№4(72)/2013 Серия филология


Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,95 Mb.
#5589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы 
Туғанына — 170 жыл, қайтыс болғанына — 100 жыл 
Мақалада XIX ғасырдың  көрнекті  ақыны,  əншісі,  композиторы — Ақан  Қорамсаұлының  өмірі  мен 
қызметі баяндалған. Оның өз бойындағы тамаша дауысын, сондай-ақ ақындық жəне композиторлық 
дарынын  ұштастыра  білуі  арқасында  аты  аңызға  айналған  «сері»  атанғаны  көрсетілген.  Ақынның 
қайғыға,  мұңға  толы  қиындықта  өмір  сүргені  туралы  қорытынды  жасалған.  Серінің  кемел  шағында 
оның əйгілі жүйрік аты Құлагердің жау қолынан өлтірілген кезде қайғырып ауыр халде күн кешкені 
айтылған.  Ақан  серінің  жарқын  өмірі  мен  қайғылы  тағдыры  халық  есінде  терең  із  қалдырғаны 
негізделіп суреттелген.
алрытынды жасалған. 
Кілт  сөздер:  сері,  қалыптасу,  махаббат,  шығарма,  ұғым,  достық,  Құлагер,  жыр,  бəйге,  ақын,  арнау, 
қасірет, жер, нақылдар. 
Кіріспе 
Арқаның  ардагері  атанған  Ақан  сері — өзі  өмір  сүрген  дəуір  шындығын  əн-музыка,  өлең-жыр 
туындылары  арқылы  бейнелей  білген  ұлы  суреткер,  дарынды  композитор.  Асыл  өнерімен  де,  жеке 
бас  əдет-мінездерімен  де,  сəн-салтанатымен  де  даралана  көзге  түскен  қазақтың  ең  қадірлі  серісі. 
Жақсылық  пен  əділеттік  жолына  белін  бекем  буған,  ақыл-парасаты  биік  саналы  гуманист.  Ол 
ақынның айтқыры, əншінің саздысы, сазгердің наздысы, серінің сейдіні. 
Ақанның туған жері — жасыл желек жамылған қалың нулы, көл-көсір өзен-сулы табиғаты бар, 
қалың қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті 
жер.  Болашақ  ақын 1843 жылы  Көкшетау  уезінің  Шалқар  болысында  үлкен  Қоскөл  жағасында 
дүниеге келді. 
Оның  əкесі  Жақсылық  Қарауылдан  (Орта  жүз  Арғын  тайпасына  жататын  ру)  тарайтын 
Малтабардың бес ұлының бірі, Құдайқұлдың немересі. Жарқынның жалғызы — Қорамса. Ол бұлаң 
құйрық  заманынан  үлесін  қағып  қалу  үшін  жастай  сауда-саттықпен  айналасып,  дүрілдеген  мол 
дəулет жинайды. Сол дəулеті шалқыған шаңыраққа ие болар перзент күтсе, жары Жаңыл жылара бір 
қыз тауып, ат ұстарға зар қылады. Ақыры, ақ тілеуі қабыл болып, бес қыздан кейін дүниеге Ақжігіт 
атты  ақмаңдайлы  ұл  келеді.  Көп  күттіріп  көрінген  ұлын  еркелетіп  ата-анасы  Ақан  атандырып 
жібереді. Ақаны ақжолтай болып артынан Мұхамбет, Рамазан, Əйберген деген тағы да үш ұл туады. 
Ізі-жолы  құтты  болған  үлкен  ұлын  Қорамса  беттен  қақпай  еркін,  ерке  етіп  өсіреді.  Балаларға  қара 
танытып,  хат  білгізу  үшін  ауылда  арнайы  ұстаған  Күнту  молдадан  Ақан  да  алғаш  қадимша  сабақ 
алады. Ұстазының айтқанын қағып алып, табанда қайталап беретін зерек бала молданың бірсарынды 
дəрісінен зеріге бастайды. Өзінше ойлап, көрген-білгенін өзінше бағалай бастаған ол бірде ұстазымен 
бір шариғатқа таласып қап, таяқ жейді де: «Шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын», — деп тайып 
тұрады. 

Р.С.Каренов 
32 
Вестник Карагандинского университета 
...Бір саудагерге еріп Қызылжар кетіп қалады да, онда барып Уəли ахун медресесіне түсіп, екі-
үш жыл білімін байытады» [1; 106]. 
Азды-көпті дəулеті бар Қорамса мұсылманша сауат алған Ақанды ауыл молдасы етпек болады. 
Бірақ бала кезінен домбыра тартып, əнге, өлеңге құмар болып өскен Ақан, басына сəлде орап, мешіт 
ұстаудың  орнына  қайда  жиынтой,  шілдехана,  алтыбақаны  бар  жерге  аңсары  ауа  береді.  Бойшаң, 
келбетті, əдемі ашық үні бар жігітті қай жерге барса да құрметпен қарсы алатын болған. 
Сонымен,  Ақан 16–17 жасында  өнер  жолына  түседі.  Тарихтың  алтын  парағына  анасы  Жаңыл 
еркелетіп  қойған  Ақан  есімін  мəңгі  өшпестей  етіп  қалдырады.  Осыдан  былай  Ақанның  жалпақ 
жұртқа жат көрінген серілік өмірі басталады. 
Сұлу  киім,  жүйрік  ат,  құмай  тазы,  алғыр  бүркіт  Ақанда  болады.  Қалың  Қарауылдың  ойын-
тойының  көркі  Ақан  болады.  Біріне  бедеу  мінгізіп,  біріне  бүлде  кигізіп  дегендей, 15–20 жігітті  өзі 
тəрбиелеп,  нөкер  қылып  алады.  Жүргенде  сол  жігіттердің  алдында  қолбасыдай  оқшау  отырады. 
Біресе боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. 
Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында — бұлғақтаған үкі, қолында — домбыра, аузында — əн... 
Жігіттердің бəрі балуан, бəрі əншіл. Бірақ Ақанның əні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан əн шырқаса, 
би  билігін,  кемпір  өрнегін,  сұлу  кестесін  қойып,  тыңдай  қалады.  Қарауылдың  қалың  көздері: 
«Ақанның  əні-ай!» — деп  күрсінеді.  Сүймесе  сері  дер  ме  еді,  қалың  Қарауыл  Ақанға  «Сері»  деп 
лақап есім береді. Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып қойған қалыңдығы Жұмат қожаның қызы 
Бəтиманы алады. Онымен он жылға жақын отасып тұрады. Бəтимадан бір ұл, екі қызы болады. 
Бірақ  ұлы  тілсіз  болады.  Он  жыл  шамасында  Бəтима  өледі.  Серіліктің  соңында  жүрген  Акан 
Бəтиманың өлімін елемейді. Серілікті бұрынғыдан да үдетеді. Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай 
тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Əлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қараторғай деген 
бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базаралы деген итті алады. Қалың Қарауылға аты 
шыққан Ақтоқты деген арумен көңіл қосады. Тап сол кезде Ақанның қолына алты Алашқа аты шыққан 
Құлагер түседі [2]. 
Сол  кездегі  дала  өмірінің  аса  қызық  түрі:  жүйрік  ат,  қыран  құс,  алғыр  тазы  ұстау  еді. «Сері» 
деген атаққа осы шарттар лайық-тұғын. 
Ақанның ақындық жолының қалыптасуы 
Серінің  ақындық  жолы  басқа  халық  ақындары  сияқты  дəстүрлі  жолмен  қалыптасады.  Ақан  өз 
шығармаларын жазып та шығарады. Сонымен бірге жатқа айтып, ауызекі де таратады. 
Ақын еңбектеріндегі көп жырланған тақырып — жастық, достық, махаббат, əйел тақырыбы. Ол 
қалдырған мұраның бəрі — жүрек отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары. Оның 
поэзиясы — адамның  сезім  сырнайын  тарта  білген  сыршыл  да  шыншыл  поэзия.  Əрбір  сөзі  азамат 
басына  төнген  қалың  қара  бұлттың  тыныс  тарылтар  қапырығы  ғана  емес,  нөсер  жауын  алдындағы 
жан  жадыратар  аспанның  ақша  бұлттары.  Мұндай  қасиеттер  ең  алдымен  ақынның  ғашықтық 
лирикаларына тəн. 
Ақан  серінің  ғашықтық  лирикаларының  бір  тобы  аттары  аталып,  түстері  түстелетін  өзінің 
ғашықтары. Олар Ақтоқты, Ұрқия, Жамал, Балқадиша, Мақпал сияқты белгілі адамдарға арналған. 
Ақынның  ғашықтық  жырларының  енді  бір  тобы  белгілі  адамдарға  немесе  өзі  ғашық  болған 
қыздарға емес, жалпы қазақтың сұлуларына арналған. 
Бұл еңбектерінде Ақан сөз құдіретімен сұлу бейнелерін бірінен-бірін асыра мүсіндеп бере алды. 
Жалпы саны 40 шақты өлеңді қатар қойып оқығанда бəрі де қыз сұлулығына арналған шығарма бола 
тұра, бірін екіншісі қайталамайды. Əрқайсысы өзіне ғана тəн өзгеше туынды болып қабылданады. 
Мəселен, «Жайықтың  ақ  түлкісі  аралдағы»  өлеңі [3; 99, 100] арқылы  сері  аңсаған  арулардың 
бейнесін жасауға болады: 
Сен болсаң алқызыл гүл, асыл еркем, 
Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы. 
Құрбыңа назарыңды бір салмайсың, 
Кер тағы сияқтанып құландағы, 
Қалқыған дариядағы сен бір кеме 
Ішінде бір шамшырақ бұрандалы. 
Қайратпен қаһарманша бекінсең де, 
Тəуекел майданында тұрам дағы. 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
33 
Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы, 
Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы. 
Барып ем ілейін деп, суға түсті, 
Қаз екен дарияның Сырындағы. 
Болмаса ақ тұйғынның балапаны, 
Қай құстар іле алмаған бұрындағы. 
Сен болсаң адамзаттың асылысың, 
Біз қанжар алтындаған қыныңдағы. 
Ұнаса көңіліңе, перизатым, 
Жүре бер беліңе алып буындағы. 
Ақынның  «Əйелдер  сипаты»  жырындағы [3; 101–109] болаттан  құйылған,  қиыннан  қиысты-
рылған мынадай жолдар серпінді ойларымен, мінсіз сымбатымен ерекшеленеді: 
Əйелдің ақылдысы қолға түссе, 
Адамның барып тұрған ақ маңдайы. 
Бұлттан шыққан күндей көрсең жүзін, 
Сөйлесер əрбір түрлі күймен сөзін. 
Толғанып оқ жыландай толықсыса, 
Ешкімге білдірмейді басқан ізін. 
Ал сонда түгел болар ажар, көрік, 
Мінезі ажарына болар серік. 
Алыстан мекеніне лебі тартып, 
Боп кетер қызыққандар оған жерік. 
Əйелді сыйлау керек ескеріп біз, 
Оларға айту керек орынды сөз. 
Жақсы əйелге көз салып бір қарасаң, 
Алып кете жаздайды қиғаштап көз. 
Ішпей, жемей тойғызып түріменен, 
Көрінгенді бəстес қып өзіменен, 
Шығып кете жаздайды денеңнен жан, 
Көзінің қойса қарап қырыменен. 
Танимыз осылайша əйел жүзін, 
Мінезін, ақыл, көрік, бал мінезін. 
Жалпы  алғанда,  Ақан  «Балқадиша», «Сырымбет», «Əйелдер  сипаты», «Жайықтың  ақ  түлкісі 
аралдағы»  деген  өлеңдерінде  сұлулықты,  əдемілікті  жырлайды.  Əйелді  жер  дүниенің  ең  бір  сұлу, 
əдемі жаратылыстарына балайды. Азаттықты, еркін махаббатты аңсайды. 
Сері  шығармаларында  сұлу  қыздардың  мінез-көркі  қаншалықты  əдемі  жырланса,  сондай-ақ 
қазақ жігіттерінің бейнелері де айтарлықтай дəрежеде суреттеледі. 
Ақан  қазақ  жігіттеріне,  жас  замандастарына  қаратып  жазған  арнауларында  ақыл  айтып, 
жақсылық  жолға  үндеп,  өнерге  баулиды. «Адамның  біліміне  ақыл  серік»  деген  шығармасында 
[3; 103] жастарды «бос селтеңнен», мəнсіздіктен, жағымсыз мінез-құлықтан сақтандырады: 
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп, 
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп. 
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең, 
Қотыр бұзау секілді қалдың өліп. 
Тұрмысқа тірі күнде бол себепкер, 
Отырма құр үйіңде бойға сеніп. 

Р.С.Каренов 
34 
Вестник Карагандинского университета 
Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды, 
Əр істің ақырын ойла көңіл бөліп. 
 
Ақын  жақсы  жігіттерге  тəн  адамгершілікті,  жайдары-жайсаң  мінезді,  ақыл-парасаттылықты, 
халқына  деген  адал  ниет,  ақ  пейіл,  қажыр-қайратты  дəріптейді. «Жігіт  сипаты»  атты  туындысында 
[3; 109] өзі армандаған осындай өткір жастардың асқақ бейнесін термелейді: 
 
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса, 
Мінезі, ақыл, өнері дұрыс болса. 
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт, 
Жорғадай тілі майда жүріс болса. 
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз, 
Еткені берекелі жұмыс болса. 
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма? 
Көріңдер миға салып бұрыс болса. 
 
«Асыл мен жасық» өлеңінде Ақан пайдалы, пайдасыз ұғымдарды қатар алып əңгімелейді. 
 
Аққудың астығы жоқ шайнағанмен, 
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен, — 
 
деген  жолдарда  өнімсіз  іспен  шұғылданатын  берекесіздікті  сынайды.  Көркем  бейнелі  ауыстырулар 
арқылы, яғни асыл-алтын, жібек-асыл тас, сұңқар-тұлпар болса, жасықты неліктен шошқа, жез сиыр, 
сауысқан,  күшігенге  балайтындығы  түсіндіріледі.  Жалпы,  өлеңнің  өмірді  таныстырарлық  əсерінің 
мол екендігі айтылды. 
Ақан  сері  «Айтамын  замандасқа  біраз  кеңес»  деген  толғауында [3; 103–107] өз  кезіндегі 
жастардың 13 түрлі қылық-мінездерін санап көрсетеді. 
Бірінші  орындағы  жігіт — əрі  сері,  əрі  дарын  иесі.  Ол  келешекке  мысал  болғандай  абзал  жан. 
Екінші  қатардағы  жігіт — бойында  өзіне  лайық  қайраты,  жігері  бар  жан.  Ол  қаз  ілер  қаршыға 
сипатты  қыран.  Үшінші  жігіт — аузымен  орақ  орған,  кеудесіне  нан  пісердей,  өр  мінезді  адам. 
«Төртінші  бір  жігіт  бар  мінезі  ауыр,  асыл  зат  ажар  берген  өңі  тəуір...».  Бесінші  жігіт  сыртқа  өзінің 
сырын алдырмай, аңқауларды «бітеу союға» бар. «Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған...». Ол — «ақ 
көңіл, ашық мінез аңқылдаған». Жетінші жігіт бос сөзді, «ұшпа бұлт секілді» баянсыз. Ол — өмірін 
опасыз  өткізетін  жас.  Сегізінші  жігіт — жалған  айтпайтын,  сөзге  ділмар,  əркімнің  тілін  тапқыш. 
Тоғызыншы жігіт — алуға даяр, беруге сараң, ақылын айлаға жұмсайтын жымысқы. Оныншы жігіт 
əйелінің  қолтығына  кіріп  алып,  не  айтса  соның  бəрін  мақұлдайды.  Жетекшіл  ат  тəрізді.  Он  бірінші 
жігіт — өтірікші,  өсекші.  Он  екінші  жігіт — өз-өзіне  адамсыған,  кердең-кербез.  Басқаның  ақылын 
құлаққа ілмейді. Кісіге жақын жүрмейді. Он үшінші жігіт — ұр да жықтың өзі. Биязылық оған жат. 
Осынша жігіттердің мінез-құлқын сараптай келіп, ақын келешектен үмітті жастарға ақыл-кеңес 
береді. Оларды ақыл мен арды таза ұстап, білім-ғылымға бой ұрып, өшпес еңбек етуге үндейді: 
 
Айтайын замандасқа біраз кеңес, 
Жігіттік талап еткен жаман да емес. 
Өнермен талпынам деп орға түссе, 
Өкініп өз ісіне қайғы жемес. 
Атағы артта қалған кей сабаздың, 
Өлсе де, оның сөзі өлмек емес. 
Жұлдызы ер жігіттің оңынан шығып, 
Бақ қонса ғажап емес ертелі-кеш. 
Келгенде оралыңа ойнақтап қал, 
Келмейді қайта айналып бұл жиырма бес. 
Жастықта əр тараптың басын шалсаң, 
Қармақты тəуекел деп суға салсаң, 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
35 
Еңбегің еңбектеген кетпес зая, 
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң. 
Ақан  «Жақсы  мен  жаман»  өлеңінде  өмір  құбылыстарын  суреттейді.  Ол  қысылшаң  шақта  ел 
бастайтын жақсы ұлдарды армандайды. Жастарға достықты берік ұста, қиянатшыл болма, ғылым мен 
өнер үйрен деген өсиеттер айтады. 
Сері жігіттердің де, əйелдер мен қыздардың да əр түрлі болатынын айтады. Осыдан барып адам 
баласы екі жікке бөлініп, «жақсы», «жаман» деген атқа ие болады дейді. Жақсыны жанымен жақсы 
көріп, оларға сүйсіндіреді («Жақсы қатын»). Ал, керісінше, «Жаман қатын» деген өлеңінде ең мінсіз 
əйелдің типтік бейнесін көз алдыңа тартып, одан жирендіреді [4; 777]. 
Ақын  суреттеген  жақсы  мен  жаманның  өлшемі — адамның  еліне  пайдалы  болуында.  Ол  жақсы 
жолдасты жарқырата мадақтайды. Жақсы адамды үлгі тұтады («Жігіттерге» атты толғауы [3; 112–113]): 
Сыр шашпас жақсы жолдас таза жүріп, 
Қайғыңа ортақ болар мойнын бұрып. 
Тастамас жау қолына қысылғанда, 
Өзіңмен жанған отқа бірге кіріп. 
Шырқырап шыбын жанын бірге салар, 
Мойныңа бір дұшпаннан түссе құрық. 
Айнымас, кетпес толқып, жаннан қорқып, 
Бəйгеге басын тігіп қалар тұрып. 
Құзырға қырық кісінің бірі жарар, 
Біткен жоқ қой жақсы адам елден құрып. 
Адамға мал мен мансап жолдас емес, 
Байлықпен шайқап төгіп, ішсең үріп. 
Қазына басқан байлық арылғанда 
Алғандай қолдың кірін сумен жуып... 
Жамандық жақсылыққа бірдей болып, 
Жолдасың іші-тыстан болсын жуық. 
Шын жүрек, таза тілек табылмайды, 
Болмасын сырты күлкі, іші қулық. 
Құданың бұйырмаған нəрсесіне 
Кіріптар боп жүреді адам мұңлық. 
Болмайтын өзі жалтақ, сөзі өсек, 
Дос қайда айрылмастай тап мың жылдық... 
Ақан сері қазақтың неше бір ақындары үлгісінде адамның жас ерекшеліктерін де өлеңге қосқан. 
«Торыны таң асырып мінген қандай» [3; 95–96] деген өлеңінде: 
Торыны таңға байлап мінген қандай, 
Үкілеп əсемдетіп жүрген қандай. 
Тұсынан қызды ауылдың əн шырқатып, 
Сыбанып ақ білекті түрген қандай. 
Күнінде уағда еткен қалқажанның 
Жетуге ынтызар боп желген қандай. 
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп, 
Жүгіріп сайлау жермен келген қандай. 
Атыңды бір тасаға байлап тастап, 
Тұсына ақ боз үйдің төнген қандай. 
Сөз салып қалқажанға жеңгесінен, 

Р.С.Каренов 
36 
Вестник Карагандинского университета 
Құрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай. 
Ишарат əзілменен сөз қатысып, 
Қыз сырын жеңгесінен білген қаңдай. 
Алаңдай, алабұртып тұрғаныңда, 
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай. 
«Құрбыжан, ебін тауып келдің бе», — деп, 
Ақсиып күрек тісің, күлген қандай. 
Қалқажан күле қарап, «жүр» дегенде, 
Ақ үйге есік ашып енген қандай! — 
деп жастық шақтың сиқырлы сырын жырға қосады əн падишасы Ақан. 
«Жастық  шақтар» [3; 110], «Кəрілік» [3; 111], «Заманға  қарап» [3; 111] атты  өлеңдерін  шыға-
рады. Адамның балалық дəуірінен бастап, жігіттік кезі, одан кейін қартайған шағы туралы толғанады. 
Өзіндік сөз айшықтары арқылы адамның өсу жолын бейнелейді. 
Сонымен,  Ақан  сері  жырларында  сұлулар  мен  абзал  азаматтар  сипаты  осылайша  жан-жақты 
ашылады. Ақынның кейбір шығармаларында өз бойындағы басқа замандастарынан артық қасиеттері 
əр  тұста  жарқ  етіп  көрініп,  асқан  өнер  иесі,  ақ  жарқын,  адал  жар  ретінде,  үлгілі  бейне  болып 
жырланады. «Арқаның ақиығы Ақан сері», «Үш жүзге атым мəлім Ақан сері», «Оралдың мен ақиығы 
қырандағы», «Мен  бұлбұлмын  сайрап  тұрған  Иран  бағы», «Біз  сұңқар,  сізге  тиген  ұрымдағы»,  Біз 
қанжар алтындаған қыныңдағы», «Аспанда біз ақ бүркіт қағып кеткен»

«Болғанда сіз — бақ иран, біз 
— сандуғаш», «Аспанда біз ақ сұңқар қырандағы», т. б. өлең-əндерінде Ақанның өз бейнесі ерекше 
көзге түседі [4; 773]. 
Кейбір айтыс, тіл қақтығыстарында да өзіне арналған жолдар бар. 
Ақан сері əншілік-композиторлық өнерімен танылған дарын иесі ретінде 
Ақан  сері  Қорамсаұлы — өмір  шындығын  үлкен  суреткерлікпен  жырлаған  заманының  асқақ 
ақыны  ғана  емес,  мұңшыл  да  сыршыл,  лирикалық  тебіреністі  сазымен,  əншілік-орындаушылық 
өнерімен  танылған  өзгеше  дарын  иесі.  Оның  композиторлығы  ақындығынан  кем  түспейді.  Кезінде 
жұртшылыққа  кең  танылуы,  атақ-даңқының  шартарапқа  жетуі — əншілік-композиторлық  өнерінің 
жемісі. 
Ақиық  ақын  Көкшенің  сұлу  табиғатына  көз  тігіп,  оны  албырт  сезімді,  əсерлі  музыка  үніне 
бөлейді. Осы əншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына əнші-күйші жастарды жинап, 
өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, əнші, серілердің бəрімен достасады. Балуан Шолақ, 
Жаяу  Мұса,  Естай,  Иманжүсіп,  Құлтума  сияқты  атақты  ақын-əншілер  Ақанның  ең  жақын  достары 
болған.  Олардың  бəрі  Серінің  əншілік  өнеріне  игі  əсер  еткен,  композиторлық  талантын  жетілдіріп, 
шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке 
көтеріп,  дəстүрлі  өнердің  классикалық  үлгісін  жасады.  Қазақ  мəдениетінің  алтын  қорына  Ақан 
серінің елуге жуық музыкалық-поэтикалық мұрасы енді [5; 168]. 
Қорыта  айтқанда,  ақынның  шығармаларының  басым  бөлігін  қамтитын  кеңінен  танымал  көңіл-
күй жəне махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нəзік мұң, өмір қиыншылықтары 
туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары 
жетістік — кең  тыныстылық,  əн  иірімдерінің  нəзіктігі,  əуен  əсемдігі,  интонациялық  суреттерінің 
молдығы, сазының биік те асқақ ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы. 
Ақынның əндерінде шынайы махаббат рухының ту етіп көтерілуі 
Ақан  сері — ең  алдымен  адам  сұлулығына  ғашық  суреткер.  Оның  «Мақпал», «Балқадиша», 
«Сырымбет», «Майда  қоңыр»  т.б.  əндері  əйел  жанының  сұлулығын  жарқырата  көрсетуімен  бірге, 
махаббат  құдіретін  асқақтата  суреттеуімен  де  құнды.  Кеңінен  танымал  бұл  əндер  шынайы  махаббат 
рухын ту етіп көтереді. 
Ақанның  бірінші  əйелінен  туған  жалғыз  ұлы  Ыбан  (Ыбырайым)  тілсіз,  мылқау  болған.  Оған 
ақын жазу-сызу үйреткен. 
Бəтима өлген соң, аз күн отасқан əйелі Тінəлі қызы Ұрқияға Ақан сері «Ұрқияжан» деген өлеңін 
[6; 121] арнаған: 

Алты Алаштан «сері» деген ат алған Ақан сері Қорамсаұлы ... 
Серия «Филология». № 4(72)/2013 
37 
Ұрқия, шашың — жібек, қанжар — қасың, 
Көрінер тамағыңнан ішкен асың. 
Жаманға сені қор ғып қия алмаспын, 
Тірлікте, аман болса ғазиз басым. 
Күмістей он саусағың тартқан 
сымға, 
Құрайын тұзағымды тартып жымға, 
Құрысын Ақан атым жете алмасам, 
Қор қылсам қапияда сені сұмға. 
 
Айырар асыл зада жігіт парқын, 
Жүрекке жара салдың, қалқам, 
алтын. 
Махаббат екеумізде қайнаған су, 
Ішімді жандырады, сыртым салқын. 
 
Ұрқия  сұлу  келбетін  бейнелеудегі  ақын  қолданыстары  айшықты. «Ұрқияға  айтқан  аужары» 
деген тамаша толғауында [3; 102–103] ол: 
Аққу кетіп, Қоскөлдің қазы қалды, жар-жар-ай, 
Қысы кетіп мешіннің, жазы қалды, жар-жар-ай. 
Біраз назым тотыға айтпай болмас, 
Көбі кетіп дəуреннің, азы қалды, жар-жар-ай. 
Түйін болып көңіліме кетеді ғой, жар-жар-ай, 
Бір айтатын серінің назы қалды, жар-жар-ай. 
 
Кеше туған жас қызды шалдар алды, жар-жар-ай, 
Толғанатын оларда несі қалды, жар-жар-ай. 
Ғашықтықтың қисабы асып еді, 
Ескеретін қалқаның несі қалды, жар-жар-ай. 
 
Ақ қағаздың бетіне тарттым сия, жар-жар-ай, 
Жібересің сұлуды кімге қия, жар-жар-ай. 
Мəликедей ақ жарқын жан едіңіз, жар-жар-ай, 
Кеткенің бе алысқа сен, Ұрқия, жар-жар-ай? 
Бұл жалғанда бөтенге кетпес деуші ем, жар-жар-ай, 
Енді есен бол, қарағым, уа, дариға, жар-жар-ай. 
 
Оратылған жібектей қолаң шашың, жар-жар-ай, 
Қандай сұлу қиылған екі қасың, жар-жар-ай. 
Сұлу көркем лəззат пен бəрі бірдей, 
Бағаланар қай затқа сенің басың, жар-жар-ай. 
 
Ақ көйлектің жағасын ырға тартқан, жар-жар-ай, 
Машинамен қандай қып шырға тартқан, жар-жар-ай, 
Көп қыздардың ішінде тоты дана, жар-жар-ай, 
Қия жүзі асылдың хорға тартқан, жар-жар-ай, 
Қарақат көз, ақ маңдай, сүйген сəулем, 
 
 

Р.С.Каренов 
38 
Вестник Карагандинского университета 
Нəзік белің секілді сымға тартқан, жар-жар-ай, 
Көлбеңдеп дəл алдымнан өткенің бе, 
Жүйрік аттай бағалы сыйға тартқан, жар-жар-ай, 
Бар назымды жеткіздім бір өзіңе, жар-жар-ай, 
Жазылғанын білесің қандай хаттан, жар-жар-ай, — 
дей келіп, Ұрқияны «Көп қыздардың ішінде тоты дана» деп басқаша бейнелейді. 
Ұрқия  өлгеннен  былай  Ақанның  жаны  қасыретке  орала  бастайды.  Жараланған  жүрек  жазылу 
үшін тағы махаббат іздейді. 
Ақан  серінің  тірідей  айырылған  сүйген  қызы — Ақтоқты.  Бұл  арты  аңызға  айналған  оқиға. 
Ақтоқты  есімі  ақынның  шығармаларынан  кең  орын  алды. «Ақ  көйлек», «Алтыбасар», «Ғашық 
жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. 
Ақан қалай да Ақтоқтыны алмақ болды. Ақтоқтының беріліп отырған күйеуі ақсақ екен. Қыздың 
көңілін күйеуден қайтару үшін Сері сықақ қылып улы өлеңдер шығарады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет