№4(60)/2010 Серия филология



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМІ 
КАЗАХСКОЕ  ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
ƏОЖ 811.512.122:801.56 
Ығысу  құбылысы  жəне  грамматикалық синкреттену 
Баймұрынов Ж.М. 
Қарағанды «Болашақ» университеті 
В  статье  рассматривается  проблема  влияния  деактуализации  на  явление  синтаксического 
синкретизма.  Приводятся  примеры  трансформации  в  дополнение  компонента,  выполняющего 
функцию определения в соподчинительном словосочетании в результате деактуализации служебного 
слова в подчиненном компоненте и перехода полного словосочетания в управление. Языковые факты 
утверждают относительность данного явления к синкретизму дополнения и обстоятельства в целом. 
The article devotes problem of deactuality on the phenomenon of syntactic syncretisme. There are examples 
of transformation in addition of the component which is carrying out function of definition in twice word-
combination as a result of deactuality of a syntactic word in the subordinated component and transition of a 
full word combination in management have been resulted. The language facts confirm a relativity of the given 
phenomenon to syncretisme additions and circumstances as a whole. 
 
Сөйлем құрамындағы анықтауыш мүшелердің əдепкі толықтауыштардың орнына жұмсалу реті 
жайлы  қабыса  байланысқан  тіркестерге  қатысы  ілгерідегі  жұмыста  егжей-тегжейлі  сөз  болып, 
сонымен  қатар  тілдегі  ығысу  құбылысының  əсерінен  анықтауыштың  толықтауыш  орнына 
жұмсалуының  матаса  байланысқан  тіркестерден  де  көрінетіндігі  айтылған  болатын.  Бұл  бойынша, 
ығысуға  тиіс  сөз — матаса  байланысқан  тіркестің  басыңқы  сыңарындағы  көмекші  сөз.  Осындағы 
ығысудың  басты  себебі  көмекші  сөздердің  жеке  тұрғанда  семантикалық  мағына  бермейтіндігінде 
болса  керек.  Екіншіден,  матасуда  мекендік  мəн  көрсеткішіне  ие  болатын  көмекші  сөздердің  сол 
сияқты мекендік мəні бағыныңқы сыңарда да болуы, сөз жоқ, оның (көмекші сөздің) ығысуына негіз 
болады. 
Толымсыз  құрылыстағы  анықтауыштардың  толықтауыш  орнына  жұмсалуы  кей  жағдайларда 
қабысуды  меңгеруге  жақындатса,  толықтауыштың  қызметін  көмекші  сөздердің  түсірілуінен 
атқаратын  анықтауышты  матасудың  бұл  түрінде  де  тіркес  меңгеруге  өтеді.  Алайда  меңгеріле 
байланысып тұрған тіркестегі бағыныңқы сөз толықтауыш тұлғасынан бұрын анықтауыш тұлғасында 
болатыны  байқалып  тұрады.  Айталық,  Алушының  сұрағына  жығылмай,  оны  өзінің  айтқанына 
көндіріп  үйреткен  өктем  мінез  саудагер  күні-түні  дүкенінен  шықпаса  да,  айтқаны  орындалып 
жататын  (Ə.Кекілбаев)  деген  сөйлемдегі  «дүкенінен»  сөзіне  əрі  толықтауыштың,  əрі 
пысықтауыштың сұрақтарын қоюға болады. Мұның себебі «ішінен» сөзінің түсірілуінде (бағыныңқы 
сыңардың  грамматикалық  тұлғасы  бойынша  бағамдағанда).  Егер  сөйлемнің  əдепкі  жоспардағы 
құрылысы  мен  қабылданғандағы  толымды  түріне  зер  салсақ,  аралық  мүше  (толықтауыш-
пысықтауыш) қызметіндегі сөз ілік формасына ауысып, кəдімгі күрделі пысықтауыш болып шығады. 
Сөз  саптау  үлгісі  бойынша  жоспардағы  əдепкі  сөйлем  (мұнан  былай. — ЖƏС)  жəне  қабылданған 
сөйлем  (мұнан  былай. — ҚС)  Алушының  (қойған)  сұрағына  жығылмай,  оны  өзінің  айтқан  (сөзіне) 
көндіріп үйреткен өктем мінез саудагер (Махмұт немесе адам) күні-түні дүкенінің ішінен шықпаса 
да,  айтқан  (сөзі)  орындалып  жататын.  «Бұл  етістік  (шық-. — Ж.Б.)  меңгерген  сөздер  объектілік-
мекендік  мағынада  синкреттенеді», — деген  зерттеуші  Т.Жүкеев  дəл  осы  тұста  ығысу  құбылысын 

Ығысу  құбылысы  жəне  грамматикалық
 
… 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
39 
жəне сол арқылы пайда болатын толымсыз құрылыстағы сөйлем мүшелерінің бір түрден екінші түрге 
осылайша ауысып отыратындығын назардан тыс қалдырса керек [1; 16]. 
Есіктен  кіріп  келгенде,  сасқалақтап  орнынан  көтерілді  (Ə.Кекілбаев).  Бұл  мысалдағы  «кір-» 
етістігі  жоғарыдағы  тіркестен  өзі  қатысып  тұрған  тіркесті  ерекшелейді:  есіктің  сыртынан  кіру. 
Мұндай  қолданыс  ешқандай  логикаға  сыймайды.  Сондықтан  «есік»  сөзінде  конкретті  мекендік 
мағына  болмаса  да,  ойша  қоюға  болатын  «бері»  үстеуі  оның  пысықтауыштық  сипатын  арттыра 
түседі.  Шындығында,  əр  уақытта  да  «кіру»  етістігі  қолданылған  жағдайда  «неден?»  деп  емес, 
«қайдан?»  деп  сұрақ  қойылады.  Осындай  сипаттарына  қарай  шығыс  септікті  сөздердің  бəрі  бірдей 
анықтауыштың ауысқан түрі еместігі байқалады. 
Жалпы  анықтауыш  мүшелердің  толықтауыштық  тұлғада  жұмсалуы  ілік  тұлғалы  сөздермен 
тіркесетін  көмекші  сөздердің  ығысуынан  келіп  шығатындығына  тағы  біраз  мысалдар  келтіруге 
болады. Бұл кейбір барыс тұлғалы сөздерге де қатысты. 
Мысалы, Кешқұрым қызды бөлмесіне шақырып ап, ақыл айтатын (Ə.Кекілбаев) сөйлемінде де 
матасудың  екінші  сыңары  маңызсыз.  Сондықтан  «ішіне»  сөзіндегі  жалғау  меншіктік  анықтауышқа 
қосылып, оны актуалдандырып тұр. Себебі ЖƏС пен ҚС-дағы «бөлме» сөзі қайтадан ілік тұлғасын 
қабылдайтындығы  байқалады:  Кешқұрым  қызды  бөлмесінің  ішіне  шақырып  ап,  ақыл  айтатын.  Бұл 
орайда «бөлмесінің ішіне» синтагмасы да — күрделі пысықтауыш. 
Енді  мына  сөйлеммен  салыстырып  көрейік:  Қалың  ағаштың  арасын  сирек  қондырылған 
сықсима  шамдардың  сұйқылт  жарығында  тəлтіректеп  келе  жатқан  мас  кісідей  қисалаңдаған 
рабайсыз  көлеңке  əлгі  абажа  қақпаның  алдына  келгенде,  бойын  тіктеп  ала  қояр-ды  (Ə.Кекілбаев). 
Алайда  мұндағы  «қақпа»  сөзі  «үй»,  «дүкен», «бөлме»  тəрізді  сөздерге  қарағанда  мекендік  жағынан 
абстрактілі:  қақпаның  (жаны,  қасы,  алды  т.б.).  Оның  мекендік  мəнін  нақтылайтын — осындай 
көмекші сөздер. Сонысына қарай сөйлемдегі «қақпаның» сөзі анықтауыштық тұлғасына қарамастан, 
синтетикалық  тəсіл  арқылы  байланысқан  күрделі  пысықтауыш  болады.  Ал  егер  «алдына»  сөзін 
түсіріп, «қақпаға келгенде» тіркесі түрінде қарайтын болсақ, бағыныңқы сөз синкреттенеді. 
Сол  сияқты,  Тас  тротуарға  шырт  еткізіп  бір  түкіріп,  алысырақтағы  автобус  аялдамасына 
қарай жүгіре жөнелер-ді (Ə.Кекілбаев) деген сөйлемде де «тротуарға бір түкіріп» тіркесі ЖƏС пен 
ҚС бойынша, «тротуардың үстіне бір түкіріп» түрінде келеді де, синкретті сөз таза пысықтауыштық 
сипатқа өтеді. 
Ал Москваға жиналысқа кетті (Ə.Кекілбаев) деген сөйлемдегі синкреттіліктің толымсыздыққа 
еш қатысы жоқ. Себебі мұндағы толымсыздық бастауыштың түсірілуінен ғана байқалады. 
Анықтауыш тұлғалы басыңқы сыңардың кей жағдайларда толықтауыштық тұлғаға жатыс септік 
жалғауымен де өтетіні бар. 
Бұрын  плащында  тасыр  салып  билеп  жүрген  ерке  тамшылар  енді  əлденеден  естері  кете 
қорқып,  көп  түтекке  ыршып  түсіп,  безіп  бара  жатқандай  (Ə.Кекілбаев).  Қабылданған  немесе 
жоспардағы  əдепкі  сөйлем  тұрғысынан  қарағанда,  тіркес  «плащында  билеп  жүрген»  емес, 
«плащының  үстінде  билеп  жүрген»  түрінде  болады.  Сөйтіп  толымдыға  айналған  тіркестегі 
бағыныңқы сыңар пысықтауыш ретінде танылады. 
Алайда «Ауылда тұрамын», «Қалада тұрамын» дегендердегі «ауыл», «қала» сөздерінің мекендік 
мəні конкретті болатындықтан, оларға көмекші сөздері бей-берекет тіркестіре беруге келмейді. Яғни 
мұндай  сөйлемдерге  құрылысы  жағынан  анықтауыш  қажет  емес.  Болған  күнде  де,  ол — сапалық 
жағынан ғана анықтайды. Ал жоғарыдағы «плащында» сөзіне мұндай анықтаушы көмекші сөз қажет. 
Себебі онда нақты мекен (етегі, арқасы т.б.) белгісіз болып тұрады. 
Мұны  сөйлем  мүшелерінің  синкреттілігін  арнайы  зерттеген  Т.Жүкеев  те  қуаттайды.  Мəселен, 
зерттеуші  Ерік  етігін  шешіп  тастап,  пеш  түбіндегі  (неде? — қайда?)  орындықта  арқасын 
қыздырып  маужырап  отыр  (О.Бөкеев)  деген  сөйлемді  талдай  келе,  ондағы  меңгеріле  байланысқан 
екінші  тіркестің  бағыныңқы  сыңарының  синкреттенуі  жайлы  былайша  түсіндіреді: «...жатыс 
септігінде тұрған орындық зат есімінде заттық мағынамен қатар, көлемдік мағына да жарыса көрініс 
тауып  тұр.  Бұл  мысалда  көлемдік  (мекендік)  мағынаның  жарыса  көрініс  беруі  үш  факторға 
байланысты:  біріншіден,  орындық  сөзінің  мағынасына  байланысты.  Орындық — кісі  отыруға 
арналған  үй  жиһазының  бір  түрі.  Бұл  зат  есімнің  жаралуында  мекендік  мағына  табиғи  бекіген. 
Екіншіден, орындық сөзінен кейін жатыс септікті үсті деген көмекші есімнің түсіп қалуы байқалады. 
Көмекші есімді қалпына келтіріп айтсақ,... жоғарыдағы ерекшеленген мүше тек мекен пысықтауыш 
болады.  Осы  аналитикалық  сөз  формасының  (орындықтың  үстінде)  құрамындағы  үсті  көмекші 
есімінің  ықшамдалуының  арқасында  бұрынғы  пысықтауыш  мүше  толықтауышпен  синкреттенген. 

Баймұрынов Ж.М. 
40 
Вестник Карагандинского университета 
Себебі көмекші есімдер кеңістік мағынаны білдіріп, өзі тіркескен сөзді көбінесе пысықтауыш етеді. 
Көмекші  есім  ықшамдалған  жағдайда  оның  құрамындағы  септік  жалғауы  алдыңғы  есім  сөзге 
ауысады  да,  оның  (көмекші  есімнің  алдындағы  сөз)  мекендік  мағынасы  əлсірейді.  Нəтижесінде 
толықтауыштық  мағына  мен  пысықтауыштық  мағына  синкреттенеді.  Сондай-ақ  Ол  төсекте  отыр. 
Ол  төсектен  тұрды  деген  сөйлемдердегі  төсекте,  төсектен  деген  синкретті  мүшелер  төсектің 
үстінде,  төсектің  үстінен  деген  сөз  формаларының  ықшамдалуы  арқылы  пайда  болғандығын 
байқаймыз. Үшіншіден, меңгеруші отыр етістігі — мағынасы жағынан статикалық етістік. Етістіктің 
бұл  мағынасы  да  мекендік  мағынаны  күшейте  түседі» [2]. Алайда  меңгеруші  етістіктің 
статикалылығы бағыныңқы сөздің мекендік мəнін күшейтетіндігі түбегейлі тұжырым болмаса керек. 
Мысалы, атта отыр тіркесіндегі бағыныңқы сөзге еш уақытта да қайда? деп сұрақ қоя алмаймыз. 
Сондықтан  бұл  тұста  адресанттың  контекст  пен  жағдаят  ыңғайына  қарай  кодталған  хабарындағы 
интенцияны  адресаттың  «жазбай  тану»  қажеттігі  негізгі  деп  саналуға  тиіс,  яғни  ол  үшін 
коммуникативтік  актіге  түсушілердің  (қаламгер  мен  оқырман)  өзара  бақылаушылық  қызметі 
маңызды болмақ. 
Сонымен,  толықтауыш  пен  пысықтауыш  мүшелерінің  синкреттенуіне  кей  жағдайда  сөйлемнің 
толымсыздығы  себеп  болып  жатады.  Байқағанымыздай,  бұл  екі  сөйлем  мүшесінің  ара-жігін 
ажыратуда меншіктік анықтауыш тұлғасының қызметі ерекше. Синкретті сөзге мұндай ілік жалғауын 
үстейтін сөздер — көмекші есімдер. Сөйлемдердің осындай синтаксистік құрылысын ықшамдағанда, 
адресант ығысқан көмекші есімдердің толықтауыш тұлғасындағы барыс, шығыс, жатыс жалғауларын 
анықтауыш  тұлғасындағы  сөзге  қосатын  болған.  Қазіргі  грамматикалық  талдауларда  мұндай 
синкретті мүшелер сөйлемдегі хабарды мұқият танып, сұрақты дұрыс қоя білумен толықтауыш жəне 
пысықтауыш  болып  ажыратылып  жүр.  Түптен  келгенде,  сөйлемдегі  хабарды  мұқият  тану  деген — 
адресант  интенциясын  дұрыс  тану.  Сонда  ғана  адресат  хабарды  толымды  етіп  қабылдайды  да, 
синкретті  мүшені  толықтауыш  не  пысықтауыш  деп  ажырата  алушылық  мүмкіндігіне  ие  болады. 
Мұнан  кез  келген  сөйлемді  таза  лингвистикалық  емес,  сонымен  бірге  психологиялық  тұрғыдан  да 
қарау  қажет  екендігі  келіп  шығады. «Сөйлеу,  сөйлеу  процестерін,  сөйлегенді  қабылдау,  түсіну 
жағдайларын  психологияның  қатынасынсыз  шешу  мүмкін  емес.  Сөз  мағынасындағы  алуан  түрлі 
құбылыстар,  сөздердің  келтірінді  мағыналарында  қолданылуы  т.б.  психологияның  ассоциация 
заңына негізделеді» [3]. 
Енді көмектес септікті толықтауыш пен пысықтауыш синкреттенуіне тоқталып көрейік. 
Қолда бар  тілдік  материалдарды  психолингвистикалық  тұрғыда  талдау  арқылы синкреттіліктің 
бұл  түріне  де  сөйлем  толымсыздығының  əсер  етпей  қоймағандығы  анықталды.  Алайда  бұл  тұста 
мəселе  тек  көмекші  сөздердің  түсірілуінде  емес.  Онда  да  көмекші  сөз  болатын — атау  тұлғалы 
сөздермен байланысатын арқылы септеулік шылауы. 
«Арқылы септеулігі зат есім, қимыл атауымен тіркесіп, істің, қимылдың амалын, не арқылы іске 
асқанын білдіреді» [4]. 
Осы  секілді  пікір  М.Серғалиевте  де  бар: «Тілімізде  бұл  шылаудың  соншалықты  мол 
ұшырасатынына сай синоним болу сəттері де жиі кездеседі. Бұған синоним болушы конструкциялар 
объектінің  ішіндегі  құралдық  мағынада  жұмсалады....Көмектес  септігінің  жалғауы  да  арқылы-ның 
қызметінде жүре алады» [5]. 
Арғы  жағаға  көпірмен  өтесіңдер  сөйлеміндегі  «көпірмен  өтесіңдер»  деген  меңгерудің 
бағыныңқы  сөзіне  немен?  жəне  қалай?  деп  те  сұрақ  қоюға  болады.  Бұл — синкреттіліктің  белгісі. 
Өйткені  сөйлем  толымсыз.  Ығысқан  сөз — арқылы  септеулік  шылауы.  Сөйлемге  ондағы  хабардың 
декодталуы  тұрғысынан  ой  жүгіртсек,  ығысқан  арқылы  шылауы  оп-оңай-ақ  табылады.  Демек, 
тіркестегі объектілік қатынастың ішінде құралдық мағына айқын аңғарылып тұр. Мұндай құралдық 
мағынада  жұмсалатын  сөздер  көбіне-көп  басыңқы  сыңардағы  етістікте  баяндалатын  əрекеттің 
орындалу  тəсілін  көрсете  алу  қабілетіне  қарай  актуалданады  да,  əдіс-тəсілді  білдіретін  сөз 
маңызсызданып,  сөйлем  құрылысынан  ығысады.  Мұнан  да  гөрі  көз  жеткізе  түсу  үшін  хабардың 
декодталуына  назар  аударайық: (тіркес  түрінде)  көпір  арқылы  өтесіңдер.  Басыңқы  сөздің 
пысықтауышқа  айналғандығы  дау  туғызбас  деп  ойлаймыз.  Яғни  сөйлемді  толықтыру  барысында 
аралық мүшені бір жақты еттік. Дəл осындай құбылысқа телефонмен сөйлесті, хатпен деген тіркестер 
де мысал бола алады. Бұл арада аталған септеуліктің көмектес тұлғалы меңгерудің барлығына бірдей 
қатысты  емес  екендігін  айту  керек.  Айталық,  бормен  жазды  тіркесіндегі  бағыныңқыға  арқылы 
септеулігінің еш қатысы жоқ. Себебі бордың өзімен жазуға болады, ал көпірдің өзімен өтуге келмейді, 
көпір арқылы өтуге болады, сондай-ақ телефонның өзімен сөйлесуге келмейді, бірақ телефон арқылы 

Ығысу  құбылысы  жəне  грамматикалық
 
… 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
41 
сөйлесуге  болады.  Сонда,  мұндай  жағдайда  арқылы  септеулігімен  жасалған  аналитикалық  сөз 
формасының  қандай  да  бір  əрекеттің  орындалу  тəсіліне  тікелей  қатысы  болмай,  жанама,  яғни, 
дəнекерлік  қызметте  ғана  жұмсалатындығы  аңғарылады.  Қысқаша  баяндағанда,  субъектінің  əрекеті 
синкреттеніп тұрған объектінің өзіне емес, өзге бір келесі объектіге бағытталуға тиіс. 
Енді  бір  сөйлемдерде  құралдық  мағынадағы  сөздер  əрекеттің  орындалу  əдісі  мен  тəсілін  өзі 
арқылы  беруге  бейім  келеді,  яғни  құралдық  мағынадағы  сөздің  атауынан-ақ  оның  əрекетті  қалай 
жүзеге асыратынын білуге болады. Осыған байланысты баяндауышты сипаттаушы сөз ығысады да, 
құрал  атауы  санада  əрі  əрекет,  əрі  зат  ұғымдарын  қоса  бейнелейтін  сөз  ретінде  бекиді.  Бір  сөзбен 
айтқанда, ол актуализатор қызметін атқарады. 
Мысалы, Бұл жақта ағашты балтамен бұтайды деген жалпылама жақты сөйлемдегі «балта» 
сөзінде  құралдық  ұғыммен  бірге  (шабу)  қимылдық  ұғым  да  бар.  Хабарды  қабылдауда  бұл  сөздің 
осындай  қасиеті  міндетті  түрде  ескеріледі.  Ол  қасиет — қос  ұғымды  бір  формамен  кодтау  қасиеті. 
Мұндайда  адресант  сөздің  кодтай  алушылық  мүмкіншілігіне  қарай  хабарды  толымсыз  сөйлеммен 
береді. Себебі код «кілті» коммуникативтік актіге түсушілерге ортақ. Сонда ҚС Бұл жақта ағашты 
балтамен шауып бұтайды түрінде декодталады да, ондағы «шауып» сөзінің контекстке еш қатысы 
болмай қалады. Сонымен толымсыз күйінде талдауда «балтамен» сөзі — синкретті сөз, ал толымды 
етіп талдауда — толықтауыш мүше. Себебі екі бірдей ұғымды бір бойына сыйдырған сөздегі қосалқы 
пысықтауыштық  мағына  «шауып»  көсемшесіне  ауысады  да, «балтамен»  сөзі  ондай  қосымша 
грамматикалық  қызметтен  ажырап,  қалған  толықтауыштық  мағынаны  еншілейді.  Сол  сияқты  жəне 
бір мысал: Ол бес əріпті ауызбен (ауызбен дауыстап. — Ж.Б.) айтып жатудың ешқандай қажеті 
жоқ  (Ə.Кекілбаев).  Ал  -п, -ып, -іп, -а, -е, -й  көсемшелерінің  жеке  тұрғанда  көбінесе  синтаксистік 
қызметі пысықтауыш болатыны белгілі [4; 529]. Осы секілді тағы бір мысал: Таспен (...) ұстап алдым 
(ықшамдалған сөйлем, мұнан былай — ЫС) — Таспен ұрып ұстап алдым (ҚС) немесе Қайықпен (...) 
өттім (ЫС) — Қайықпен жүзіп өттім (ҚС) т.б. 
Осы  жерде  зерттеуші  Т.Жүкеевтің  еңбегіне  тоқтала  кетсек,  онда  «бұл  септіктегі  есім  сөздер 
сөйлемде  объектілік-амалдық,  объектілік-себептік  мағыналарда  синкреттенеді.  Мысалы:  Екі  күнді 
əбігерлі (немен? қалай?) дайындықпен өткізді (О.Бөкеев). 
Кейде бұл септіктегі сөзде объектілік мағына мен себептік мағына түйіседі. Мысалы: Шынында, 
Игілік осы үйді үлкен (немен? — не себепті?) есеппен жасатып еді (Ғ.Мүсірепов)» делінген [1; 16]. 
Автордың  синкреттілік  құбылысын  түсіндіруде  бағыныңқыны  меңгеретін  етістікке көңіл  бөлуі 
орынды.  Десек  те,  синкреттенудің  көмектес  тұлғасына  қатысты  түрі  объектілік-себептік  мағына 
тудыратындығы күмəнды. Мəселен, жоғарыдағы екі сөйлемнің синкреттенуінде объектілік-амалдық 
мағына ғана бар сыңайлы. 
Біздің ойымызша, олар — Екі күнді əбігерлі дайындықпен (жанталаса) өткізді жəне Шынында, 
Игілік осы үйді үлкен есеппен (ойлай) жасатып еді түрінде жоспарланған толымсыз сөйлемдер. Ал 
«есеп»  сөзіне  ассоциациялық  өрісіндегі  «ой»  сөзі  жақын  тұратындығын  ескерсек,  толымсыз 
құрылыстағы  бұл  синкреттілік  объектілік-амалдық  мағына  береді.  Оған  адресат  ретінде  өзіміз 
қабылдаған хабардың мазмұны дəлел деп ойлаймыз. 
Ғалым  Ə.Хасеновтің  пікірінше, «септіктер  категориясына  тəн  ерекшеліктің  бірі — 
мотивациялануы. Əр септік əр түрлі қатынасты — заттың затқа немесе заттың белгілі бір процеске 
қатыстылығын  айқындайды» [6]. Мəселеге  осы  қырынан  келгенде,  сөйлемдегі  толымсыздықтың 
нəтижесінен  септік  тұлғаларының  бірден  екінші  түрге  өтуінің  мағыналық  қатынасқа  түрліше  əсер 
етіп,  синкреттілікке  негіз  болуы — заңды  құбылыс.  Егер  қабылданған  хабардың  мазмұнына 
сүйенетін  болсақ,  мұндай  ауысулардың,  Т.Сайрамбаев  айтқандай, «уақытша» (сөз  саптау  мен 
қабылдаудың арасындағы өлшем бойынша) екеніне толық көз жеткізген боламыз. 
«Көсемше өзгермейтін форма екені, əрі қимылды, іс-əрекетті қимылға қатысты, соның сапалық 
қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап 
отырмыз» [7]. 
Дегенмен  сөйлем  мүшелерінің  синкреттенуіне  себеп  болатын  тілдегі  үнем  заңдылығынан  кеп 
шығатын ығысу құбылысы деп нақты кесіп-пішіп айтудан аулақпыз. Негізгі мақсат — бұл мəселеге 
ығысу құбылысының қандай да бір қатысы бар екендігін ғана көрсету. 
 
 

Баймұрынов Ж.М. 
42 
Вестник Карагандинского университета 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Жүкеев  Т.Б.  Қазақ  тіліндегі  пысықтауыш  мүшеге  қатысты  синкретикалық  құбылыстар:  Филол.  ғыл.  канд. ...  дис. 
автореф. — Астана, 2005. — 28 б. 
2.  Жүкеев  Т.Б.  Қазақ  тіліндегі  пысықтауыш  мүшеге  қатысты  синкретикалық  құбылыстар:  Филол.  ғыл.  канд. ...  дис. 
10.02.02. — Қарағанды, 2005. — 43-б. 
3.  Қордабаев  Т.  Жалпы  тіл  білімі:  Оқулық. — Алматы:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  білім  академиясының  РБК, 
1999. — 89-б. 
4.  Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. — Астана, 2002.  
5.  Серғалиев М. Синтаксис мəселелері: Монография. — Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. — 83-б. 
6.  Хасенов Ə. Тіл біліміне кіріспе. — Алматы: Рауан, 1990. — 111-б. 
7.  Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі: Оқулық. — Өңд., толық., 2-бас. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. — 34, 35-б. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 81' 373.422/512,122
 
Паремиологиялық қайшылықтар 
Жүсіпов А.Е. 
Рудный индустриалдық институты 
Статья  посвящается  изучению  вопроса  о  языковой  природе  пословиц  и  поговорок,  способных 
использоваться  в  различных  языковых  ситуациях.  Автор  на  основании  сопоставительного  анализа 
идиом казахского языка с другими языками рассматривает явление несоответствия путем сравнения 
значений слов, входящих в состав фразеологизма, что позволяет увидеть особенности формирования 
категории  значения.  В  статье  лингвистически  обосновывается  явление  парадокса,  подтверждаются 
результаты анализа достаточным языковым материалом. 
The article is devoted to consideration of a question on the language nature of idioms which can use in differ-
ent situations. Author of the article on the basis of the comparative analysis of the Kazakh language with oth-
er languages proves a phenomenon of opposition in aspect of semantics which allows to show a formation of 
a category of meaning. Also authors confirm a phenomenon of paradox, and they show results of the analysis 
of idioms by a sufficient language material. 
 
Антикалық кезеңде қарама-қайшылық мəселесі батыста Платон жəне Аристотель еңбектерінде,  
суфистерде  талқыланды.  Қайшылықтың  тілдегі  жəне  тілдесім  кезіндегі  қырлары  стоиктер  мен 
александрия  мектебі  грамматиктері,  сонымен  бірге  Цицерон  мен  Секст  Эмпирик  еңбегінің  өзегі 
болады.  Қайшылық  Шығыс  елдерінде  джайнист  жəне  будда  логиктері,  қытай  даоцисі  жəне 
парадоксалисі  Хуэй  Ши  жəне  Гунсунь  Лун  еңбектерінде  жан-жақты  зерттелген  болатын.  Ежелгі 
христиан кезеңінде Августинді осы сұрақ қатты қызықтырды, орта ғасырда схоластик Абеляр, Оккам, 
Гроссетест,  Риард  Софист  жəне  басқалардың  еңбегінде  қайшылық  түрлі  қырынан  талданды. 
Н.Кузанский,  Л.Валл  жəне  Дж.Бруно  əлемнің  құрылысы  мен  дамуындағы  қайшылықтың  орнын 
айрықша  атап  өткен  болатын.  Жаңа  кезеңде  Лейбниц  пен  Кант  осы  мəселеге  аса  мол  көңіл  бөлді. 
Гегель бұл мəселеге диалектикалық тұрғыдан келіп, Аристотельдің логикасын сынға алды. Ғаламның 
логикалық  құрылымын  Гербарт  пен  Бредли  қайтаруға  тырысты.  Қарама-қайшылықтың 
лингвистикалық қырын алғаш рет антиномия түрінде зерттеген В.Гумбольдт болатын. 
Түрлі кезеңде қайшылық сараптау нысаны ретінде əр түрлі зерттеушінің еңбегінде кейде қарама-
қарсылықтың соқтығысу нəтижесі, кейде таза жəне логикалық қайшылық түрі, кейде антиномия мен 
дилемма,  кейде  софизм  мен  парадокс  деген  атпен,  кейде  тілдік  ауытқу  түрінде  талданған  болатын. 
Тіл-тілдегі  қайшылық,  оның  формасы  мен  қызметі  сан  түрлі,  сондықтан  көптеген  зерттеушінің 
зерттеу нысанына айналды. Қайшылық қазақ тіл білімінде С.Аманжолов, М.Балақаев, Р.Сыздықова, 
Р.Əміров,  М.Серғалиев,  Ш.Сарыбаев,  Б.Шалабаев,  Қ.Аханов,  С.Исаев,  Х.Есенов,  Х.Нұрмұқанов, 
М.Кожина,  Ж.Мусин,  Г.Смағұлова,  С.Абақан,  А.Жұмабекова,  А.Ислам,  Д.Əлкебаева,  С.Қоянбаева, 
А.Əділова, Б.Кəукербаева, А.Бекмашева, Ж.Əділбекова жəне тағы басқа ғалымдардың жұмыстарында 
кей қырынан қарастырылған. 

Паремиологиялық  қайшылықтар 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
43 
Біздің  жұмысымызда  қайшылықтың  логикалық  қыры  лингвистикамен  байланыста  ғана 
қаралады.  Жұмысымызға  біріншіден,  əдетте  логикалық  термин  ретінде  жұмсалатын  «қайшылық» 
терминіне  лингвистикалық  балама,  екіншіден  тілдік  жəне  тілдесім  қайшылығының  өзегі  ғана  емес, 
кез  келген  тілдесім  қайшылығынан  шығудың  əмбебап  тəсілі  болғандықтан  «аллофрония»  терминін 
енгізіп отырмыз. 
Қарама-қайшылық  құбылысының  өте  күрделі  де  іргелі  мəселе  екенін,  оны  философия,  логика, 
семантика,  стилистика,  эстетика,  психология,  теология  жəне  т.с.с.  ғылымдарды  түйістіре  отырып 
зерттеу керектігін, бір жұмыс шеңберінде талдау мүмкін еместігін түсінеміз. Аллофронияның тілдік 
мысалын  санамалап  беру,  тілдік  қайшылықтарды  анықтау,  қайшылықты  анықтау  критерийі, 
қайшылыққа  қатысты  түрлі  көзқарасты  іріктеуге  байланысты  қиындықтар  болды.  Осы 
қиындықтардың  барлығы  да  мəселе  бойындағы  қайшылықты  ашудың  қажеттілігіне  көз  жеткізіп 
отыр.  Теориялық  база  қайшылықты  не  зерттеудің  негізгі  нысаны,  не  басқа  да  мəселенің  бөлігі  деп 
қарастырушы авторлардың жұмысынан алынды. 
Жалпыфилософиялық  аспектіде  қарама-қайшылықты  зерттеушілер  Гегель  диалектикасын 
қолдаушылар,  мəселен,  Ф.Энгельс,  марксистер  Г.Плеханов,  Н.Бухарин,  А.Богданов  жəне  түсінік 
берушілер A.Деборин,  Ф.Георгиев,  Л.Петровичева,  В.Горбач,  Э.Ильенков,  И.Нарский,  А.Спиркин, 
К.Бакрадзе,  Б.Базаров,  Г.Брутян  жəне  басқалар,  марксист  емес-зерттеушілер  С.Хук,  М.Вольфф, 
Р.Туардини,  Х.Кляйн  жəне  тағы  басқалар.Тарихи  философиялық  бағытта  осы  төңіректе  зерттеу 
жүргізгендер: П.Попов, Н.Стяжкин, А.Богомолов, А.Кожев, Дж.Пассмор, Д.Зильберман, В.Соколов, 
А.Чанышев,  С.Радхакришнан,  С.Чаттерджи  Д.Датта,  Ф.Пиронэ,  А.Степанова,  М.Степанянц  жəне 
басқалар.  Ғылыми  теория  мен  тəжірибе  кезінде  ғылыми  философияда  қарама-қайшылықтың  барын 
дəлелдеп  берген  ғалымдар:  В.Гейзенберг,  Н.Бор,  А.Уайтхед,  С.Люпаско,  Г.Башляр,  В.Ланге, 
А.Сухотин. 
Қарама-қайшылықтың  əлеуметтік  жəне  əлеуметтік-прагматикалық  сипатына  тоқталып  өткен 
ғалымдардың  ішінен  К.Маркс,  Г.Зиммель,  Л.Леви-Брюль,  З.Фрейд,  А.Кожинский,  П.Вацлавик, 
Д.Бивин,  Д.Джексон,  А.Уилден,  Н.Луман,  Р.Рюйер,  Ж.Вюненбюржэ,  Ф.Юэр,  М.Бейгбэдэ,  И.Барель 
атап  өтсек  болады.  Діни  мəтіндердегі  қарама-қайшылықты  қарастырғандар  Климент 
Александрийский,  К.Тертуллиан,  А.Кентерберийский,  П.Абеляр,  Ф.Аквинский,  Б.Дакийский  жəне 
басқа да теологтар мен философтар. Шығыс дінін зерттеушілер де осы мəселені сырт айналып өткен 
жоқ,  олардың  ішіндегілер  О.Розенберг,  Ф.Щербатский,  Д.Судзуки,  Е.Завадская,  Н.Абаев, 
В.Андросов,  А.Игнатович,  С.Лепехов,  В.Пупышев,  Т.Григорьева,  Дж.Гарфилд,  Г.Прист,  А.Массе, 
И.Шах, У.Читтик, К.Юнг, П.Флоренский, П.Тиллих, Б.Раушенбах, Л.Крейн, С.Исаев жəне басқалар. 
ХІХ  ғасырдың  орта  шенінен  бастап  қарама-қайшылық  пен  парадоксты  əлеуметтік  жəне 
əлеуметтік-прагматикалық  тұрғыдан  сипаттаған  ғалымдар  да  бар,  олар  Г.Фреге,  А.Мейнонг, 
Ф.Брэдли,  Н.Васильев,  Я.Лукасевич,  Б.Рассел,  У.Стюрман,  А.Черч,  Н.Мулуд,  Я.Хинтикка,  Г.фон 
Вригт,  Р.Павиленис,  А.Шафф,  Й.Бар-Хиллель,  Л.Витгенштейн,  С.Кэмпбелл,  В.Целищев,  Л.Тондл, 
Н.Решер, Ч.Пайл, С.Мэйпер, Б.Гинзбург. 
Əдебиеттанудағы  жəне  эстетикадағы  қарама-қайшылықты  қарастырғандар  М.Бахтин,  А.Лосев, 
Ю.Лотман,  И.Силантьев,  Н.Федоренко,  Л.Сокольская,  М.Тоэска,  Қ.Жұмалиев,  З.Ахметов, 
З.Қабдолов,  Т.Қожаеев,  Р.Коли  жəне  тағы  басқалар.  Қарама-қайшылықтағы  күлкінің  орнын 
сараптауға  қатысты  жазылған  еңбектері  бар  ғалымдар  А.Бергсон, 3. Фрейд,  А.Кестлер,  А.Вулис, 
Ю.Борев,  Л.Карасев,  А.Лук,  Д.Лихачев,  А.Панченко,  Р.Понырко,  В.Пропп,  Г.Почепцов 
В.Овсянников,  В.Санников,  Т.Қожакеев,  А.Мұсаев,  Г.Демесінова,  Г.Қортабаева  жəне  тағы 
басқаларды атап өтуге болады. 
Қарама-қайшылық 
жалпылингвистикалық 
аспектіде 
мына 
ғалымдардың 
еңбегінде 
қарастырылды: Г.Пауль, Ф. де Соссюр, Ф.Полан, С.Карцевский, В.Волошинов, Ш.Балли, Э.Косериу, 
Э.Бенвенист,  Ж.Делёз,  Э.Кассирер,  В.Звегинцев,  Н.Арутюнова,  Ю.Степанов,  В.Одинцов,  В.Девкин. 
Тілдесім  кезіндегі  қарама-қайшылыққа  тоқталып  өткен  ғалымдардың  ішінен  Г.Колшанский, 
Н.Комлев, Е.Падучеваны атап өтуге тұрарлық. 
Қарама-қайшылықтың  жеке  лингвистикалық  аспектілерін  жан-жақты  талдаған  ғалымдар — 
Р.Якобсон,  М.Бахтин, A.Пешковский,  В.Шерцль,  Н.Трубецкой,  В.Виноградов,  Н.Шанский, 
Д.Шмелев, Л.Васильев, Ю.Апресян, Л.Новиков, З.Ураксин, Г.Пермяков, «Логический анализ языка: 
противоречивость и аномальность текста» жинағының авторлары, С.Абель, Сами-Али, К.Бюлер, Дж. 
Макколи,  У.Вайнрих,  З.Вендлер,  П.Фарб,  М.Кусси,  Е.Вольф,  Т.Миролюбова,  Б.Мучник, 

Жүсіпов А.Е
.
 
44 
Вестник Карагандинского университета 
С.Колесниченко,  А.Мурадян,  Г.Эйхбаум,  Т.Винокур,  А.Анисимов,  С.Нухов,  М.Сидоренко, 
М.Марутаев, Б.Ганеев. 
Тіл-тілдегі қарама-қайшылықтарға қатысты зерттеулер жүргізген ғалымдарды атап өтер болсақ, 
олар Б.Гранде, В.Ушаков, О.Фролова, Л.Рену, Т.Елизаренкова, В.Кочергина, В.Горелов, А.Драгунов, 
Т.Корчагина,  И.Головнин,  А.Пашковский,  О.Фролова,  А.Кунин,  Е.Шендельс,  қазақ  тіл  білімінде 
Ж.Мусин,  М.Оразов,  Х.Нұрмұқанов,  А.Жұмабекова,  А.Салқынбай,  С.Қоянбекова,  А.Əділова, 
Б.Кəукербаева, А.Бекмашева, Ж.Əділбекова жəне тағы басқалар. 
Стилистикалық  жəне  риторикалық  аспектіде,  қарама-қайшылықтың  парадокс,  метафора  жəне 
екіұштылығын  зерттеушілер  де  көптеп  табылады:  Аристотель,  Цицерон,  Дандин («Кавьядарша»), 
Б.Грасиан,  Ш.Балли,  Э.Ирих,  У.Эмпсон,  К.Брукс,  О.Барнет,  Б.Дебатин,  Дж.  Лакофф,  М.Джонсон, 
М.Блэк, Дж. Серль, Д.Дэвидсон, Н.Гудмен, Б.Хасанұлы жəне басқалар. 
Лингвистикалық  стилистикалық  жəне  риторикалық  қырынан  қарама-қайшылықты  сараптаған 
зерттеушілер: Х.Пальяро, Х.Вильяр, К.Коморовски, В.Успенский, Н.Шпекторова, Н.Елина, Г.Семен, 
И.Арнольд,  М.Брандес,  Э.Ризель  мен  Э.Шендельс,  Дюбуа  Ж.  жəне  басқалар.  Қарама-қайшы  сөздің 
синтагматикалық оппозициясы келесідей құрылымдық типке бөлінеді. 
Х немесе У семантикалық қатынастың екі негізгі түрі: қарсылықты (күшті) (е
1
) — Оның адамдар 
туралы  бір-ақ  ойы  болатын — жақсы  немесе  жаман,  оларға  не  сенетін,  не  сенбейтін  (М.Х.); — 
ыңғайлас-қарсылықты (жеңілдетілген) (е
2
) — Оның енді бар түсінгені — қазір ол туралы не жақсы, 
не жаман ойлағысы жоқ (М.Х.). Бірінші жағдайдағы немесе/не/ шылауы жоққа шығару мағынасында 
жұмсалған (не А, не Б), ал екінші жағдайда — жоққа шығару жоқ (не А, не Б, не сол немесе басқа не 
бəрі бірге) деген мағынаны үстеп тұр. 
Фактілердің кезектесу, бірінен соң бірінің келуі мағынасында біресе Х біресе У, бірде Х бірде У 
олардың бірі екіншісімен бірге бола алмайды (f): Мойнындағы орамалын біресе байлап, біресе шешіп 
қарт  ана  не  істерін  біле  алмай  біраз  тұрды  (М.Х.).  Қол  ұшыңды  бір  беріп  кетсең  етті  бір  келіп, 
көрсең етті құрбыңды, бірде — тірі, бірде — өлік… (М.М.). 
Х  емес  У,  Х,  бірақ  У — қарама-қарсы  мағынада — (с):  Кəрия  емес,  жас  əйел  үйден  шығып, 
атымды  байлап жатыр ағашқа… (М.М.).  Буы  бұрқыраған  жас  топырақ емес,  жел  үрлеп, жауын 
шайып  көнерген,  иесіз,  ескі іннің  аузындағы  үйінді сұрықсыз  топырақ (М.М.).  Сен жүз жасайсың, 
мен алғашқы ызғырықпен өшем. Бірақ мен өлмеймін (М.М.). 
Х > У-тен, У гөрі < Х (не керісінше) — ортақ салыстыру мағынасында (g): Қорлық өмірден ерлік 
өлім  жақсы  (М.).  Соңынан  қуа  зуалаған  екінші  алғашқыдан  гөрі  кішірек  үшкір  тас  Бардасоқтың 
үстінен асып, тобылғының арасына түсті (М.М.). 
Х-тен-У-ке  дейін,  Х-тен  У-ке,  Х-тен  У-ке  жəне  т.с.с.  барлық  зат,  құбылыс,  қасиет,  сапа 
қамтитын  мағына  қарама-қарсылығын  көрсетуде:  Басынан  аяғына  дейін,  ерліктен  елдікке,  таңнан 
кеш батқанша дейін жəне т.с.с. Ертеден қара кешке дейін сілбіреп тұрғаны (М.М.). 
Х  У,  Х = У  бірінің  қарама-қарсылығы  екіншіге  ауысады — (і):  Бəрі  бір  мезетте  қиындық 
туғызды  емес  пе — ең  оңайы  да  (М.Х.).  Бірінің  жеңісі  екіншісінің  жеңілісіне  айналған  шаққа  тап 
болдық (К.С.). 
Х/У,  Х//У,  (бұнда / белгісі — бірлесу,  қосылу  интонациясын  береді,  ал // белгісі — қарама-
қарсылық  интонациясын  береді) — бұл  сөйлемде  семантикалық  байланыстың  формалды 
синтаксистік  құралы  ретінде  бірлесу,  санамалау,  қарама-қарсы  қою  интонациялары  жатады:  Бəрін 
қойшы, бəрі де өтер тоқтаусыз, өмір, өлім, өнбей, өспей, жоқ барсыз… (М.М.). Сен жүз жасайсың, 
мен  мəңгілікпін  (М.М.).  Қарама-қайшы  оппозиция  құрылымдық  типтерінен  төмендегідей 
семантикалық мағына туындайды: 
(а) — бірлестіру (конъюкция); 
(b) — салыстыру; 
(с) — қарама-қарсы қою; 
(d) — қарама-қайшылық (қарама-қарсылық негізінде); 
(е) — бөлу (қарсылықты, дизъюкция); 

1
) — күшті дизъюкция; 

2
) — жеңілдетілген дизъюкция; 
(f) — кезектесу; 
(g) — салғастыру, теңеу; 
(h) — қарама-қарсылыққа бөлінген барлық зат, құбылыс, қасиет, сапалардың класын қамту; 

Паремиологиялық  қайшылықтар 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
45 
(і) — қарама-қарсылықтардың бір-біріне айналуы жəне т.б. Осы қайшылықтың мақал-мəтелдегі 
орнын төмендегі мысалдар арқылы талдаймыз. 
Көптеген ғалым мақал-мəтелді тілдің фразеологиялық бірлігіне қисынды түрде жатқызып жүр, 
ал формасына қарасаң ол — «қысқа тəмсіл», ауыспалы мағыналы аяқталған сөйлем. Мақал-мəтелдер 
—  қай  халықтың  да  жан-дүниесі,  мінез-бітімі,  тыныс-тірлігінің  айнасы;  сол  халықтың  сөздік 
қорының  байлығын  жанытып  қана  қоймай,  оның  уақыт  озған  сайын  құны  артпаса  арзымас  қазына 
екенін де сездiрер белгісі. Өйткені мақал-мəтелдің айтары — өсиет, ұлағат, тəлім, парасат, ізгілік. 
Мақал-мəтелдер — қай  тілде  болмасын,  халық  даналығының  қайнар  көзі,  ақылман  ойшылдар, 
ділмəр-шешендер, айтқыш даналар сөзінің мəйегі, ұйтқысы болып саналады [1]. Мақал-мəтелдер — 
сан ғасыр бойы халықтың қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан ұстанымы, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, 
оның тарихы, рухани мəдениетінің қайнаркөздері жайында мол ақпарат беретін тілдік қор. 
«Мақал-мəтел — қысқа, ырғақты, тілдесімде тұрақты халықтың бейнелі нақыл сөзі» [2]. Осында 
айтылған  қасиеттің  көбі  (қысқа,  тұрақты,  бейнелілік)  фразеологизмге  тəн.  Мақал-мəтел 
аллофрониялығы  тура  мəнімен  емес,  сол  секілді  жағдаятта  қолданыла  алу  мүмкіндігімен 
ерекшеленеді. Мақал-мəтел арқылы сөйлеуші айтылмаған ойды бағалайды, сипаттайды. 
Көптеген  мақал-мəтелдің  тағы  бір  қыры — олардың  парадоксқа  құрылуы.  Ағылшын  тілінің 
Уэбстер  сөздігінде  мақал-мəтелге  берілген  негізгі  анықтамаға  қоса, «бұл — тосын  не  парадоксты 
пікір»  дегенді  айтады.  Ендеше  қайшылық  мақал-мəтелге  екі  рет:  алғашында  фразеологиялық 
бірлікке, екінші ретінде мақалдың басым бөлігін құрайтын парадокс пікірге енеді. 
Парадокс мақал-мəтелдер негізгі үш топты құрайды: 
Гномалық (гректің γνωμη — «ақыл, білім, пікір» деген сөзі, сонымен қатар гнома — «ұлағатты 
пікір», «өсиет»  ретінде  де  қолданылады),  яғни  осы  қоғамда  өмір  сүретін  көпшіліктің  көзқарасына 
қайшы келетін пікірді білдіретіндер: күндердің күнінде — осы күндердің бірінде емесі анық. 
Семантикалық, сырт əлемге тура бағыштамай-ақ сол пікір шеңберінде орын алатын қайшылық: 
асығуын асықпай-ақ қой, бірақ тездет. 
Əзіл  жəне  сөзойнатымдық  (каламбур):  Анашым,  əкеме  күйуге  шығуың  саған  оңай-ақ  болды, 
мені бөтен ерге бергің-ақ келеді. 
Кейде мақал-мəтелдегі парадокс прагматикалық тұрғыда қарапайым, қарабайыр десе де болады, 
көбіне  сол  тіркес  екінші  шекке  өтіп,  əдетте  парадокс  ретінде  қабылданады.  Мақал-мəтелдің 
парадоксы  семантикалық  жəне  прагматикалық  деңгейде  туындайды.  Семантикалық  деңгейде 
парадокс туындатушы логикалық қайшылық мəтін ішінде, ал прагматикалық қайшылық — мəтін мен 
мəнмəтін əрекеттескен кезде туындайды. 
Парадокс мақалдар туралы ғылыми еңбегінде Матти Кусси халық арасында мол қайшы пікірдің 
барлығын көрсетті [3]. Кусси парадоксты ұлғайтқыш деп атаған. Алайда сипаттайтын екі нысаны бар 
кей  антонимдік  тілдік  бірлікті  парадокс  қатарына  қосуға  негіз  бар  ма? «Мысықтың  қуанышы — 
тышқанның  көз  жасы», «Байлар  кедейдің  салығы  есебінен  күн  көреді», «Бүгінгі  алтын — ертеңгі 
шаң». Бұл жағдайда парадокс жоқ, тек қарама-қарсылық қана бар. Х Х емес формуласына негізделген 
«алтын — алтын  емес,  нан — алтын»  іспетті  парадокстар  тосындығымен  тыңдаушыны  қайран 
қалдырады  деген  ойды  да  осы  Кусси  айтады.  Х  у-тен  артық,  жақсырақ  салыстырмалы  формулаға 
негізделген  «Өз  зұлымың  өзгенің  ұлығынан  артық»  секілді  мақалдар  да  тіл  білімінде  көптеп 
кездеседі.  Алайда  «Жүз  рет  естігенше,  бір  рет  көр», «Алты  қорқақтан  бір  батыр  артық», «Жүз 
доллардан  жүз  теңгең  артық»  деген  сияқты  мақалдарда  парадокс  бар  деу  қиынға  соғар. 
Салыстырмалы  парадоксты  «Саво  елінің  адамынан  гөрі  қасқырды  иландырғаның  артық»  іспетті 
мақалды алып, болуы мүмкін емеске қарағанда болуы ықтимал дүниемен салыстырудың өзі парадокс 
туындатады деген оймен қорытындылайды. 
Мақалдағы парадокстың негізін құрайтындар: 
(а) қарама-қарсылық түсінігіне екі қарама-қарсы эпитет қарсы тұрады; 
(ə) эпитет тағы бір эпитетпен «соқтығысады»; 
(б) бір эпитет екі қарама-қарсы эпитетпен байланысады немесе олар басқаша анықталады; 
(в) аксиомалық шындыққа қарсы шығады; 
(г) əдетте «мүмкінге» қарағанда «болуы мүмкін емес» іске асады; 
(ғ) «жақсы/жаман», «көп/аз», төмен/жоғары» сияқты мағына тəртібі «төңкеріледі»; 
(д) «х у болса, онда у х» деген құрылым құрылады. 
Парадокс  мақал-мəтелдер  екі  есе  кереғар,  себебі  үнемі  бір-біріне  қайшы  шығып  тұрады. 1887 
жылы «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарық көрген «Влияние пословиц» деген мақала авторы мақал-

Жүсіпов А.Е
.
 
46 
Вестник Карагандинского университета 
мəтел  дегені  дұрыс  емес,  үнемі  бір-біріне  қайшы  болады,  шынайы  болып  көрініп  адамды  арбайды, 
«Ғұламаның тапқырлығы əрі бұқараның даналығы» емес, «Азшылықтың сопылығы мен көпшіліктің 
жөнсіздігі», «Молчание — знак  согласия», «В  тихом  омуте  черти  водятся»  сияқты  мақалдар 
құндылығы даулы, ал кейбірі тіпті бір-біріне қайшы пікірді білдіреді деген. Мысал ретінде ағылшын 
тіліндегі: «А little learning is a dangerous thing» — «Аздаған  білім  қауіпті», «Іt is better to know 
something than nothing» — «Түк  білмегеннен  де  аздап  білген  жақсы»  деген  мақалдарды  салыстыра 
отырып сынауға алады. В.Мидер бұл тұжырымға қарсы шықты: мақал-мəтелдер — универсалийлер 
емес, олар адам тəжірибесінің əрқилы қырынан хабар береді, сондықтан да бір-біріне қайшы, себебі 
өмірдің  өзі  қарама-қайшылықтан  тұрады [4]. Мақал-мəтелдердің  айрықша  тобына  сəйкес  жұп 
мүшесінің  мəніне  семантикалық  тұрғыдан  қайшы  келетін  мақал-мəтелдер  жатады.  Олар  көбінесе 
парадокс мақалдың бірінші тобына жатады: «Ащы шындықтан, тəтті өтірік артық», «Тəтті өтіріктен, 
ащы шындық артық» «Шыңғырған шындық» деген нұсқасы да қолданылатынын білеміз. Өз кезегінде 
осы  типтес  мақал-мəтелдерді  екі  топшаға  бөлуге  болады: (1) бір-бірінен  тəуелсіз,  жеке  тұрып  та 
парадоксты болып қабылдана  беретін  мақал-мəтел  жұптары:  Өтірік болмаса,  шын  екенін  кім  білер. 
Шындық болмай, өтірік те болмас; (2) өздігінен жеке тұрып нақты мағынадан хабар бететін, мазмұны 
түсінікті,  алайда  бір-біріне  қарама-қарсы  қойылған  кезде  тыңдаушы  қайшылық  пен  парадоксқа  тап 
болатын  мақалдар.  Салыстырған  кезде  қайшылық  туындайды.  Қонақ  қойдан  жуас.  Мықты  қонақ 
қожасын  билейді.  Қонақ  берсең  етіңді  жейді,  бермесең  бетіңді  жейді.  Қонағым  сен  ет  деме,  мен 
кет  демеймін.  Тойға  барсаң  бұрын  бар,  бұрын  барсаң  орын  бар.  Көп  күттірген — сыйлы  қонақ 
[ҚХММ 2001: 246–265]. 
Қандай  да  мақал-мəтелдегі  қалыпты  не  парадоксты  таңдау  мəліметті  жіберуші  не 
қабылаушының  талғамына  байланысты.  Осындай  (тілдесімге  қатысушы  көзқарасына  тəуелді) 
пародоксты мақал-мəтелді гномалық парадокс мақалдар деуге болады. 
Мақал-мəтелдің  кез  келгенін  қарама-қарсы  қою  парадокс  туындата  бермейді.  Теңіз — біздің 
егістік: балық та, нан да терістік. Теңіз егістік емес, себер ем, тұқым жетпейді. Бұл екі мақал бір-
біріне қайшы, алайда парадокс жоқ, себебі бірінші жағдайда «егістік» метафоралық, екінші жағдайда 
тура мағынада қолданылған. 
Мағынасы  қайшы  мақал-мəтелдер  жұбы — қазақтың  тілдік  бейнесінің  тамаша  көрінісі: 
Үндемеген үйдей пəледен құтылады — Жыламаған балаға емшек бермейді; Адам көркі — шүберек, 
ағаш көркі — жапырақ — Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады
Парадокс  мақал-мəтелдер  тіл  тілде  көптеп  кездеседі.  Тура  баламасы  болмаса  да,  соған  жақын 
ұқсастары жетіп артылады. 
ҮНДЕМЕГЕННЕН  ҮЙДЕЙ  ПƏЛЕ  ШЫҒАДЫ — орыс.  Тихая  вода  берега  помывает;  тихие 
воды  глубоки;  В  тихом  омуте  черти  водятся;  башқ.  Йүкə  шына  имəн  яра — тынық су  жағалауды 
шаяды;  Тымык  күлдə  корт  үйнай — тынық  көлде  сайтан  жүрер;  Тəрəн  йылға  тың  аға — ақырын 
дауыс  алыстан  естілер; ағылш.  Still water are deep — тынық  су  терең  болар; суах  Ki mya kingi kina 
mshindo mkuu — терең тыныштықта шу мол (Жаңалық болмаса, жамандық күт, тынық көлде сайтан 
жүрер). 
ЖАМАН  АЙТПАЙ  ЖАҚСЫ  ЖОҚ — орыс.  Не было  бы  счастья,  да  несчастье  помогло;  Нет 
худа без добра и добра без худа; башк. Искеһез яны булмас, ямансыз якшы булмас — жамандықсыз 
жақсы  жоқ;  Ямансыз  яхши  булмас,  яхшысыз  яман  булмас — зұлымдықсыз — жақсылық, 
жақсылықсыз — зұлымдық  жоқ;  жап.  Сонситэ  току  торэ — шығыннан  да  пайда  көр  (Біреуін 
жоғалтсаң,  келесіні  табарсың);  ағылш.  Еvery (dark) cioud has a silver lining — əр  бұлт  күміспен 
апталған  (Жамандықсыз  жақсы  болмас);  Іt is an ill wind blows nobody good — жақсылық  əкелмес 
желден не қайыр (Жамандықсыз жақсы болмас); суах. Kipya kinyelmi kingawa kidonda — жара болса 
да, жаңаның аты жаңа (Не істелсе де, жақсылыққа). 
АСЫҚПАҒАН  АРБАМЕН  ҚОЯНҒА  ЖЕТЕР — орыс.  Тише  едешь — дальше  будешь;  башк. 
Ашыкһаң  да,  капаланма — асықсаң  да  аптықпа;  Һин  ашыкһың,  ул  кабалана — сен  асығасың,  ол 
аптығады;  Əркəн  барган  тиз  житə — ақырын  жүрсең,  тез  жетерсің;  Ашыксаң,  соңга  каласың — 
асыққан — кешігер; ағылш. Make haste slowly — ақырындап тездет; More haste, less speed — асыққан 
сайын жылдамдық тежелер; жап. Tanki-wa sonki — асықсаң — күлкіге қаларсың; суах. Pole pole ya 
kobe humfisha mbali — тасбақаның баяулығы алысқа өрмелеп кетуіне кедергі емес. 
ҚОЙШЫ  КӨПТЕ  ҚОЙ  АРАМ  ӨЛЕДІ — орыс.  У  семи  нянек  дитя  без  присмотра;  Где  много 
пастухов,  там  овцы  дохнут;  тат.  Ирлəр  күп  болса,  утын  юк;  хатынныр  күп  булса,  су  юк — бұл 
жерде, қазақтың «еркек көп болса, отын жоқ, қатын көп болса, су жоқ» деген мақалына сай. Жап. 

Паремиологиялық  қайшылықтар 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
47 
Kiyobimbo — он  саусағынан  өнер  тамған  адам  бір  өнерді  де  тереңінен  білмейді,  алтын  қолды  адам 
кедей;  Tagei wa mugei — бəрін  істей  білу — ештеңе  істей  алмау  дегенді  білдіреді;  ағыл.  Too many 
cooks spoil the broth — аспаз көп болса ботқаны бүлдірер. 
ЕТІКШІ  БІЗГЕ  ЖАРЫМАС — балық  суда жүріп  шөлдейді,  орыс.  Сапожник  ходит  без сапог
башк. Итексенең итеге тишек, тимерсенең балтаһы китек — етікшінің етігі тесік, ұстаның балтасы 
кетік; Тимерсе бысакка йəлсемəс — ұста пышаққа жарымас; ағыл. Тhe coddler’s wife is the worst shod 
— етікші əйелінің етігі жоқ (басқалардан кем киінген). 
Жұмыс  барысында  жасалған  мол  зерттеу  негізінде  формалдық  модельдің  əрқилығына 
қарамастан,  парадокс  мақалдардың  басым  көпшілігі  сапалық  баға  принципіне  сай  құрылған  деген 
шешімге  келіп  отырмыз.  Əр  формалдық  модель  үшін  бағаның  семантикалық  формуласын  ұсынып 
отырмыз. @ — мəнмəтін/ контекст;! — жақсы;!! — үздік;? — жаман;?? — нашар; & — коньюкция; 
Ø — нольдік элемент; а — шағын өлшем; А — кері өлшем; а, А — қайшы сəйкестіктер. 
П-1. Айран ішкен құтылар, шелек жалаған тұтылар 
(? а)?? (? АА) @ ұрлық (шағын жаман үлкен жаманнан нашар); 
П-2. Өлуге емес, өмір сүруге қорық 
! А? &? А! @ өмір мен өлім (жаман — жақсы, жақсы — жаман); 
П-3. Досы көптің жауы да көп 
! АА =? АА @ дос жəне жау (жақсы мол — жаман да мол); 
П-4. Қатаң тəртіп шексіз тəртіпсіздікке əкеп соғар 
! АА =? АА @ тəртіп пен тəртіпсіздік; (жақсы мол — жаман да мол); 
П-5. Өзіңді үйіңдегідей сезін, алайда қонақта екеніңді ұмытпа 
! А =? А @ ұстаным (жақсы = жаман) [ұстаным] 
П-6. Үндемегеннен үйдей пəле шығады 
! А =? А @ үндемеу (жақсылық = жамандық); 
Халықтар  тiлiнiң  қоғамның  даму  барысындағы  атқаратын  қызметi  өте  зор,  өйткенi  ұлттық-
мəдени  дүниенiң  даму  деңгейi  тiлдiң  даму  шеңберiмен  тығыз  байланысты.  Ал  осы  əдеби  тiлдiң 
байлығы  мен  мəдениетiн,  көркемдiгi  мен  бейнелiлiгiн  арттыратын  лексикалық  категория — бұл 
мақал-мəтелдер. Мақал-мəтелдiң қалыптасуына белгілі бір жағдаяттар негiз болады да, əр халықтың 
мəдени дəстүрi, əдет-ғұрпы, ортасы, дiни нанымы мен дүниетанымы, психологиясын көрсетедi. 
Бұл мақал-мəтелдің басқа мəдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұн жағынан 
тереңдігінде  ғана  емес,  көңілге  ерекше  қонымды,  ұжымдылығында  жəне  барлық  халыққа  бірдей 
ортақтығында. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қайдар Ə. Халық даналығы. — Алматы: Толғанай, 2004. — 32-б. 
2.  БЭС: Большой энциклопедический словарь: В 2-т. — М.: Сов. энцикл., 1991. — С. 6.  
3.  Kuusi M. Concerning Folk Paradoxes Mind and Form in Folklore. — Helsinki, 1994. — P. 131–141. 
4.  Mieder W. Popular views of the proverb. — Р. 2 (1985). — P. 109–143. 
 
 
 
 
 

48 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 81' 373.422/512,122 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет