Литература:
1. Исаева К.В., Селянская Г.Н. Компетентностный подход - основа инновационного образования //
Инновации в высшем социально-гуманитарном и экономическом образовании в контексте Болонского
процесса: Сб. ст. общерос. науч.-практ. конф. 10-11 октября 2006 г. Саратов: Изд-во Саратовского
государственного социально-экономического ун-та, 2006.
2. Киященко Л. П. Опыт философии трансдисциплинарности. Казус «биоэтика» // Вопросы
философии. — 2005. — № 8. — С. 105-117.
3. Перехожева Е.В. Формирование профессиональной компетентности студентов технических
вузов на основе междисциплинарной интеграции: автореф. дис. канд. пед. наук / Е.В. Перехожева. Чита,
2012. 23 с.
Салқынбаев М.
ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ЖОЛДАРЫ
ХХІ ғасырдағы оқу-ағарту, білім беру оның ішінде оқитын елдің әдебиетін оқыту
мәселесі әлемдегі барлық ғалымдар мен оқытушыларды толғандырған мәселе болды. Олардың
ерекше көңіл бөлген мәселесі студенттерге іргелі білім беру идеясы, дәстүрлі және қазіргі
заманғы әдістеме ғылымдарының арасын жалғастыру ісі, мәдениеттер диалогы, жалпылама
түрдегі білімді игеру және оның жүйе құраушы принциптері мен пәннің оқу әдістемелік
кешендерін жүйелі де сапалы түрде жасау, жеке тұлғаның, яғни болашақ білікті маманның
мінез-құлқын тәрбиелеу екенін айтуға болады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шығыс тілдерін оқытатын оқу орындарда негізінен
студенттерге тілді меңгертуді бірінші мәселе қылып қойғаны заман талабынан туындағанын
айтуға тиіспіз. Себебі Қазақстан дербес даму жолына түскеннен кейін шет елдермен
дипломатиялық қатынастарын жолға қоюда Батыс тілдерімен қатар Шығыс тілдерін меңгерген
білікті мамандарға қажеттілік артты.
Қазіргі уақытта тек тілді ғана меңгеріп қою жеткіліксіз екендігі айқындалып келе жатыр.
Өйткені бәсекеге қабілетті маман тілмен қатар тілін оқыған елдің тарихын, әдебиетін,
мәдениетін, саясаты мен экономикасын да білуі тиіс. Осыған орай белгілі білім беру ісінің
әдіскері, әрі ақын С.С.Аверинцев «Поэтика ранневизантийской литературы» атты еңбегінде
10
бұл жайында былай жазады: «Бәсекеге қабілетті маманды дайындаудың міндеті – тек қана
оқыту мен түсіндіру емес, сондай-ақ, көрсету, ықпал ету» [1, 20].
Қазіргі заманғы әдебиеттану ғылымы мен эстетика тұрғысынан айтқанда көркем
шығармашылық ғылыммен тығыз байланысты. Бірақ оның ерекшелігі оқырманға әлемнің,
дүниенің картинасын суреттейді, эстетикалық тәлім мен тәрбие беріп, рухани қуаныш
сыйлайды. Шығыстану саласында шығыс әдебиетін оқытудың қазіргі әдістемесінің міндеті
біздің қоғамдағы жалпы мәдени жағдайлармен тікелей байланысты анықталады. Қазіргі кезде
аталған пәнді оқытуға деген талап та артып келеді. Заман талабына сай оқытудың
инновациялық, интерактивті сияқты заманауи әдістерін қолдана отырып студенттерге білім
беру маңызды саналады. Осыған байланысты жалпы оқыту әдістемесінде ғылыми білім беру
жүйесін қалыптастырып, білімді игерудің теориялық және практикалық операциялары мен
тәсілдерін жинақтай білу қажет.
Интреактивті әдісті қазіргі заманғы оқыту әдістерінің ішіндегі ең белсенді қолданылатын
әдісі деп айтуға болады. Оған белгілі бір проблеманы көтерген лекцияны, белгілі бір
персонаждардың рөлдерін ойнату, нақты әдеби ситуацияларға талдау жасау, бағдарлама-
ландырылған оқыту, іскерлік ойындар және т.б. жатқызуға болады. Интерактивті лекция
пікірталас немесе әңгіме түрінде, модерация, слайд немесе фильмдер көрсету және басқа да ой-
пікір қалыптастыратын сабақтар негізінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта әдебиетті оқыту методикасының бірнеше концепциясы бар. Оларды
этикалық, идеологиялық, эстетикалық бағыттар деп бөлуге болады. Әдебиеттанушылық және
лингвостилистикалық негіздерге сүйене отырып, бұл бағыттарды ұстанушылардың
кейбіреулері көркем шығарманы талдауға идеялы-эстетикалық, кейбірі эмоциональды-
эстетикалық қырынан келеді. Бұлардың барлығы да ұстанатын принциптері студенттердің,
әдебиетке деген қызығушылығын жоғалтып алмау, жастардың шығармашылққа деген ынтасын
арттыру, шығармашылық жетістіктерге жетуге ұмтылдыру болып табылады.
Кейінгі жылдары ғалымдар әдебиетке, әдебиеттануға, эстетикаға, философияға, тіпті
оларды оқыту методикасына да көптеген жаңалықтар енгізді. Осыған байланысты әдебиетте де
кейбір өзекті мәселелер зерттеу нысанына айнала бастады. Әдебиетті оқытудың қазіргі
әдістемесінің негізгі теориялық проблемалары деп төмендегі мәселелерді айтуға болады:
1. Көркем әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау және оқу, сөз өнерінің өз
оқырмандарын қалыптастыру. Бұл жерде қазіргі жастардың көпшілігінің әр түрлі себептерге
байланысты әдебиетті толық қабылдамайтынын, қызықпайтынын ұмытпау керек. Оқырман өз
еркімен әдебиетке келуі керек.
2. Әдебиеттануды және әдебиетті оқытудың әдістемесін бірге дамыту, байыту. Сабақта
көркем шығармаларды оқу, оның поэтикасын зерттеу перспективаларының проблемалары.
3. Студенттің туындыны қабылдай білу мен оны түсіндірудің және оған өз бетінше
талдау жасай білу мәселесі.
4. Студенттің әдеби дамуын зерттеу мәселесі, сонымен бірге тек қана зерттеу аспекті
бойынша ғана емес, университетте де оқу пәні ретінде әдебиетті оқытудың базалық деңгейіне
көтеру, бағдарламаны таңдай білу, әдебиетті оқытудың әртүрлі деңгейіндегі дәріс
технологияларын дамыту мәселесі.
5. Әдебиетті оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тарихи алмасуы, дәстүрлі әдістердің
негізінде жаңа әдістемелерді енгізу.
6. Тұлғаны шығармашылыққа баулу, оқытушы мен студенттің арасындағы әдеби
байланысты қалыптастыру.
7. Сабақтың жаңа құрылымдарын іздеу, дәріс берудің, өткізудің өзге формаларын жасау.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің алдына қояр мақсаты әдебиетті өмірмен байланыстыра
оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттерді өз беттерімен көркем
шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға
тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету болып табылады. Студенттің шығармашылық қабілеті мен ой-
танымын қалыптастырып, оның эстетикалық мұраттары мен талғамын дұрыс танып, ұғына
білуіне бағытталады.
Әдебиет – сөз өнерi, көркем шығармадағы шындық, сөз құдiретi. Халықтың айшықты
сөзбен кестелеп, асыл ойлармен зерлеген баға жетпес бай қазынасы, тарихы. Әдебиетте
адамның iлгерiге ұмтылған, жақсы өмiрдi аңсаған асыл арманы, ұшқыр қиялы, осы жолдағы
11
күрес-тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлiгi мен елдiгi, өмiрi суреттеледi. Суреткер,
яғни шығарма авторы сол тағдырларды кәдiмгi адам баласына тән болмысымен – мiнез-құлқы,
ерлiгi, адамгершiлiгi сипатында көрсетедi. Демек, әдебиеттің осындай қырларын ескере келе
әдебиет пәнiн оқытуға көп мiндеттер жүктеледi. Себебi, ғылым мен техниканың iлгерлеуi,
түрлi ақпарат көздерiнiң молаюы, бiлiм беру жүйесiнiң түрленуi, мектеп, ұстаз алдына көптеген
жауапкершiлiк жүктейдi. Әдебиет пәнiн оқыту оқытушыдан жан-жақты жауапкершiлiктi,
дайындықты қажет етедi. Сабақты түрлендiрiп, әдiс-тәсiлдi үнемi жетiлдiрiп отыру арқылы
студенттің біліктілігін тереңдетіп, танымын жақсартып, қызығушылығын арттыруға болатыны
белгілі. Осының нәтижесінде әдебиет пәнін оқыту әдiсi оқытушының тәжiрибесiне сәйкес
қалыптасады, кеңейедi. Сондықтан да ұстаз өз пәнiн жан-жақты бiлумен қатар, бiлiм-
тәжiрибесiн үнемi молайтып отыру керек.
Әдебиеттану басқа ғылымдар сияқты үздiксiз дамуда, оған қоғамда болып жатқан күрделi
өзгерiстер әсер етедi. Сонымен бiрге, ғылым мен бiлiмдегi жетiстiктер де тың көзқарастарды
қалыптастырады. Көркем әдебиеттiң өзi де өзгеруге бейiм, үздiксiз қозғалыс оған да тән. Араб
әдебиетін оқыту әдістемесі қоғамдық-саяси ойдың, философия, әдебиеттану, тіл білімі,
эстетика, педагогика, психологая т.б. ғылым салаларының дамуымен сабақтасады. Әсіресе
әдебиеттің тарихы, қоғамтану пәндерімен тығыз байланысты.
Шығыс әдебиеті пәнінің кешенді оқу бағдарламасы жалпы әдебиеттану ғылымының ішкі
талабына бағынып, педагогикалық, методологиялық тұрғыдан басқа пәндермен байланысы
ескеріле отырып жасалатындықтан оны үнемі толықтырып, жаңартып, жетілдіріп отыру
маңызды. Бағдарламаның университетте, университеттен тыс кездерде әдебиеттерді оқыту мен
студенттердің өзіндік жұмыстарды жүргізуге байланысты берілетін нұсқаулары, жоспарлаған
сағат сандары, методикалық аппараты болғаны дұрыс.
Қазiргi кезде бiлiм мазмұнын жаңартудың негiзi ретінде өткендегi мәдени
құндылықтарды негізге ала отырып, Шығыс халықтарының өзге елдермен тарихи-мәдени
байланыстарындағы рөлін студенттердің санасына сіңіріп, Отанын, халқының өмiрiндегi
тарихи тамырластық сезiмiн орнықтыру, олардағы iзгiлiк, имандылық, азаматтық, отаншылдық
үлгi-өнегелердi, озық идеяларды студент бойына сiңiру, сол негiзде гуманистiк сана
қалыптастыруды айтуға болады.
Жалпы Шығыс әдебиеті пәнiн оқытуда негiзiнен ұлттық iзгiлiктi құндылықтарға аса мән
беру дұрыс болады. Сонымен қатар студенттердің рухани дүниесiн байыта отырып, олардың
бойына эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдiк, сезiмдiк, адамгершiлiк, азаматтық тәрбиені
сіңіру, тұрақты ынта-ықыласты, биiк талғамды қалыптастыру, әдеби мұраны және онда
бейнеленген құбылысты, эстетикалық қабылдауына қажеттi бiлiммен, бiлiктiлiкпен қамтамасыз
ету, логикалық ойын, ауызекi және жазбаша тiл мәдениетiн қалыптастыру болып табылады.
Осы аталған маңызды мақсаттарға қол жеткiзу үшiн әдебиет пәнін оқыту барысында сабақтың
бағдарламаға сай көркем әдебиет туындыларын толық оқытылуы және толықтай игерілуi қажет
деп саналады. Сондай-ақ, студенттің әдебиеттi өнер табиғатына сай оқи бiлуi, әдебиеттi
оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, студенттердің шығармашылығына жүйелi
ғылыми-падагогикалық ықпал жасау, студенттің оқу еңбегiндегi ой дербестiгiн, оқу әрекетiн,
образды ойлау, елестету қабiлеттерiн дамытуға ықпал ету қазіргі заманғы оқыту әдістемесінің
маңызды қыры болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.С.Аверинцев «Поэтика ранневизантийской литературы» М., 1977. – С. 218
2. Голубков В. В. Методика преподавания литературы. – М., 1962. – С. 69.
3. Блонский П. П. Избранные педагогические произведения. – М., 1964. – С. 24.
12
Сапаева Г.Е., Тастемирова Г., Тилеужанова Г.Т.
ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРДЫ ҰБТ МЕН КТ-ГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ ТИІМДІ
ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР
Қазіргі уақытта тестілеу әдісі орта мектеп түлектерінің білім деңгейін бағалау құралы
ретінде қолданылып келеді. Елімізде мұғалімдер арасында бұл тәсілге қарсы болып жүргендер
де бар. Сөйтсе де, оның тиімді әдіс екені әлем елдері тәжірибесінен белгілі. Тестілеу әдісі
Еуропа елдерінің білім беру жүйесінде жан-жақты зерттеліп, Тестология ғылымы ретінде
қалыптасып, тиімді әдіс екені дәлелденген. Қазақстанда да зерттеу жұмыстары қолға алына
бастады.
Тестілеу әдісінің тарихы ерте заманнан басталған, антикалық Грецияда білім
алушылардың білім деңгейін бағалауда ақыл-ой өрісінің дамуын және дене икемін бақылайтын
әртүрлі сынақтар қолданған. Б.э.д. VІ ғасырларда Қытайда мемлекеттік қызметке алуда
үміткерлердің ақыл зеректігінің деңгейін бағалайтын алғашқы тесттер пайда болса, ежелгі
Вавилонда мектеп бітірушілердің арнайы хат тануын анықтайтын байқау жүйесі болған. Орта
ғасырларда білім деңгейін бағалау ауызша сұрақ-жауап ретінде немесе жазбаша түрінде
қолданылған. Алғаш рет 1884 жылы АҚШ-та тест материалдары қамтылған сынақ кітабы
шығарылды. Оның негізгі мазмұны математика, тарих, грамматика, навигация пәндерінен
жинақталды және бес көрсеткіш жауаптан тұрған. Бұл педагогика саласының білім деңгейін
анықтаудағы алғашқы жетістік болатын. 1885 жылы Нью-Йоркте білім деңгейін анықтайтын
емтихан кеңесі құрылды.Тестілеу жүйесінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Френсис Гальтон
үлкен үлес қосты. Ол өзінің зертханасында 1884-85 жылдары 5 жастан 80 жас аралығындағы
адамдардың физиологиялық және психикалық ауытқуын тексеріп, 9337 адамды тестілеуден
өткізген. Бұдан соң 1890 жылы психологиялық әдебиеттерде бірінші болып «ақыл-ой тесті»,
«интеллектуалды тест» терминін енгізген Джеймс Маккин Кэттел болды. Ол 50-ге жуық
зертханалық тест жүйесін жасап, педагогтар мен психологтардың ортасында үлкен қолдауға ие
болды.Тестілеу жүйесінің мемлекеттік деңгейде қолдау табуы 1900 жылы АҚШ-та
колледждерге өтініш білдірген талапкерлердің білім деңгейін бақылайтын комитеттің
құрылуымен байланысты болды. Осыдан соң 1901 жылы 17 шілдеде The SAT Reasoning Test
колледждерге түсуге арналған стандартты тестілеу жүйесі құрылды. Тест ағылшын, француз,
неміс, латын, грек тілдері және тарих, математика, физика пәнаралық тапсырмалардан тұрды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен Кешенді Тестілеу (КТ) - жалпы білім беру
ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы
тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Тест сұрақтарын әзірлеу, тыңдаушыларды тест
сұрақтарына жауап беруге дайындау және тапсыру мәселелеріне қатысты біраз тәжірибе
жинақталды. Тест құрастыру орталығының талапкерден жан-жақты, терең білімді талап
ететіндей етіп құрастырған тест жинақтарынан басқа әр оқытушының тыңдаушыны
дайындауда өзіндік әдіс- тәсілдері болады. Осы мақсатта тіл сабақтарында түрлі тестерді
қолдану тиімді.
ҰБТ және КТ қорытындысының ұпай көрсеткіші біздің факультетімізде білім алып
жатқан шетелдік тыңдаушылар соның ішінде қазақ диаспора өкілдерін ойландырады.
Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004
жылдан бастап Республикада Ұлттық бірыңғай тесттілеу (ҰБТ) енгізілгені белгілі. Сондықтан
тестілеуге даярлауда пән мұғалімдері тақырыптарды тыңдаушыларға меңгертудің тиімді, ұзақ
еске сақтауды қалыптастыратын жолдарын, әдіс – тәсілдерін ойлап табуда.ҰБТ – ның мақсаты
– жоғары білім алуға барлық мектеп бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің
сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру, мемлекеттік тапсырыс – мектеп бағдарламасы
орындалуын, білім сапасын анықтау. Кешенді тесттің мақсаты – ҰБТ-ны тапсыра алмаған білім
алушылар және қазақ диаспора өкілдеріне арналған сынақ түрі. Ал осы сынақтарға дайындық
үшін дайындық кафедрасының оқытушылары мамандыққа байланысты топтарды бөліп, 1 жыл
ішінде барлық мектеп программасын оқытып, әр айда тест тапсыртып нәтижесін қадағалап
тұрады.
Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде қазақ тілін оқытуға байланысты
жүргізілетін жұмыстар – тыңдаушылардың сөздік қорын байытуға, сөйлеу мәдениетін
13
қалыптастыруға, шығармашылық ой-қабілетін дамытуға арналған. Еңдеше, қазақ тілі сабағы
тіл үйрету ғана емес, студенттерді жан-жақты тәрбиелеу сабағы. Бұл ретте дағдылы сабақтан
тыс оқу материалы қазақ тілін оқытуда практикалық ғана емес, сонымен қатар білім беру,
тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру болып табылады, сабақ барысында оқу бағдарламасына
байланысты грамматикалық тақыраптарды қайталау, бекіту мақсатында мақал-мәтелдерді,
жұмбақтарды пайдалану тиімді.Ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай
оқыту әдістері де өзгертіліп отыруы тиіс. Дәстүр салтымызды, ұлттық сана-сезімімізді
жаңғырту әдептілікке үйрету мақсатында әрбір тақырыпты халық даналығымен байланыстыра
жүргізу жолдарын іздестіреміз. Сабаққа дайындық кезінде физика мамандығына қатысты
тақырыптарға мақал-мәтелдерді пайдаланып, грамматикалық тақырыптарды қайталатамыз.
Мақал-мәтелдер адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірі-еңбек
әрекетін, оның құбылыстары мен қарым-қатынасын шынайы көрсетіп отырады. Мақал-
мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу, теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете
көңіл бөлгендігіне. Сондықтан олардың дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен
қатар кейбір мақал-мәтелдерде табиғат құбылыстары, құбылыстар аралығында өзара байланыс
өте айқын берілген. Бұл қазақ халқының өзін қоршаған ортаға немқұрайлы қарамай аса бір
зерделі түрде байқампаз болғандығын аңғартады. Міне, осындай мазмұнды мақал-мәтелдерді
физика мамандығын таңдаған студенттерге қазақ тілі сабағында қолданып грамматикалық
тақырыптарды бекітеміз.
Атамекеніміздің барлық ЖОО-да оралмандар мен шетел азаматтарына арнал-
ған дайындық бөлімінде, жас ұрпаққа білім беру ісі өз дәрежесінде жүргізіліп келеді.Онда
шетел қазақ диаспорасы өкілдері таңдаған мамандықтары бойынша қалаған ЖОО –на түсіп
кетуіне зор ықпалын тигізіп отыр.
ҰБТ және КТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес
келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,
– Пәндік оқытуды ұйымдастыру
– Тиімді технологияларды қолдану.
Кемшілігі:
– Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады
– Тестік бақылауда білім алушының шығармашылық қабілетін бағалау мүмкін емес.
– Уақыттың аздығы әсер етеді
– Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін
Артықшылығы:
– Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,
– Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы,
– Әр білім алушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап,
оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.
Ерекшелігі:
-Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі
-Әділетті болады, барлық білім алушылар мен тест тапсыратындар бірдей жағдайға
қойылады, ешбір мұғалім, оқытушы, ата анасы қатыспайды.
– Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды
– Бағалауы нақты
– Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)
– осындай сынақтарға дайындау білім алушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа
оқып, үлгеру қасиеттеріне тәрбиелейді.
Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім сапасын көтеру мақсатында
төмендегідей кезеңдерден өтеді.
1-кезең. Диагностикалық:
– Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы тыңдаушылардың білім деңгейлерін анықтау,
– Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы
қиындық тудыратын мәселелер анықталады;
2-кезең. Практикалық:
– Тест жинақтарымен жұмыс;
14
– Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
– Топтық және жеке дайындық;
– Мәтінмен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
– Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
– Мониторинг;
– Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
Кешенді тестілеу оқудың күндізгі оқу түрі бойынша:
- өткен жылдар бітірушілерге;
- кәсіби оқу орындарының бастауыш және орта білім беру бітірушілерге (техникалық
және кәсіби, орта білімнен кейінгі);
- ҰБТ қатыспаған, шет елде оқушыларды алмастыру желісі бойынша оқыған, жалпы
білім беру мектептерін бітірушілерге;
- өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытудың жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;
- республикалық музыка мектеп-интернаттарын бітірушілерге;
- сол сияқты шет елдерде оқу мекемесін бітірушілерге жүргізіледі.
Сапақова С.З.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖӘНЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТЕГІН ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңда қарқынды ақпарат алмасу нәтижесінде білімді тереңдету жеңілдеді. Егер
сол игерілген курс нәтижесінде емтихан тапсырмасақ немесе сабаққа дайындалу қажеттілігі
болмаса, онда жаңа білімді топтау және белгілі бір құрылым бойынша алу мәселесі туындайды.
Осы мәселені шешуде көптеген ашық университеттер, онлайн-курстар, дәрістер және басқада
көптеген қызмет түрлері құрылуда. Массивті ашық онлайн курстар (МАОК) соңғы уақытта
БАҚ өкілдерін, кәсіпкерлерді, білім беру және компьютерлік технологиялар саласындағы
мамандарды қатты қызықтырып отыр. Сол қызметтер мен платформаларға қысқаша шолу
келтіріп және оларды қолданылу барысына тоқталып кетсек.
Онлайн-курстар (MOOC):
Coursera - Стэнфорд университетінің профессорлары Эндрю Ын мен Дафна
Коллернегізін салған қашықтан білім алу саласындағы жобасы. Бұл жоба аясында интернетте
білім беретін материалдар тегін онлайн-курстар түрінде жарияланып отырады.Бұл жоба
көптеген университеттермен одақтаса жұмыс істейді. 2014 жылдың қарашасындағы
мәліметтерге сүйенсек Courseraға 108 білім беру мекемелерінің 844 курстарына 10 млн
қолданушы тіркелгені белгілі.
EdX- Гарвард универcитеті мен Массачусет технология институтының қашықтан білім
берудегі біріккен жобасы. Оның мақсаты дүниежүзіндегі барлық студенттерге тегін білім беру
курстарын құруда екі университеттің мүмкіндіктерін топтастыру еді. Бұл жүйе 1 миллиардқа
жуық қолданушыларды біріктіреді деп күтілуде. Программаның коды ашық тегін
таратылатындықтан басқа университеттерде өз қажеттіліктеріне пайдалана және жақсар-
та алады. Білім беру платформасында бейнесабақтар, сұраулар, жедел кері байланыс-
тар, сұрақтар мен жауаптардың студенттік рейтингтері, онлайн зертханалар қарастырылады.
Жоба аясында білім берудің қандай әдістері және құралдары сәтті екенін анықтауға мүмкіндік
бар.
MIT Open Courseware- Массачусет технология институтының курстардың барлық
материалдарын қол жетімді етіп жариялайтын жобасы. Материалдар курстардың жоспарла-
рынан, дәрістерінің конспектілерінен, үй тапсырмаларынан, емтихан сұрақтарынан тұрады.
Кейбір курстар үшін дәрістердің бейнежазбалары бар.
Khan Academy - 2008 жылы Салма Ханмен құрылған коммерциялық емес ұйым.
Академияның мақсаты жоғары сапалы білімді әркімге барлық уақытта ұсыну болып табылады.
15
Академияның сайты 4200 тегін математика, тарих, денсаулық сақтау мен медицина, қаржы,
химия, биология және т.с.с. байланысты микродәрістерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |