№4(72)/2013 Серия филология


Ахан-серэ — выдающийся мастер поэтического состязания



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,95 Mb.
#5589
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ахан-серэ — выдающийся мастер поэтического состязания 
В статье особое внимание обращено поэтическим состязаниям (айтысам) Ахан-серэ с другими поэта-
ми и певцами своего времени. Отмечено, что эти айтысы проникнуты любовью к родной земле и род-
ному языку. Показано, что многие эти поэтические состязания отличаются тонким ощущением красо-
ты природы и человеческих чувств. Описывается, что в последние годы своей жизни Ахан-серэ про-
жил в одиночестве, отрешившись от всех мирских дел, всецело отдавшись охоте с борзыми собаками 
и ловчими птицами. Подчеркивается, что в казахской литературе образ этого удивительного человека 
— поэта, композитора и певца — стал основой для создания романа и драмы, поэмы и множества сти-
хотворений. 
R.S.Karenov 
Akhan-Sere as a masterpoetry contest 
Emphasizes counterpoint Ahan-sere with other poets and singers of his time. It is noted that these poetic 
competitions (aytys) filled with love for his native land and their native language. It is shown that many of 
these poetic competitions differ subtle sense of the beauty of nature and human emotions. Explains that in the 
last years of his life Akhan-Sere and lived alone, detached from all worldly affairs, completely surrendering 
to the hunting with hounds dogs and birds of prey. It is emphasized that in the Kazakh literature image of this 
amazing man — a poet, composer and singer — was the basis for the creation of the novel and drama, poems 
and numerous poems. 

Р.С.Каренов 
106 
Вестник Карагандинского университета 
References 
1  Eleusizov M.G. Zhuldyz, 2006, № 11, 12, р. 189–196. 
2  Negimov S. «Sere» and «Sala» among Kazakhs: Scientific essaysAlmaty: Ana tili, 2005, 128 p. 
3  Salykov K. Zhuldyz, 2009, № 10, р. 3–4. 
4  Aitys (counterpoint). Vol. 2, Almaty: Publ. House Zhazushy, 1965, 103–109 p. 
5  Funny evening in the village / Compiled H.Tulemisov, Almaty: Publ. House «Kynar», 1975. — p. 98. 
6  Zhubanov А. Soloviev in the spirit of the time. — Almaty: Dyke-Press, 2001. — 440 p. 
7  Historical figures. The publication of the cognitive hraktera for most of the population / Compiled by B.Togyzbayev, 
A.Suzhikov, Almaty «Almaty Kitap» LLP, 2006, 376 p. 
8  Galymuly M. Zhuldyz, 1997, № 10, р. 193–200. 
9  Rakhymbekov C. Egemen Kazakhstan, 2007, August 29, р. 9. 
10  Kirabaev C. Kazakh adebieti, 1993, № 31, July 30, р. 2–3. 
11  Baymuratuly S. Turkestan, 2011, January 20, р. 10. 
12  Zhumabaev M. Ak Orda, 1992, № 1, р. 24–30. 
13  Amanzhol K. Stoskovanie by song Achan! // Egemen Kazakhstan, 1 February, 2011, P. 9. 
14  Zhansugurov I. Kulager. Poems and Songs / Compiled by B.Sugar, Almaty: Zhazushy, 1974, 552 p. 
15  Tazhibayev A. Collected works in five volumes. Vol. 4. Scientific works, Almaty: Zhazushy, 1981, 760 p. 
16  Kayyrbekov Ғ. Kazakh adebieti, № 31, July 30, 1993, р. 3. 
17  Zhunusov S. Ahan-sere. Roman. The first book, Almaty: Zhazushy, 2003, 376 p. 
18  Zhunusov S. Ahan-sere. Roman. The second book, Almaty: Zhazushy, 1977, 376 p. 
19  Ualiev К. Kazakh adebieti, 1993, № 31, July 30, p. 5. 
20  Kazakhstan. National Encyclopedia. Vol. 1 / Editor A.Nysanbaev, Almaty: Home Edition «Kazakh Encyclopedia», 1998, 
720 p. 
ƏОЖ 82.09:82–95 (574) 
C.У.Такиров, А.М.Жакулаев 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: adil_9193@mail.ru) 
Əдебиеттегі постмодернистік құбылыстар 
Мақалада  ХХ  ғасырдың  алпысыншы  жылдарынан  бастау  алып,  кешегі  кеңестік,  бүгінгі  ТМД 
елдерінде  тоқсаныншы  жылдары  келіп,  қазіргі  философияда,  мəдениетте,  социологияда, 
лингвистикада, əдебиетте жəне т.б. көптеген ғылым салалары мен өнерде ең жиі қолданылып жүрген 
постмодернизм  құбылысы  сөз  болды.  Постмодернистік  құбылыстардың  əдебиеттегі  көріністерінің 
тарихы  мен  белгілері  қысқаша  баяндалып,  постмодернизмді  зерттеуші-ғалымдардың  пікірлері 
сараланады.  Сонымен  қатар  əлем  əдебиетіндегі  өзіндік  орны  бар  қаламгерлердің  шығармалары 
мысалға алынды. 
Кілт  сөздер:  постмодернизм,  постструктурализм,  деконструктивизм,  поп-арт,  концептуализм,  мета-
текст, автор өлімі, романдағы характердің жойылуы, симулякр. 
Модернизмнен кейін келген немесе модернизмнің орынын алмастырған бүгінгі таңда өнер мен 
мəдениетте,  философияда,  əдебиетте  жəне  тағы  басқа  ғылым  салаларында  ең  көп  талқыланатын 
өзекті мəселе — постмодернизм құбылысы болып табылады. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында 
батыс елдерінде белең алған бұл ағым кешегі кеңестік, бүгінгі ТМД елдерінде тоқсаныншы жылдары 
сөз  бола  бастады.  Дүниежүзілік  əдебиеттен  сырт  тұра  алмайтынымызды  ескерсек,  постмодернистік 
құбылыстардың да ұлттық прозамызға өзіндік əсер етіп жатқаны белгілі. Дүниежүзілік əдеби-мəдени 
үдерістегі  модернизмді  постмодернизммен  ұштастыра  қарастыру  қазақ  əдебиеттану  ғылымында  да 
көрініс  берді.  Бақытжан  Майтановтың  «Қазіргі  қазақ  прозасындағы  модернистік  жəне 
постмодернистік ағымдар», «Қазіргі  қазақ поэзиясы жəне постмодернизм», А.Ісімақованың  «Бүгінгі 
постмодернизм», «Бүгінгі  дүниежүзілік  əдебиеттану  ғылымының  мəселелері»,  Ж.Жарылғаповтың 
«Постмодернизм  қандай  құбылыс»,  Г.Елеукенованың  «К  вопросу  о  постмодернизме  в  казахской 
литературе 1950–1980-х  годов  ХХ  века»,  Ə.Қодардың  «Постмодернизм  жөнінде  бірер  сөз», 

Əдебиеттегі постмодернистік құбылыстар 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
107 
Ж.Шəкеннің  «Жаңашыл  жастарға  жаңа  ағым  жайында  айтар  сөз»,  С.Қасымның  «Қазақ 
поэзиясындағы  постмодернистік  көріністер»,  Ə.-С.Əліəкбардың  «Постмодернизм  қазақ  əдебиетінде 
(Д.Рамазан  шығармашылығына  қатысты  тұстарынан  үзінді)»  т.б.  ғалымдар  мен  əдебиетті 
зерттеушілердің  мақалаларынан  постмодернизмнің  ұлттық  əдебиетіміздегі  көріністерінің  зерттеле 
бастағанын байқаймыз. 
Постмодернизм — модернизм  өз  кезеңін  аяқтаған  кезде  (көптеген  ғалымдардың  көрсетуінше, 
ХХ  ғасырдың  ІІ  жартысы)  оған  қарсы  бағытта  тарих  сахнасына  шыққан  ағым. «Постмодернизм» 
ұғымы  ХХ  ғасырдың  соңындағы  мəдениеттің  əр  түрлі  салаларында  көпмағыналығымен 
байланыстырылады. Бұл термин де басқа терминдер сияқты өзіндік пайда болу, даму жəне қолданылу 
тарихына ие. 
ХХ  ғасырдың  алпысыншы  жылдарының  екінші  жартысында  батыс  əлемі  жаңа  болашақ 
қоғамның  бағыт-бағдарына  назар  аударды.  Сондықтан  да  постмодернизм  теорияшылары  өз 
назарларын қазіргі заман жағдайындағы адам мен қоғам мəселесіне, əсіресе біздің күрделі қоғамның 
қарқынды  даму  динамикасының  ырғағында  ерекше  мəнге  ие  болатын  «интерперсоналды»  түсінуге 
əрекет  етті.  Аталмыш  кезеңдегі  «постмодернизм»  ұғымы  тез  өзгеретін  əлемнің,  сондай-ақ  сол 
уақыттағы  қоғамдық  өзгерістерді  іске  асырған  ағым  болды.  Постмодерннің  қалыптасуы  өнердегі 
жаңа  ағымдардың  пайда  болуымен  ғана  емес,  қоғамдағы  əлеуметтік-саяси  процестерге  де 
байланысты еді. 
Осы  кезеңде  адамдардың  сана-сезімінде  өзгерістер  пайда  болды.  Бірақ  бұл  феноменді 
постмодерн  деп  айтуға  болмайды.  Алайда  мұндай  өзгерістер  жеке  сипатқа  ие  болған  жоқ,  жалпы 
көңіл-күйді  білдірді.  К.Кумар: «Постмодернизм  теориясының  басқалардан  ерекшелігі  жаңа 
қоғамдағы  жаңа  əлеуметтік  шындықты  ғана  емес,  сонымен  қатар  біздің  түсінігіміздегі  шындыққа 
назар  аудартады», — деген  пікір  білдіреді [1]. Қоғам  өмірінің  əр  түрлі  жақтарының  тұтас  спектрін 
қамти  келе,  постмодернизм  ұғымы,  объективті  процестерге  қарағанда,  адамның  сана-сезімінің 
жағдайына көбірек көңіл бөледі. 
XX  ғасырдың  алпысыншы  жылдарын  зерттеушілердің  басым  бөлігі  Батыс  тарихының  жаңа 
кезеңі  немесе  постмодерннің  қалыптасу  дəуірі  деп  атайды.  Осы  кезеңде  дүниежүзінде  ақпараттық 
қоғамға  ауысумен  жəне  жаңа  электрондық  технологияларды  пайдаланумен  байланысты  ірі 
экономикалық  өзгерістер  байқалды.  Экономиканың  көтеріле  бастағанына  қарамастан,  адамдардың 
ой-санасы қатты көңіл құлазушылыққа жəне əлемді күштеп қайта құру идеяларын немесе Маркстан 
бастап Маркузеге дейін «ұлы тарихи жобаларды» сынауға толы болды. 
Біздің мақаладағы негізгі зерттеу нысанымыз постмодернизмнің, жалпы мəдениет пен өнердегі, 
философиядағы  т.б.  ғылым  салаларындағы  зерттелуі  емес,  əдебиеттегі  постмодернизмді  қарастыру 
болғандықтан, 
осы 
саланы 
зерттеуші-ғалымдардың 
еңбектеріндегі 
постмодернизмнің 
ерекшеліктеріне қысқаша тоқталмақпыз. 
Американдық  əдебиеттанушы  Ихаб  Хассан  əдебиеттегі  жəне  өнер  философиясындағы 
концепциялардың дамуын тұжырымдай келе, посмодернизмнің төмендегідей негізгі қағидаттары мен 
құндылықтарын бөліп көрсетеді: 
 анықталмағандық, түсініксіздік (неопределенность); 
 үзіп алынған сəт (фрагментарность); 
 барлық  канондарды  жоққа  шығарады,  барлық  конвенциялық  беделдерге  қарсы  болып 
табылады; 
 «субъект өлімі», дəстүрлі «Менді» жоғалту (утрата «Я»); 
 постмодернизм  ирреализм  құқығын  ұстанады:  əр  кезде  «көрсетілуі», «бейнеленуі», 
«сипатталуы» мүмкін болмайды; 
 ирония — постмодернистік  бейім-бағдарлардың  бірі.  Ойын,  ирония,  аллегория  əдебиет  пен 
өнердегі жетекші бағыт ретінде саналады; 
 «гибридизация», жанрлардың бірігуі мен алмасуын меңзейді; 
 постмодерн сипаттамасы үшін «карнавализация» термині қолданылады; 
 өнердің конструктивті сипаты аталады [2]. 
Ресей  теоретигі  М.Н.Эпштейн  постмодернизм  мəдениеті  сипатталатын  ұғымдардың  ішіндегі 
айқын  терминдердің  көп  кездесетіндерін  былайша  анықтап  отыр.  Олар: «білдіретінсіз  білдіретін» 
(означающие  без  означаемых), «симулякр» (түпнұсқасыз  ұқсастық), «интертекстуалдылық», 
«цитаталық», «деконструкция», «іздер  ойыны», «шындықтың  жоғалуы», «автор  өлімі», 

 C.У.Такиров, А.М.Жакулаев 
108 
Вестник Карагандинского университета 
«эпистемиологиялық сенімсіздік», «қатысу метафизикасының сыны», «артық əңгімелеудің жойылуы» 
(əлем  модельдерін  жалпылайтын), «антиутопизм  жəне  постутопизм», «рационализм  мен 
универсализмнің күйреуі», «логоцентризм  мен  фаллоцентризмнің  күйреуі» (еркектер  ұлтшылдығы), 
«фрагменттік», «эклектика», «плюрализм», «релятивизм», «мəндерінің  таралуы», «қосарлы 
оппозицияның  күйреуі», «айыру» (различение), «басқа» (другое), «көп  мəдениеттілік» 
(многокультурность), «скептицизм», «кекесін» (ирония), «пародия», «пастиш» (немесе  «центон», 
көбінесе пародия мақсатында цитаталардан құрылған көркемдік композиция) т.б. [3]. 
Ал, əдебиетшілердің қолданатын негізгі теориялық түсініктері: «əлем – хаос», «постмодернистік 
сезім», «əлем  мəтін  ретінде»,  яғни  əлем  əр  түрлі  мəтіндерден  ғана  тұрады, «сана  мəтін  ретінде, 
«интертекстуалдылық», «авторитеттер  кризисі», «авторлық  маска» («мир  как  хаос»  и 
«постмодернистская 
чувствительность», «мир 
как 
текст» 
и 
«сознание 
как 
текст», 
«интертекстуальность», «кризис  авторитетов»  и  «эпистемологическая  неуверенность»,  авторская 
маска, двойной код и «пародийный модус повествования», пастиш, противоречивость, дискретность, 
фрагментарность  повествования  (принцип  нонселекции),  провал  коммуникации,  метарассказ)  т.б. 
болып табылады [4]. 
Постмодернизмнің алдындағы ағым постструктурализм мен деконструкция əдісі. Осы екі ұғым 
(постструктурализм мен деконструкция) постмодернизмнің негізгі құрылымдары болып табылады. 
Жалпы  постмодернизм  постструктурализм  мен  деконструктивизмді  көркемдік  тұрғыда 
қарастырады.  Олай  болса, «постструктурализм»  мен  «деконструктивизм»  ұғымдарына  қысқаша 
сипаттама бере кетейік. 
ХХ  ғасырдың  алпысыншы  жылдарының  аяғында  Францияда  постмодернизмнің  философиялық 
негізін қалаған постструктурализм деп аталып кеткен жаңа ағым пайда болды. Постструктурализм — 
қазіргі  батыстық  гуманитарлық  ойдың  идеялық  бағыты  ХХ  ғасырдың  соңында  Батыс  Еуропа  мен 
АҚШ əдебиеттануында батыл əсер етуші эстетикалық ағым [5]. 
Постструктурализм  өмірге  структурализмнің  кеңістігін  тарылту  мақсатында  дүниеге  келген. 
Постструктурализмнің  негізгі  өкілдері:  Ж.Деррида,  Ж.Делёз,  Ф.Гваттари,  Ж.Бодрийяр,  Ю.Кристева, 
Ж.-Ф.Лиотар, Р.Барт, М.Фуко. 
Постструктуралистер  үшін  əлем — мəдениеттің  идеологиялық  жазба  түріндегі  феномені. 
Сондықтан əр тұлғаның санасы — мəтіндер жиынтығы. Дерриданың айтуынша, текстен басқа ештеңе 
жоқ, əр адам тек мəтіндер ішінде қарастырылуы мүмкін. Бүкіл əлем, шегі мен шеңбері жоқ мəтін деп 
қабылданады.  Постструктурализмнің  негізі — мəтінді  дəл  түсіну,  не  болмаса  оны  түсіндіру  мүмкін 
еместігін көрсету. Нақты көркем шығарманы талдағанда аталған ғалымдар міндетті түрде мағынасы 
түсініксіз, екіұшты, көпмағыналы анықтаулары бар шығармаларды алға шығарады. Ж.Дерриданың — 
«смысловая неразрешенность» — «түсіндірілмейтін мағына» түсінігі əр мəтіннің негізгі түбірі болып 
табылады. Бұл ретте ол ұйымдастырушы, яғни басты ұйытқы, ұстаным деп айқындалады. 
Постмодернистік  суреткерлердің  дүниетанымындағы  қайшылықтары,  саналы  түрдегі  хаос  деп 
олардың  хаостық  əлемді  қабылдаудағы  жəне  осы  хаосты  көркем  мəтінде  көрсету  үлгісінің  моделін 
жасайды.  Ал,  постструктурализм,  ең  алдымен,  батыс  қоғамында  болған  жəне  болатын  заңды 
құбылыс,  яғни  өзін-өзі  ақтап  шығу  жəне  заңдастыру  үшін  қолданылатын  барлық  позитивтік 
ақиқаттарға,  мақсаттар  мен  тұжырымдарға  қарым-қатынасы  бойынша  методологиялық  күмəндану 
приципін  бекіту  ретінде  көрсетіледі.  Жалпы  постструктурализм  доктринасы  өзіндік  мəні  бойынша 
адамзат  білімінің  табиғаты  туралы  позитивтік  түсінікке  теориялық  əсері  болып  табылатын 
«эпистемологиялық күмəндану» көрінісі болып табылады. 
Ғалымдар  философияның  классикалық  түрлерін  ғасырдан  ғасырға  бір  сұраққа  жауап  беруге 
тырысумен  байланысты  күйзелген  деп  бағалай  отырып,  постструктурализмнің  негізін  қалаушы 
ретінде  танылған  Ж.Дерриданың  философиялық  ойдың  шегін  кеңейтуге  арналған  жаңа  əдісі 
«деконструкцияны»  ұсынады.  Ж.Деррида  шынайылыққа  қосылған  мағыналарды  жеңіп  шығудың 
жалғыз  амалын  олардың  тілді  терең  талдау  арқылы  қайта  құруынан  көреміз,  бұл  ойлау  қабілетін 
еркін етеді, онда ешқандай сұлбалар болмайды, ал мəнге ие болу философиялық ой қозғау процесінде 
болады деп сендірді. 
«Деконструкция»  ұғымы  болмыстың  іргелі  тəжірибесін  айқындау  емес, «болмыс»  ұғымының 
бəрін  қамтитын,  пафостық  бас  тарту  деп  саналатын  Ж.Деррида  ұсынған  шығармашылық  стилі. 
Ж.Деррида деконструкцияда болмысты мағыналы түсіну-түсіндіру түбегейлі мүмкін емес деген пікір 
айтады.  Негізінде  «деконструкция»  ұғымын  Ж.Лакан  енгізген,  алайда  біз  Ж.Дерриданың 
мəтіндерінен толық теориялық негіздеме ала аламыз. 

Əдебиеттегі постмодернистік құбылыстар 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
109 
Деконструкция тарихи жəне мəдени дəстүрмен байланысты «жоғары» затты жоюға бағытталған 
тарихилыққа,  сызықтыққа  жəне  прогрессивизмге,  яғни  модернизм,  идеяларына  қарсы  бағытталған 
деп саналады. 
Ж.Деррида  өзінің  мəтіндерін  талдау  контексінде  деконструкция  стилистикасын  келесі 
белгілермен сипатталауы мүмкін: 
1) қандай да бір əдіс болып табылмайды жəне бола да алмайды; 
2) оның кез келген «оқиғасы» бірегей жазу немесе идиома ретінде қайталанбайды, себебі оның 
пафосы ретінде «мағынаға қарсы мəтін ойыны» қатысады; 
3) оның дамуына кедергі келтіретін кез келген анықтама дұрыс емес; 
4)  қандай  да  бір  субъектінің  (жеке  немесе  ұжымдық)  қолданысына  жатпайтын  мəтін  немесе 
тақырып; 
5) оның барлық жердегі нəтижелерінің болуы, тіпті «дəуір-болмыс-деконструкцияда» ешқандай 
оптимизм орнатпайды; 
6)  оның  мəні — философиялық  ұғымдағы  метафораның  этимологиясын  эстетика  арқылы 
болжайтын философияның көркемдік транскрипциясы; 
7) оның шеңберінде философиялық тіл құрылымдық психоталдауға түседі; 
8) лингвистика-грамматикалық немесе семантикалық модельге келмейді; 
9) деконструкция барлық мəнінде де сын емес; 
10) оның парадоксы өнертапқыштың жалғыз мүмкіншілігі — мүмкін еместі ойлап табуында; 
11)  деконструкция  нигилизм,  модернизм  жəне  постмодернизм  симптомы  болып  табылмайды. 
Ғасыр соңындағы сенімді азаптаушы соңғы куəгер, — дейді [6; 115]. 
Деконструкцияның жалпы дамуы екі негізгі əрекетке байланысты. Бірінші əрекет — айналдыру, 
екінші — қайта тірілту. Айналдыру — аттап өтуге болмайтын əрекет, себебі бинарлық оппозицияның 
күшін  жою  дегеніміз  тек  қана  оппозиция  мүшелерінің  орнын  ауыстыру  емес.  Олай  істегенде 
деконструкция жасалатын аймақ қозғалусыз қалар еді. «Мəселе əрбір сатылы тəртіптен (иерархиядан) 
бас  тартуға  да  жатпайды,  себебі  анархия  əрқашанда  тірлік  етуші  билікті  күшейтеді.  Белгілі 
иерархияның терминін өзгерту немесе орнын ауыстыру қажет емес, иерархияның өзіндік құрылымын 
өзгерткен  жөн»,—  дейді  аталмыш  ұғымның  теоретигі  Ж.Деррида.  Екінші  əрекет  предикат  пен 
ұғымдар  иерархиясын  қайта  жасап,  жаңаша  қорытындылауға  байланысты.  Бұл  сатыда  ұғымдардың 
қудаланған  иеліктері  мен  мүмкіндіктері  қайта  жандалып,  жаңа  ұғымдар  айналдырудың  бірінші 
адымындағы  үстемдік  құрған  дəстүрлі  ұғымдарға  енгізіледі.  Сонда  ғана  деконструкция  толық 
жүргізіледі деп айтуға болады. Деконструкция — қос амалды ілім. Деконструкцияның екі ағымы — 
айналдыру  мен  қайта  тірілту  бір  уақытта  жасалады.  Сөйтсе  де  олардың  арасындағы  өзгешілік 
сақталатыны айқын. 
Постмодернизм  теориясындағы  əлем  мен  адамға  мəтін  ретінде  қарау  жаңа  заманғы  беделді 
философтардың (сонымен қатар мəдениет зерттеуші, əдебиеттанушы, семиотика, лингвист) бірі Жак 
Дерриданың  тұжырымдамасы  негізінде  құрылды.  Ж.Дерриданың  айтуынша, «əлем — бұл  мəтін», 
«мəтін — ақиқаттың  жалғыз  ғана  мүмкін  моделі».  Постструктуралистер  адамның  санасын 
мəдениеттің геологиялық феномені ретінде жəне біршама тар мағынада жазбаша мəдениет феномені 
(Гутенбергерттік  өркениеттің  жемісі)  деп  қарастыра  отырып,  өздерінің  концепциялары  бойынша 
жеке  тұлғаның  сана-сезімін,  мəдениет  əлемін  құрайтын  түрлі  сипаттағы  мəтіндердің  сомасына 
ұқсатады. Бүкіл мəдениет əлемін Ж.Деррида шексіз, шегарасыз мəтін ретінде қабылдайды. 
Постмодернизм  теорияшыларының  сенімі  бойынша,  тіл  өзінің  қолдану  саласына  тəуелсіз,  өз 
заңдары бойынша қызмет етеді. Мысалы, америкалық тарихшы Хеден Уайт өткен өмірді объективті 
түрде қалпына келтіретін тарихшылар  өздері сипаттайтын оқиғаларды реттей  алатын  жанр  табумен 
айналысады деп санайды. Қысқаша айтқанда, адам əлемді тарих туралы əңгіме түрінде ғана ұғынады. 
Немесе,  басқаша  айтқанда, «əдеби  дискурс» (латын  сөзі  discurs — «логикалық  құрылым»)  деп 
түсінеді. 
Сондай-ақ  француз  философы  Ж.-Ф.Лиотар  жəне  америкалық  əдебиеттанушы  Фредерик 
Джеймсон 
«нарратив», «метатекст» 
теориясымен 
айналысты. 
Ж.-Ф.Лиотар 
ойынша, 
«постмодернизмді  метаəңгімелерге  күмəндану  деп  түсінген  жөн», — дейді.  Ж.-Ф.Лиотар  өзінің 
тұжырымдамасына  сəйкес  «метатексті» (сонымен  қатар  оның  туындылары; «метаповестеу», 
«метаəңгіме», «метадискурс»)  буржуазиялық  қоғам  ұйымдастыратын  өзін-өзі  ақтау  құралы  ретінде 
дін,  тарих,  ғылым,  психология,  өнерге  қызмет  ететін  кез  келген  «түсіндірме  жүйелер»  деп 
пайымдайды.  Голландиялық  сыншы  Т.Данның  пікірінше,  модернизм, «өзіне  байқалғандай  хаос, 

 C.У.Такиров, А.М.Жакулаев 
110 
Вестник Карагандинского университета 
нигилизм  алдында  жұбаныш  табуға»  ниеттеніп  «солардың  көмегімен  айтарлықтай  дəрежеде 
метаповестеу беделі ретінде негізделген» болса, онда постмодернистердің метаəңгімелеуге қатынасы 
өзгеше  болып  келеді.  Олар  (постмодернистер)  оның  (модернизмнің)  əлсіздігі  мен  мағынасыздығын 
дəлелдеу  үшін  пародия  тəсіліне  жүгінеді», — дейді.  Сонымен,  Р.Браутиган  «Ловля  форели  в 
Америке» (1970) шығармасында Э.Хемингуэйдің адамды тың табиғатқа қайтару игілігі туралы мифін 
келекелейді. 
Метатекст  бұзудың  жеке  жағдайы  ретінде  «өмір  қалай  көрінсе — солай»  дегенді  эстетикалық 
əдісте басшылыққа алады. Постмодернистердің шығармаларында пародия басқа келбетке ие болады 
жəне дəстүрлі əдебиетпен салыстырғанда өзге қызмет атқарады. Ч.Дженкс «қосарлы кодтау» туралы 
айтады,  оны  екі  (немесе  одан  көп) «текстуалдық  əлемді»  пародиялық  салыстыру  деп  түсінеді. 
Пародияның осындай өзіне тəн қасиеті «пастиш» (итальян сөзі pasticcio — басқа опералар үзіндісінен 
құрастырылған  опера,  қоспа,  попурри,  стилизация)  деген  атау  алды.  А.Гульельми  пікірінше, 
«пастиш» — əрі фантазия, əрі пародия немесе автопародия. 
Классикалық əдеби шығарма автордың қай жерде шынайы, қай жерде əжуалап айтатынын айқын 
түсіндіретін болса, онда постмодернде осы шегара жойылған жəне оқырман ережеге сай, пародияның 
қайда, шынайы, түпнұсқалық мəтін қайда екенін білмей адбырап қалуы мүмкін. 
Тео  'Дан  постмодернизм  шығармасы,  бір  жағынан,  жаппай  қолданудың  жарнамалық  сипатына 
ие,  екінші  жағынан — ирониялық  тəсілдер  арқылы  модернистік  шығармалардың  сюжеттері  мен 
əдістерін пародиялайды деп санайды. 
Постмодернистердің көп деңгейлі хаты — вертикаль жəне горизонталь оқу типіне лайық келетін 
мəтін (Р.Барт термині). Мысалы, Москва — Петушки (В.Ерофеев «Москва — Петушки») маршруты 
бойынша  Венички  саяхатының  қиын-қыстау  бағыты — горизонталь  оқу  тəсіліне,  ал  мəдени 
цитаталардың  жəне  мəтіннің  түзілуінің  өзара  қатынастары  вертикаль  оқу  тəсіліне  сəйкес  келеді. 
Постмодернистік  құбылыстарда  поп-арт  жəне  концептуализмнің  де  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
Эстетикалық  жəне  этикалық  қағидалардың  бұзылуына  кескіндеме  мен  əдебиеттегі  постмодернизм 
концептуализмі  сияқты  құбылыс  тəн.  Суретші-концептуалистер  мектептер  мен  дəстүрлердің 
қалыптасқан  қағидасына  қарсы  шыға  отырып,  шөл  картиналарындағы  кенептерді,  бояулар  мен 
бейнелердегі шынайы объектілерді фотографиялармен, газеттердің жыртықтарымен, этикеткалармен 
алмастырды.  Америкада  жəне  жартылай  Еуропада  концептуализм  көбінесе  поп-артпен  қиылысады 
(ағылш.  pop art — жалпы  қол  жетерлік  өнер).  Осының  бəрі  постмодернизм  əдебиетінде  де  көрініс 
тапты. Ван ден Хевель поп-арт өнеріндегі таралған «табылған заттарды» (найденные вещи) сипаттай 
отырып,  оны  əдебиет  саласына  көшірерде  «ұрланған  объект» (украденный  объект)  терминін 
қолданады.  Өзінің  концепциясындағы  қорытындысына  шығармаларында  афишалардың  мəтіндерін, 
пошта открыткаларын, көше ұрандары жəне қабырғалар мен тротуарлардағы жазуларды қолданатын 
француздық «жаңа романистерін» мысалға келтіреді. 
Жас  неміс  жазушы  Кристиан  Крахт (Faserland) атақты  брендтер  мен  қымбат  лейблдердің 
атауларынан  құрастырылған  тұтас  тіл  жасады.  Неміс  сыншылары  осы  роман  туралы  мынадай  пікір 
жазды 50-жылдары  немістің  философ-неомарксисті  Теодор  Адорно: «Освенцимнен  кейін  өлеңдер 
жазуға  болмайды», — деген.  Міне,  енді  өзінің  уақыты  мен  өмірін  тұрмыстық  қалпында  жазуға 
кіріскен ұрпақ келді. 1995 жылдары Фазерланд Кристиан Крахттың романы пайда болысымен, сағат 
басқаша  жүретін  сияқты.  Осы  кітапсыз  жаңа  неміс  əдебиеті  пайда  болмайтын  еді» (Виктор 
Кирхмайер). 
Поп-арт түсінігіне ұрланған объект ұғымы постмодернистік коллажды енгізді. Осы дискурстың 
соңғы  нəтижесін  америкалық  жазушы  Реймонд  Федерман  «Сіздің  қалауыңызша  романында» (1976) 
көрсетеді.  Шығарманың  атауы  оқылу  тəсілін  түсіндіреді.  Яғни  роман  беттері  нөмірленбеген  жəне 
брошюраланбаған. Оқырман өзіне қалай ыңғайлы болса, сол тəртіпте оқуға ерікті. 
Постмодернистік  сезімталдық  (постмодернистская  чувствительность).  Поэтикалық  ойлау. 
М.Хайдеггер «поэтикалық ойлау» принципі мен «метатекст» теориясын постмодернистік сезгіштіктің 
(Ж.-Ф.Лиотар,  А.Меджилл,  В.Велын,  Д.Фоккема)  негізіне  жататындығын  айтқан  болатын. 
Голландиялық  зерттеуші  Доуве  Фоккем: «Постмодернистер  қандай  да  бір  иерархиялық  (сатылық) 
тəртіпті  немесе  өмірдегі  қандай  да  бір  басымдықтар  жүйесін  орнатуға  тырысу  мүмкін  емес  жəне 
пайдасыз деп есептейді, — деп жазады. 
«Постмодернистік сезімталдық» маңызды ережесі көркемдіктің аздығы, оның ішінде теориялық 
(философиялық, əдебиеттану, өнер зерттеуші жəне ғылыми-жаратылыс) ойдың поэтикалығы туралы 
тезис болады. Алайда жеке əдебиеттанудағы постструктурализм шеңберінде (Ницше, Хайдеггер жəне 

Əдебиеттегі постмодернистік құбылыстар 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
111 
Деррида  пікірлерінде)  бұл  ұғым  философиялық  жəне  əдебиеттану  мəселелері  тілдің  бір-бірімен 
бөлінбес  байланысқан  метафоралық  табиғаты  ретінде  қарастырылады.  Ж.Дерриданың  ойлары  да 
мұнда өте маңызды болады. Себебі оның философиялық мəтінді талдау əдістемесі таза əдеби мəтінді 
талдау үшін де өте құнды болып табылады. Америкалық континентте осындай жаңа сынның мұқият 
оқылуы  оның  жылдам  таралуына  оң  ықпал  етті.  Ж.Дерриданың  тұжырымына  сүйенсек,  əдебиет 
философиядан  басым  емес.  Ол  үшін  көркем  əдебиетті  бір-біріне  қарама-қарсы  қоюдың  дəстүрлі 
иерархиясын аудару ең маңызды болды. 
Тиімділік принципін постмодернистер «парасат империализмінің» көрінісі ретінде қарастырады. 
Жазушы постмодернистер үшін барлығынан тəртіп пен мағына табуға талпынудан артық жат нəрсе 
жоқ.  Олардың  басты  құндылықтарының  бірі  интерпретацияланған  еркін  ойын  болып  саналады. 
Мысалы, бұған Милорад Павичтің өзі «театрдың кешкі ас менюі» деп атаған «Мəңгілік жəне тағы бір 
күн»  пьесасын  жатқазуымызға  болады.  Пьесада  ресторандағыдай  бірнеше  «жеңіл  тамақ»  пен 
«десерттер» берілген, ал байланысы мен шешілу жолдарын көрермендердің өздері таңдауы тиіс. 
1960–1970-жылдардағы  студенттер  толқуының  бастамашысы  шизоанализ  теоретиктері  Жиль 
Делез бен психоаналитик Феликс Гваттари ақылсыздықтың жоғары түрі деп «шизофренияны» атады. 
Метатекстің  бұзылуы  шизоидтық  сананың  құлдырауына  əкеледі.  Постмодернистердің  көркем 
шығарма табиғаты туралы көзқарасы мен идеялары да əдеби тілде осылай байланысқан. Яғни оларда 
(постмодернистерде)  ойлап  шығару  үшін  ессіз  болу  жеткілікті.  Делез  бен  Гваттари  бойынша,  бұл 
қалыптасқан  жағдай.  Шизоанализдің  жаһандық  өрісін  жəне  жалпыға  түсініктілігін  Сорокин  мен 
Пелевиннің  əдеби  шығармаларынан  байқауымызға  болады.  Қазіргі  əдебиетті  зерттеушілер  əдеби 
постмодернизмді  көбінесе  «цитаталық  əдебиет»  деп  атайды. 1979 жылғы  Жак  Ривэ  Барышнидің 
роман-цитатасы 408 автордың 750 кірме  үзінділерінен  тұрады.  Цитаталармен  ойнау 
интертекстуалдылықты  жасайды.  Р.Барттың  пікірінше,  ол  «шығу  көздері  мен  ықпал  ету 
проблемасына  келтірілуі  мүмкін  емес;  ол  пайда  болуы  сирек  байқауға  болатын  анонимдік 
формулалардың,  тырнақшаларсыз  берілетін  санасыз  немесе  автоматты  цитаталаудың  жалпы  өрісі 
болып  табылады».  Басқаша  айтқанда,  авторға,  өзі  шығарып  жатқандай  көрінеді,  шындығында  осы 
мəдениеттің  өзін  қаруы  ретінде  пайдаланып,  сол  арқылы  жасайды.  Бұл  идея  жаңа  емес:  Рим 
империясының  құлдырауы  кезінде  цетондар — белгілі  əдеби,  философиялық,  фольклорлық  жəне 
басқа шығармалардан алынған алуан түрлі үзінділер арқылы əдебиетке сəн берген болатын. 
Постмодернизм  теориясында  осындай  əдебиет  Р.Барт  енгізген  «автордың  өлімі»  терминімен 
сипаттала бастады. Р.Барт мəтінге деген қатынастың дəстүрлік, классикалық («университеттік») жəне 
постмодернистік («имманенттік»)  нұсқаларын  қарама-қарсы  қойып  салыстырады.  Бұлардың 
арасындағы принциптік айырмашылығын қарайды. Егер мəтінді «имманенттік» оқу ойдың өздігінен 
қозғалуын  шамаласа,  онда  «университеттік»  оқуда  оқырман  шығарманы  толықтай  түсіне  алады. 
Р.Барттың  бағалауы  бойынша, «университеттік  сын»  бастауы  нақ  осы  детерминизмнің  дəстүрлі 
ұғынысына  негізделеді,  осы  жерде  «имманенттіліктің  қабылданбауының («постмодернизм»)  себебі 
неде  деген  сауал  туады.  Мүмкін  шығарманың — ішкі  себептері  «өзгелерге  қарағанда  себептірек» 
(причина всех других) деп есептейтін детерминизм идеологиясын ұстануынан шығар. 
Постмодернизм  автор  жазған  мəтіннің  «шығарма»  ретіндегі  классикалық  түсіндірілуін  жоққа 
шығарады. Р.Барт ойынша, «автор мəтінін иелену — бұл... мəтінді кідіртуді, оған тұжырымды мағына 
беруді  жəне  хатты  тұйықтауды  білдіреді»  десе  де, «əрбір  оқырман  автор  деңгейіне  дейін  көтеріле 
алады. Оны құрастырмаса да мəтінге кез келген болжанбаған мағынаны көзсіз енгізе алу құқығына ие 
болады», — дейді. 
Постмодернизмді ұқсас бейнелерімен түсіндіретін автордың ең негізгі функциялары: 
1) мəтіндердің жіктелу функциясы (шектеу жəне топтастыру); 
2) мəтіндік массивтер арасындағы қатынастарды (арақатынас) белгілеу; 
3) дискурс болмысының белгілі бір тəсілдері арқылы көрсету [6; 617]. 
Постмодернизм,  бір  жағынан,  белгілі  бір  дискурсивті  дəстүрге  толықтай  қатыстырылған 
авторды,  екінші  жағынан — «трансдискурсивті  позицияда»  болатын  авторды  саралай  отырып, 
автордың екі түрлі типін бөліп көрсетеді. Соңғысы тек өзінің мəтіндерін жасаушылары ретінде ғана 
сипатталмайды.  Сонымен  қатар  дискурсивтіліктің  басқа  типіне  қатысты  жаңа  типтің  бастамашысы 
болатын  өзге  авторлардың  да  мəтіндерінің  тууына  себепкер  болады.  Фуко  ондай  авторды  fondateur 
(«негізін  салушы» (основатель)  сөзінен  басқа  istraurateur («құрылтайшы» (учредитель),  орнатушы 
(установитель)  сөзімен  атайды [6; 
764–766]. Сондай-ақ  «құрылтайшы», «орнатушы»  өз 
шығармашылығымен  тек  дискурстың  айқындалатын  типі  аясында  мəтіндердің  жасалуының 

 C.У.Такиров, А.М.Жакулаев 
112 
Вестник Карагандинского университета 
мүмкіндігі  мен  ережесін  ғана  емес,  сонымен  қатар  жаңа  мəтіндердің  жасалуы  үшін  еркіндік 
қалыптастырады. 
Дегенмен  де,  постмодернизм  мəтін  ойының  туу  процесін  оқырман  танымына  жəне  оның 
субъектісіне немесе оған сыртқы бастама беруші болуға ұмтылмайды. П. де Ману постмодернизмді 
түсіндірудің мəтіннен жəне мəтіннің түсіндіруден сөзсіз тəуелсіз екенін айтады. 
Милорад  Павич  Хазарский  сөздігі  кітабына  жазған  алғы  сөзінде: «Оқырман  оны  өзіне  қалай 
ыңғайлы  көрінсе,  солай  пайдалана  алады.  Біреулері,  кез  келген  сөздіктегідей,  өздері  сол  сəтте 
қызығушылық  тудырған  аттарды  немесе  сөздерді  іздейді,  екіншілері  осы  сөздікті  тұтастай  басынан 
аяғына  дейін  бір  отырғанда  оқитын  кітап  деп  санайды», — дейді.  Осындай  инварианттылық 
постмодернистердің тағы бір ерекшелігін растайды. Р.Барт бойынша, хат — əдеби шығарма болса да 
жеке бір индивидті қалыптастырушы емес, «жалпыға ортақ хаттың» өзіндік көрінісі болып табылады. 
Аристотель  өзінің  «Поэтикасында»  əдебиет  негізі  ретінде  «рахаттану»  туралы,  жеке  алғанда 
«танып-білуге»  байланысты  жазған  болатын. «Мəтін  эротикасы» — мəтіндік  (жалпы  белгілік) 
шындықтың  қалыптаспаған 
қалыптарын 
көрсету  үшін  қолданылатын 
постмодернистік 
философияның  метафорасы.  М.Бланшо  қалыптаспаған  мəтіндік  (белгілік)  метаморфоздың  жүзеге 
асуын  «экстазды» (экстазиса  секілді,  яғни  жылжу,  басым  болу):  үмітсіз,  беймəлім  құмарлық, ... қол 
жеткізу  мүмкін  емес  құмарлық,  қандыратын  жəне  тыныштандыратын  барлық  нəрсені  қабыл 
алмайтын  құмарлық, ... қол  жетпейтінге  қол  жеткізу  болып  табылатын  құмарлық  сынды  т.б. 
күйлерімен түсіндіреді [6; 785]. 
Постмодернизм,  жалпы  алғанда,  өзін  «аналитиканы  қалаушы» (В.Лейчем  енгізген  термин 
тəсілімен)  ретінде  түсінеді,  ал  постмодерн  үшін  қалаудың  метафорикасы  іс  жүзінде  əмбебап  болып 
табылады. 
Р.Барт  өзінің  метафора  жүйесіндегі  антропоморфизмге  ерекше  көңіл  бөле  отырып,  соңғы  идея 
көмегімен ойын сəтті көрсетеді. Оның айтуынша, «мəтін... адам денесінің бейнесі мен анаграммасы... 
Бірақ əңгіме біздің эротикалық денемізде болып отыр. Мəтінге сүйсінушіліктегі дене рақаты ағзаның 
физиологиялық рақатымен түйіспейді», — дейді. Р.Барттың концепциясы бойынша, «мəтіннен лəззат 
алу» түпұсқалық шындықты алмастыруға лайықты метатексті бұзады делінген. 
Э.Хемингуэй  «мəтіннен  рахаттануды»  өз  прозасының  басты  тəсілдерінің  бірі  етеді.  Жазушы 
оқырманға мəтіндік эстетикалық лəззатпен қатар (Ширебартов тұжырымдамасының əдісі жəне жеке 
аттарымен жақсы үндесетін географиялық атаулар мен еуропа тағамдарын, шарап маркаларымен т.б.) 
«өмірлік» рахат алуды ұсынады. И.Тургенев Хемингуэйдің («Əрқашан сенімен болатын мереке» атты 
шығармасындағы)  дворяндық  үй-жайда,  таза  ауада,  орман  арасы  мен  алқаптарда  тұратын 
кейіпкерлері алатын лəззатқа тікелей өзінің тəуелді екенін айтады. 
Р.Барт  пікірінше, «тек  оқудың  өзі  ғана  шығармаға  деген  махаббат  сезімін  көрсетеді,  онымен 
құмар  қатынаста  болады.  Оқу — шығарманы  қалауды,  соған  айналуға  аңсауды  білдіреді.  Барттың 
ойынша, мұнан  соң  мəтін тарапынан  басқа  қалаулы  əсер  келеді: «Мəтіннің  өмір  сүру  бастамасы — 
бұл лəззат алуға деген ерік» немесе «мəтін... мені қалайтынын дəлелдеуі жəне мен қалайтынды бере 
білуі керек» [6; 788]. Мұнан шығатын қорытындымыз автордың шығарма кейіпкерлері өздері өмірден 
алған лəззатты оқырмандарымен бөлісе жəне оған (оқырманның оқуына) қызығушылық тудыра білуі 
қажет. 
Постмодернизм  əдебиеті  əдеби  кейіпкерді,  персонажды  психологиялық  жəне  əлеуметтік 
бейнелеуге  ұмтылады.  Осы  көкейкесті  мəселені  ағылшын  жазушысы  жəне  əдебиеттанушысы 
Кристина Брук-Роуз «Романда характердің жойылуы» мақаласында ашып көрсетеді. 
Брук-Роуз «дəстүрлі  сипаттың»  күйреуінің  бес  негізгі  себептерін  келтіреді: 1) кейіпкердің  ішкі 
монологындағы  дағдарысы; 2) буржуазиялық  қоғамның  тоқырауы,  тудырған  роман  жанрының 
құлдырауы; 3) ақпараттанудың  нəтижесінде  «жасанды  фольклордың»  авансценаға  шығуы; 
4) бейнеклиптік  ойлаудағы  белгілі  жанрлар  эстетикасының  беделінің  артуы; 5) ХХ  ғасырдың
тəжірибесіндегі реализмнің бүгінгі қоғамның шындығын бере алмауы [6; 603]. 
Брук-Роуз  пікірінше, «жаңа  буын»  оқырманы  көркем  əдебиеттен  документалистиканы  немесе 
«таза  фантастиканы»  артық  санайды.  Міне,  сондықтан  постмодернистік  роман  мен  ғылыми 
фантастика  бір-біріне  ұқсас:  екі  жанрда  да  персонаждар  қандай  да  бір  азаматтық  мəртебеге,  əрі 
əлеуметтік  əрі  психологиялық  тарихқа  ие  болатын  адамның  индивидуалдылығын,  қайталанбас 
болмысын жүзеге асырудан гөрі идеяларды кейіптеу болып табылады. 
Брук-Роуз  өз  ойын  былайша  тұжырымдайды: «Біз  ешбір  күмəнсіз,  жаңадан  құрылатын 
технологиялық  қоғамнан  өздеріне  орын  іздейтін  жұмыссыздар  тəрізді  өтпелі  кезеңде  тұрмыз. 

Əдебиеттегі постмодернистік құбылыстар 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
113 
Реалистік  романдар  жасалуын  жалғастыруда.  Бірақ  оларды  сатып  алатын  немесе  оларды  оқитын 
адамдар барған сайын азайып келеді. Олар (оқырмандар) сезімталдық пен зорлықты, аяушылық пен 
сексті,  күнделікті  өмірдегі  жағдайлар  мен  фантастиканы  салыстыру  арқылы  шытырманға  толы 
шығармаларды артық көруде. 
Байыпты  жазушылар  мен  ақындар  өзіндік  иронияның  түрлі  формаларында  Х.Л.Борхестің 
беллетризделген  эрудициясынан  бастап  Кальвиноның  космокомикстеріне  дейін,  Барттың  азапты 
мениппова сатираларынан Пинчонның белгісіз нəрселерін дезориентациялайтын шығармаларындағы 
символдық  іздеудің  тұйықталғанын  реалистік  роман  техникасында  жазып  көрсетпек  болғанымен, 
енді  оны  өздерінің  мақсаттары  үшін  қолданыла  алмайтындығын  түсінді.  Мінездің  жойылуы — бұл 
ғылыми фантастика техникасындағы постмодернизмнің белгісі. 
Документалистика  мен  көркем  шығарма  арасындағы  шегараның  жойылуы  «жаңа 
биографизмнің»  пайда  болуына  алып  келді.  Бұл  көптеген  постмодернистерде  кездеседі 
(В.Розановтың эссесіндегі өзін бақылаудан бастап Г.Миллердің «қара реализміне дейін»). 
Симулякр  (фр.  simulacres,  лат.  simulacrum — бейне,  ұқсастық,  көруге  мүмкіншілік) — 
категориялық-ұғымдық  қатардан  тыс  назар  аударуға  орналасқан  тəжірибе  құралдарын  көрсетуге 
арналған  постмодернизм  философиясының  термині.  Ертеректе  Платонда  симулякр  «көшірменің 
көшірмесі»  болып  берілген.  Постмодернизмнің  философиялық  айналымына  Ж.Батай  енгізді, 
кейінірек П.Клоссовский, Ж.Бодрийяр, Ж.Делез, Ж.Деррида жəне т.б. ғалымдар толықтай түсіндірді 
[6; 550]. 
Мінез  дағдарысы,  фантастикаға  құмарлық  постмодернизмде  симулякр  теориясын  тудырды. 
Симулякр  (фр.) — стереотип,  бос  таңба  (пустой  знак).  Постмодернистік  эстетикада  симулякр 
классикалық  эстетика  жүйесіндегі  көркем  бейнеге  жатады.  Егер  бейнеде  (көшірме)  түпнұсқамен 
ұқсастық болса, онда симулякр өзінің бастапқы шығу көзінен анағұрлым алшақ болады. Жиль Делез 
симулякрды түпнұсқаны да, көшірмені де теріске шығаратын белгі ретінде қарастырады. Ж.Бодрийяр 
симулякрді «агониядағы шындықты» постшындықпен, болмағанды болған ретінде көрсететін нақты 
жəне  бейнеленуі  тиіс  нəрсенің  (заттың)  арасында  айырманы  жоятын  симуляция  деп  анықтайды. 
Ж.Делез симулякрдегі «бейненің (көшірме) сəйкестігі жəне көшірменің ұқсастығы адастырады» десе, 
осы  концепцияда  Ф.Джеймисон  «анық  көшірме  оның  түпнұсқасы  ешқашан  болмайды»  деп 
анықтайды. 
Ж.Делездің  ойынша,  симулякр  платондық  идеяны  қайта  түсіндіреді («заттар» «көшірмемен» 
енеді,  одан  біршама  ерекшеленетін  бастапқы  «идеямен  барынша  ұқсас»): «Симулякр — əр  түрлі 
айырмашылықтың өзі əр түрлі құралдар арқылы түрлі жолда тоғысатын жүйе», — дейді [6; 552]. 
Постмодернизмде симулякр құрылымсызданған (Ж.Делез түсінігінше, «дионисийская машина») 
бытыраңқылық  позициясы  ретінде  енеді.  Оларды  логос  емес  логоцентризм  теріске  шығарады; 
адамдардың  көзқарасында  қалыптасқан  ұғымды  ақиқат  деп  көрсетуге  бірде  бір  рет  мүмкіндік 
бермейді; «ортаның  назарын  жаңалау» (Делез)  біршама  қиындық  тудырады,  ал  негізі  жаңа 
метанаррацияға  бұрынғы  «ақиқатын»  айырбастау.  Ж.Делез  бойынша,  симулякр  жұмысы  креативті 
бытыраңқылықты  туындатады  жəне  дивергенция  мен  децентрацияны  бекітеді.  Ж.Делездің  ойынша, 
егер  қайталауды  көшірме  ретінде  түсінетін болсақ, онда барлық  көшірме мен үлгілерді  қайта қарау 
керек, өйткені симулякрға «көшірме болу тəн емес», — дейді. Демек, Ж.Делездің пікіріне сүйенетін 
болсақ, симулякр алуан түрлі белгісіз объектілерді сол кезде таңдай алса да өзінің мазмұнын шексіз 
дамытуы мүмкін. 
Жалпы  алғанда  симулякр — болмайтын  ақиқаттық  бейне,  түпнұсқадан  айырылған  шындыққа 
ұқсас  үйлестік, артында  қандай да  бір ақиқат  тұрмайтын  объект. В.Пелевиннің  «Чапаев  и Пустота» 
романында дүниедегі маңызды шындыққа қол жеткізудің жолын түбегейлі өзгерткен əрекеті өзі үшін 
«толығымен бос» белгі болып танылады. 
Постмодернизмнің  шаршағандығы. «Постструктурализмнің  эволюциялық  көп  жылдық 
қорытындысы жаңа заманғы сыншылардың белгілі постструктуралистік догманың негізгі теориялық 
ережелерінен  шаршағандығын  көрсетті», — дейді  белгілі  ғалым  И.Ильин [7]. Мысалы, 1980 
жылдардың  аяғынан  бастап-ақ  көптеген  постмодернистердің  «автор  өлімі»  тұжырымдамасынан 
шегінуі белгіленді (М.Фуко «Пользование наслаждением и Забота о себе», 1984; Ж.Деррида «Психея: 
Изобретение  другого», 1987 жəне  т.б.).  Постмодернизмнің  атақты  теоретиктері  Ж.-Ф.Лиотар  мен 
Ж.Бодрийярдің  өздері  де  осы  кезде  постмодернистік  канонды  қайта  қарап  шықты.  Ж.Бодрийяр 
ХХ ғасыр  мəдениетін  ұйқыға  кеткен  күзгі  шыбынмен  салыстыра  отырып,  деградацияның  əлсіреуін, 
«сахнадан  кету»  қаупін  симулякр  эстетикасында  көрсетеді.  Ж.Дерридаға  келетін  болсақ, 

 C.У.Такиров, А.М.Жакулаев 
114 
Вестник Карагандинского университета 
постструктурализмнің  басқа  апостолдарына  қарағанда,  оған  құндылық  қағидаларының 
«революциялық»  бұзылуы  əрқашан  жат  болды.  Тарихи  тəжірибеде  тұрақты  мəдениеттің  белгілі 
құндылықтар жүйесінен тыс əрекет етуінің мүмкін еместігі туралы айтылса да, көптеген зерттеушілер 
постмодернизмді жаңа мəдени кезеңге ауысу сатысы ретінде қарастырып жүр. 
Постмодернизм  дəуірінің  қалыптасуы  қарапайым  процесс  болғаны  анық  жəне  де  модерн 
дəуірінің  постмодернге  көшуі  белгілі  бір  хронологиялық  оқиғамен  нақты  белгіленген  жоқ. 
«Постмодернизм»  терминінің  қашан  пайда  болғандығы  туралы  хронологиялық  белгісіздік 
постмодернизм  ұғымын  түсіндіруге  жəне  оның  анықтамасын  анықтауға  қиындық  туғызады. 
Дегенмен  постмодернизмнің  түрлі  ғылым  салаларында  өзіндік  ерекшеліктері  болды.  Бұл 
мақаламызда  сөз  өнеріндегі  постмодернистік  құбылыстардың  барлығына  тоқталу  мүмкін  емес. 
Сондықтан  да  басты-басты  көріністеріне  ғана  тоқталып,  олардың  тарихы  мен  белгілерін  қысқаша 
мəлімдедік.  Ал  постмодернизмнің  əдебиеттегі  салаларын  тереңнен  зерттеп,  кеңінен  сипаттау  үлкен 
еңбектердің еншісінде. 
Əдебиеттер тізімі 
1  Kumar K. From Post-Industrial to Post-Modern Society. New Theories of the Contemporary World. — Oxford (UK): 
Cambridge (USA), 1995. — Р. 32. 
2  Hassan I. The Postmodern Turn: Essays in Postmodern Theory and Culture. — Columbus, Oh., 1987. — Р. 46. 
3  Эпштейн М.Н. Постмодерн в русской литературе: Учеб. пособие для вузов. — М.: Высш. шк., 2005. — С. 10–15. 
4  Ісімақова А.С. Асыл сөздің теориясы. — Алматы: Таңбалы, 2009. — 376 б. 
5  Постмодернизм:  Энциклопедия / Сост.  А.А.Грицанов,  М.А.Можайко. — Минск:  Интерпрессервис;  Книжный  дом, 
2001. — 767 с. 
6  Новейший  философский  словарь.  Постмодернизм / Гл.  науч.  ред.  и  сост.  А.А.Грицанов. — Минск:  Современный 
литератор, 2007. — 816 с. 
7  Ильин И.П. Постмодернизм от истоков до конца столетия: эволюция научного мифа. — М.: Интрада, 1998. — С. 158. 
C.У.Такиров, А.М.Жакулаев 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет