Ways of transformation of the myths in religious epics
The article discusses the ways of transformation and transition of the myths in religious epics from generation
to generation, from person to person. Explains how myths converted by clarifying the application of mytho-
logical motives in the religious epics. And also, describes the use of special effects in the myths with conver-
sion at a certain level of religious epics. In addition, take into account studies of religious artwork relating to
their stories, content, poetics.
References
1 Berdibayev R. Epos Muraty, Almaty: Gylym, 1997, 119 p.
2 Azibayeva B. Kazakhsky dastanny epos, Almaty: Gylym, 2002, 228 p.
3 Kalizhanuly U. Religious and educational directions of the Kazakh people, Almaty: Gylym, 2001, р. 231.
4 Abdigapparova Zh. Vestnik KazGU of al-Farabi. The Philology series, 2011, No. 2, р. 8–15.
5 Azibayeva B. Gulshat-Sherizat, Almaty: Gylym, 2005, 118 p.
6 Antichnsa Kazakh mythology, Almaty: Aruana, 2006, 111 p.
7 Zhamsap. Dastan // Ortalyk Kazakhstan, 1991, April, 13.
8 Hissa Kerbala play pranks the World of Islam, 1998, Аugust, 9.
9 The Kazakh mythological stories the collection, Almaty: Gylym, 1999, р. 154.
10 Abduov M. Kazakh religious epos Karaganda, Karaganda: KSU Publ., 2006, 171 p.
ƏОЖ 821.512.122
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: 22gulim1988@mail.ru)
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі
Туғанына — 170 жыл, қайтыс болғанына — 100 жыл
Ақан серінің өз заманындағы басқа ақындармен жəне жыраулармен жыр тартысына түскен
айтыстарына ерекше көңіл бөлінген. Мұндай поэзиялық жыр тартыстары мен айтыстар туған жерге
жəне туған елге деген махаббатқа толы екендігі көрсетілген. Көптеген айтыстардың табиғат пен адам
түйсігінің əсем бояуларын сезінумен ерекшеленетіні көрсетілген. Өмірінің соңғы жылдарын Ақан
серінің күнделікті қарапайым тіршіліктен оқшауланып құс салып, тазы жүгіртуге бір жола көшіп,
жалғыздықта өткізгендігі суреттелген. Осынау əрі ақын, əрі композитор, əрі əнші ғажайып адамның
қазақ əдебиетіндегі бейнесі роман мен драманың, поэма мен көптеген өлеңдердің дүниеге келуіне
негіз болғандығы көрсетілген.
Кілт сөздер: айтыс, ақын, жер, халық, ілтипат, жүйрік, құс, əн, науқас, тағдыр, өмір, шығарма, мұра.
Кіріспе
Ақын шығармашылығында айтыс едəуір орын алған. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс
өлеңдерінің бірі — «Жүсіп төреге» (Тəкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі).
Сері Орынбай, Қожамбек, Нұркей, Тезекбай, Мұқан, Ғалиянұр, Əділ сияқты ақындармен сөз
бəсекесіне түскен. Өкінішке орай, Орынбай, Нұркей, т.б. он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері
ғана сақталған.
Толығырағы — Нұрғожамен айтысы.
Серінің Нұрғожа ақынмен айтысуы
Ақан сері Қорамсаұлының Нұрғожа ақынмен бірінші айтысы келесідей [1; 190–192]:
Р.С.Каренов
84
Вестник Карагандинского университета
Ақан:
Нұрғожа, жұрттан асқан шешенсіз бе?
Əлі де ел бастаған көсемсіз бе?
Алаш емес бауырлас серіктесім,
Данышпан, бұлбұл көмей есенсіз бе?
Шығарсың айтысуға жауап сайлап,
Байқайын сөз жобасын бек фарықтап,
Болжамай алды-артыңды күштісінбе,
Сізге болса ғанибет, бізге сүннəт,
Мен бір тауық тарысын
теріп жүрген,
Талайлар біздің елге келіп жүрген,
Сен сияқты кездескен ақындардың,
Керегінше сазайын беріп жүргем.
Əуелі сыйынайық бабамызға,
Айтқан сөзден кешегі танамыз ба.
Сырттан ғайбат сөздер
айтқан болсақ,
Жүгінейік хазіреттей данамызға.
Нұрғожа:
Бір жүрген əр орында Маргуф Кəлəм,
Таусылмас жалғыз хаққа
майди сəнəм.
Көрмегенге бір талай заман болды,
Дарынды, Ақан аға, бізден сəлем.
Сөзімді тыңдаушы едің мейрің қанып,
Бұл жолы қатулысыз маған нағып,
Нəпсінің һауасына һауаланып,
Шөлмек боп бір жүрміз ғой
дауыл қағып.
Молдаға Наурыз деген жамандапсыз,
Сонда да ешбір нəрсе таба алмапсыз,
Ит аулақта жүргенде ғафыл болып,
Келерін Нұрғожаның баға алмапсыз.
Пірадар жан екенсіз əфли салық,
Тотыдай фəруəз еткен күйге салып,
Бел байлап тəуекелге атқа міндік,
Мəшһүрден аянбассыз қапы қалып.
Біз жүрміз тəуекел ғып осы жайға,
Жеткізер тəңір қосса бір талайға.
Көңілді хош жасайтын хақтың ісі,
Сəлем айт Зікірбай мен Шалабайға.
Алламен кім таласар берген баққа,
Отырар патша болған алтын таққа,
Бекəлі қажы асына бір барармыз,
Түнерміз, намаз оқып зияратқа.
Ақан:
Ғалым болсаң қанекей тиіп қара,
Жаныңды аямасаң күйіп қара,
Зардабы ғалымдықтың өткен шақта,
Боларсың оқ тигендей неше пара.
Пайғамбарға Хайролла мақұл деген,
Жақсы сөз имандыға жақын деген.
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
85
Сұрамай-ақ жүзіңді танып тұрмын,
Сен емес пе Нұрғожа ақын деген.
Елді жаудан қорғаса батыр деген,
Ер қадірін білмесе қатын деген.
Көпірмелі көп сөзді ақындарды,
Тағып жүр жақсылардың атын деген.
Нұрғожа, таныс болдық бірден көріп,
Құрметпен бір жұмадай қасыңа еріп.
Елге келген құдайы мейман ғой деп,
Біріндей Сүйіндіктің болдым серік.
Ғылымның бізге Құдай молын берсін,
Жайнаған Фердауыстай ұлын берсін,
Дұшпанын əр уақытта жеңе білген,
Хазірет Шахимардан жолын берсін.
Достыққа көңіліңді бағындырдың,
Бойыңа қару-жарақ тағындырдың,
Ауруларды емдейтін дауасындай,
Бұл жолы мені өзіңе табындырдың.
Нұрғожа:
Мен бардым əдейі іздеп Шалабайға,
Сол үйден қанбай қайттым
ішкен шайға.
Дұға деп бір теңгені беріп еді,
Оны алмай махрұм болып
тұрдым жайға.
Ризықсыз пенде жерді баспайды екен,
Иманды құл ғылымнан
қашпайды екен,
Жол түсіп біраз жерді шарласам да,
Табысым бір теңгеден аспайды екен.
Ішінде қара қостың көп отырдым,
Табыс, пайда болар ма деп отырдым,
Еш табыстың болмасын
сезгеннен соң,
Қайғы-қасірет ішімнен жеп отырдым.
Мен келдім Құдай айдап
осынау жерге,
Кез болдым қайыры жоқ надан елге,
Бəленбайдан Түгенбай артық дейді,
Туыпты Жанғожадан боқтан өзге.
Гəуһардың бір сынығы асылдайын,
Кісіге қорғалақтап бас ұрмаймын,
Алдамшы сөзге тұрмас залымдарға,
Мен нағыз көктен түскен
жасындаймын.
Қуандық, Сүйіндіктен жалғыз шықтым,
Жел сөзге қорғалақтап қашан бұқтым.
Кепілге бүкіл елді жисаң-дағы,
Талайдың арамдығын көріп соқтым.
Ақан:
Қанбадым деп кейіпсің ішкен шайға,
Көтере алмай құсыпсың жеген майға,
Молдығы бұл елімнің дариядай.
Р.С.Каренов
86
Вестник Карагандинского университета
Есіңе сенің түспей ме, сараң елің,
Шыныңды айтшы, ақыным, осындайда.
Менсінбес Абылайды күшің қандай,
Алты ұлы бірдей соғар найзағайдай,
Күш санасқа бармай-ақ жүрмеймісің,
Ел жұртыңды аралап ала жаздай.
Құт орнаған елім бай қарашамын,
Алтын бесік елімде жарасамын.
Орта жүздік біздің ел үлгісінде,
Қай атаға бөлсең де таласамын.
Тіліңе татыр болса байлатармын,
Өнерін Орта жүздің сайратармын,
Шариғат дəлелімен мойныңа сап,
Көтерместей жүк артып
қайтарармын.
Пиғылың Еблістің пиғылындай,
Мінезің сайқал қатын қылығындай,
Қарта ойнап, карол,
мəтке жинасаң-дағы,
Басармын көзөрнаймен
былығыңды-ай.
Тағы да сөз бастайын сеніп хаққа,
Салыпсың сергелдеңді екі жаққа,
Шалабай, Сералыға өсек тасып,
Жүрмісің батамын деп рахатқа.
Баласы Шорман бидің мырза Мұса,
Ер жігіт бақытты ғой сондай туса,
Орынсыз жамандайсың
Шорман тегін,
Қайтер ең олар сені елден қуса?
Еріп жүрсің Тəшкенттен
келген сартқа,
Ғайбаттап сөз айтасың асыл затқа,
Саудагерді мақтайсың күнің үшін,
Мұның қайшы келмей ме шариғатқа.
Хазірет болған əділ шариғатқа,
Мұсаны қалай қостың жаман атқа,
Шорманның Садуақасын тағы қосып,
Ғайбатпен түспейсің бе жеті шартқа.
Айтқанмен жұрт ала ма елтифатқа,
Алла əмірі жөн берсін сен бейбаққа,
Мырза саған Мəшһүр деп ат қойыпты,
Орынсыз ілініпсің сен қармаққа.
Бұл елде тиісем деп əр қазаққа,
Денеңді түсірерсің жарақатқа,
Айтыспай-ақ қой десем тіл алмайсың,
Жата ма бұл мінезің парасатқа.
Тəуба қыл, көңіліңді қой ғибадатқа,
Ден қояр келді кезек насихатқа,
Бар пəле тілден келер дегенді ескер,
Əйтпесе ілінерсің жез қармаққа.
Сен алыстан лепірме шам-шыраққа,
Дұшпан боп көрінді жұрт
сен ақымаққа,
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
87
Бұл ақындық қиялыңның ауысқаны,
Тезірек бұрылмасаң біздің жаққа.
Ақан сері Нұрғожамен (Нұрғожа-Мəшһүрмен) бір жиында кездесіп қалып қайтадан айтысады
[1; 192–194]:
Ақан сері:
Мəшһүрдей мен өлеңге болсам зирек,
Мəшһүр аршын болғанда
біздер ширек.
Көкпарға топтан озған теңелмеспін
Бəйгеге қосқанменен мені сүйреп.
Оңаша мен жатырмын бір тар үйде,
Көңілім осы күнде əрбір күйде.
Бұл жерде іркілмей-ақ сөйлер едім,
Мəшһүрдей өлең білсем, əттең, дүние!
Өлең десе Мəшһүрдің тілі майда,
Жігіттің бəрі бірдей болу қайда?
Қиналғанда қол ұшын берер болар,
Сіз енді ініңізге тигіз пайда.
Біраз күн бұл Мəшһүрге болсам серік,
Үйренсем əрбір өнер қасына еріп,
Аузыма құдай үшін бір түкірші,
Қолыма қара сия, қалам беріп.
Нұрғожа-Мəшһүр:
Шырағым, өлеңдеттің əуел баста,
Жігіт жоқ өлең айтқан сенен басқа.
Қолға алып жалғыз мені хан көтерме,
Өнерлі кісі жоқ па менен басқа.
Өлеңді айта аламын ойлай берсем,
Түрлі өнер үйретейін қасыма ерсең,
Көп айтып мен өлеңді не қылайын,
Жол қылып ағаңызға кəде берсең.
Ақан сері:
Арқардай тау басында тұрысыңыз,
Тұлпардай дүбірлеткен жүрісіңіз,
Ханның да ісі қараға түсер дейтін,
Ініңізге түспей ме бір ісіңіз?
Тигізер əркім пайда шама келсе,
Табылар өлең шіркін көңіл желсе,
Менің бетім раушандай болар еді,
Дұғасын Мəшһүр ағай маған берсе.
Есімің сіздің бүкіл жұрттан асқан,
Шығарған өлеңіңіз талай дастан,
«Атаң басы» дегенің ауыр тиді,
Тұлпардың тұяғы едім,
мен де саспан.
Өзімде болмаса да затымда бар,
Жақсымен ата-бабам араласқан.
Сен тұрымтай болғанда, мен жағалтай,
Иншалла тұрымтайдан тіпті саспан.
Құдай деген құр қалмас деген қайда,
Тастап жібер қолыңда тұрса аспан.
Өзін-өзі мақтаған өліммен тең,
Р.С.Каренов
88
Вестник Карагандинского университета
Құр орынсыз болмаңыз
Рүстем-Дастан.
Жүруші ең өлең айтып əрбір топқа,
Орынсыз тіл тигізген — жанар отқа,
Айттың ғой айтарыңды ағалықпен,
Насырға шаба бермей енді тоқта.
Нұрғожа-Мəшһүр:
Шырағым, əлденеден қылдың талап,
Отырмын бағанадан саған қарап,
Шешіліп сақау тілің кетіпті ғой,
Берейін садақаңды бір-бір санап.
Дұға алсаң қызмет етіп
тиер пайдам,
Соқтықтың маған келіп əлдеқайдан,
Баласың жаңа ғана тілі шыққан,
Менімен айтысуға халің қайдан.
Жаратқан баршамызды Хақ тағалам,
Кемелдің ауылында кірді санаң
Кісісіне жолықпай жүр екенсің,
Берейін сыбағаңды саған, балам.
Қу ілген айдын көлдің сұңқарымын,
Дабысы жерді жарған тұлпарымын,
Сені, əншейін, жаныма
қосшы қылдым,
Əйтпесе, пір тұтатын сұлтаныңмын.
Сабырсызды əрқашан қояр шетке,
Айтысуға келсеңші бетпе-бетке.
Мені кеп тұрымтайға қосақтадың
Жеткіздің сүйегіме, батып етке.
Айтыссаң мұнан былай ышындайын,
Бір соқпай топшыңды
мен басылмайын
Түйілсем тұяғыма тас шыдамас,
Дəл саған көктен түскен
жасындайын.
Сен қалай айтысасың меніменен,
Бес сөзді əрең таптың күніменен,
Кісідей ауру баққан ұзай алмай
Қашанғы отырамын сеніменен.
Өлеңді мен де айттым
аттай шауып,
Жаңбырдай нөсерлете селдей жауып.
Атаңды атамменен теңестірсең
Кетермін жеті атаңнан
бір мін тауып.
Ақан сері:
Ежелден жүруші едім сізді жақтап,
Жақсы адам сөйлеcеді сөзге тоқтап,
Дұғасы біреуінің тие ме деп
Өзіңдей жақсыларды жүрдім мақтап.
Ақындық атың шыққан бала жастан,
Сырыңның бəрін білем өткен бастан,
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
89
Аспаннан жасын болып
түссең-дағы,
Қалармын есен-аман Құдай сақтап.
Ақиық айналады Орал тауын,
Шешілді маған деген ұзын бауың,
Сыпырып томағаңды алсаң-дағы,
Жыртылар тұяғымнан нақ жемсауың.
«Хақ тағалам» дегенің анық дұрыс,
«Тарқап санам» дегенің
нағыз бұрыс,
Орыс атын Аллаға ұйқастырдың,
Ақын түгіл наданға ұят жұмыс.
Молдасы бұл заманның
торпақ молда,
Аят пенен хадиске шорқақ молда.
Діннің сөзін дұрыстап білмесе де,
Садақасына өліктің ортақ молда.
Нұрғожамен айтысында Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады («Құт орнаған елім бай қарашамын,
Алтын бесік елімде жарасамын»). Сері ақындық өнерді қадірлейді («Мен бір тауық тарысын теріп
жүрген, Талайлар біздің елге келіп жүрген, Сен сияқты кездескен ақындардың, Керегінше сазайын
беріп жүрген»). Осы айтыста ол туған жерді, халықты мақтан етеді («Бұл елде тиісем деп əр қазаққа,
Денеңді түсірерсің жарақатқа»).
Ақан сері мен Мəшһүр Жүсіптің
сөз жарысы
Ақан сері кезінде Мəшһүр Жүсіп Көпеевпен сəлем хат арқылы айтысқан [2].
Ал, қазақтың халық əдебиетін жинап, насихаттаушы Ғаббас Омарұлы Елеусізовтің мұрағат
қорынан алынған, бұрын жарияланбаған Ақан сері мен Мəшһүр Жүсіптің Шыңғыс сұлтанның үйінде
отырып, оны мақтаған айтыс өлеңдері мынадай [1; 189, 190]:
Мəшһүр:
Ғыззəтлу, я хұрмəтлю жаздым сөзді,
Бек артық көрдім сізде дана көзді.
Өзімнің хал-хадірім жеткенінше
Айтайын бек мадақтап енді сізді.
Өзгеден затың артық сəруəр гүлім,
Ағылды сізді көріп менің тілім,
Сүйейін сізден артық енді кімді,
Бар болса тіл мен жақтан,
сүйер жерім.
Нұрың бар асып тұрған
барлық жаннан,
Нəсілің болған сіздің
Абылай ханнан
Сипатың, салтанатың, болған тегің,
Ұқсайсың періштеге атқан таңнан.
Сағымнан пайда болған арғы тегің,
Мақтауға қалай келмес менің ебім,
Дəріптеудің түрлерін айтсам дағы
Тіл байлығым жетпей тұр,
кемеңгерім.
Р.С.Каренов
90
Вестник Карагандинского университета
Ақан:
Төренің шыққаны рас басқа ханнан,
Асыл болып туыпты басқа жаннан,
Шежіреде арғы тегі тарайды екен,
Сағымнан пайда болған Шыңғыс ханнан.
Төреге сəлем бердік мейман болып,
Мүбəрəк шаттанамыз жүзін көріп,
Махметпен, Қозкен, Қоқыш,
Жəкенің бар,
Бірің хан, бірің сұлтан, бəрің берік.
Болғанда бірің болат, бірің балға,
Бірің бал, бірің шекер, бірің алма,
Бірің лашын, бірің сұңқар,
бірің тұйғын,
Қалайша теңгеремін жалпы жанға.
Қоқыш-ау, Тəңір берсе
қонар бағың,
Шаһизаттың баласы ең арғымағым,
Басында, ақырында
Шыңғыс болып,
Үзілмей келе жатыр алтын тағың.
Көріп ем нағашыңды салтанатты,
Көп нөкер жанына ерген
жамағатты.
Қасында інісі мен балалары,
Құдай артық жаратқан қолқанаты.
Мəшһүр:
Мақтауыңның бастысы
шоқпар, балға,
Бұл сөзің теңеу болмас
шекер, балға,
Ханыңды арғымақ деп
малға теңеп,
Төреңді де теңепсің хайуан малға.
Жеткізіп айта алмайсың
білімің шолақ,
Оқытар ем тіліңді үш жыл бұрап.
Бұл жерде қайтарам деп
қаға алмайсың,
Қайта өзің жығыласың жарға құлап.
Хан болған Абылайдай үлгілім-ай,
Үш жүздің баласына белгілім-ай,
Жеті ағасы, жеті елге хан боп өткен,
Оза шауып бəйге алған
дүлдүлім-ай.
Ақан:
Мақтаудың жөні осылай асыл заттың,
Жөніне түсіп алдың біздің хаттың.
Біздің сөз сіздің елге жөн көрсетіп,
Мақтауын Абылай ханның
жаңа таптың.
Иншалла, ұстаз болдым
құрбым саған,
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
91
Көрмесең де білесің бізді тəмам.
Сіздерге сөз тəртібін көрсетейін,
Əдепсіз жауап жаздың
не үшін маған.
Балғадай əмір еткен Абылай хан,
Сом темірдей соғылған
əр түрлі жан,
Ханнан тыю көрмеген
жан бар ма екен,
Алаштың үш баласы дін мұсылман.
Сөз жеткенше мақтадым үлгіліңді,
Мақтадым Мұса мырза бұлбұлыңды.
Арғымақты қаққанмен
жай қалмайсың,
Қоқышқа мінгізіпсің дүлдүліңді.
Бізге жауап беріпсің алыс жерден,
Сөзімді хан, қараның бəрі көрген.
Шыңғыстың ақын ұлы,
Мағзұм атты,
Қашанда болар іске уəде берген.
Болмай ма пəтуаға тоқтарыңыз
Жоғалды бізге арнаған оқтарыңыз,
Сілтеудің мағынасын білмеген соң,
Тимей ме, өз басыңа шоқпарыңыз.
Ақан серінің Орынбай ақынмен кездесуі
Белгілі ақын Кəкімбек Салықовтың Ақан сері мен Орынбай ақынның кездескені туралы ел
аузынан жазып алған дерегі көңіл аударарлық [3].
Бір жиында көрші үйден ащы да əсем əн шығып, атақты Орынбай ақын құлағын түре қалады.
Əншінің дауысын танып, өз баласы Омар екенін сезіп, бата берейін деп жастар отырған үйге кіреді.
Омар əндетіп отырғанын тыя салып, түрегеліп əкесіне сəлем береді. Орекең: «Асығыспын, əлгі əніңді
қайтадан айтшы», — депті баласына. Қызып отырған Омар көп тостырмай шырқай салып: «Баласы
Орынбайдың атым Омар, Айдалаға бітеді шірік томар», — дей бергенде, Орекең шартпа-шұрт
ашуланып: «Айдалаға бітеді шірік томарың не? Əу, дегенде аузыма иман толар, — демейсің бе?
Өлеңдете бер, бірақ саған бата жоқ», — депті. Орекең жиын топқа оралғанда Ақан шырқай жөнеліпті.
Ақан:
Ореке, қызық екен танғандығың,
Еске түсіп жүрмесін алғандығың.
Белгілі болып қалды осы жерде,
Дін емес, табиғы үшін барғандығың.
Орынбай:
Туыпты бізден бұрын Адам Ата,
Бір Алладан басқада болар қата.
Мен өзім табиғыны тастап едім,
Қайтпақшы едім өз балама беріп бата.
Ақан:
Ореке, сіз ишанға бардыңыз ба,
Иə естен, иə ақылдан тандыңыз ба?
Балаңызды бұл жерге шақыртсаңыз,
Жүгіріп келмес пе еді алдыңызға.
Р.С.Каренов
92
Вестник Карагандинского университета
Сол кезде төрде отырған төрелер мен молла, қажылар шуылдасып: «Орекең жеңді!» — деп
шуылдап, алақай салыпты. Сонда Ақан қиядан құс ілген қырандай саңқ етіп, жауабын шұғыл бастап
кетіпті.
Ақан:
Бір сөзім Орекеме салмақ болды,
Жəйіңді іліндірген қармақ болды.
Төрелер, сөздеріңіз үйлеспейді,
Бірің шүршіт, біреуің қалмақ болдың, —
деп заулатқанда шуылдаған төрдегілер су сепкен оттай дереу басыла қалып, Ақанға таңданыпты.
Кемеңгер ақын Орекең орнынан атып тұрып: «Сап, сап, ағайын; сап, сап, төрелер», — деп Ақанды
бетінен сүйіп, екі қолын жайып батасын беріпті.
Орынбай:
Иншалла, інім ерен жан екен ғой,
Жас та болса бас болар нар екен ғой.
Тəңірім жарылқасын, қалқам Ақан,
Ат тұяғын басар тай бар екен ғой,
Əумин!
Сонда Ақан Орекеңнің кемеңгерлеріне дəн риза болып рахметін айтқандай ілтипат білдіріпті.
Ақан:
Бақ жанса біз де Сіздей нар боламыз,
Қалайша кемеңгерге пар боламыз.
Басың бұлбұл, аяғың дүлдүлім-ай,
Бір күні тап осыған зар болармыз.
Орынбай:
Баласы Бертағының Орынбаймын,
Көненің кең сабада қорындаймын.
Алла жар боп, Ақанжан, есен-сау бол,
Жас тұлпар шабысыңды мойындаймын, —
деп сөзін тұжырымдапты.
Ақан сері, Ысмағұл, Шаймардан арасындағы сөз жарыстары
1965 жылы жарық көрген «Айтыстың» екінші томында Ақан сері, Ысмағұл, Шаймардан
арасындағы сөз жарыстары келтірілген [4; 103–109].
Ысмағұлдың Ақан серіге жазғаны:
Дүние пайда бермес ешбір жанға,
Болған да би мен төре, патша, хан да,
Тіршілік адамзатқа аз ғана күн,
Ұқсайды дүние шіркін жанған шамға...
Қадірлеп айтып өлең қағаз жаздым,
Баласы Қорамсаның Ақан салға.
Құрметтеу бағдында жазған намам,
Саламат күйлісіз бе есен-аман?
Атаңыз қыдыр қонған бай кісі екен,
Күнінде ойға алғанын еткен тамам...
Ақылың парасатты жарқын жансың,
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
93
Қайтейін қылып жүрген ісің надан.
Өлем деп ахиретті ойламайсың,
Сықылды көрінесің қалған шабан.
Жалғанда қылғаныңды есепке алып,
Періште жоқ дейсіз бе жазған намаң?
Жиналса қиямет күн ғалам халқы,
Ұялып пиғылынан тұрған жаман.
Данышпан сөз жазғаным, білімді Ақан,
Құдайым шешен қылды тіліңді, Ақан.
Бұл сөзім айбатлыққа қосылмайды,
Айтамын көзбен көрген шынымды, Ақан.
Ақылым саған айтқан осы сөзім,
Жазды деп өкпелеме мініңді, Ақан.
Сөйлейді қас күлдіріп, дос жылатып,
Жек көріп айыпқа алма ініңді, Ақан.
Ісіне дүние-ақырет ұқсатпаймын,
Жалғанда жүріп көрген күніңді, Ақан.
Қыз мақтап, қымыз ішіп, ысырап қып,
Жұмсайсың керексізге білімді, Ақан...
Періште пиғылыңнан жауап алса,
Əл бар ма, шығаруға деміңді, Ақан.
Артта ізің сол уақытта адыраяр,
Құйындай білдірмейтін жыныңды, Ақан.
Əңгіме кеудең толған асыл, Ақан,
Гүлстан қазан ұрған бəйтеректей,
Заманың өзгерілген, басып Ақан,
Тіршілікте қияметтің қамын ойла,
Басыңа əр мүшелің масыл, Ақан,
Сұрасаң менің атам Бай Қодыға,
Бақ берген төрт түлікке сай Қодыға.
Ойлаған мақсатына қолы жеткен,
Ішінде тамам жұлдыз Ай Қодыға,
Жесірін аға сұлтан тартып алған,
Бұл істі қыла алмайды жай Қодыға.
Бабамның қолы жеткен ұшқан құсқа,
Сөйлейін мұқтасар қып сөзді қысқа,
Жасым бар жиырма екіде, жылым тышқан,
Ысмағұл менің атым алсаң нұсқа...
Өлеңді көп сөйледім сенен де артық,
Құрбыдан тəңірім жар боп кеттім артып,
Білген соң дүние жолдас болмастығын,
Тоқтаттым Құдай айлап, ойды тартып.
Бермейді жанға пайда ақындығың,
Жалғанның білемісің жақындығын.
Өмірің тіршілікте қырық күн болса,
Рахаты адамзатқа бір-ақ күннің,
Күн өтер отыз тоғыз қайғы менен,
Ішінде жақсы-жаман айбыменен,
Рақат жалғыз күннің өзін таппай,
Қорқамын өте ме деп қайғыменен.
Р.С.Каренов
94
Вестник Карагандинского университета
Ақан серінің қайырғаны:
Жақсының болдым жолдас данасына,
Үш жүздің сөз жібердім арасына.
Ақылсыз ақымақтың бір мінезі,
Өзінің қарамайды шамасына.
Елге бас ұйтқы болған асылдардың,
Жүрмейді кімдер сиып панасына.
Жылында мың тоғыз жүз сол екінші
Атбасар сөз жібердім қаласына.
Молдасы волосной Қызылкөлдің.
Ысмағұл бай Қодыға баласына.
Алматы күллізағы дегендейін,
Көтерген өзін өзі жараса ма?
Дүниеден Қарын-дағы (аңыздағы Қарабай) бай боп өткен,
Жеріне ойына алған қолы жеткен, '
Малынып хайыр ахсан бермеген соң,
Жер жұтып, ғазап тартып, мехнат шеккен.
Атаңыз қайлықпенен хаж барды ма?
Махшарда қайырсыз мал зиян еткен.
Атаңды мақтаймын деп Айға ұқшатып,
Жүрмеңіз діннен шығып бұл реттен.
Атандым Ақан сері мен жасымнан,
Олəят жеті ықылымға даңқым жеткен.
Алғайбаты ашылды миназзина (ғайбаттау зина қылудан жаман).
Ғайбатлап өлең жаздың не себептен?
Дүниеде мені қылды таған Ақан,
Ақ көйлек албырт мінез, адал Ақан,
Ехқам (шариғат ережесі) шариғаттан түк білмейсің,
Үйретсін ғылым жайын саған Ақан.
Менмендік, тəкаббарлық дұрыс па екен,
Түсірер ақылыңа ағаң Ақан.
Басшысы ғазазылдың, ту Ысмағұл,
Су жұқпас құттан шыққан, қу Ысмағұл,
Зиянсыз мұсылманды шағып алдың,
Заһарлы ақ жыландай, у ЬІсмағұл.
Тұрмайды шіріген дүние қалыбында,
Атаңа біткен дəулет, ну Ысмағұл.
Ер жетіп, атқа мініп, сен өскен соң
Болды ғой дəулет ғайып, су Ысмағұл.
Ғайбат айтқан ауызда тазалық жоқ,
Болды ғой аузың харам — жу Ысмағұл.
Шұлғанып дастарханды аяғына,
Қадірсіз болды ахмақ бұл Ысмағұл.
Ет десе-ақ өңмелеңдеп жүгіресің,
Деп айтса бəрекелді шүу, Ысмағұл.
Сықылды арамзада пиғылың бар
Анаңыз көрген шығар, ду Ысмағұл.
Үлгілі сөз шығады сабырлы ерден,
Өнерді артық қылып тəңрім берген,
Білгенсіп шариғаттан сөз айтасың,
Келіп ең хатым қылып (бітіру) қайсы жерден.
Тамұқты жаратып па менің үшін,
Тудым ба сорлы болып тамам елден?
Сұрауға сауал болмай өз басыңнан,
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
95
Мақтандың кісідей-ақ барып келген.
Қайғы қып, маған бола жаның ашып,
Ұжмақты əулиедей көзің көрген.
Билігі сол ұжмақтың сенде болса,
Кісіге үлестірші қасыңа ерген.
Почтамен маған бола жазған хатың,
Көрдім деп екі дүние рахатын,
«Қодыға менің əкем жылқысы көп,
Ысмағұл волосной — дейсің — атым».
Сыртынан Қодығаны естуші едік,
Сасық қара деуші еді арғы затын.
Тегіңде ишан бар ма мүрит шыққан,
Мүһміннің (мұсылманның) əлін байқап, ашқан батын
(ішкі сырын ашқан).
Құранда жеті əріп жоқ қай аятта?
Тауып бер сен ғылымды қылсаң хатым.
Рас қой — сенің əкең бай Қодыға,
Ат емес, айғыр емес, тай Қодыға.
Қодығадай Қодыға толып жатыр,
Жүргенің сенің айтып қай Қодыға?
«От басар ойнақтаған» деген нақыл,
Ақылсыз, қадірің кетер, болма бала.
Омбыда патша келіп болған жиын,
Қалдырмай бəрін тегіс болыс, биін.
Министр, губернатор, советниктер,
Бас қосып, мəжіліс болған ұлы дұйым,
Николай император құзыретіне
Сөйледім бұл қазақтың жайы-күйін.
Ұнатып ол шаһ затта біздің сөзді,
Хош көріп, алтын медаль қылған сыйын.
Сен соның бəрінен де артық па едің,
Жай жүру керек еді болса миың.
Мышынбаев Сыздық деген азамат Ақан серінің қайтарған жауабын Ысмағұлға апарып беріп:
«Мұны Ақан емес, Шаймардан жазыпты» деп шағыстырған. Ысмағұлдың Шаймарданға қайырған
жауабы:
Алдың ба болып мағрор (масайраушылық, алданушылық) бұл заманға,
Опасыз баяны жоқ ешбір жанға,
Ақылсыз аз нəрсеге мастанатын,
Қоспаймыз ақымақты адам санға.
Ақанға қастап өлең жазып едім,
Салсын деп мұсылмандық жанын қамға,
Бір қағаз реті жоқ келіп қалды,
Осыны кім жазды деп қалдым таңға!
Білінді қардан ізі қарақшының,
Анығы бек қуандым табылғанда.
Ұрланып бір некесіз араға кеп,
Қып-қызыл малған екен қолын қанға.
Көріп пе ең мұнан бұрын қырдан асып,
Бұл сөзім тыңдағанға болсын машық (айқын, түсінікті).
Баласы Балабектің сен емессің
Қарасам тұқымыңа анықтасып.
Тап берген жаман сəурік енесіне,
Мен жазсам бір жүйрікпен қарсыласып,
Р.С.Каренов
96
Вестник Карагандинского университета
Ұрланып Ақан болып жазып отыр,
Белгілі бір Шаймардан деген пасық.
Ұрланып бұл қағазды жазғаныңша,
Бір келіп көрінсейші бетіңді ашып.
Сөйлесең баян етіп ата тектен,
Бізге кеп соқтығасың, есі кеткен.
Бұлайша араға кеп қосылар ма ең,
Ақиқат туған болсаң Қиямбектен.
Немесің дүбреншік (əзəзіл) арамзада,
Сөйлейсің ақымақ болып алып беттен,
Ақан боп маған ұрлап өлең жазып.
Шырағым, соқтығасың не себептен?
Шаймарданның қайырғаны:
Қолыма мүмкін болса алдым қалам,
Əр түрлі жан жаратты хақтағалам.
Бағұзұр (тыныштық) тыныштықта жатқанымда,
Бір қағаз реті жоқ келді маған,
Қыршаңқы қотыр түйе секілденген,
Білмейтін əдеп-ұят неткен адам!
Тек жүрген бай болады деген қайда?
Жайыңа жүрмедің бе, байғұс надан!
Құйрығын жатқан жылан өзің басып,
Биікке қол создың ба келмес шамаң?
Не таптың, қу Ысмағұл, өлең айтып,
Сол пайда ата жолын қусаң саған.
Кəсібім өлең менің емес еді,
Болмады сөйлемеске енді шамам,
Опасыз дүниені əркім білер,
Ақымақ жай білмеген елді мінер.
Өнерлі, мықты болсаң, соны мақта,
Сол Мейрам ұрып, саған салған шідер.
Айтасың шікессін (көлденең туған деген мағынада) деп əйелдерше)
Үздім ғой сол себептен сенен күдер.
Кешегі Ысмағұлсың қолымдағы,
Ақмаққа қарамаймын жолымдағы.
Қодыға теңелген жоқ атамызға,
Жеңілсем енді сенен сорым-дағы.
Ел баққан жеті атамнан саятшымын,
Сен менің таңбалымсың торымдағы.
Көгендеп Мейрам мырза дүре соққан,
Өзің айт, өтірік пе соның-дағы?
Көрсетші, көп ішінде тəніңді ашып,
Таңбасы біткен бе екен жоныңдағы?
Сал туған Сүйіндіктен Мейрам асып,
Ашуын қолмен алған, мауқын басып,
Жем қылып, жорға-жүйрік атыңды алып,
Малыңды тоз-тоз қылған судай шашып.
Көрініп əбиірің түстік жерден,
Төрт-бес үй келіп едің маған қашып,
Адам ғып ел сəніне қосып едім,
Болған соң түбім бірге көңілім жасып.
Тұзымды, кəдір біліп ақтадың ғой,
Ит үрмес, иесіне қарсы адасып...
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
97
Бұл айтыс Қазақстанның Ғылым академиясының Орталық кітапханасынан алынған (папка 32-д.)
[4; 635].
Ақан серінің ноғай молдасымен қақтығысуы
Бір жиында Ақан сері Ғалиянұр деген ноғай молдасымен айтысады. Ақан молданың орақ
мұрнына тиісіп сөз бастайды. Ноғай молда: «Мен орақ мұрын болсам Пайғамбар да орақ мұрын
болған», — дейді. Сонда Ақан суырыпсалып мынадай бір шумақ өлеңмен молданы жеңіп кетеді:
Мұхаммед Құдай досы, Пайғамбары,
Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бəрі.
Пайғамбардың сипаты сендей ме екен,
Орақ мұрын, шегір көз, ақжал сары.
Ақанның өткірлігі, мұрнын мақтан еткісі келген молданы мазаққа айналдыруы сері өмірбаяны
үшін аса қызықты дерек.
Ақынның қимас өмірлік серігіне айналған
сəйгүлігі мен қыран құстарына арналған əндері
Ақан сері тек ақын, əнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ол сүйікті досына, қимас өмірлік
серігіне айналған сəйгүлігі мен қыран құстарына арнап, музыкалық мазмұн жағынан бай, кербез де
күшті «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет» атты əндерін шығарған.
Ілиясқа жүгінсек, Ақанның ең аяулы əңгімесі Құлагер емес пе? Шапқан жері ор болып қалатын,
бəйгеге қосқан елін дəйім шаттандырған, баспа-бас қызға бермес жануар — тұлпар Құлагер.
Дүниенің бар байлығымен бірдей көрген Құлагерін баспа-бас қызға да бермегені рас Серінің. Өйткені
кемінде сегіз жыл тақымына басқан Құлагер ардагер иесіне жер-көкте жоқ қуаныш сыйлағаны
белгілі.
Құлагер жетелеп жүргенде жүйрік атқа ұқсамайды екен. Сол жүрісінің ырғағымен Ақан
«Маңмаңгер» атты тамаша əн шығарған. Бұл — жұмсақ, нəзік, кербез əн. Аздаған мұңы да бар.
Кезінде көзі тірі қарттардың айтуына қарағанда, Аққошқар Сайдалының асынан бас бəйгені
алып көңілі өсіп, шалқып келе жатқан Ақан шырқатып, құбылтып, осы гүл-гүл жайнаған
«Маңмаңгерге» [5] салған екен:
Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда.
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.
Маңмаңгер, əн қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, Маңмаңгермен келе жатып,
Осынау əн күйіндіріп түсті есіме.
Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.
Кісідей анау-мынау жалтару жоқ
Ақ көйлек, дүрия бешпет сəулем қайда.
Иə, дəл мұндай ерке назды, толықсыған сұлу əнмен аялаған, ардақталған ат жер-жаһанда бар деп
айта алмаймыз. Сондықтан Құлагерді өлтірушілер, бір жағынан, жүйріктеріне бой бермейтін өреннен
құтылғысы келсе, екіншіден, Серінің жығасын жыққысы келді.
Олар өз мақсаттарына жетті деуге болады. Құлагердің өлімі Ақанның өмірінде үлкен соққы
болды. Тұлпардың өлімі ақынның жанына жара салды, əншіні рухани жағынан біраз əлсіретіп
тастады.
Қаншама қартайып, пайдадан қала бастаса да, Ақанның қолында көп жылдар болып, талай-талай
қуанышқа бөлеген Көкжендет атты қаршығасы бірде ауылдан желге қарай ұшып кеткенінен қайтып
Р.С.Каренов
98
Вестник Карагандинского университета
келмейді. Ақын қаршығасына арнап əн шығарады. Ол əн «Көкжендет» атымен халық аузында қалады
[6; 72]:
Көкжендет, тұрғың еді маржандаулы,
Ағаш үйде тұрушы ең асыраулы.
Шалшықтан алақанат шабыр ілген
Болсаңшы Көкжендеттей мұндар шəулі.
Көкжендет, сені салдым дабыл қағып,
Мойныңа əшекейлеп тұмар тағып.
Колда өскен кішкентайдан, Көкжендетім.
Көз жаздым қарап жүріп сенен не ғып?!
Көкжендет, салдым сені өзенді өрлеп,
Кербесті қойды сонда көзі терлеп.
Намазшам, намаздігер арасында,
Ілуші ең қаз бен үйрек кезек-кезек.
Сусылдап сұқсыр үйрек ұшса кешке,
Түседі Көкжендетім сонда еске.
Қарасам оң қолымда қаршығам жоқ,
Жүгірем сонда келіп Қазыкөшке.
Көкжендет, аққу да алдың, тырна да алдың,
Қайырып Көкжендетті қазға салдым.
Кыранын қаршығамның мен айтайын,
Бір күнде үш жүз алпыс үйрек алдым.
Көкжендет, мойның ұзын, қанат қысқа,
Құс бар ма Көкжендеттей осы тұста.
Қаршығам кетіп еді желмен бірге,
Бір жармес бауыр басып жүр ғой құсқа.
«Көкжендет» алтын қордың төрінен орын алатын шығарма. Өйткені бұл туындысында ақын
өзінің бір кездегі қызығының бірінен, өзіне азық беретін жайлардың бірінен айырылып қалғандай,
адам жанының жырын жырлайды. Сондықтан да «Жалбыр» операсына енген ондаған əндердің ішінде
«Көкжендет» те бар.
Ақанның «Қараторғай» атты бүркіті біраз жыл өткен соң қартайып, қанаты бар болғанымен,
құйрығының қауырсыны түсіп, сиреп, ұшса да жерге қона алмай, аспанда шырылдап жүретін болған.
«Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» деген халық мəтелі бар. Бір кезде түлкіні де, қасқырды
да құр жібермейтін бүркітінің мүшкіл халін көрген нəзік жүректі Ақан ойға батып, қатты тебіренеді.
«Қараторғай, ұштың зорға-ай. Бейшара, шырылдайсың жерге қонбай!» деген зарлы қайырмамен
аяқталатын «Қараторғай» атты ғажайып əнін [7] шығарады.
Бұл əннің шығуы туралы Мұса Ғалымұлы өзінің мақаласында былай жазады: «Таң ата Алакөл-
Салпықтан суық хабар — Əлібек батыр дүниеден өтті деген хабар Қараталға да жетті».
«Сен де Əлекеңмен қоштас, жүр, Қараторғайым» деп Ақан Алакөл-Салпыққа құсын алып жүріп
кетті.
Көкшелі тауының етегі толған халық. Ел
:
батырымен қоштасу үстінде, жылаған адамдар. Міне,
Əлекеңді де шалқалатып үйінен шығарды. Осы кезде Ақан Қараторғайды жайлап ұшырып жіберді.
Қараторғайдың енді қона алмайтынын Ақан біледі. Бүркіт Көкшеліні айналып, шырылдап Əлібек
батырмен де, Ақан серімен де қоштасқандай боп, батырды жерлеп болғанша жүріп алыпты. Содан
биіктей беріпті, биіктей беріпті, ақыры көрінбей кетіпті. Əлібек батырынан өлідей, Қараторғайынан
тірідей айрылған Ақан: «Əлібек аға, мына əн сізге қойған ескерткішім, бұл əн сізге, сіз берген
Қараторғайға арналады. Қазақ бар жерде «Қараторғай» əні ұмытылмас. «Қараторғай» ұмытылмас. Сіз
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
99
де, Батыр аға, ұмытылмассыз», — деп Ақан сері күңіреніп, зарланып жібек əнді толқыта салды»
[8; 200].
Ақан серінің бұл əнінде өзі қосыла алмаған сүйген қыздарының да бейнесі бар. Əнші мен қыран
тағдыры қатар елестейді.
Осылай кемеңгер ақынның басына ауыр хал үйіліп-төгіліп əншінің өмір салмағын ауырлатады.
Ақанның ауыр науқас үстінде жатқанда Науан хазіретпен қоштасуы
Бір үлкен жиында тағдырының аяусыз соққылары қалжыратқан аяулы Ақан серіге мынадай
сауал қойылыпты: «... Ақында арман көп болады деуші еді, сіздің орындалмаған қанша арманыңыз
бар?» Толғанған ақын қолындағы домбырасын іргеге сүйеп, енді бір сəт мұңданғандай болып былай
депті: «Жігіттер, мендегі жүректе беріш болып қатқан арман — алтау. Алғашқысы — Ақжігіт
атанып, жастыққа жаңа аяқ басқанда алдымнан жолыққан Бəтиманың жар құшағын қызықтай
алмағаным. Одан соңғы арманым — Бəтимамнан туған жалғыз ұлым — мына Ибраһимымның
(Ыбанның) тілі шықса деп едім, ол да орындалмады. Үшінші көксетіп кеткен арманым — сертінен
тайып, сүріндірген, қайырылмай кеткен Ақтоқтым. Төртінші жанбаған арманым — құшағымда үш-ақ
ай тұрып, өмірден озған аяулым — Ұрқиям. Бесінші арманым — қыран құсым Қараторғай мен
Базаралы құмайымды көп қызықтай алмағаным. Қыршын кеткен інім Əйбергенім мен қанаты қапыда
қайырылған Құлагерім — мəңгілік армандарымның алтыншысы, жігіттер...» [9].
Жанындай жақсы көретін қанатты серіктерінен айрылған Ақан сері діндарлық жолға түседі.
Тірлігіндегі барша қызықшылықтарынан бірінен соң бірінен жұтап, жұрдай қалу, тағдыр тəлкегіне
ұшырау, қасіреттің құрсауында күңіренген күй кешу Ақанға оңайға соқпайды. «Қорғасыннан ауыр,
түннен қараңғы қайғы кешу» ақынды ауруға ұшыратады.
А.Жұбанов серінің өмірдегі соңғы сəттерін былай суреттейді: «1913 жыл. Ел жайлаудан келіп,
күзекке отырған. Ералының (Ақанның жездесі) үйі. Төр алдында қалың етіп жайған төсекте ауру
Ақан. Ардагер əнші, бірнеше күннен бері тамақ ішпейді. Ұзын кірпігін шаңыраққа тігіп үнсіз жатыр.
Жүзінің нұры таймаған. Əлі де сұлу, қараған көз тоймайды. Ақан ауру дегенді есіткен адамның
келмегені, көңілін сұрамағаны аз» [6; 81].
Ақан сері ауыр науқас үстінде жатқанда білімдар Науан хазірет оған арнайы барған көрінеді.
Сонда науқастанып жатқан Ақан табан астында суырыпсалып мына өлеңді айтқан екен (жинаған
Олжабай Нұрғалиұлы):
Ассалаумағалейкум, Науан аға,
Үй-іші аман болар, бала-шаға.
Көрген соң дидарыңды бойым сергіп,
Қалдым ғой шыққандай бір сақараға.
Жабырқап жатыр едім адам келмей.
Көп еді қадірлестер өзіңіздей.
Саушылық, тіл мен жақтың арқасы екен.
Көп болды-ау қойғанына бір жан келмей.
Түрімді жатқан мынау тұрсыз көріп,
Өлгенде кім барады маған еріп.
Ендеше жер астында екі құлаш,
Жатырмын болса екен деп иман серік.
Досына айтқан дейді Алла өзі,
Келешекке жетеді кімнің көзі.
Жатқанда ақыр демде тəубе етсе,
Пендемді жарылқаймын деген сөзі.
Жатырмын осы сөзден үміт етіп,
Өкінем босқа кеткен өмірге өтіп.
Қатамды кеш, алдымнан ұялтпа деп,
Тілеудемін көз жұмғанша уақыт жетіп.
Белгілі жастық шағым, бəріңе аян.
Етейін оның несін сізге баян.
Өтерін дүниенің ерте ойламай,
Жатырмын уақытқа кеп тығыл-таяң.
Р.С.Каренов
100
Вестник Карагандинского университета
Дүниені алшаң басқан қайран күнім,
Жасаған беріп еді өнер-білім.
Сұрақтан сүріндірмей өткізеді,
Сайраған бұлбұл құстай қызыл тілім.
Дегенмен келсе тілім раббым Алла,
Мұхамед пайғамбарым рəсұл Алла.
Жаңылмай қырық парыздан аман өтсем,
Болар еді бітпес азық ұзақ жолға.
Сынық көңіл қайғы тартты жүдей арып.
Жалғаннан көрдім қызық жүрек жарып.
Табиғаты өзгелерден өзге шығып,
Келе қалған бұл дүниеге мен бір ғарып.
Біреудің мал мен басы, дəулеті көп,
Сол жандардың дəулетіне көңілі тоқ.
Қайғымен мен жатырмын халым мүшкіл,
Күңіреніп үйде
жалғыз жолдасым жоқ.
Дүниенің əуресіне жолыққанда,
Жан шіркін қайғы дертке молыққанда,
Жан жолдас болар ма еді жаны ашитын,
Тəніңнен қуат кетіп талыққанда.
Адамның болмаса егер жан жолдасы,
Емес пе мұңлы ғарип ғазиз басы.
Қайғысы, қасіреті кімге батар.
Көл болып ақсадағы көздің жасы.
Халыққа дəріс айтқан имам едің,
Намаз бен оразаға қинап едің.
Жолына серіліктің түсіп кетіп,
Қызығын сұм дүниенің қимап едім.
Алладан мінəжат көп тілектерім,
Ғибадат саушылықты бір етпедім.
Жатқанда көзім тірі сіз келгенде,
Қозғалды бəрі қопсып жүректерім.
Құдай-ау мені исламның дінінде қыл,
Идеят пайғамбардың жолында қыл,
Бір Алла аманатың берген шақта,
Тəнімді ізгілердің қолында қыл.
Оң жаққа таза арулап салған шақта,
Орнымды саһилардың үйінде қыл.
Солардың қияметте соңында қыл.
Есімді сау күндері адастырмай,
Жасаған иман ағмин үйінде қыл.
Тағарат, тазалықка алған күні,
Қалпыңда бұзылмаған бойымда қыл.
Кеудеден жан ауырып тайғанында,
Ишарат иман жүзді өңімде қыл.
Жалғанның маған еткен тəрбиесін
Бұйрықты шариғаттың жөнінде қыл.
Я, Алла, бұл тілегім қабыл алып.
Сауабын шахи фани тапқандай қыл.
Ел кетіп жалғыз өзім қалған шақта,
Жарылқап періштелер
келгендей
қыл.
Жатырмын осылайша хақтан тілеп,
Болады деп алдым қандай,
қорқып жүрек.
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
101
Арманда фəнидегі өкінбес ем,
Жасаған бақи жақтан берсе тілек.
Құдайдан қорыққан адам жылай берер,
Жалынып-жалбарынып сұрай берер.
Ғарасат майданына айдағанда,
Кім жақсы, кім жаманың Құдай білер.
Болған жоқ арамызда мұндай достық,
Болды ғой бұл тарапта менен бостық.
Жалғаңда олай-бұлай боп жүрсек те,
Ақырында байқаттық көңіл хоштық.
Ризалық айтсақ, Науан хазірет,
Фəниден бақи жаққа түзелді бет.
Мұң айтып қияметтік көңілді аштым,
Ойлап ем сізді көрмей өтем бе деп.
Бақыл бол, мен бақұлмын шын ниеттен,
Алмаңыз көңіліңізге қатамды өткен.
Пайдасыз желіккендік жетегімен,
Бар шығар айтқан сөзім талай өктем.
Бұл тағдыр қалар дейсің кімге келмей.
Дүниеге сияр ма адам тұрса өлмей.
Дін мұсылманды жарылқа Алла,
Бар шығар талай мұңды өткен мендей.
Хал біле көп рахмет келгеніңе,
Бас сұғып баспанама енгеніңе.
Тарқатып көңілдегі бар құсаны
Енді көп өкінбеймін өлеріме.
Қорқыныш көңіліме жатыр еніп.
Батпандап барған сайын ауру жеңіп,
Ұстаңыз сүйегімді тірі отырсаң,
Шақыру хабар күтпей өзің келіп.
Ал енді осыменен дем алайын,
Жүректегі айттым сырдың бір талайын.
Бағыштап атымды атап рухыма,
Дұғаңнан тастамаңыз жұма сайын.
Қош, тақсыр, шын дүниеге түзелді бет,
Етіңіз құран хатим басыма кеп.
Дұғаңыз қабыл болар, енші Алла.
Қол жайса періштелер, «əумин» деп.
Ақан өлімі, жерленуі өзгеше, өз заманының əдетінен тыс болған. Оның өз өсиеті бойынша,
сүйегіне молдалар емес, өзімен бірге өсіп, серілік өмірін бірге өткізген əнші-ақындар түскен. Жаназа
орнына Серінің əндері орындалған. Қыз-келіншектер жоқтау айтқан [10].
Ақанды арулап жөнелтудің жауапкерлігін Серінің қасиетін жоғары бағалап, туған інісіндей
болып кеткен досы, Ш.Уəлихановтың ізбасары атанған Сердалыұлы (Шөбеков) Мəмбет Əлі
(Мəмбетəлі) басқарған. Ол туралы тарихшы С.Баймұратұлы былай жазады: «... Ақанның сүйегін
Мəмбетəлі бастаған елдің игі жақсылары көтеріп үйден алып шықты. Зират басында Мəмбетəлі сөз
сөйледі. Жай сөйлемеді, көзінің жасы омырауына тамшылап, жылап сөйледі. «Мың кісілік Ақан ағам-
ай, бір кісінің өлімінде кеттің-ау», — деп көп жылады» [11].
Қасіреті қаншалықты қалыңдай түссе де: «Дəуренді мендей сүрген кім бар екен, сонда да
қызығыңа бір қанбадым» деп фəниді бақиға айырбастағысы келмеген құштар сезімді ақын осылай
дүниеден өтті.
Бүгінде біз аяулы Ақан серіні, оның аңыз өмірін, қазақ даласының қанатты пырағы, қиын
тағдырлы таланттардың символына айналған Құлагерді, оның керемет əндерін, махаббаты мен
серілігінің ғажайып əлемін сағынамыз. Өзінен бұрынғы ардагер өнер иелері ұстанған халықтық
табиғи дəстүрді дамытып, əннің құбылысын, ажарын, түрін, мазмұнын, жалпы бітім-болмысын
Р.С.Каренов
102
Вестник Карагандинского университета
байытып, сымбатын сұлуландырған, тек өзіне тəн үн-бояуларымен қайталанбас тылсым көркемдік
дүниесін жасаған аса құдіретті дарын, кемеңгер өнерпазбен осы заманда да əр жолы шынайы
ынтызармен сағынып көріспеске əдетіміз жоқ-ақ. Тағдыры қилы тəлкекке түскен трагедиялық ғұлама
тұлға əрдайым біздің жанымызға аса жақын əрі ыстық!
Ақан шығармаларының жиналуы, жариялануы жəне əндерін бүгінгі
күнге жеткізуші-орындаушылар жөнінде бірер сөз
Ақанның артынан қалған жалғыз тұяқ Ыбан деген баласы əкесінің кітаптары мен қолжазбаларын
1919–1920 жылдарға дейін сақтаған. Арпалыс заманнан қорқуы керек, Ыбан əке мұраларын өзі
тұрған мешіттің іргесіне көмеді. 1921 жылы оқыған Б.Малыбаев сұрап барғанында алып бермекші
болған. Бірақ қолжазбалары мен кітаптарын егеуқұйрық тышқанның түтелеп тастаған үгінділерін
табады. Осы Ақан сері мұраларының ішінде халық арасына толық таралып бітпеген мыңдаған
өлеңдері, бірнеше құнды да үлкен дастандары болса керек [11; 10].
Қазақтың классикалық əн үдірісінде Ақан сері Қорамсаұлы оқшау тұрғанын Сəкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ахмет Жұбанов сынды
жампоздардың бəрі айтып өткен.
Ақиық ақынның «Жаман қатын», «Жақсы қатын» жəне «Мылтық пен мергеншілік» өлеңдері
1908 жылы Қазанда басылған «Қазақ өлеңдері» жинағында жарық көрген. Ал жеке жинағын 1935
жылы Сəкен Сейфуллин құрастырып шығарды. Сондай-ақ Хамит Тілеубаев, Уəлихан Жауаров, Нияз
Ожанов, Ғаббас Тінəліұлы, Кəріпжан Құдайбергенов, Əбілман Мұстафин, Қасым Жандосов, Махмұт
Құрманқұлұлы секілді көзі ашық, көкірегі ояу ел зиялылары Ақан сері шығармаларын жинауға
қатынасқандығын еске алған дұрыс болар деп ескертеді профессор С.Негимов [2; 99].
Ақан сері Қорамсаұлын танудағы айрықша құнды еңбекті М.Жұмабаев жасады. Исі түркі
халықтарының, Күншығыс елінің атақты ақыны Мағжан «Ақан сері» атты тамаша зерттеу еңбегінде
былай толғанған: «Ақанның жат мінездерін, өмір бойы тəңірі көріп сұлулыққа табынуын көз алдыма
алып келсем, менің есіме Англияның ақыны — Оскар Уайльд келіп түседі. Оскар өмір бойы
сұлулықты жырлаған, жалпы жұрттан «сері» деген лақап алған. Сол серілігі үшін абақтыға жапқан...
Ақан да сұлулыққа табынған. Алты алаштан «сері» деген ат алған. Бірақ Ақанның сұлулыққа
табынуы тереңірек. Ақанның өмірінің жұмбағы түйіндірек. Мұның өмірі — мұң мен зар. Сол
сұлулыққа табынудан туған мұң мен зар. Егер Ақан Оскар Уайльдтай өнерлі елдің ішінде туса, бұл
тілекке жауап табу қиын. Мұндай тілекке жауап іздей бастасаң, еліңнің заулаған оттай баяғысы, қап-
қара түндей кешегісі, жалпылдаған жындай бүгінгісі, қара тұман келешегі көз алдыңа келіп, Ереймен
тауының бауырында өлген Құлагердің басын құшақтап, күңіреніп отырған Ақан серінің қасіретіндей
жаныңды терең қасірет билеп алып кетеді...» [12].
Қазақ фольклоры мен ауыз əдебиетінің жауһар нұсқаларының қажырлы жинаушысы Мəшһүр
Жүсіп: «Ақан сері — заманының сұңқары, қызыл тілдің ділмəрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің
ағытылған тиегі», — деп шыншылдықпен сипаттады [2; 90].
Мағжаннан кейін, 1931 жылы Ақан серінің жайын Көкшетауға арнайы барып, Сырымбеттен
Ерейментауға дейін із қуалап зерттеген Ілияс Жансүгіров. Ілекең сол сапарында Қусақ көлінде
Құлагердің жығылған жеріне тас үйіп кеткен екен. Сол араға белгі қоюды аманаттапты. Кейін сол
қойылған белгіні өніршектен алған өтпелі кезеңде қырым мен қытайға темір өткізуші қу құлқынның
құлдары тік көтеріп əкетіпті [13].
Қазақтың аты шулы ақыны Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» атты дастанында тек Ақан серінің,
Құлагердің айналасында ғана емес, ол оқиғаның сол заман қайғысы екендігі жақсы көрсетілді [14]:
Сорлы Ақан күңіреніп қайтқан шақта,
Күңіреніп Ерейменде өлген атқа.
Алатау, кең даланың Қыр, Сырында,
Əн тарап жатты осындай Арқа жақта.
Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты,
Ауылға оның əнін малшы ап қайтты.
Ел-елден Ерейменге жиылған жан,
Еліне «Құлагер» деп əн сап қайтты.
Жұрт жоқтап қапыда өлген қайран атты,
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
103
Əр жақта ел бұлбұлы сайрап жатты.
Ішегі домбыраның сыңсып жылап,
Əншілер «Құлагерге» бай-байлатты.
Ілиястың поэмасы қазақ поэзиясының ірі туындысының бірі болып, əдебиетіміздің алтын
қорында қалды.
Ақан сері туралы керемет музыка білгірі І.Жақанов былай толғанады: «Ақан серінің əндерінде
цикл-цикл болып келетін белгілі бір жүйелілік, заңдылық байқалады. О баста, жастық, бозбалалық
дəуренінде шығарған махаббат əндері, алғашқы ынтық ғашық жырлары — қос Бəтимаға жолдаған
əндері, мəңгілік махаббат арманы мен сағыныш əлдиіндей Ақтоқты циклы, Сырымбеттегі үш сұлу
перизат: Ұрқия, Жамал, Үрімдерге арналған «Сырымбет», «Үш тоты құс», «Жамал», өмірбақи арман-
үнінің қанаты болған тұлпарлары туралы «Салқоңыр», «Көкалатай», «Маңмаңгер», «Телқаратай»
əңдері. Одан кейін шабытын шырқау биікке шарықтататын қыран құстарын ардақтаған «Көкжендет»
пен «Қараторғай». Жастық шалқуы мен жан тазалығы, сұлулық тəңірі һəм өмірге іңкəрлік өрнектелген
«Шəмсиқамар», «Райхан гүл», «Нəзік бел», «Балқадиша», «Көк көбелегі», азаматтық өмір тану парқын
зерделейтін «Майда қоңыр» секілді əндері — ақындық, əншілік құдіретін ашатын дүниелер. Ақан сері
осы қалпымен, осы сипатымен Сегіз серіден де, Біржан салдан да бөлекше үн қататын өзгеше сырлы
əлем, шырқау самғаған əн сұңқары. Ол бүкіл қазақтың əн өнерін даңққа бөлеп əлеуеттендірді,
əуездендірді, биіктетті һəм тереңдетті» [13; 9].
Соңғы жылдары Ақан сері өмірі, ісі аңызға айналды. Халық қиялы болған істі он есе өсіріп,
сүйікті қаһарманын көз алдында көтере түсті. Ақан тақырыбын белгілі ақын-жазушылар ту қылып
көтерді.
Академик С.Қирабаев, талантты ақын Ə.Тəжібаев Ақанға арнап көлемді шығармалар жазды
[10; 2, 3; 15].
Ахмет Жұбанов Ақанның əншілік-композиторлық мұрасын зерттеді [6; 62–85]. Қазақстан
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбеков «Ақан аға!» атты поэма шығарды [16]:
Ақан — ол махаббаттың
пайғамбары,
Қазақтың жиған мүлкі, жайған
малы —
Ақанның бір əніне жетпейтінін,
Амал не, көрсоқырлар
аңғармады.
Кемісін айтасың ба өз əкеңнің,
Деген соң «дүниеге өзі əкелдім».
Асылын өз қолымен өзі құртып,
Жылайтын əдеті ғой қазекеңнің.
Жарайды, кешір бізді, Ақан аға!
Қайта шық тарих атты сахнаға,
Ел болды сол қазағың енді бүгін,
Əйтпесе жақсыларын
шақыра ма?!
Туған жер, асылдарын ойла
бəрін,
Ойлауға бұрын сенің болмады
əлің,
Ақанды тойлағаның, ата-қазақ
Ол — сенің елдігіңді тойлағаның.
Р.С.Каренов
104
Вестник Карагандинского университета
Ақан серінің ірі де кесек тұлғасы жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Сəкен Жүнісовтың «Ақан сері» романында [17]; [18] жасалды.
Романда Ақанның қоғам қайраткері, өнер иесі-əнші, ақын, композитор ретіндегі іс-əрекеті, жүріп
өткен жолы, азаматтық қадір-қасиеті, өмірлік асу-белестері жан-жақты əрі көркем сараланған. «Ақан
сері» романы бүгінде көптеген тілдерге аударылып, шетел халықтарының да рухани игілігіне
айналып отыр [19].
Ақан сері əндерін мақамына келтіріп, ырғақ келісімін тауып, үн-дыбыс толқындарының иірімін
жіті танып, шебер орындаушы-жеткізушілер Қаныш Сəтпаев, Бейімбет Майлин, Əміре Қашаубаев,
Жүсіпбек Елебеков, Мағауия Көшкінбаев, Рабиға Есімжанова, Майра Уəлиқызы, Қуан Лекеров,
Қосымжан Бабақов, Қайрат Байбосынов, т.б. сынды дарындар еңбегі ерекше елеулі. Айтушылар Ақан
серінің көптеген əнін Арқаға жаюшы болғанның бірі атақты Үкілі Ыбырай (Сандыбаев) деседі.
Ақан шығармашылығы композиторлардың туындыларында үлкен орын алды. Оның «Құлагері»,
«Жалбыр» операсындағы «Көкжендеті», «Сырымбеті», «Қараторғайы» бірнеше композитордың
дыбыс үндестігінде, аспапты музыка шығармаларында пайдаланылды. Сол сияқты «Мақпал əні»
«Ақан сері — Ақтоқты» пьесасына енді.
«Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясы жəне операсы
Ақан серінің музыкалық туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Олар
Қазақстан композиторларының симфониялық жəне опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп Ақан
əндері екінші өмірін бастады.
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері — Ақтоқты» драмасын, С.Мұхамеджанов осы атты операсын дүниеге
əкелді [20].
Премьерасы 1942 жылы болған «Ақан сері — Ақтоқты» спектаклі кезінде қазақ сахна өнеріндегі
биік белес болып бағаланды. Бостандық пен əділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті
суреттейтін «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясы 1958 жылы (Мəскеуде өткен қазақ əдебиеті мен
өнерінің онкүндігінде көрсету үшін) «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылды.
«Ақан сері — Ақтоқты» атты қайғылы пьеса ақын тұлғасын шебер мүсіндеді. Ғ.Мүсірепов Ақан
өмірінің тек бір ғана кесегін алып, үлкен шеберлікпен, шындықпен əншінің көпсырлы бейнесін
жасады. Сондықтан бұл пьеса осы күнге шейін көрушілердің назарын үнемі аударумен келеді.
«Ақан сері — Ақтоқты» операсының премьерасы 1982 жылы Алматыдағы Қазақ академиялық
опера жəне балет театрында өтті. Бұл операны айшықтай түсетін нақты белгілер — ол шығарманың
өн бойына ұласып жатқан сұлу саз, ұлттық құнарлы тіл. С.Мұхамеджанов музыкасының Ақан
əндерімен əуен-ырғақ жағынан тамырласып, сері шығармашылығының ішкі құпиясын дөп басуы
операның көркемдік құнын асқақтата түсті. Мөлдір сезімнен ұшқын атқан махаббат қоғамдық-
əлеуметтік мəнге ие болды.
Түйін
Жоғарыдағылардың бəрін қорыта келе айтарымыз, Ақан сері Қорамсаұлы — сұлулықтың
символы. Ол — сарқылмайтын таңғажайып жыр-аңыз, əн-махаббат. Оған деген халық сүйіспен-
шілігінде шек жоқ.
Бір сырлы, сегіз қырлы бар қазақта,
Атасы серіліктің Ақан ғана, —
деп Кəкімбек Салықов жырлағандай, бүгінде Ақан сері мұрасы — қазақ халқының рухани
мəдениетінің асыл қазынасы. Сол қолда бар алтын қадірін кетірмесекші. Серіге құрметіміз
селдіремесейші. Ерекше құрметке
Тегінде тегін бе екен Ақан сері,
Бұл да бір емес пе екен елдің ері?
Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? —
деп əдебиетіміздің классигі Ілияс Жансүгіров ардақ тұтқан Ақан сері лайық емес деп кім айтады?
Ақан-сері — айтыс өнерінің дүлдүл көгі ...
Серия «Филология». № 4(72)/2013
105
Əрине, Серінің даңқын көтеру болашақта да күн тəртібінен түспеу керек. Себебі қазақ халқы
жасап тұрғанда Ақан серінің өнері, əн-жыры да жасай бермек. Кемеңгер ақын өзінің өшпес сұлу
поэзиясымен, ғажайып сазымен, сүйкімді əнімен халқымыздың рухани игілігіне айналған байтақ
қазына, бай мұра.
Əдебиеттер тізімі
1 Елеусізов М.Ғ. Ақан сері // Жұлдыз. — 2006. — № 11, 12. — 189–196-б.
2 Негимов С. Қазақтың сал-серілері: Ғылыми эсселер. — Алматы: Ана тілі, 2005. — 96-б.
3 Салықов К. Орынбай мен Ақанның айтысы // Жұлдыз. — 2009. — № 10. — 3–4-б.
4 Айтыс. — Т. 2. — Алматы: Жазушы, 1965. — 103–109-б.
5 Ауыл кеші көңілді // Құраст. Х.Тілемісов. — Алматы: Қайнар, 1975. — 98-б.
6 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 440-б.
7 Тарихи тұлғалар: Танымдық-көпшілік басылым // Құраст.: Б.Тоғызбаев, А.Сужикова. — Алматы: «Алматыкітап»
ЖШС, 2006. — 93-б.
8 Ғалымұлы М. Əлібек батыр // Жұлдыз. — 1997. — № 10. — 193–200-б.
9 Рахымбек С. Сері // Егемен Қазақстан. — 2007. — 29 тамыз. — 9-б.
10 Қирабаев С. Ақан сері туралы сөз // Қазақ əдебиеті. — 1993. — № 31. — 30 шілде. — 2–3-б.
11 Баймұратұлы С. Ақан сері мен Мəмбет Əлі // Түркістан. — 2011. — 20 қаңт. — 10-б.
12 Жұмабаев М. Ақан сері // Ақ Орда. — 1992. — № 1. — 24–30-б.
13 Аманжол Қ. Аңсатқан Ақанның əндері-ай! // Егемен Қазақстан. — 2011. — 1 ақп. — 9-б.
14 Жансүгіров І. Құлагер. Поэмалар мен өлеңдер // Құраст. Б.Сахариев. — Алматы: Жазушы, 1974. — 552-б.
15 Тəжібаев Ə. Ақан сері: Бес томдық шығармалар жинағы. — Т. 4: Ғыл. еңб. — Алматы: Жазушы, 1981. — 760 б.
16 Қайырбеков Ғ. Ақан-аға! // Қазақ əдебиеті. — 1993. — № 31. — 30 шілде. — 3-б.
17 Жүнісов С. Ақан сері. Роман. — Бірінші кітап. — Алматы: Жазушы, 2003. — 376 б.
18 Жүнісов С. Ақан сері. Роман. — Екінші кітап. — Алматы: Жазушы, 1977. — 376 б.
19 Уəлиев Қ. Зор тұлғаны таныдық (Ақан сері бейнесі көркем өнерде) // Қазақ əдебиеті. — 1993. — № 31. — 30 шілде. — 5-б.
20 Қазақстан: Ұлттық энцикл. — Т. 1 // Бас ред. Ə.Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 1998. — 169-б.
Р.С.Каренов
Достарыңызбен бөлісу: |