастысы, мұнда тілдік орта бар, коммуникация жасауға толық мүмкіндік бар. Ал 
шетелдіктерге қазақ тілін үйретудің басты ерекшелігі де осыдан келіп шығады. Мұнда лебіздік 
орта  жоқ,  алайда  тілді  үйренудің  мотивациясы  берік,  қызығушылық  жоғары.  Осы  ретте 
шетелдіктерге  қазақ  тілін  үйретудің  өзіндік  жаңаша  әдістемесін  жасаудың  маңызы  арта 
түседі.Әлемдік  циклдік  заңдылықтарға  бағынатын  адамның  табиғи  болмысы  мен  дүние-
танымының арасында жақсылық пен жамандық, түн мен күн, қараңғы мен жарық, ақ пен қара 
ұғымдарынан тарайтын сандаған сырлы таным дүниесінің шексіз ұқсастығы бар. Осы ұқсастық 
негізінде  адамдардың  бірін-бірі  түсінуі  жеңіл,  ұғуы  оңай.Ұлттардың  бір-бірінен  тілдік 
айырмашылығы  олардың  кеңістіктегі  гармониялық  бірлігін  де  қамтамасыз  етуі  қажет. 
Әлеуметтік-мәдени болмыстың бейнесі, мәдени феномен саналатын тілді оқыту арқылы ұлттық 
және  жалпы  адамзаттық  әлеммен  гармониялы  байланыс  қалыптасады.  Қазақ  тілін  оқытудың 
бірізділігі мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын 
істер көп. ХХІ ғасыр сұранысына жауап бере алатын тілді үйренудің басты тәсілдерінің бірі – 
деңгейлік оқыту жүйесі қазіргі уақытта көптеген жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ 
тілінің  әдістемелік  негіздемесіне  айналып  та  үлгерді. «Білім  берудің  көпсатылы  деңгейі» 
үлгісінің әр  сатысында берілетін ақпаратты нақты анықтау мен оның мазмұндық құрылымын 
жүйесі  саралау,  принциптерін  зерделеу,  сөйтіп  үздіксіз  білім  берудің  нақты  кешенді  жүйесін 
жасауға болады.  
Тілді оқытуда, әсіресе, жеке тұлғаның қалыптасуын ерекше мән бере отырып, тіл арқылы 
қазақ ұлтына деген құрметті қалыптастыру басты назарда . Яғни, ТІЛ – ТҰЛҒА – МӘДЕНИЕТ 
қағидасы  негізінде  үйренушінің  қажетті,  дұрыс  ақпарат  алуына  көңіл  бөліп  үйрету  негізгі 
мәселе саналады.  
Өзкезегіндеәрбірдеңгеймынадайғылымифазаларменорнығады:  
1.  Функционалдықталдау;  
2.  Ақпараттықталдау.  
Америкалық тілді оқыту жүйесінің дәстүрлі даму жолы базалық сападағы ақпараттардың 
маңыздылығы  мен  сөйлеу  тілінде  көп  қолданылатын  қажетті  құрылымдарды  анықтап, 
прагматикалық  қатынасқа  құрылғанын  көруге  болады.  Әсіресе,  ең  маңыздысы,  базалық 
ақпараттық  моделдің  ерекшелігін  айқындауға  бағытталуы.  Бұл  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі 
үшін ғылыми жобаның нәтижесі ретінде мынадай маңызды міндеттерді алға тартады:  
1)  Отандық  тілді  оқыту  жүйесін  халықаралық  стандарттар  негізіне  қарай  интегра-
циялау, үйлестіру;  

143 
 
2)  Тілдіоқытудыңамерикалықәдістемесіндегімаңыздыоқытутехнологияларынескеру; 
қазіргітаңдаорыстіліноқытуәдістемесінің де осы бағытқақарайойысабастағаны байқалады (И.Л. 
Бим, А.А.Миролюбов, М.С. Ильин, Б.А. Лапидус, т.б. );  
3) Дәстүрлі отандық оқыту технологиясын қазіргі инновациялық оқыту технологиясына 
көшіруді жеңілдету; 
Оқыту  жүйесінде  маңызды  фактор  ретінде  коммуникативтілік  құзыреттілік  алынады. 
Яғни,  үйренушіге  қажет  ақпараттар  легі  барынша  нақты  және  күнделікті  қажетті, 
прагматикалық  талаптарға  сай  болуы  керек.  Кез  келген  мәтінге  немесе  диалогқа  қазақтың 
ұлттық  танымдық  ақпараты  мол  этнографиялық  желідегі  ұлттық  болмысымызды  танытатын 
құндылықтарымызды  орынсыз  тықпалау  дұрыс  емес  деп  танылады.  Сондай  ақ,  тіл  үйренуші 
қазақ  тілінің  көркемдік  болмысын  танып  білмей,  бағаламай  жатып,  оған  қазақ  рухани 
құндылықтарының  атасы  Абай,  Шәкерім  сынды  тұлғалардың  өлеңдерінен  үзінділер  беру 
олардың шығармашылығын дұрыс бағаламау болып саналады. Америкалық немесе еуропалық 
оқыту әдістемесі үйренушіге (мейлі ол жоғары деңгейде болсын), өзінің классикалық әдебиет 
үлгілерінен  мәтін  ұсынбайтынын  біздерге  де  үйрену  керек  деп  пайымдаймыз.  Өйткені  қазақ 
классиктерінің  көркем  шығармаларындағы  сөз  қолданысы  мен  сөз  мағыналарының  тереңдігі 
тіл үйренушілердің түсінуіне, сөз мағыналарының мәнін ұғуына үлкен қиыншылықтар әкеледі. 
Сондықтан  таңдалып  алынған  тақырыптарда  тек  қарапайым  деңгейде  қолданылатын  сөздер 
таңдалып  алынып,  олардың  қолданыс  қайталанып,  жүйеленіп  отырылды.  Келтірілген 
мәтіндердегі  сөздер  үнемі  тексеріліп,  өтілмеген  түсініксіз  сөздер,  ауыспалы  мағыналы  сөздер 
мүмкіндігінше берілмейді.     
Үйренуші  мен  үйретушінің  арасында  болатын  диалог  біржақты  немесе  тек  үйретушіні 
қайталауға құрылмауы керек. Америкалық ғалымдар мұндай оқытушыны теледидарға теңейді. 
Оқытушы  теледидарға  айналмауы  үшін  үйренуші  мен  үйренуші,  үйренуші  мен  үйретуші 
арасындағы  белсенді  диалог  тіл  үйретудің  басты  шарты,  коммуникативтік  негізге  құрылған 
инновациялық сабақ саналады.  
Шетелдіктерге  қазақ  тілін  үйретуде  оқытудың  деңгейлік  сипаты  сақталады.  Мәселен, 
қарапайым  деңгейде  үйретудің  әдісі  де  қарапайым  болуы  қажет  деп  есептейміз.  Негізінен 
үйренуші мен үйренушінің, үйренуші мен үйретушінің арасындағы ауызекі диалогқа құрылуы, 
грамматикалық  тұлғаларды  жекелей  оқытуға  емес,  күнделікті  практикада  қолданылатын 
ұғымдарды  жеткізу,  сөздерді  емес,  пікірді,  пікірдің  мазмұнын  қазақ  тілінде  жеткізе  білу 
маңызды саналады.  
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.  Chomsky N. New Horizons in the Study of Language and Mind. — Cambridge, 2001. - С. 155-170.  
2.  Chomsky N. Three Factors in Language Design // Linguistic Inquiry, 36, no. 1. — 2005. - С. 11-15. 
3.  Оразбаева  Ф.  Научно-теоретические  основы  языковой  коммуникации  и  коммуникативного 
метода. Алматы, 1996. -216 с. 
4.  Сулейменова  Э.,  Кадашева  К.,  Аканова  Д..Анықтағыш.  Қазақ  тiлi [Text] : грамматический 
справочник. Учебный комплекс - Алматы :Жибекжолы,  - 230 с. 
5.  Қадашева Қ. Қазақтілі: оқытудыңтиімдіәдістемелері. - А., 2000. -194 с. 
 
 
 
Керімбекова Н.Н. 
 
«БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР» ПӘНІН ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТА  
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бүгінгі  жас ұрпақ біздің ертеңгі болашағымыз, яғни сол  жас ұрпақты саналы  тәрбиелеу 
мен  сапалы  білім  беруде  әрбір  оқытушы-  ғалымдар  қауымына  ерекше  жауапкершілік  пен 
міндет  жүктеліп  отыр.  Сондықтан  да  қазіргі  білім  беруді  жаңғыртудың  маңызды  жағы 
студенттерді алатын мамандығы жағынан тәжірибелік бағытта дайындау болып табылады. 
Өйткені,қазіргі  жағдайында    жұмыс  берушілермен  тығыз  байланыста    ғана  оқу  орны 
өзінің    басты  мақсатын  –жоғары  кәсіби  даярлыққа  және  еңбек    нарығындағы  сұранысқа 
ие,бәсеке қабілетті білікті маманды  дайындау мақсатын орындай алады. 

144 
 
Жалпы  бәсекеге  маман  даярлау  білім  мен  ғылымның  және  өндірістің  кіріктірілуіне 
негізделеді.Тек  осы  үштік  одақтың    бірлігі  ғана  нарық  талаптарына  жауап  беретін  маман 
дайындау механизімдерін  іске асыра алады. 
Әлеуметтік серіктестік жоғары оқу орындары үшін келесі жаңа мүмкіндіктерге:             
-қандай  және  қанша  маман  дайындау  қажеттілігі  туралы  ақпарат  алуға;  -мамандарды 
дайындау мазмұнында  жұмыс берушілердің талаптарын ескертуге; 
-жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін жаңа оқу бағдарламаларын жасауға; 
-бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Сондықтанда,білім  беру  жүйесі  мен  өндірістің    кіріктірілу  удерісі-қоғам  үшін  маман-
дарды  дайындауға  тапсырысты  қалыптастыруға  қажетті  шарт.Бұдан  шығатын  қорытынды 
:жоғары  оқу  орындарының    әлеуметтік  серіктестерімен  белсенді    әріптестік  әрекетін  жүзеге 
асыру барысында маман маман даярлау мазмұны мен іс әрекеттерді ұйымдастыру  мазмұныны 
елеулі өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. 
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында: «ХХІ 
ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың  жоғары 
технологиялық  және  ғылыми  қамтымды  өндірістері  үшін  кадрлар  қорын  жасақтауға  тиіспіз. 
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы 
заманғы  басқарушыларсыз  біз  инновациялық  экономика  құра  алмаймыз»  делінген.  Сондық-
танда елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек.  
Соның  бірі  болашақтағы  ел  экономикасының    дамуына  елеулі  үлес  қосатын    нарықтық 
экономикалық  тәрбие  беру  мен  дүниетаным  қалыптастыруда  қаржыгер  мамандығы  бойынша 
негізгі міндетті және таңдаулы  пәндерден  дәріс беріп,семинар сабақтарын жүргізетін маман- 
оқытушылардың орны ерекше.  
«Банктік тәуекелдер» пәні-оқу жұмыс жоспарындағы жоғары курс студенттеріне арналған 
таңдаулы пән болыптабылады. 
Бұл пән -мамандарды  дайындайтын оқу пәндері арасында маңызды рөл атқара отырып, 
банк  және  оның    жүргізетін  активті  және  пассивті  операциялары  негізінде  болатын    тәуекел-
дерін  және  оларды  басқару  әдіс-  тәсілдерін  үйрететін    курс    болып  табылады.Пән  бойынша 
банктік  заңдылықтар  мен  онда  болатын  тәуекелдер    денгейін    азайтудың  әдіс  ,тәсілдерін  үй-
рету  сонымен  қатар  Қазақстан    Республикасындағы  коммерциялық  банктердің    және  өзгеде  
дамыған    елдер  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекелдер  ерекшеліктерін  оқыту  жатқызылады.  Осы 
міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі нарықтық экономиканың жаңалықтарын, оқу 
әдістемелік  тәсілдің  тиімді  жолдарын  таңдау,  үздіксіз  ізденіс  пен  білім  сапасын  жақсарту 
қажет.  Пәнге  деген    қызығушылығын  арттыру  үшін  сапалы  білім  берудің  тиімді  жолдарын 
таңдау,  қосымша  элементтерді  пайдалану  мен  пәнге  байланысты    глоссариде  қарастырылған 
негізгі  ұғымдар  бойынша    тарихи  деректерді  оқып  үйренуге  дағдыландыру,  баяндама, 
рефераттар,  хабарлама  жасату,  өз  бетінше  оқып  білім  алып  шығармашылықпен  айналы- 
суына  жағдай  жасау  сияқты  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен  инновациялық 
бағыттарды,  әдістер  мен  тәсілдерді  енгізу  және  тағы  басқада  жетілдіру  жолдарын  дамыта 
білуіміз қажет. 
Қазіргі  кезде  сабақ  өткізудің  түрлері  көбеюде.  Мен  осы  пән  бойынша  дәруіс  жүргізу, 
семинар  сабақтарын  өткізу    барысында  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдалана  отырып,  сапалы 
білім,  саналы  тәрбие  беруде  сабақтың  тиімді  түрлерін  қолданып  келеміз.  Осы  мақсатта 
студенттердің    танымдық  қызығушылығын,  белсенділігін  арттыру  үшін  дәріс  оқу,семинар 
жүргізу,студенттердің 
өзіндік  жұмыстарына  дайындық  мәселелерін  ұштастырудың 
маңыздылығы  ерекше.Жалпы  оқытушы  белгілі  бір  тақырып  бойынша  дәріс  оқығанда  ол 
тақырыпты  белгілі,маңызды  тақырыпшаларға  топтастыра  отырып,теориялық  негізде  айта 
отырып,мысал  келтіре  отырып  мәнді,түсінікті  ,сауатты  етіп  дәріс  оқиды.Ал  енді  ескеретін  
жағдай  ,сол  оқылып  кеткен  тақырып  бойынша  семинар  сабағын  өткен  кезде  ,семинар  тек 
дәрісте  оқылып  кеткен  ,тек  жазып  алынған    терминдерді  сұраумен  шектелмеу  керек.Дәріс 
соңында    семинар  сабақтарында  қарастырылатын  сұрақтар  беріліп,мүмкін  болса  сол  тақы-
рыпты  тәжірибе  жүзінде  қалай  болатындығына  байланысты  оқытушыларға    бағыт,бағдар 
беріліп  кетуі  керек.Сондықтан  студент    семинар  сабағына  университет  аудиториясында 
оқытылған  дәріске,сол  тақырып  бойынша  силлабуста  көрсетілген  әдебиеттер  тізімі  бойынша  
қосымша  өз  бетімен  семинар  сабағына  берілген  тапсырмаларға  толық  дайындалып 

145 
 
келіп,тақырып  бойынша    сұрақтарға    жауап  беріп  ,есептер    шығарылып,мысалдар  келтірілген  
жағдайда  ғана  семинар  сабағында    студент  білімі  теория  мен  тәжірибе  тұрғысынан  толық 
бағаланды  деп  есептеуге  болады.  Яғни  семинар  тек  сұрақ  жауап  тұрғысынан  ғана  емес 
тәжірибе  жағы  міндетті  түрде  қарастырылуы  тиіс. Семинарды   өз  бетінше  түрлендіріп  өту  әр 
оқытушының  біліктілік  шеберлігін  анықтайды.  Сондықтан  мен  өз  тәжірбиемде,  мысалы 
«Несиелік тәуекелдер және оларды басқару »деген  тақырып  бойынша дәрісті тиянақты түрде 
толық жанжақты  оқып,тиісті формулаларды қолданып есептер шығарып көрсетілген соң,дәріс 
соңында әрбір студентке келесі семинарға  клиенттің ,яғни жеке немесе заңды тұлғаның несие 
алу  тәжірибесі  бойынша  ситуациялық  есептер  беріп,оны  міндетті  түрдесеминар  сабағында 
шығарып  талдап,есептерді  шығару  тәсілін  түрлендіріп  көрсетіп,клиенттің  төлем  қабілеттілік 
жағдайын  түрлендіре  мысал  келтіре  отырып  оны  бағалай  білуі  мен  тәуекел  денгеейін 
төмендету  жолдары  бойынша    әдіс  тәсілдерді  қолдана  отырып  есеп  шығарамыз.  Жалпы 
мұндағы  мақсат  семинар  сабағында  әр  түрлі  әдіс  тәсілдерді  қолдана  отырып,студенттердің 
алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашу. 
Сабақта  студенттердің  жеткен  жетістігін  баса  көрсетіп,  оның  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырып,  өз  бетімен  ізденіп  жұмыс  істеуге  баули  отырып,  шығармашылық  қабілеттерін 
шыңдау.  
Бүгінгі  таңда  студенттердің  өзіндік  жұмысы  мен  студенттердің  оқытушылармен  өзіндік 
жұмысыныңмәнін  ашып  алу  керек.Яғни    студенттердің  өзіндік  жұмысы      семинар  сабағында 
бағаланса,ал  студенттердің  оқытушылармен  өзіндік  жұмысы    тапсырмалары    дәрістен  тыс, 
семинардан  тыс  уақытта  оқытушыға  жеке  тапсырылып,қорғалуы,бағалануы  тиіс.Көбінесе 
тақырып  ерекшеліктеріне  байланысты  студенттердің  оқытушылармен  өзіндік  жұмысы 
тасырмалары:  рефераттар,  баяндамалар,  эссе,  іскерлік  ойын,  презентация  дайындау  түрінде 
берілуі  мүмкін.  Студент  сол  берілген  әр  түрлі  тапсырмаларды  жүйелі  түрде,  талапқа  сай  
орындаулары  керек:  Рефераттар  анықталған  проблема  бойынша  ғылыми  және  арнаулы 
әдебиеттер негізінде талдау жасау немесе берілген тақырьпты қысқаша мазмұндау.   
Эссе  студенттің  анықталған  такырыбқа  қысқаша  пайымдау  жасауы.  Басты  ерекшелігі - 
оқытушы тапсырған проблеманы түсінудегі даралығы, өзіндік ерекшелігі, шығармашылықпен 
орындалуы. Студенттердің өздік жұмыстарында берілген эссенің тақырыптары оқыған пәндері 
бойынша  нақты  сұрақтарды  көрсетеді.  Оқытушыны  студенттің  өткен  тақырып  бойынша 
берілген  сұраққа  пікірі  қызықтырады.  Есептеулерде  эссе  тұрғысында  пән  бойынша  бұрын 
қабылданған  есептеулердегі  нақты  жариялымдар  көрінуі  мүмкін.Студенттің  эсседегі  қаржы 
мәселелерінің  жеке сұрақтары  бойынша  жеке  көзқарастарын,  тарихта  қолдану  тәжірибелерін, 
нормативтік реттелуді ұсынуы керек.                                                                            
Іскерлік  ойынға  әзірлік  рөлдер  бөлумен,  қажет  материалды  жинаумен,  нәтижені 
рәсімдеумен,  берілген,  анықталған  тұжырымдамамен  ұсыныстардың  нәтижесін  жинақтауды 
талап етуімен байланысты. Презентация дайындау барысында студент тапсырманың  мазмұнын 
толық  ашуға  бағытталған  арнайы  сызбаларды,  мәндік  тұрғыда  безендірулерді  қолдана  алады, 
соңында  әдебиеттер  көрсетілуі  тиісті.  Сондықтан  студенттерге  білім  беру  сапасын  арттыру 
жағдайында дәріс, семинар, сөж, соөж  тапсырмаларының аражігін ажырата отырып білім беру 
денгейінің  сапасы  мен  талап  етудің  деңгейінің  сапасын  арттырудың  күнделікті  сабақта 
студенттердің білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.       
  Қорыта  келе,  білім  беру  теория  мен  тәжірибенің  байланысы  студентке  білім  беруде  
тепе – теңдік  және  әділдік  принциптері  негізінде  құрылады.  Әлеуметтік  серіктестікке  қаты-
сушылар  оқыту  нәтижесіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқытудың  мазмұнына,  оның 
ұйымдастырылуына,  т.б.мүдделі.  студенттердіәң  әлеуметтік  кепілдікке  ие  болуға  және 
бәсекеге  қабілетті  мамандық  алуға,  мемлекеттің  кәсіби  мамандарды  даярлауға  тапсырыстың 
қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді 
мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мүдделері 
жүзеге  асырылады.Сондықтанда  бүгінгі  күннің  талабы  оқытушының  ой-өрісі  кең,  жан-жақты 
білімді,  ізденімпаз  ғалым,  тынымсыз  еңбекқор,  кез-келген  ортаның  ұйтқысы,студенттер  
алдында  беделді  болуы  керектігін  ескере  отырып,  болашаққа  Отаны  мен  халқы  алдындағы 
жауапкершілігін сезіне  алатын  білімді  де  білікті  маман,  жас  ұрпақ  дайындауға  өз  үлесімізді 
қоса білейік.  
    

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет