№4(60)/2010 Серия филология


Еліктеу сөз табының кейбір морфологиялық жəне сөзжасамдық мəселелері



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Еліктеу сөз табының кейбір морфологиялық жəне сөзжасамдық мəселелері
 
Пірімбетов Т.Т., Сапарова К.О. 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
В статье рассматривается история происхождения подражательных слов, при этом особое внимание 
уделяется  сравнительному  обзору  научной  литературы  в  данной  области  исследования.  Автор, 
останавливаясь  на  общих  вопросах  словообразования,  более  подробно  характеризует  морфо-
логические и словообразовательные способы образования исследуемой группы слов. 
In article is considered the history of imitative words, thus special attention is given to the comparative re-
view of the scientific literature in the field researches. The author stopping on the general questions of word-
formation, characterizes morphological and word-formation ways of formation of investigated group of 
words in more details. 
 
Қазақ  тілі  əлемдегі  бай  тілдердің  біріне  жатады.  Тілдің  лексикасының  үнемі  дамып  толығып 
отыруы  экстралингвистикалық    факторлармен  де  тығыз  байланысты.  Тіліміздің  сөздік  қорының 
бойындағы негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады. Сөзжасам жүйесіндегі тіл көне 
заманнан  бері  үнемі  толығып,  дамып,  күрделеніп,  əбден  қалыптасқан  заңдылықтар  арқылы  жүзеге 
асты. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тіл білімінде қарастырыла бастаған  сөзжасам туралы 
көптеген  еңбектер,  зерттеулер  жүргізіліп,  соның  нəтижесінде  сөзжасам  лингвистикалық  зерттеудің 
лексикамен  жəне  морфологиямен  терезесі  тең  жеке  сала  ретінде  қалыптасты.  Оның  ерекшелігі 
сөздердің арасындағы байланыс, қатынас лексика-семантикаға, морфологияда формаға келіп тірелсе, 
ал  сөзжасамда  семантикаға  да,  формаға  да    екі  жақтан  бірдей  қатысты  болып  келеді. «Қазақ 
грамматикасында»  сөзжасам  туралы  былай  делінген: «Сөзжасам  тіл  білімінің  басқа  салаларының 
ешқайсысы  атқара  алмайтын  қызметті  жүзеге  асырады.  Ол — сөзжасамның  туынды  сөз,  жаңа  сөз 
жасау  қызметі» [1; 193]. Оның  сөзжасамдық  ірі  бірліктер  болып  саналатын  сөзжасамдық  ұялар, 
сөзжасамдық  ұяның  құрамындағы  мүшелердің  қызметі,  тағы  басқа  тек  сөзжасамға  қатысты 

Пірімбетов Т.Т., Сапарова К.О. 
62 
Вестник Карагандинского университета 
заңдылықтар  сөзжасамды  тілдің  басқа  салаларынан  ерекшелендіретін  сөзжасамдық  деңгейі,  оның 
өзіндік нұсқалары барына  байланысты. Ол сөзжасамдық өзіндік нұсқаларына сөзжасамдық түр мен 
сөзжасамдық  үлгілер  жатады.  Н.О. Оралбаева  өзінің  сан  есімнің  сөзжасамдық  жүйесін  зерттеу 
жұмысында  сөзжасамға былай деп анықтама беріп өтеді: «Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар 
тіл  білімінің  жеке  саласы.  Сөзжасам  объектісіне  сөз  жасаушы  тəсілдер,  сөз  жасаушы  тілдік 
элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, 
сөзжасамдық  заңдылықтар  мен  мағына,  сөзжасамның  сөз  таптарына  қатысы  сияқты  күрделі 
мəселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді» [2; 5]. 
Сөзжасамның  ерекшеліктерін атай келе,  оның  тіл білімінің  басқа  салаларымен  байланысы жоқ 
деп  айтуға  болмайды.  Өйткені  қандай  да  тіл  білімінің  саласы  болмасын  барлығының  зерттеу 
объектісі бір, ол — сөз.  Барлық тіл білімі саласының зерттеуінің негізгі көзі сөз болғандықтан, олар 
бір-бірімен қашан да тығыз байланыста болады. 
Морфологияның құрамында қарастырылып келген сөзжасамның одан ерекшелігі сөзжасам жаңа 
сөз жасаушы морфемаларды анықтаса, ал морфология грамматикалық тұлғаларды зерттейді. 
Жалпы  осы  сөзжасам  жүйесіндегі  көптеген  тілдік  құбылыстар,  заңдылықтар  сонау  көне  түркі 
тілінен  бастау  алған.  Оған  куə  ретінде  Орхон–Енисей  ескерткіштеріндегі  грамматикалық 
заңдылықтар негіз болады. 
«Орхон–Енисей жазба тілдерінде шетел кірме сөздерінің аз ғана мөлшері бар — кейбір лауазым 
атаулары,  қытай  жəне  соғды  тілдерінен  этно-  жəне  топонимдер» [3]. Осы  зерттеу  нəтижесінен  сол 
кездің өзінде-ақ сөзжасам жүйесінің өзге шет ел тілімен де толығуын көруге болады.  Сондай-ақ көне 
жазба ескерткіштерінде сөзжасам жүйесінің ертеден-ақ қалыптасып бүгінгі күнге негіз болғандығын 
көптеген ғалымдар еңбектерінде де айтылған.  Осыдан тілдің сөзжасам жүйесі ертеден қалыптасқан 
тек тілдің даму процесінде сөз жасаушы элементтер, сөз жасау тəсілдері, модельдері өмірдің елеулі 
өзгерістеріне  сəйкес  бірде  активтеніп,  бірде  пассивтеніп,  бірде  мағынасы  кеңейіп,  тіпті  кейде 
қолданыстан шықса, енді бірде жаңа қосымшалармен толығып отырды. 
Сөзжасам жүйесі əр дəуірдің жаңалығымен бірге де толығып отырады. Осы салада  еңбек сіңіріп 
жүрген  ғалымдар  қауымының  ізденістерін  бір  арнаға  тоғыстыру  тіл  мамандарының  ғана  емес,  ана 
тілін  ардақтаған,  сөз байлығын  түгендеген   əрбір азаматардың  монографиялық  еңбектерінен  көруге 
болады.  Ертедегі  əдеби  мұраларымызда,  бай  ауыз  əдебиетімізде  қолданылған,  бірақ  қолданыстан 
шығып қалған əр сөзді мағынасымен қолдана білу үшін жинақтап, болашақ  ұрпаққа ұғындыру, тіл 
мəдениетін  көтеру,  көнерген,  ескірген  сөздердің  бəрін  бірдей  қолданыстан  шығарып  тастамай,  əр 
сөзді жарасымдылығымен орнын тауып қолданып, тілімізді əрлендіру сөзжасам қорын кеңейтеді. 
Қазақ  тіл  білімінде  қалыптасқан 9 сөз  табы  бар,  олар:  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік, 
етістік,  үстеу,  шылау,  одағай  жəне  еліктеу.  Əр  сөз  таптарының  ерекшеліктеріне  байланысты  
сөзжасамға  қатысу  қабілеті  əр  түрлі.  Басқа  сөз  таптарына  қарағанда  зат  есім,  сын  есім,  етістіктер 
сөзжасам процесінде əлдеқайда белсенді түрде қатысса,  ал сан есім, еліктеуіш сөздер, одағай  сияқты 
сөз  таптарының  сөзжасамдық  мүмкіндігі  төмендеу.  Шылауға  келетін  болсақ,  оның  сөзжасамдық 
элементтері өте аз. Осыған қарап қазақ тіліндегі барлық сөз таптарының мүмкіндігі бірдей еместігін 
байқауға болады. 
Еліктеуіш сөз табының сөзжасамын теориялық тұрғыдан зерттеуді бастаудың қажеттілігі туралы 
мəселесі туындап отыр. Қазақ тіл білімінде еліктеуіш сөздер өзге сөз таптары сияқты семантикалық 
ерекшеліктері бар, грамматикалық сыр-сипаты айқын, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан 
өзіндік  орны  бар  əрі  өзге  сөз  таптарынан  оқшауланып  тұрады.  Əрі  еліктеу  сөз  табы  қазақ  тілінде 
біршама  зерттелген,  талқыланған  жəне  оның  түрлері  еліктеуіш  пен  бейнелеуіш  сөздердің  қазақ 
тіліндегі дербес сөз таптық болмысы негізделіп, лингвистикалық статусы қалыптастырылып, атқарар 
рөлі,  яғни  мағыналық  құрылымы,  сөйлемдегі  синтаксистік  қызметі,  морфологиялық, 
коммуникативтік-прагматикалық  қасиеттері,  айқындалған.  Сондай-ақ  еліктеу  сөз  табынан  туған 
басқа да сөз таптары да сараланған. 
Бірақ  еліктеу  сөз  табы  сөзжасам  саласында  əлі  терең  зерттелмеген,  ашуы  жетіспей  тұрған  бір 
теориялық  мəселелері  жеткілікті.  Бұған  дейін  тек  жеке  монографиялық  еңбектерде  морфологиялық 
деңгейде  қарастыралып  келді.  Қазақ  тіл  білімінде  еліктеу  сөз  табына  жеткілікті  түрде  мағыналық 
тұрғыдан  талдау  жасалынса  да,  олардың  сөзжасам  жүйесіндегі  атқарар  рөлі  мен  сөйлемдегі 
синтаксистік 
қызметі 
қарастырылмаған. 
Оның 
сөзжасамдағы 
мағыналық 
құрылымын, 
морфологиялық,  синтаксистік  жəне  коммуникативтік-прагматикалық  қасиеттерін  айқындауға 
жеткіліксіз болып отыр. 

Еліктеу сөз табының кейбір морфологиялық
 
… 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
63 
Еліктеу сөзінің шығу тарихына келетін болсақ, ең алғашқы адамдар тілі осы еліктеу сөздерінен 
барып шыққан деп ХVІІІ ғ. тілші-ғалымдар дəлелдеуге тырысса, ал, керісінше, қазіргі таңдағы батыс 
лингвистері  олардың  нақты    лексикалық  мағынасы  жоқтығын  алға  тартып,  оларды  тілдегі  сөз 
жүйесіне қосқылары келмейді. А.М. Щербак өзінің «Очерки по сравнительной морфологии тюркских 
языков»  атты  еңбегінде  «у  изобразительних  слов — совершенно  особый  тип  значения, 
подражательный, образный. Следовательно, и изобразительные слова наряду с самостоятельными и 
служебными входят в систему средств языкового общения» деп ол өз пікірін ұсынады [4]. Оның  тіл 
біліміндегі жалпы зерттелуі жөнінде ұсынысын  К.Құсайынов «Звукоизобразительность номинации в 
казахском  языке»  атты  диссертациялық  еңбегінде  ары  қарай  нақтылай  түседі [5]. Түрлі  сөздердің 
сөзжасамы жазу-сызу пайда болған кезден  бастап бастау алған, ал сол сөздерді жүйелейтін сөздіктер 
қажеттілігі  əр  түрлі  мақсат-мүдделерге  сай,  белгілі  жүйе  бойынша  топталып,  нақты  ұғымдарды 
білдіретін  нышандардан,  белгілерден,  сөздерден  жасалған  азамзаттың  даму  жолын  айғақтайтын 
куəлік тəрізді, рухани мəдениеттің жазба шежіресі. 
Гректің  ұлы  ойшылдары  Аристотель  мен  Платон  саралай  келе,  сөз  атаулыларды  екіге  бөліп 
қарастырған. Олар: есімдер жəне етістіктер. Ал кеңірек зерттеле келе сол елдің грамматисі (б.э.б. І ғ.) 
Дионис Фракийский сөз таптарын сегізге бөлген. Осы қағидаға сүйене отырып, өзге елдің ғалымдары 
да орта ғасырларға дейін сөз табын сегіз деп келді. Оның ішінде еліктеу сөз табы болған жоқ. ХХ ғ. 
20-жылдарына дейін еш зерттеле қоймаған еліктеу сөздерді көне түркі тілдерінің чуваш тілінде алғаш 
зерттеген  Н.И.Ашмарин  болды.  Оны  түркологиядағы  еліктеу  сөздің  атасы  деп  таниды.  Одан  кейін 
Н.И. Ашмариннің салып кеткен жолын ары қарай зерттеп жүйелеген Н.К. Дмитриев болды. Ол оғыз 
тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеді. Ары қарай Ресей мен Орталық Азия республикалары ғалымдары 
зерттеу  нəтижесінде  қомақты  зерттеулер  жарық  көрді.  Бірақ  еліктеу  сөздерді  үндіеуропалық 
тілдердегідей 1950 жылдарға  дейін  түркі  тілдерінде  де  бірде  одағайлардың,  бірде  үстеулердің 
қатарында  қарап  келді.  Қазақ  тіліндегі  еліктеу  сөздермен  ең  алғаш  А.Ысқақов,  содан  кейін 
Ш.Сарыбаев,  А.Қайдаров,  К.Құсайынов,  Б.Катембаева,  тағы  басқалар  зерттеген.  Ал  М.Жұбанова 
жəне А.Ислам ағылшын жəне қазақ тілінің еліктеу сөздерін кандидаттық диссертацияларында  өзге 
тілдермен салғастырып қарастырған. 
Еліктеу  сөзі  бірқатар  тілдерде  күні  бүгінге  дейін  де  одағайлар  мен  үстеулер  қатарында 
қарастырса,  көптеген  түркі  тілдерінде,  оның  ішінде  қазақ  тіл  білімінде  де  еліктеуіш  сөздердің 
лингвистикадағы    статусы  айқындалып,  одағай  сөз  табынан  бөліп  алынып  жеке  сөз  табы  ретінде 
қарастырала бастады. 
«Қазақ тілі» грамматикасында сөз таптарын негізгі сегіз топқа бөлген. Олар: зат есім, сын есім, 
сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай. Ал 1948 жылы қазақ тіліндегі еліктеу сөзінің атасы 
ретінде тануға болатын А.Ысқақов осы мəселеге байланысты жазылған мақалаларында қазақ тілінде 
тағы бір сөз табын кіргізуді ұсына келе көптеген зерттеулер нəтижесінде 1954 жылы «Қазіргі қазақ 
тіліне» еліктеу сөзді 9-шы сөз табы ретінді кіргізіп, қазақ тіл біліміне өзгерістер енгізді. Содан бері 
еліктеуіш  жəне  бейнелеуіш  сөздер  кеңінен  зерттеліп,  жеке  дара  сөз  табы  ретінде  тілдік  категория 
болып  есептелінді.  Ол  кейбір  тілдерде,  атап  айтқанда,  үндіеуропалық  жəне  неміс  тілдерінде  əлі  де 
болса еліктеу сөзі одағайлар құрамында қарастырылып отыр. 
Еліктеу сөздері  негізінен  ертеден қалыптасқан тілдік құбылыс, өзге сөздер сияқты тілдің даму 
барысында  біртіндеп  өз  құрамын    жетілдіріп,  əр  халық  көркем  əдебиеттерінде,  ауызекі  тілдерінде 
қалыптасып, қордаланған дүние. 
Бұған  дейін  А.Байтұрсыновтың 1914 жылы  жарық  көрген  «Тіл — құрал»  атты  еңбегінде 
одағайлар  мен  еліктеу  сөздерді  бір  сөз  табына  жатқызылса,  кейіннен 1925 жылғы  нұсқасында 
одағайларды өз ішінен еліктеуіш жəне лептеуіш деп бөлген [6]. 
Дегенмен  де  бұл  сөз  табының  бөлінуі  өз  шешімін  таппаған,  əлі  де  болса  пікір  таластырып 
отырған  мəселе  уақыттың  еншісінде  қалып  отыр.  Еліктеу  сөз  табының  түрлері,  еліктеуіш  жəне 
бейнелеуіш  сөздердің  лексика-семантикалық  сипаты,  коммуникативтік-прагматикалық  сипаты, 
сондай-ақ  түбір  еліктеуіш  пен  бейнелеуіш  сөздерден  сөзжасамдық  тұрғыда  жасалған  зат  есімдер, 
етістіктер,  сын  есімдердің  өздеріне  тəн  ерекшеліктерді  айқындап,  саралау;  еліктеу  сөздердің 
түркітанудағы, оның ішінде қазақ тіліндегі жалпы зерттелу жақтарын қарастыру, сондай-ақ еліктеуіш 
жəне бейнелеуіш сөздердің семантикалық, морфологиялық, синтаксистік сипатындағы ерекшеліктері, 
оның ішінде олардың мағыналық тұрғыдағы, сөзжасамдағы сөз тудыру, сөйлемдегі орны мен сөйлем 
мүшелерімен тіркесу жағдайларын қарастыру бүгінгі күннің мəселесі болып отыр. 

Пірімбетов Т.Т., Сапарова К.О. 
64 
Вестник Карагандинского университета 
Еліктеу сөз табын сөзжасам тұрғысында қарастыру туралы осы күнге дейін дау туғызып отырған 
мəселелер  көп.  Жан-жақты  зерттеуді  əлі  де  болса  талап  етіп  отырған  мəселе  болып  отыр.  Оны 
лингвистикада  «ономатопика»  терминімен  беруге  болады.  Грек  тілінен  алынған  бұл  терминнің 
мағынасы  опота — атау,  роеsіs — жасау,  яғни  опотаtороіса — сөз  жасау  болады.  Ал  сөзжасам 
жүйесінде толық ашылып зерттеле қоймаған бұл сөз табы туралы əр тұрғыдан зерттеулер жүргізілсе 
де, сөзжасамдық тұрғыдан нақты зерттеу нысанына айналмай отыр. 
Еліктеу — сөз  жан-жануарлардан,  заттардан  шыққан  түрлі  дыбыстарды,  яғни,  тілдік  емес 
акустикалық  түйсікті  адамға  тəн  артикуляциялық  органдардың  көмегі  арқылы  тілдік  дыбыстармен 
беруге тырысу. 
«Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан 
құбылыстар  мен  заттардың  бір-бірімен  қақтығысу  я  соқтығысуларынан  тұратын,  сондай-ақ  неше 
түрлі  жан-жануарлардың  дыбыстау  мүшелерінен  шығатын,  əр  түрлі  қимыл  əрекеттерінен  туатын, 
əрқилы  дыбыстарға  еліктеуден  пайда  болған  түсініктерді  білдірсе,  екіншіден,  сол  табиғатта 
ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың жəне түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты 
мен қимыл-əрекеттерінің қилы-қилы көріністерінен пайда болған түсініктерді білдіреді» [1; 320]. 
Еліктеу  сөз  табы  семантикалық  тұрғыдан  екіге  бөлінеді:  дыбыстық  еліктеуіш  сөздер  жəне 
бейнелеуіш  сөздер.  Екеуінің  атқарар  қызметіне  қарай  өзіндік  ерекшеліктерімен  айқындалады. 
Дыбыстық еліктеуіш сөздер табиғаттағы, қоршаған ортадағы, күнделікті тіршілікте кездесетін неше 
түрлі  алуан  дыбыстардың  тілде  барынша  дəл  берудегі  еліктеуден  тұрса,  ал  бейнелеуіш  сөздер 
семантикалық  мағыналары  сол  табиғат  пен  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстардың  сыртқы 
бейнесін  іс-əрекетін  көзбен  көру  арқылы  туатын  түсініктердің  атаулары  болады.  Сонымен  қатар 
олардың  семантикалық  тұрғыдан  ғана  емес,  фонетика-грамматикалық  жағынан  да  өзіндік 
айырмашылықтары бар. Басқа елдің де тіл грамматикаларында да еліктеу сөзін екіге бөлу фактілері 
бар.  Орыс  тілінде  подражательные  слова  болса,  ал  еліктеуіш  пен  бейнелеуіш  сөздерді 
звукоподражательные  и  образоподражательные,  немесе  звукоподражательные  и  звукообразные, 
слова деп бөліп қарастырады [7]. Бұл термин түркі тілдеріне алғаш орыс тілінен келіп кірген болса 
керек.  Осы  еліктеу  сөздерінің  екі  түрінің  айырмашылығына  тоқталатын  болсақ,  еліктеуіш  сөздер 
қандай  да  бір  дыбыс  атауын  дəл  жеткізуге  тырысса,  ал  бейнелеуіш  сөзде  ештеңеге  еліктемей  тек 
əсерлі, ерекше етіп суреттеп, мəнерлі түрде бейнелейді. Мысалы: Ай-Шешек ұзын, аппақ мойнын сəл 
қисайта, үміт, күмəн аралас жүзбен, сынай қарап қалт бөгелді [8; 329]. Жалт қарап еді: Хамиттің 
атының  тізгінінің  бір  жағы  лесниктің  қолында  тұр  екен  [9; 14].  Қала  шырт  ұйқыда,  ұйқыда 
болғанда,  оянбайтын  ұйқыда  екен [9; 66]. Ол  орнынан  лып  етіп  түрегеліп,  Ақраштың  созып 
жіберген  аяғының  үстінен  аттап  өтті  [10; 57].  Осы  сөйлемдердегі  қалт,  жалт,  шырт,  лып 
бейнелеуіш сөздері көркемдік, бейнелілік бір əсер беріп тұр, бірақ ештеңеге еліктеп тұрған жоқ. Ол 
мына мысалдардағы еліктеуіш сөздерде керісінше: Маған міндет қылатының мынау шоқпыт па? — 
деп долы əйел көсеуді лақтырып жіберіп, көйлегінің өңірін дар-дар жыртты [10; 55]. Сол кезде зор 
қуатқа  шыдамай,  Қалдыбайдың  белбеуі  бырт  үзіліп  кетті [10; 39]. Шаңқ-шаңқ  еткен  білте 
мылтықтың даусы естіледі [11; 19]. Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздер құрамындағы дауысты 
дыбыстардың  ашық  немесе  қысаңдығы,  жуан  не  жіңішкелігіне  қарай  сөздің  мағынасына  əсер  етіп 
қана қоймай, сонымен бірге көп мағыналы болуымен бірге ауыспалы мағынада да қолданысқа түсе 
алады. Белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін  өзіне қатысты мағыналық сөздермен тіркесе отырып 
атқара алады. Сондай-ақ бұл сөздерден сөзжасам жүйесінде түрлі жаңа сөздер жасалып, тілдік сөздік 
қорын  байытуда  өзіндік  қызметі  ерекше.  Яғни  көркем  əдебиетте  шығарма  кейіпкерлерінің  сырт 
пішіні мен түр-тұлғасын, іс-əрекеттерінің қимыл-қозғалысын, əр түрлі заттар мен жан-жануарлардың 
мəнерлілігін  дəл  сипаттайтын,  шебер  түрде  жеткізе  алатын  таптыртпас  құрал  ретінде  құндылығы 
жоғары еліктеу сөз  табының қолданысында өзіндік ерекшелігі айқындалған. 
Сөздік қор  ұдайы даму үстінде үнемі толығып, басқа тілден енген сөздермен болсын, өмірдің əр 
саласына  қатысты  жаңалықтармен  бірге  келген  сөздермен  болсын  жаңа  ұғым  туғызып,  олар  тілде 
жаңа сөздер, атаулар қалыптастырады. Бірақ ол тілдегі сөздік қордың көбейуінің негізгі жолы емес. 
Тілдің  ішкі  мүмкіндігіне  байланысты  тілдегі  бар  сөздер  мен  сөзжасамдық  жұрнақтар,  яғни 
сөзжасамдық  тəсілдер,  арқылы  туынды  сөздер  жасалады.  Бұдан  тілдегі  туынды  сөздердің    көне 
заманнан бері қарай қолданылып келе жатқан сөзжасамның негізгі үш тəсілі арқылы іске асады, олар: 
1)  синтетикалық; 
2)  аналитикалық; 
3)  лексика-семантикалық тəсіл. 

Еліктеу сөз табының кейбір морфологиялық
 
… 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
65 
Ертеден  қордаланып  жинақталған  тіліміздегі  барлық  сөздер  мен  сөзжасамдық  жұрнақтарды 
қандай  ретпен  қолданудың  заңдылықтарын  қалыптастыратын  осы  тəсілдердің  рөлі  айтарлықтай 
айқындалған.  Осы  үш  тəсілдер  бойынша  еліктеу  сөз  табының  жасалуы,  сөзжасам  тұрғыдан  қандай 
заңдылықтармен жасалатыны жөнінде  тіл білімінде қалыптаса бастаған жүйелі іздері көп. Оны осы 
сөзжасам  жүйесімен  айналысқан  А.Ысқақов,  Н.Оралбаева,  О.Тоққожаева,  тағы  басқалардың  сынды 
еңбектерінен  көруге  болады.  Аталған  ғалымдар  еңбектерінен  тілдегі  туынды  сөздердің  белгілі 
сөзжасам  тəсілдерінің  қалыптасқан  жүйесі  бойынша    сөзжасамдық  жұрнақтарды  туынды  сөз  жасау 
үшін қалай, қандай тəртіпте қолданудың жолдары осы тəсілдер арқылы берілгенін көруге болады. 
Сөзжасам жүйесіндегі синтетикалық тəсілде сөздің жұрнақ арқылы жасалу жолдарын көрсетсе, 
ал  сол  сөздердің  мағынасын  анықтайтын  тəсілді  синтетикалық  дефиниция  қазақ  тілі  түсіндірме 
сөздіктерінде  атқарады.  Ал  сөзтізбеге  алынған  сөздердің  мағынасын  ашудағы,  яғни  дефиниция 
берудегі  тəсілі  туралы  мынадай  бір  анықтама  бар: «Синтетикалық  дефиниция — белгілі  бір 
дүниетанымның, құндылықтардың жүйесіне, белгілі бір ұғым немесе түсініктің құрамына енетін зат, 
құбылыс немесе қатынастырды бір-бірімен өзара салыстыра бағалаудан келіп шығатын, тəжірибеге, 
қауымның ортақ білігіне негізделіп жасалатын анықтама» [12; 279]. 
Мысалы: БЫРТбырт етті — тырс етіп үзілген, не морт сынған дыбыс [13; 163]. ШЫҚЫР
қатты заттардың үйкелісінен шығатын дыбыс, сықыр [13; 932 ]. ТАРС: 1. Құлағанда, ұрылғанда, 
ашылғанда  қатты  шығатын  дыбыс,  үн. 2.  ауысп.  Мықтап,  қатты  епіп  деген  мағынаны  білдіреді 
[13; 185].  ЖЫЛТ:  жылт  етті  а)  бір  нəрсенің  кенет  жылтырап  көрінуі;  ə)  бір  нəрсенің  оқыстан 
кездесуі.  Жылт  еткен – көрінген,  жаңадан  пайда  болған,  кез  келген [13; 329]. ШАТЫР-КҮТІР:  
Дыбыстық  еліктеуіш  сөз.  Сатырлаған,  күтірлеген  дыбыс  [13; 907].  ШЫЖ:  шыж  етті — отқа 
қатты қызып, шыжылдады. Шыж ете қалды  дауыстың оқыс шығуы. Шыж көбелек болды  
бəйек  болды [13; 931]. ШЫЖ-ШЫЖ:  шыж-шыж  етті — дыбыс  еліктеуіш  сөз.  Шыр-шыр  ету 
[13; 932]. 
Синтетикалық  дефинициялардың  бір  түрі — анықталатын  лексикалық  бірлікті  оның  өзін 
тудырған  қимыл-əрекеттің  нəтижесі  немесе  бір бүтін  нəрсенің,  құбылыстың  бөлігі,  бөлшегі  ретінде 
көрсететін  генетикалық  дефинициялар.  Генетикалық  дифференциялармен  түсіндірме    сөздіктегі 
математикалық, физикалық жəне техникалық терминдер түсіндіріледі [14]. 
Еліктеу сөз табының синтетикалық тəсілмен жасалу жолы тұрғысынан  туынды сөз жасау үшін 
оның, біріншіден, лексикалық мағынасы болуы қажет етілсе, екіншіден, оның сөзжасамдық жұрнағы 
болуы керек. Бұлар тілдік бірлікке жататындықтан əрқайсысының өзіндік атқаратын қызметтерімен 
ерекшеленеді.  Мысалы:  Енді  үздіксіз  тарсыл-гүрсіл  басталды [8; 446]. Мен  сені...  қазір... — деп, 
бұрқылдап орнынан тұра сап, бас отауға қарай тайды [10; 43]. 
 
Қылаң етіп қылт етіп, 
Сылаң етіп, сылт етіп, 
Мықындары былқылдап, 
Тау суындай саңқылдап, 
Сүмбіледей жылтылдап, 
Айдынды туған Қыз Жібек
Отауға қарай жөнелді.... [15]. 
 
Топтанысып,  жамырыңқырай  сөйлесіп,  ақырын  сыңқылдап  күлісіп,  қыз-келіншек  ауылдың 
солтүстік  жағындағы  жалпақ  аламыш  қарағандарға  қарай  жүрді [9; 107]. Бар  жылқы  дүрлігіп, 
дүрсілдете  шапқан  көсем  айғырдың  соңынан  бұрыла  бергенше  болған  жоқ,  аршынды  шабдарын 
ұшыртқан қара шалдың қолындағы ирелеңдеген ұзын шалма ұрымтал жерден найзағайдай зу етіп, 
құрық  мойынға  оқ  жыландай  тəп  етті [16; 11]. Өзі  де  сөзінен  жаңылып,  береке-құты  қашып 
отырған бүйрек бет адан сайын ыңқылдап-сыңқылдап қалып еді [16; 20]. Құтырған көк төбеттей 
арс-ұрс етіп, Бақсыны кім əкелген ырылдатып [17; 125]. Лексикалық мағынасы бар еліктеу сөздері  
лексикалық  бірліктен  жəне  сөзжасам  жұрнақтарының  қатысуымен  жасалады.  Тарсыл-гүрсіл, 
бұрқылдап,  былқылдап,  саңқылдап,  жылтылдап,  сыңқылдап,  дүрлігіп,  дүрсілдете,  ыңқылдап-
сыңқылдап, ырылдатып, тағы басқа туынды сөздердің жаңа мағынасы тарс, гүрс, бұрқ, былқ, саңқ, 
жылт,  сыңқ,  дүр,  ыңқ,  сыңқ,  ыр  сөздерінің  негізінде  жасалған,  сондықтан  олар  негіз  сөздер  деп 
аталады.  Мағына байланыстылығы туынды мағынаға арқау болған негіз сөздерден жасалынып  тұр. 
Туынды сөзге негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер негізінде туынды мағына туындап тұр. Тілдік 

Пірімбетов Т.Т., Сапарова К.О. 
66 
Вестник Карагандинского университета 
зерттеулер нəтижесі де туынды сөз жасайтын лексикалық бірліктердің лексикалық мағынасы болуы 
керектігін дəлелдеген. 
Еліктеу  сөздерінің  лексикалық  мағынасы  сөзжасамдық  жұрнақтар  арқылы    басқа  сөз  таптар 
жасалып,  жаңа  лексикалық  мағынаға  ие  болады.  Мысалы:  тарс-ыл,  сыр-ыл,  бұлт-ақ,  бүлк-ек,  даң-
ғыр,  қаң-ғыр,  дүң-гір,  күң-гір  т.б.  Еліктеу  сөздерінің  негізінен  -ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, -гір  сөзжасам 
жұрнақтары  арқылы  зат  есімдер  туындаған  болса,  желб-іре,  салб-ыра,  үлб-іре,  қалб-ыра  күрк-іре, 
дүрк-іре, арбаң-да, ербең-де, күбір-ле, қоқаң-да т.б. Негіз еліктеуіштерден туынды -ыра, -іре, -ла, -ле,   
-да, -де сөзжасам жұрнақтары арқылы жаңа лексикалық мағынаға ие болып, етістістіктер жасалған. 
Осы мысалдардағы негіз сөз қызметін еліктеуіш сөз атқаратын болса, сөзжасам жұрнақтары арқылы 
жаңа лексикалық мағынасы бар туынды сөздер жасалған. Синтетикалық тəсіл арқылы жасалған бұл 
сөздер  оның  құрамындағы  негіз  сөздерге  байланысты.  Сөз  құрамына  талдай  отырып,  түбірдің  қай 
сөзден  жасалғанын, қандай  сөз  негіз  болғандығын  анықтай  отырып  түсіндіруге  болса,  негіз  сөздің 
мағынасының  неге  солай  екенін  түсіндіру  мүмкін  емес.  Мысалға,  арбаңда  сөзінің  негіз  сөзі  арбаң 
болса,  -да  сөзжасам  жұрнаға  арқылы  ол  жаңа  сипатқа  ие  болып  іс-қимылды  білдіретін  етістік 
жасалған. Осы туынды сөзге негіз болған арбаң сөзінің мағынасы неге арбаң екенін түсіндіру мүмкін 
емес,  өйткені  бірнеше  мыңдаған  жылдар  нəтижесінде  осы  сөздің  өзіндік  мағынасы  қалыптасып, 
бəріне бірдей түсінік берген. 
Синтетикалық тəсілде сөзжасамдық жұрнақ негізгі мүшенің бірі болып саналады, өйткені оның 
қатысынсыз  ешбір  туынды  сөз  жасалмайды. «Синтетикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  туынды 
түбірлердің құрамындағы морфемалардың əрқайсысының орны бар, негізгі морфема бірінші орында 
тұрады, көмекші морфема, яғни жұрнақ, екінші орында, негізгі морфема, яғни лексикалық бірліктің 
соңында  тұрады.  Туынды  түбірдің  құрамындағы  морфемалардың  орны  тұрақты» [1; 204].  Кейбір 
сөзжасамдық жұрнақтар сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей тек негіз сөздің мағынасын 
түрлендіретін  жұрнақтар  болады.  Мысалы:  негіз  етістіктерден  жасалған    туынды  еліктеуіш  сөздер: 
домала — домалаң,  жайна — жайнаң,  қызар — қызараң,  ағар — ағараң  т.б.  сөз  мағынасын 
өзгертпей,  оларға  түрлі  мағына  қосқан.  Осыған  байланысты  сөзжасамдық  жұрнақтар  екі  түрге 
бөлінеді:  лексикалық  мағына  жасайтын  жұрнақтар  жəне  лексикалық  мағынаны  түрлендіретін 
жұрнақтар. Əр сөз табының өзіндік сөз тудырушы сөзжасамдық жұрнақтары болуымен ерекшеленеді. 
Еліктеу  сөз  табының  сөзжасамдық  жұрнақтары  туынды  еліктеуіш  сөздер  жасаса,  сын  есімнің 
сөзжасамдық жұрнақтары түбір сын есімнен туынды сөздер жасайтыны сияқты осы жүйе бойынша 
ары  қарай  кете  береді.  Бұдан  шығатын  қорытынды — əр  сөз  табының  өзіндік  сөзжасамы 
қалыптасуымен синтетикалық тəсіл барлық сөз табында ортақ қызмет етеді. 
Аналитикалық тəсіл синтетикалық тəсілден сөзжасамдық бірліктері арқылы ажыратылады. Яғни 
лексикалық  бірлік  пен  жұрнақ  синтетикалық  тəсілде  туынды  сөз  жасаса,  ал  аналитикалық  тəсілде 
жұрнақтан өзге тек лексикалық бірліктер ғана негізгі сөз жасаушы тұлға қызметін атқарады. 
Қазақ  грамматикасында: «Қазақ  тілінде  аналитикалық  тəсіл  жиі  қолданылатын,  өнімді  тəсіл 
болуымен  бірге,  оның іштей  бірнеше  түрі бар: 1) сөзқосым; 2) қосарлау; 3) тіркестіру; 4) қысқарту 
сияқты аналитикалық тəсілдің төрт түрі бар» [1; 205], — деп берілген. Басқа сөз таптарына қарағанда 
еліктеуде сөзжасамның жоғарыда айтылып өткен аналитикалық тəсілдің кейбір  түрлерінің қолдану 
аясы тарлау болып келеді. Сөзқосым тəсілінің өзі іштей  біріктіру жəне кіріктіру болып екіге бөлінсе, 
ал еліктеуіш сөз табында бұл тəсілдер қолданысы сирек. Керісінше қосарлану тəсілі бұл сөз табында 
қолдану  аясы  кең,  əрі  күнделікті  өмірде  де  жиі  қолданылады.  Екі  сөздің  қосарлануынан  туған 
мағыналы  сөздер  қосарлана  келіп  біртұтас  мағыналы  қос  сөздер  жасайды.  Қосарлау  тəсілі    сонау 
Орхон-Енисей  жазба  ескерткіш  тілінде  де  қолданылғанын  көптеген  зерттеу  нəтижелері  көрсетіп 
отыр. Яғни сөз тұлғасын жасау кезінде Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде синтетикалық тəсілмен 
бірге сөз тұлғаларын біріктіретін аналитикалық тəсіл жаңа атау жасауда қолданылған.  Аналитикалық 
тəсілдің бір түрі қосарлау тəсіліндегі қос сөздер кез келген сөздерден құрала бермейді. 
Қосарлау  тəсілі  арқылы  жасалған  еліктеу  сөздерінің  жасалуына  тоқталар  болсақ,  олардың 
сыңарлары бір сөз табынан болады. Мысалы: арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, қиқаң-қиқаң, алпаң-солпаң 
т.б. Сондай-ақ қос сөздердің сыңарлары мағыналас сөздерінен адыраң-едірең, қылмың-жылмың т.б. 
гөрі қайталама қос сөздер еліктеуіш сөз табында өте көп қолданылады. Мысалы: арбаң-арбаң, алшаң-
алшаң,  ағараң-ағараң,  далаң-далаң,  елең-елең,  елбең-елбең,  ербең-ербең,  балпаң-балпаң,  бортаң-
бортаң, бүрсең-бүрсең, жалаң-жалаң, жалбаң-жалбаң, жалтаң-жалтаң, қызараң-қызараң, көлбең-
көлбең, қожаң-қожаң, қоқаң-қоқаң болады. 

Еліктеу сөз табының кейбір морфологиялық
 
… 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
67 
Аналитикалық  тəсілдің  тіркестіру  түрі  сөз  табының  бұл  түрінде  өнімсіз.  Кез  келген  сөз 
таптарымен  тіркесе  бермейді.  Жалаң  түрі  де  күрделі  (қосарланған)  түрі  болмасын  етістіктермен 
тікелей тіркессе, ал басқа сөз таптарымен мардымсыз тіркесетін болса, сын есім, үстеу, шылау сияқты 
сөз  таптарымен  мүлде  тіркеспейді.  Мысалы:  Ұру,  ұрсу,  даң-дұңмен  милары  ашып,  Бастары  болып 
кеткен əңкі-тəңкі [17; 159]. Сұңғақ бойлы, аласы аз көзі жарқ-жұрқ еткен Ақкербезді де сол жолы 
көрген [10; 20].  — Мына Арқадаға Кенесарыдан хабар дүңк-дүңк жетіп жатыр [10; 20].  Мына бір 
уақиға  есімде  қалып  қойды:  Жемми  арқылы  табиғаттың  құшағында  мүлгіген  Даубензенге  келе 
жатқанымызда  біздің  оң  жағымыздағы  шың  басынан  бір  үлкен  тас  құлап,  тасыр-тұсыр  еткен 
бойымен  көлге  күмп  ете  түсті  [18].  Дəйекші  жігіттер  жаққан  оттар  жыпыр-жыпыр  етеді 
[11; 41]. Осыдан еліктеу сөздерінің толық мағыналы етістіктердің барлығымен тіркесе бермей мағына 
сəйкестігіне қарай тіркесуін көреміз, əрі ет көмекші етістігімен еркін тіркесе беретінін де аңғарамыз.  
Тіркестіру еліктеу сөзінің тілде  емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен, басқа сөз табымен 
тіркесіп жазылғанда мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны да береді. Еліктеуіш сөздер ет 
көмекші етістігімен тіркесіп қай формада тұруына байланысты, тұтасымен тұрып бір күрделі мүше 
болады. 
Аналитикалық  тəсілдің  тағы  бір  түрі — қысқарту  тəсілі.  Қазақ  тіл  білімінде  ертеден-ақ  
қалыптасып бір жүйеге келтірілген бұл тəсіл халқымыздың  байырғы тілінен бері келе жатыр. Адам 
аттарын  сыйлау,  еркелету  сияқты  жағдайларда  қысқартып  айтқан.  Мысалы:  Сераға,  Нұраға  т.б. 
Сөзжасам жүйесіндегі зерттелген мəселелер тұрақталынғанмен, ол қатып қалған құбылыс емес. Қазан 
төңкерісінен  кейін  аналитикалық  тəсілдің  көлемі  ұлғайып  тілімізде  күрделі  атаулар  көбейді.  Ол 
сөздерді  айтуда  жəне  жазуда  ықшамдап  айту  қажеттілігі  туындап,  соның  нəтижесінде  орыс  тілінің 
сөздерді  қысқарту  тəсілі  сөзжасам  жүйесіне  де  келіп  қосылды.  Кеңес  дəуірі  кезінде  қалыптасып  
қолданысқа  түскен.  Мысалы:  КПСС,  МТС,  партбюро,  обком,  колхоз,  совхоз  т.б.  Ал  еліктеу  сөзінің 
сөз табында бұл қысқарту тəсілі тəн емес. Мүлде қолданыста жоқ . 
Лексика-семантикалық тəсіл де тілдің сөзжасам жүйесінде ертеден бері қызмет етіп келе жатыр. 
«Бір  сөздің  ешбір  жұрнақсыз  сөз  табына  меншіктілігін  ауыстыруы  құбылысын  сөзжасамдық 
тұрғыдан  қарау  басым  бағыт  алды.  Сөздің  дыбыстық  құрамын,  тұлғасын  өзгертпей,  оның  бұрынғы 
мағынасының  үстіне  тағы  да  жаңа  мағына  қосу,  сол  арқылы  бір  сөзге  бірнеше  сөздің  қызметін 
атқарту  тілде  кең  өріс  алды» [2; 5]. 1989 жылғы  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты 
ұжымдық еңбекте осы сөзжасамның лексика-семантикалық тəсілі кеңінен қарастырылған. Сөз сөйлем 
ішінде  түрлі  мағына  беруіне  əр  түрлі  көп  мағынаға  ие  болады.  Оның    дыбыстық,  морфемдік 
құрылымы сақталып тек жаңа мағынаға ие болады. Тіл білімінде мұндай құбылыс прономинализация 
(сөздердің бір сөз табынан екіншісіне айналуы) деп аталады. Белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие 
болуы, көп мəнді, ең бастысы омонимдік қатарға келуі арқылы жасалады жəне сөздердің о бастағы 
мəнін жоғалту не болмаса əлсірету барысында басқа бір сөз табының қатарынан танылуға жол береді. 
Тіл  жүйесінде  омонимдердің  бірнеше  түрі  кездеседі. «Көп  мағыналы  сөздердің  жеке  мағыналары 
арасындағы байланыстың үзілу нəтижесінде пайда болған омонимдердің екі тобы болады. Олардың 
бір тобы лексика-грамматикалық омонимдер болса, екінші тобы лексикалық омонимдер деп аталады. 
Лексика-грамматикалық омонимдер — бір мезгілде бірнеше сөз табының қызметінде қолданылатын, 
генетикалық тұрғыдан туыспайтын омонимдер. Лексикалық омонимдер — бір сөз табының құрамына 
кіретін,  генетикалық  тұрғыдан  туыстас  омонимдер» [12; 194]. Ал  кейінгі  қазақ  тіл  білімінде 
сөзжасамның  жеке  сала  ретінде  бөліне  бастауына  байланысты  былай  делінген: «Лексика-
семантикалық  тəсіл  арқылы  сөздің  жаңа  мағынаға  көшуіне  байланысты  сөз  бір  сөз  табынан  екінші 
сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа жасауы — өте 
көп  тараған  тəсіл,  оның  ішкі  ерекшеліктері  де  бар» [1; 207,208]. Қазақ  тіл  білімінде  осылайша 
сөзжасам аясында, оның бір тəсілі ретінде қаралатын конверсия құбылысының сөзжасамдық қасиеті 
мен  функционалдық-грамматикалық  сипатын  да  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бір  ғана    шақ  еліктеу 
сөзінің    бірнеше  мағынасы  бар.  Мысалы:  ШАҚ  І. 1.  Мезгіл,  мезет,  кез.  2.грамм.  Іс-əрекет, 
қимылдың өткен кез, осы мерзім, келер уақытқа тəндігін білдіретін етістік категориясы. ШАҚ ІІ. 
1.Дəл, лайық, құйып қойғандай.; 2.ауысп. Қысқа, келте, аз, шағын.  Шақ келмеді — дəл келмеді, дес 
бермеді,  шыдатпады.  ШАҚ  ІІІ.  1.Жару,  қирату,  сындыру.  2.  Бір  затты  бөлу,  есептеу.  ШАҚ  ІV. 
1.Тістеу,  талау.  ауысп.  Тіл  тигізу,  сөзбен  шаншу,  түйреу.  ШАҚ V. Шырпы,  сіріңке  жандыру,  от 
жағып, бір нəрсені тұтату. ШАҚ VІ. Наразылығын, мұңын біреуге айту, шағыну. ШАҚ VІІ. Əрең, 
зорға отыр. Шақ отыр — зорға, əрең отыр. ШАҚ: шақ етті- 1.Бір нəрсенің екінші бір нəрсеге тақ 
етіп тиген дыбысы. 2. ауысп. Адамның бірдеңеге дереу ашу шақырып, бастырмалата жөнелуі. 

Пірімбетов Т.Т., Сапарова К.О. 
68 
Вестник Карагандинского университета 
Басқа тіл білімін де де, оның ішінде орыс тіл білімінде, бірқатар түркі тіл білімдерінде сөздің бір 
сөз  табынан  екінші  сөз  табына  ауысуының  жеке  тілдік  құбылыс  ретінде  зерттеліп,  таныла  бастауы 
тегіннен-тегін  емес. «Əуелі  сөз  жаңа  синтаксистік  позицияда  тұрақты  түрде  қолданылады,  содан 
кейін  жаңа  сөз  табының  морфологиялық  белгілерін  бойына  сіңіре  бастайды»  деп  кеңес  дəуіріндегі 
түркі лексикографиясында конверсия жолымен жасалған лексика-грамматикалық омонимдерді жан-
жақты зерттеген ғалым А.А.Юлдашев анықтама береді [19]. Түркі тілдерінің сөздіктерінде конверсия 
құбылысын  зерттеу  мəселесімен  А.А.Юлдашевтен  кейін  оның  шəкірті  Ж.М.Гузеев  конверсия 
жолымен жасалған лексика-грамматикалық омонимдер арасындағы семантикалық байланысты ашуда 
зор еңбек сіңірген. Оның осы мəселе бойынша «Проблематика словника толковых словарей тюркских 
языков»  жəне  «Семантическая  разработка  слова  в  толковых  словарях  тюркских  языков»  атты 
еңбектері бар. Қазақ тіл білімінде А.Османова, татарстандық белгілі тіл маманы Ф.А.Ганиев сынды 
тіл мамандары өз ойларын ортаға сала отырып, дəлелді пікірлер ұсынған. 
Дегенмен сөзжасам процесінің алдымен лексикалық құбылыс екенін ескерсек, сөзжасам процесі 
нəтижесінде еліктеу сөздері мейлі, ол синтетикалық тəсіл арқылы, мейлі аналитикалық тəсіл арқылы, 
не  болмаса  лексика-семантикалық  тəсіл  не  конверсия  құбылысын  арқылы  жүзеге  ассын,  жаңа 
лексикалық мағыналы сөз пайда болады. Тіл байлығын дамытуда бұл процестердің бəрінің де атқарар 
рөлі жоғары. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қазақ грамматикасы. — Астана: Елорда, 2002. — 784 б. 
2.  Оралбаева Н.О. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамдық жүйесі. — Алматы: Ғылым, 1988. — 104 б. 
3.  Түркі тілдері: Энцикл. басылым. — Астана: Фолиант, 2002. — 134-б. 
4.  Щербак А.М.  Очерки  по  сравнительной  морфологии  тюркских  языков.  Наречие,  служебные  части  речи, 
изобразительные слова. — Л.: Наука, 1987. — С. 123. 
5.  Хусайынов  К.  Звукоизобразительность  номинации  в  казахском  языке:  Дис. ... д-ра  филол.  наук. — Алматы, 1988. —
300 с. 
6.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 261-б. 
7.  Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. — М.: Наука, 1988. — С. 517. 
8.  Мағауин М. Аласапыран. Тарихи роман. — Алматы: Жазушы, 1988. — 830 б. 
9.  Cейфуллин С. Повесть жəне əңгімелері. — Алматы: Казгослитиздат, 1957. — 266 б. 
10.  Алдамжаров Б. Ұлы сел. Роман. — Алматы: Жазушы, 1988. — 382 б. 
11.  Есенберлин І. Көшпенділер. — 3-кіт. — Алматы: Жазушы. 1986. — 328 б. 
12.  Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктердің құрылымдық негіздері. — Алматы: Ғылым, 2002. — 367 б. 
13.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 968 б. 
14.  Дарбинян А.К. Общая характеристика метаязыка толковых словарей: Автореф. дис. ... канд. — Ереван, 1988. — С. 13. 
15.  Сейфуллин С. Шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1964. — 419-б. 
16.  Жүнісов С. Ақан Сері. Роман-повесть. — Алматы: Жазушы, 1981. — 472 б. 
17.  Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. Поэмалар — Алматы: Жазушы, 1987. — 224-б. 
18.  Дойл Артур Конан. Шерлок Холмс хикаялары / Орыс. ауд. Орманбаева мен Т.Кəкішев. — Алматы: Жазушы, 1968. — 
179-б. 
19.  Юлдашев А.А. Принципы составления тюркско-русских словарей. — М.: Наука, 1972. — С. 244. 
 
 
 
 

Серия «Филология». № 4(60)/2010 
69 
ƏОЖ 81 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет