Дауыссыз дыбыстарды оқыту. Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай үш түрге жіктелетінін үйретуде ең алдымен ұяң дыбыстарды үйретуден бастаған ыңғайлы. Өйткені оқушылардың бәрі бірдей ұяң, қатаң, үнді дегенді жете түсіне бермейді. Сондықтан оқушының ұяң дыбыстарды білуіне негіздей (сүйене) отырып, қатаң дыбыстарды игерту оңай болады. Өйткені ұяң дыбыстар айтуға (есте сақтауға) оңай және саны да қатаң дыбыстардан гөрі аз. Мұнымен қоса қатаң мен ұяң дыбыстардың көбісінің жұпталып (парланып) келетінін де айрықша ескерткен жөн. Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде – б, в, г, ғ, д, ж, з сияқты ұяң дыбыстар бар, енді осылардың қатаң- п, ф, к, қ, т, ш, с, х парлары бар. Қатаң дыбыстардың ішінде тек пары жоқтары ц, ч, щ дыбыстары деп үйрету жеңіл.
Дауыссыздарға арналған таблица.
Ұяң
б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
Қатаң
п, ф, к, қ, т, ш, с, х, щ, ц, ч
Үнді
Мұрын жолды м, н, ң Ауыз жолды р, л, й, у (бау)
Дауыссыз үнді дыбыстарды өткен кезде үнділердің мұрын жолды, ауыз жолды болып бөлінуі өкпеден келген ауаның ауыз қуысында шығуына байланысты екенін түсіндіріп, р, л, ң дыбыстарының айтылуына, жасалуына көңіл бөлдіру қажет. Ол үшін орфоэпиялық, орфографиялық сөздіктерді пайдаланған жөн.
Дауыссыз дыбыстардың ішінде қатаң щ, үнді у дыбыстарын түсіндіргенде, щ әрпінің қазақ тіліне тек үш-ақ сөзде (ащы, тұщы, кеще) жазылады. Ал дыбыс үндестігіне байланысты кейбір сөздерде екі ш (шш) айтылса да, сөздің түбірі сақталып жазылатындығын ескерген жөн. Ол үшін мынадай таблица жасаймыз.
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы
ақылдасшы ақылдашшы
кеңесші кеңешші
сөйлесші сөйлешші
жұмысшы жұмышшы
теңізші теңішші
У әрпі үнді (дауыссыз) дыбысты таңбаласа, белгілі бір дауыспен тіркесіп айтылады, буын құрауға қатыспайды. Буын құрайтын үнді дыбыстан бұрынғы дауысты дыбыс (дәулет, сәулет, науқас) не үнді дыбыстан кейінгі дауысты дыбыс (жауап, уақыт, уәкіл). Демек, у әрпі бір сөздің ішінде екітүрлі таңба ретінде қолданыла береді. Сондажоғарыда келтірілген су-лау, қу-а-лау, гу-леу сөздеріндегі су, қу, гу буындарында у – дауысты дыбыс, ал 2-буындағы лау, леу – үнді дыбыс. Үнді дыбыс дауыссыз дыбыстың құрамына жатады, сондықтан ол буын құра алмайды. Ал у әрпі дауысты дыбысты таңбалағанда әрі буын құрайды, әрі қос (ұу, үу) дыбыс болып (жарүу, кебүу) айтылады. Міне, осы негізгі ерекшелік оқыту кезінде ескерілуге тиіс.