Қ А Р А Ғ А Н Д Ы
У Н И В Е Р С И Т Е Т I Н I Ң
ÕÀÁÀÐØÛÑÛ
ÂÅÑÒÍÈÊ
К А Р А Г А Н Д И Н С К О Г О
У Н И В Е Р С И Т Е Т А
ISSN 0142-0843
ФИЛОЛОГИЯ сериясы
№ 4(72)/2013
Серия ФИЛОЛОГИЯ
Қазан–қараша–желтоқсан
26 желтоқсан 2013 ж.
1996 жылдан бастап шығады
Жылына 4 рет шығады
Октябрь–ноябрь–декабрь
26 декабря 2013 г.
Издается с 1996 года
Выходит 4 раза в год
Собственник РГП
Карагандинский государственный университет
имени академика Е.А.Букетова
Бас редакторы — Главный редактор
Кубеев Е.К., д-р юрид. наук, профессор
Зам. главного редактора
Х.Б.Омаров, д-р техн. наук
Ответственный секретарь
Г.Ю.Аманбаева, д-р филол. наук
Редакция алқасы — Редакционная коллегия
М.И.Абдуов,
редактор д-р филол. наук;
Г.Ю.Аманбаева,
д-р филол. наук;
З.Т.Жумагали,
д-р филол. наук;
Ж.А.Жакупов,
д-р филол. наук;
Ш.М.Мажитаева,
д-р филол. наук;
Т.Т.Савченко,
д-р филол. наук;
Ж.Н.Жунусова,
д-р филол. наук;
Н.И.Букетова,
д-р филол. наук;
А.С.Адилова,
д-р филол. наук;
Б.Шалабай,
д-р филол. наук;
М.К.Исаев,
д-р филол. наук;
Н.Ж.Шаймерденова,
д-р филол. наук;
С.А.Матяш,
д-р филол. наук (Россия);
М.Д.Джусупов,
д-р филол. наук (Узбекистан);
У.М.Бахтикиреева,
д-р филол. наук (Россия);
Т.В.Белошапкова,
д-р филол. наук (Россия);
К.Жанбозулы,
д-р филол. наук (КНР);
Ж.Д.Рапишева,
отв. секретарь
канд. филол. наук
Адрес редакции: 100028, г. Караганда, ул. Университетская, 28
Тел.: 77-03-69 (внутр. 1026); факс: (7212) 77-03-84.
E-mail: vestnick_kargu@ksu.kz Сайт: http://www.ksu.kz
Редакторы Ж.Т.Нұрмұханова
Техн. редактор А.М.Будник
Издательство Карагандинского
государственного университета
им. Е.А.Букетова
100012, г. Караганда,
ул. Гоголя, 38,
тел.: (7212) 51-38-20
e-mail: izd_kargu@mail.ru
Басуға 24.12.2013 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60
84 1/8.
Офсеттік қағазы.
Көлемi 16,6 б.т.
Таралымы 300 дана.
Бағасы келiсiм бойынша.
Тапсырыс № 1018.
Подписано в печать 24.12.2013 г.
Формат 60
84 1/8.
Бумага офсетная.
Объем 16,6 п.л. Тираж 300 экз.
Цена договорная. Заказ № 1018.
Отпечатано в типографии
издательства КарГУ
им. Е.А.Букетова
© Карагандинский государственный университет, 2013
Зарегистрирован Министерством культуры и информации Республики Казахстан.
Регистрационное свидетельство № 13109–Ж от 23.10.2012 г.
2
Вестник Карагандинского университета
М А З М Ұ Н Ы
С О Д Е Р Ж А Н И Е
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ
КАЗАХСКОЕ ЯЗЫКОЗНАНИЕ
Пірімбетов Т.Т. Туынды сөз (түрлері) —
сөзжасам саласының өзекті мəселесі ................
3
Примбетов Т.Т. Производные слова (виды) —
актуальные проблемы словообразования .........
3
Сапарова К.О. Сөзжасамдық мағына түрлері
мен лексикалық мағынаның арақатынасы
(еліктеуіш сөз табы негізінде) ...........................
9
Сапарова К.О. Виды словообразовательного
значения и их отношение к лексическому зна-
чению (на материале подражательных слов) ....
9
Хасенов Б.Р., Бименде А.А., Сатбаева А.Б.
Cимвол — тілдік-танымдық код .......................
13
Хасенов Б.Р., Бименде А.А., Сатбаева А.Б.
Символ — когнитивно-языковой код ................
13
ƏДЕБИЕТТАНУ ЖƏНЕ
ФОЛЬКЛОРТАНУ
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ
И ФОЛЬКЛОРИСТИКА
Смағұлов Ж.Қ. Əл-Фараби жəне ұлттық
əдебиеттану ғылымының бастаулары ...............
19
Смагулов Ж.К. Аль-Фараби и истоки станов-
ления национального литературоведения ........
19
Рахымов Б.С. Эпостағы эпикалық билеуші
бейнесі .................................................................
26
Рахимов Б.С. Эпический образ правителя в
эпосе .....................................................................
26
Каренов Р.С. Алты Алаштан «сері» деген ат
алған Ақан сері Қорамсаұлы (туғанына — 170
жыл, қайтыс болғанына — 100 жыл) ................
31
Каренов Р.С. О жизни и творчестве Ахана-
серэ Корамсаулы (к 170-летию со дня
рождения, 100-летию со дня смерти) ................
31
Бенчич С. А.П.Чехов шығармалары жəне
олардың словакия театрларының қойылым-
дарында режиссерлік тұрғыдан көрініс табуы
63
Бенчич С. Произведения А.П.Чехова и их ре-
жиссерские воплощения в постановках сло-
вацких театров .....................................................
63
Жарылғапов Ж.Ж. Жаhандану үдерісіндегі
əдебиеттік тəрбие ................................................
67
Жарылгапов Ж.Ж. Литературное воспитание
в процесссе глобализации ...................................
67
Шевлякова Л.Р. Л.Улицкаяның «Медея и ее
дети» романындағы үй кеңістігі .......................
70
Шевлякова Л.Р. Пространство дома в романе
Л.Улицкой «Медея и ее дети» ............................
70
Əбдуов М.І., Сабитова С.А. Діни дастан-
дардағы мифтің түрлену жолдары ...................
78
Абдуов М.И., Сабитова С.А. Пути преобразо-
вания мифов в религиозных эпосах ...................
78
Каренов Р.С. Ақан сері — айтыс өнерінің
дүлдүл көгі (туғанына — 170 жыл, қайтыс
болғанына — 100 жыл) ......................................
83
Каренов Р.С. Ахан-серэ — выдающийся мас-
тер поэтического состязания (к 170-летию со
дня рождения, 100-летию со дня смерти) .........
83
Такиров С.У., Жакулаев А.М. Əдебиеттегі пост-
модернистік құбылыстар .................................. 106
Такиров С.У., Жакулаев А.М. Явление пост-
модернизма в литературе .................................... 106
ЖУРНАЛИСТИКА МƏСЕЛЕЛЕРІ
ПРОБЛЕМЫ ЖУРНАЛИСТИКИ
Əбішева В.Т.,
Мурашова Д.
Жарнамалық
слоган: баспа БАҚ даму тарихы ........................ 116
Abisheva V.T.,
Murashova D. Advertising
Slogan: History of Development in Print Media ... 116
СЫН
КРИТИКА
Əбдуов М.І., Қазбеков Т.Б. Алаштың жиырма
жыр алыптарының құрметіне арналған құнды
зерттеу ................................................................ 120
Абдуов М.И., Казбеков Т.Б. Ценное исследо-
вание, посвященное двадцати великим поэтам
Алаша ................................................................... 120
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР .............
127
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ ................................ 127
2013 жылғы «Қарағанды университетінің ха-
баршысында» жарияланған мақалалардың
көрсеткіші. «Филология» сериясы .................... 128
Указатель статей, опубликованных в «Вест-
нике Карагандинского университета» в 2013
году. Серия «Филология» ................................... 128
Серия «Филология». № 4(72)/2013
3
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ
КАЗАХСКОЕ ЯЗЫКОЗНАНИЕ
ƏОЖ 81’
Т.Т.Пірімбетов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: t_primbetov@mail.ru)
Туынды сөз (түрлері) — сөзжасам саласының өзекті мəселесі
Мақалада сөзжасам мен морфология саласына қатысты «түбір» мен «негіз» терминдерінің
арақатынасы мəселесі сөз болады. Бұл екі термин қазіргі таңда екі салада (сөзжасам жəне
морфологияда) талғаусыз қолданыс үстінде. «Негіз» терминін морфология саласында емес, сөзжасам
саласында ғылыми айналыста тұрақтандыру қажет. «Түбір» термині морфологияда болмаса, сөзжасам
саласының табиғатына сай келмейтіндігі турасында дəлелденіп көрсетілді.
Кілт сөздер: қазақ тілі, туынды сөз, күрделі сөз, сөзжасам, сөз, морфология, сөз таптары, грамматика,
сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тəсіл, лексика.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде сөзжасам саласының ғылыми айналысқа енуіне байланысты
көптеген морфология саласының терминдері сөзжасамда қолданылып жүр. Бұл мəселе, əрине,
қиыншылықтар мен ой дəлсіздігіне (талдауларда), əрбірден соң шатастырушылыққа да əкеп соғып
жүрген жағдайлар кездесуде. Айталық: түбір, туынды түбір, түбір морфема, туынды морфема,
жалаң жəне күрделі сөздер т.б. бірінің орнына бірі ешбір талғаусыз қолдануда. Нəтижесінде қай сала
бойынша талданып жатқанын айырудың өзі кей тұстарда мүмкін болмай қалады. Мысалы, сөзжасам
саласына арналған оқу құралдарында, ғылыми еңбектерде, мақалаларда болсын сөз жасалуы үшін
түбір мен оған қосылатын (не түрлендіретін, не тудыратын) жұрнақ болуы (жалғануы) қажет. Сонда
бұл қай талдау деген сұрақ туады, морфологиялық па, əлде сөзжасамдық талдау ма? Бұл секілді
талдаулар екі салада да жиі кездесетінін жүргендерін көріп жүрміз. Сөзжасамдық талдауға келгенде
қайсыбір терминдерді өз орнымен қолданған жөн. Жоғарыда келтірілген мысалды сөзжасамдық
тұрғыдан талдайтын болсақ, туынды сөз жасалуы үшін негіз сөзге сөзжасамдык мағына түрлеріне
байланысты (түрлендіруші, тудырушы) сөзжасамдық қосымша жалғануы қажет деп талдаған болар
еді, əрі бұлай талдау əңгіме сөзжасам турасында болып жатқанынан хабардар етер еді. Сонда қай
ғылым болмасын олардың сол ғылымға қатысты өзіндік терминдері болуы қажет деген мəселені
дəлелдеп жатудың қажеті шамалы болар еді. Екі ғылым саласына бірдей ортақ термин екі кеменің
құйрығын ұстағанмен бірдей екені онсыз да түсінікті. Негізінен, сөзжасам саласындағы басты
тұлғалардың бірі — туынды сөз. Туынды сөзге негізге қосымша жалғану арқылы жасалған жəне
аналитикалық сөздер, барлық сөзжасам тəсілі арқылы жасалған туындылардың бəрі жатады да, тілдің
сөзжасамдық үрдісі нəтижесінде туған лексикалық дайын тұлғалар болып табылады.
Біріншіден, дайын лексикалық тұлға, яғни, туынды сөз деп отырған терминнің табиғатына көңіл
бөлейік. Қазіргі қазақ тіл білімінде бұл термин ғылыми айналыста жүргенімен, ол тұрақты бір
мағынада қалыптасты деуге келмейді. Себебі оны кейде туынды түбір деген мағынада да
қолданушылық кездеседі. Бұл мəселе ол екі терминнің мағынасына дұрыс көңіл бөлмеуден, үлкен
айырма барына баса назар аудармаудан болып отыр. Зерделей келгенде, туынды сөз деген терминнің
мағынасы туынды түбір деген терминнен əлдеқайда кең. Туынды түбірлер незінен туынды сөздердің
бір түрі ғана болып табылады. Туынды түбірлер морфология саласы терминіне жатады да, тек жұрнақ
арқылы, яғни синтетикалық тəсіл арқылы, жасалған сөздер деген мағынаны білдіреді. Туынды сөз
деген терминге келсек, оның табиғатына туынды түбірлер оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ
Т.Т.Пірімбетов
4
Вестник Карагандинского университета
туынды сөздерге жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірлерден басқа, олардан өзге тəсілдер арқылы
(семантикалық, аналитикалық) жасалған түрлі-түрлі туынды сөздердің барлық жиынтығы да жатады.
Туынды сөздер барлық тілдерде кездеседі. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірдің қай саласы
болмасын пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қалыптасқан сөзжасам
заңдылықтары арқылы жасалған сөздер не сөздер тобы десек те болады.
Туынды сөз деген морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді түсінеміз. Туынды сөздің
құрамында негіз морфема жəне қосымша морфема болуы шарт, мысалы: жазушы, жазушылық,
егіншілік, өзенше, құрылысшы, кітапша, əдемілеу, ұзындау т.б.
Сондықтан сөздің құрамын анықтау мақсатымен, əр қилы грамматикалық (морфологиялық)
талдау жасағанда, практикалық жағынан жеңіл болуы үшін, түбір сөзді тек қана түбір деп, туынды
сөздің түбірін (сөзжасамда) негіз деп атаған қолайлы. Мысалы, құрылысшыларды деген сөздің негізі
— құр (құру мағынасында), ал құрыл — құрылыс — құрылысшы — құрылысшылар —
құрылысшыларды дегендердің бəрі синтетикалық тəсіл арқылы жасалған туынды сөздер болып
табылады. Сөйтіп, туынды сөздер деп сөзжасамдық қосымшалар арқылы негізден өрбіген сөздерді
айтамыз (бұл, əрине, синтетикалық тəсіл бойынша). Туынды сөздер сөзжасамның басқа да тəсілдері
арқылы жасала беретіндігін жоғарыда ескерттік.
Бұл мəселені дұрыс түсіну үшін мына пікірді ескерген жөн: «Түбір морфема мəселесіне қазақ
тілі (сондай-ақ түркі тілдері) тұрғысынан келсек, түбір белгілі бір мағынаны білдіруімен байланысты.
Бұл тұрғыдан келгенде, түбір мен сөз деген ұғымдар сайма-сай келеді де, сөз деген ұғымға енетін
туынды түбір дегендер ғана одан өзгеше болады. Сондықтан да түбір жеке сөздің баламасы ретінде
ешбір түрленусіз түбір күйінде тілде қолданыла да алады» деп көрсетілген [1; 411]. Пікірдегі сөз
ұғымы сөзжасам саласындағы туынды сөз деген ұғымға сай келеді. Сонда сөз морфологиялық
тұрғыдан қарағанда түбір морфема түрінде немесе туынды түбір күйінде келуі мүмкін де, ал
сөзжасамдық тұрғыдан қарағанда — негіз немесе туынды сөз түрінде болады деген сөз. Туынды
сөздер тек негізден (түсінікті болу үшін түбірден) ғана жасалып қана қоймайды, туынды сөздердің
өздерінен де өрби береді. Мысалы, өнер, өнершіл, өнершілдік, өнерпаз, өнерпаздық деген сөздерді
алсақ, бəрінің де түбірі — өнер. Бірақ ол негізден тікелей туған туынды сөз — өнершіл, өнерпаз
дегендер ғана. Қалғандары туынды сөздерден өрбіген.
Туынды сөздер табиғатында негізінен жұрнақтар ерекше орын алғанымен (қазақ тілі жалғамалы
тілге жататындықтан), бірақ жұрнақтар барлық сөзге бірдей жалғана бермейтінін ескеру қажет.
Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қайсысына болса да талғамай жалғана
берсе, кейбір жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанумен шектеледі де көнеленіп қалуына
байланысты басқа сөздерге мүлдем жалғанбайтын тұстары да бар.
Əрбір негіз сөздің өзіне лайықты нақтылы мағынасы болатыны да, сондай-ақ сөз тудыратын
əрбір жұрнақтың да өзіне тəн жалпы мағынасы болатыны да белгілі. Сондықтан туынды сөздің
мағыналық құрылымында (мағынасының құрамында) олардың əрқайсысының қатысына қарай үлесі
де болуға тиіс. Ол үлес, əрине, негіз сөздің негізгі морфема, ал жұрнақтың көмекші морфема
болуымен байланысты. Демек, туынды сөздің тұлғалық құрамында да, мағыналық құрамында да негіз
сөз жетекші, яғни басты қызмет атқаратын, мүше болады.
Негіздің сөзжасамдық қабілетіндей ешқандай сөз жоқ. Сөзжасамда негіздердің бəрі қатысады да,
олар арқылы көптеген туынды сөздер жасалады. Ғалымдар зерттеуінше, қазақ тілінде бір негізден 20–
30 сөз жасалуы — үйреншікті құбылыс. Ал бір бас сөзінің — 140, жел сөзінен 90-нан астам туынды
сөздер жасалатыны дəлелденіп отыр. Керісінше, туынды сөздердің сөзжасамдық қабілеті нашар,
өнімсіз.
Негіздердің омонимдік қасиеті күшті болады: ас, ат, өт, көш, қой т.б. сөздер бірде заттық, бірде
етістік ұғымында жұмсала беруі де үйреншікті нəрсе.
Негіздердің буын (дыбыстық) жағынан да туынды сөздерден ерекшелігі бар. Айталық, олардың
басым көпшілігі бір буынды болып келулерімен қатар əрі түркі тілдеріне ортақ ретінде де қасиеттері
бар, мысалы, күн, ай, жан, үй, ақ, көз, бет, кел, кет, нан, қол т.б. Кейде мұндай сөздер тек екі немесе
үш дыбыстан емес, қарт, төрт, қант, қайт секілді төрт дыбысты болып келе береді. Ал туынды
сөздерден тек екі буыннан басталып (семантикалық тəсілден өзгесі), буын сандары ұлғая береді: білім,
келісім, аспазшы, көлшік т.б.
Туынды сөз белгілі бір тəсілмен жасалады (синтетикалық, аналитикалық, лексика-
семантикалық). Осыған орай құрам жағынан туынды сөздер: а) жалаң негізді сөз; ə) күрделі негізді
сөздер болып жəне екі топқа бөлінеді. Бұл терминдер де көңілге онша сенімді емес. Себебі жалаң,
Туынды сөз (түрлері) — сөзжасам саласының өзекті мəселесі
Серия «Филология». № 4(72)/2013
5
күрделі деген сөздер морфология саласында да қолданылады. Терминді қайталамас үшін мүмкін жалаң
сөздерді «бір негізді», күрделі сөздерді «көп негізді» деп атаған жөн шығар. Əрбірден соң «күрделі
негізді сөздер», «көп негізді» дегеннен гөрі «аналитикалық негіздер» деп те атаған жөн секілді. Бұлай
атаудың өзі мұндай сөздер аналитикалық тəсілмен жасалғандарын əрі құрамында бірнеше негіз бар
деген ұғымды қоса білдіре алар еді. Ескеретін бір жағдай — сөзжасам саласына арналған көптеген
еңбектерде (Н.Оралбайдан өзгесі [2]) морфологияда қолданылып жүрген күрделі сөздер түрлерін
сөзжасам саласында туынды сөздер деп нақты атамайды. Мұның себебін сөзжасам саласындағы
еңбектер негізінен синтетикалық тəсілдерге баса назар аударылатынымен түсіндіруге болады. Сөздер
мағынасына қандай да бір өзгеріс болмасын, ол қай тəсілмен жасалса да — ол туынды сөз. Сондықтан
бірігу, қосарлану т.б. — туынды сөз жасаудың амалы.
Əңгіме сөзжасам жүйесіндегі туынды сөздер турасында болған соң, сөз арасында айта кететін
бір мəселе — қосымша морфемалар жайлы. Морфология немесе сөзжасам саласында болмасын сөз
құрымдарына (сөзжасамда туынды сөз құрамына) келгенде «түбір», «негіз» деген терминдер
«туынды түбір», «туынды сөз» жасауда негізгі, басты бөлшек (морфема) секілді түсінік таным
ғылыми айналыста əбден тұрақталған. Бұны, əрине, ешкім де теріске шығара алмайды. Дегенмен де,
мəселенің екінші жағы барын ескеруге тура келеді. Айталық, қазақ тілі жалғамалы тілге
жататындықтан, туынды түбірдің не туынды сөздің жасалуында қосымшалар ерекше қызмет
атқарады. Қосымша морфемасыз синтетикалық туынды сөз қалай жасалынбаса да, морфологияда
туынды түбір туралы мəселені қозғаудың қажеті жоқ. Сонда бұлар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Екіншіден, туынды түбір немесе туынды сөздің жасалуында қосымша морфемадай қызметті ешбір
бөлшек атқара алмайды. Сондықтан бұлардың (негізгі, көмекші морфемалардың) сөз жасауда
қызметтері бірдей. Қазақ тілі жалғамалы тіл ретінде танылуының өзі де, бір жағынан, осы
қосымшалардың ерекше қызметіне байланысты емес пе. Осы себепті тунды сөз құрамында екі негізгі
морфемалардың барын дəлелдеудің қажеті жоқ.
Қазіргі таңда сөзжасам жүйесінде күрделі сөздер мəселесі мақалалар, ғылыми еңбектердің
барысында болмаса, арнайы тақырып ретінде (қомақты монографиялық тұрғыдан) зерттеу нысанына
айналмай отыр. Сөзжасамдық жүйеге келген кезде «күрделі сөздерді» «күрделі негіздер» деп атауға
болатын секілді. Бірақ бұлай атау морфемалық бөлшекке бөлгенмен бірдей болады да, сөзжасамдық
заңдылық термин табиғаты ескерілмей қалады. Ал «сөзжасам» деген термин сөздер қалай жасалады
деген сұраққа жауап іздеу екенін естен шығаруға болмайды да, бұл сөзжасамның қай мəселесі сөз
етілсе де, ұдайы ескерілуі шарт. Сонда ғана сөзжасамдық талдау болмақ.
Негізінен «күрделі сөздер» сөзжасам саласында — «туынды сөздер». Мəселе — қай туынды
сөздер. «Туынды сөздер» сөзжасам жүйесінде синтетикалық, семантикалық, аналитикалық тəсілдер
көмегімен жасалғандардың бəрі — туынды сөздер. Себебі бұл тəсілдер арқылы негіздің
семантикалық мағынасына қалай да бір өзгеріс еніп, сөз жасалады. Сондықтан «күрделі сөздердің»
тілдік табиғаты сөзжасамда «күрделі туынды сөздер» деген терминге сай келетін секілді екенін
жоғарыда ескерттік.
Ескеретін тағы бір мəселе — бұл екі термин де («күрделі сөз», «күрделі туынды сөз») — екі
салада бірдей аналитикалық тəсілмен жасалған тұлғалар. Морфологиялық заңдылық бойынша
кемінде екі түбірден тұрса, сөзжасам бойынша — кемінде екі негізден құралғандар. Əр саланың
грамматикалық заңдылықтары сақталуы үшін де, мəселең, əңгіме сөзжасамдық талдау екенін аңғарту
мақсатында, біріншіден, мұндай сөздер аналитикалық тəсіл арқылы жүзеге асатынын, екіншіден,
бұлар бірнеше негіздерден тұратындарын көрсету үшін де «аналитикалық негіздер» деген терминді
ғылыми айналыста тұрақтандырған дұрыс секілді. Ал түрлеріне келсек, «біріккен сөз» —
«сөзқосым», «қос сөз» — «қосарлы сөз», «құрама тіркестер» — «тіркесім», «қысқарған сөздер» —
«қысқарым» деп атау сөзжасамдық жүйе заңдылығына сай келеді [3–5].
Ғалым А.Ысқақов морфология саласындағы күрделі сөздер турасында: «Күрделі сөз деп кемінде
екі я онан көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай,
лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып
бірлесіп тұрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесін) айтамыз», — дейді [1; 92–93]. Бұл, əрине,
морфология саласы бойынша болса, ал мұндай күрделі сөздер тобын сөзжасам саласы тұрғысынан
келгенде «аналитикалық негіздер» деп атауды ұсынғаннан, «аналитикалық сөздер» деген термин
өздігінен сұранып тұрған сияқты. Бұлар, бір жағынан, айтылымдарында ұқсастық та бар: «күрделі
сөздер», «аналитикалық сөздер». Шамасы, осы «аналитикалық сөздер» деген термин морфология
саласында «күрделі сөздер» деп аталып жүрген сөздер тобының жалпы тұрғыда аталуының тілдік
Т.Т.Пірімбетов
6
Вестник Карагандинского университета
табиғатына сай келетін сияқты. Қалай болған күнде сөзжасам мен морфологиялық талдаулардың ара
жігін ажырату мақсатында екі салада бірдей «күрделі сөздер» деген терминнің қолданылуы (қазіргі
таңда қолдануда) ыңғайсыздық жағдайлар туғызуда. Сондықтан да сөзжасам саласында мұндай
күрделі сөздер тобын «аналитикалық сөздер» деген терминмен атаған жөн болатын секілді. Ал
анықтамасына келетін болсақ, бұлар да морфология саласындағы күрделі сөздер секілді: а) кемінде
екі негізден; ə) лексика-семантикалық жағынан біртұтас; б) лексика-грамматикалық жағынан бір
бүтін тұлға деген ғалым А.Ысқақовтың пікірін басшылыққа алу қажет те, ендігі жерде «күрделі
сөздерге» емес, сөзжасамдағы «аналитикалық сөздер» деген терминнің бүкіл табиғатын толық
қамтитындай анықтама беру керек.
Есте сақтайтын бір жағдай — қазіргі жағдайда морфология мен сөзжасам салаларында ортақ
терминдік мəселесі əр саланың өзіндік табиғи талдауларының кейбір тұстарында нақты ара жігін
ажыратып көрсетуде қиыншылықтар туғызып отырғандығын барлық тілші-ғалымдар мойындауда,
бұл туралы проблемалық мəселе жоғарыда сөз етілді. Мына талдауға назар аударсақ: «Туынды сөздер
— тілден көлемді орын алатын, сөз байлығымыздың өзінше бір қалың қабаты. Қазақ тіліндегі туынды
сөздердің түрлері де өте көп, олар мыналар: туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз,
қысқарған түбір....Туынды түбірлер тіліміздің сөз байлығын арттыратын бір кең арна. Біріккен сөздер
екі я онан да қөп сөздердің бірігіп, бір лексикалық мағынаны беретін единицаға көшуінен
қалыптасқан. Мысалы: жаздыгүні, күздігүні, қыстыгүні.... Қос сөздер де тіліміздегі туынды
сөздердің бір түрі. Сөздерді қосақтау арқылы жаңа мағынаны білдіру тілде ертеден келе жатыр.
Мысалы: аяқ-табақ, ине-жіп... т.б.» [3; 35–37], — түрінде талданған. Осы талдау үлгісіне зер салып
қарасақ, бұнда екі саланың терминдері аралас қолданылғандықтан да қай сала бойынша əңгіме болып
жатқанын нақты басып айту қиын. Себебі мұнда морфология жəне сөзжасам терминдері аралас
берілген. Мысалы, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз дегендер таза морфология
терминдері болса, туынды сөз — сөзжасам термині. «Қазақ грамматикасында» сөзжасамға арналған
(191–408-б.) теориялық мəселелерде мына секілді жолдарды оқимыз: «...Тіліміздегі күрделі сөздердің
түрлі түрі бары белгілі нəрсе, олар: 1) біріккен, кіріккен сөздер; 2) қос сөздер; 3) тіркесті күрделі
сөздер; 4) қысқарған сөздер» [5; 253]. Осы мəселелерге жеке-жеке тоқталғанда терминдерге
өзгерістер енгізіліп: біріккен, кіріккен күрделі сөздер [5; 253], қосарлы күрделі сөздер [5; 256],
тіркесті күрделі сөздер [5; 259], қысқарған күрделі сөздер [5; 261] деп берілген. Осы еңбектің
морфология саласына келгенде сөз таптарының аналитикалық тəсілдер арқылы жасалған құрамдық
түрлерінде біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз т.б. терминдер қайтадан кездеседі. Терминдік
ортақтық деген мəселе осындайдан туындайды. Егер əр нəрсенің өз атымен атайтын болсақ, талас
туғызбайтын мəселе — жоғарыда айтылған морфология саласындағы күрделі сөздер деп
отырғанымыз сөзжасам саласында — туынды сөздер. Туынды сөз болғанда күрделі туынды сөздер,
мұны сөзжасамның тілдік табиғатына сəйкестендіріп, аналитикалық сөздер деп атау ұсынылды. Ары
қарай уақыт төреші.
Екіншіден, екі салада бірдей туынды түбір дегеннің орнына туынды түбір терминін бұрыннан
қалыптасқан, ғылыми айналымда əбден тұрақталған морфологияның өз еншісінде қалдырып,
сөзжасам саласында қалыптаса бастаған негізді сөз деген терминді тұрақтандырған жөн. Сонда
туынды түбір сөзжасам саласы бойынша негізді сөз деген терминмен аталатын болады, кейде аталып
та жүр. Ал морфологиядағы түбір сөзжасамда болса да негіз деген терминмен тұрақтала бастады.
Бұл — құптарлық жағдай.
Үшіншіден, тағы айтатын мəселе — ендігі жерде морфология саласында күрделі сөздер
түрлеріне жатқызылып жүрген біріккен сөз, қос сөз, құрама тіркес, қысқарған сөз секілді терминдерді
жəне іштей біріге біріккен, кіріге біріккен, қайталама, қосарлама т.б. түрлерін сөзжасам саласында
мəселе сөзжасамдық талдау екендігін аңғарту мақсатында сөзжасамға ғана телінген терминдік
аталымдарды тұрақтандыру қажет. Бұл мəселенің біраз терминдері жасалып та жатыр. Жоғарыда
біріккен сөз — сөзқосым, қос сөз — қосарлы сөз т.б. секілді морфологиядағы күрделі сөздер түрлері
сөзжасамдық үлгіде аталып шықты. Дегенмен бұл терминдер екі салада бірдей талғаусыз
қолданылып жүргендері де сөз етілді.
Мəселенің екінші жағы бар. Күрделі сөздердің (морфология саласындағы) морфемалардың өзара
қарым-қатынастарынан туындайтын ішкі жіктеліс түрлеріндегі терминдік атауларды сөзжасам
жүйесінде мына терминдермен атауға болатын секілді: біріге біріккен сөздер — біріккен сөзқосым,
кіріге біріккен сөз — кіріккен сөзқосым, қайталама қос сөз — қайталама қосарлы сөз, қосарлама қос
сөз — қосарлы қосар сөз, қысқарған сөз — қысқарым сөз, құрама тіркестер — тіркесім сөз. Сонда
Туынды сөз (түрлері) — сөзжасам саласының өзекті мəселесі
Серия «Филология». № 4(72)/2013
7
Тау-тау астық мысалы сөз құрамы бойынша сөзжасамдық талдауда тау-тау — қайталама қосарлы
сөз, астық — негіз сөз деп талданар еді де, бұл қай талдау үлгісі екендігіне ешкімнің дауын туғызбас
еді.
Келесі мысалға көңіл бөлейік: «...Тіліміз біріккен сөздерге өте бай, бұл зат есімдерде өте көп.
Біріктіру тəсілі арқылы жасалған сөздер жаңа атаулар жасайтын болғандықтан, олар туынды сөздерге
жатады. Қос сөздер де тіліміздегі туынды сөздердің бір түрі... Қос сөздердің мағынасы оның
құрамындағы компоненттердің ешқайсысының жеке тұрғандағы мағынасы емес, олардың бірлігінен
шыққан басқа лексикалық мағына. Бұл қасиет қос сөз атаулының бəріне қатысты емес, ол —
қайталама қос сөздерде жоқ белгі» [3; 37]. Əрине, мысалдың мазмұны бойынша əңгіме не туралы
болып жатқанын түсіну қиын емес. Мəселе бұл — қай талдау үлгісінде. Еңбек сөзжасамға
арналғандықтан да, сөз басын: «Тіліміз сөзқосымды туынды сөздерге бай...» деген секілді құру керек
еді де, талдау сөзжасамдық тұрғыда болып жатқанына дау туғызбаған болар еді. Осы сөзжасамдық
талдау үлгісіндегі 60 жуық сөздің ішінде тек қана туынды сөз деген бір-ақ тіркес қана орынды
қолданған да, қалғандарының бəрі морфологияны қайталау болып шыққан. Бұл айтылған теориялық
мəселелер бұрыннан белгілі. Өкінішке орай, мұндай морфологиялық қайталаушылықтар қазіргі таңда
сөзжасам саласына арналған еңбектерде, мақалаларда т.б. болсын жаппай кездесетін əдетке айналып
отыр. Келтірілген мысалдағы біріккен сөз — сөзқосым, қос сөз — қосарлы сөз, басқа лексикалық
мағына — сөзжасамдық мағына сол секілді еңбектің өң бойында кездесетін: түбір — негіз, туынды
түбір — негізді сөз, күрделі сөз — күрделі туынды сөз т.б. сөзжасамдық жүйе бойынша өз атымен
аталғаны жөн болар еді. Егер таңдаусыз да талғаусыз екі саланың терминдерін қолдана беретін
болсақ, онда қазақ тіл біліміндегі сөзжасам мен морфологияның ара жігі, талдау үлгілерінің
ерекшеліктері турасында сөз қозғаудың өзін қажеті болмай қалатынын ескерген жөн. Мұндай жағдай
негізінен сөзжасамның басты-басты теориялық мəселелері сол морфологияның қойнауынан шығып
отырғанын бүкіл тілші-ғалымдар əлдеқашан мойындаған. Бірақ ол тек морфология ғана емес,
сөзжасам тілдегі барлық саланы қамтиды. Мұның басты себебі қазақ тілі тек қана негіз сөздерден
тұрмайды, ол — экономикалық, саяси, мəдени т.б. халықтық жан-жақты қатынас тілі, түсінісер,
ұғысар тілі. Ал мұндай қызметті тек қана туынды сөздер жəне олардың түрлері, өзара сан түрлі
лексика-грамматикалық қасиеттері, басқа тілдерде жоқ ерекшеліктерінен келіп туындап жатады.
Сондықтан сөзжасамдық заңдылықтар лексиканы, синтаксисті, стилистиканы т.б. қамтып жатқан
үлкен тілдік жүйе болып табылады. Осынша тілдік процестің ең өзекті мəселесі — туынды сөздер
табиғатында. Бұл — өте күрделі мəселе. Бұның бүге-шүгесін түгендеуге бір ұрпақтың өмірі жетпейді.
Өйткені туынды сөздер кеше ғана жасалған жоқ, оның сан ғасырлық өмірі бар. Олар — небір
ықылым заманнан сұрыпталған, іріктелген, белгілі бір тілдік заңдылықтар аясында жасалып əрі
біржола сөздік қорда тұрақталған тілдік тұлғалар. Сонда туынды сөздің құрамының күрделілігі оны
құрушы тұлғалардың мағынасына қарай негізделгенімен, деривациялық мағына екі не бірнеше
негіздің қосылымы, қосарлануы, тіркесімі арқылы, уақыт өткен сайын, заман талабына сай
қажеттілікті өтеу мақсатында негіздің мағыналық дамуы жəне негізге сөзжасамдық қосымшалардың
қосылуы, жалғануы арқылы жүзеге асқандығымен түсіндіруге болады.
Аналитикалық негізді туынды сөздер құрамындағы негіз сөздің мағыналары екіншілік мағына
жасау барысында өз мəнінде, тура мағынасында белсенділік таныта алмайды да, тек тұлға жасауда
негіз ретінде қатысады. Сондықтан туынды сөздің мағынасы мен оны жасаушы негіздердің
мағыналары ешқашан бір-біріне толық сəйкес келе бермейді деген ғылыми айналыста тұрақталған
пікір өте орынды. Аналитикалық туынды сөздер құрамындағы негіздердің мағыналары өздері
белгілеп тұрған зат не құбылыстың ерекше белгілері мен қасиеттеріне байланысты аңғартып отырса,
бұл мағыналар туынды сөздің құрамында метафораланып өзек немесе ортақ семаға айналады.
Нəтижесінде қажеттілікке орай, айталық, əдет-ғұрыпқа, салт-дəстүрге, жалпы халықтық танымдық
сипатқа т.б. байланысты, жаңа мағыналы туынды сөз жасалады. Мысалы, жағажай деген
сөзқосымды аналитикалық туынды сөз мағынасында тек мекендік орын емес, адамның жанына
жайлы болатын бүкіл жағдаяттар қамтылғандықтан да, жағажай деп аталады. Кез келген жаға (су
жағасы) жай бола бермейді деген сықылды. Сонда аналитикалық туынды сөздер жəне олардың
түрлерінде тілдің грамматикалық заңдылықтары сақталғанымен, олардың негізгі мақсаты — жаңа
мағыналы сөзжасамдық тұлға жасау.
Туынды сөз турасында жоғарыда айтылған мəселелерді жинақтай келе, мына секілді
сөзжасамдық белгілерін жинақтап көрсетуге болады (жалпы туынды сөздер жайлы):
1) туынды сөз екі морфемалы (негіз сөз, сөзжасамдық жұрнақ) тұлға;
Т.Т.Пірімбетов
8
Вестник Карагандинского университета
2) туынды сөз негіз сөз бен сөзжасамдық қосымша морфемалардың мағыналық қосындысынан
тұрады;
3) туынды сөз мағынасы негіз сөздің мағынасына байланысты болады: суретші туынды сөз
сурет деген негіз сөздің мағынасынан шығып отыр дегендей;
4) туынды сөз тілдің даму сатысына орай танылады: ұш-қыш, ұш-ақ, оқыр-ман, аялда-ма т.б.;
5) туынды сөз құрамындағы морфемалар заманына байланысты жіктері сақталады: дəрі-гер, дау-
кес, жазу-шы т.б.;
6) туынды сөздердің мағыналарында өзгеріс болады (себебі сөз жасалады) əрі қай сөз табына
жатуына орай сол сөз табынша грамматикалық түрленеді. Мысалы, түйін сөзі зат есім ретінде
түрленуі (септелуі, көптелуі, тəуелдене алады);
7) туынды сөздер қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының грамматикалық
қасиеттеріне ие болады: бала-лық, жақсылық, тау-лы, өзен-ше, тау-шық, көл-шік т.б.;
8) туынды сөздер сөйлем барысында емес, олар сөйлем құрамында дайын қалпында жұмсалады.
Егер біз үлкендік, кішілік туралы əңгімелесек, тілдегі осы дайын қалпында қолданамыз: үлкендік
көрсетті, кішілік танытты т.б.;
9) туынды сөздер сөзжасамның барлық (синтетикалық, семантикалық, аналитикалық) тəсілдері
арқылы жасала береді: балықшы, ақ (тағам мағынасында), қып-қызыл, жағажай, қас қағымда, ҚР т.б.;
10) туынды сөздің қай түрі болмасын бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады;
11) туынды сөз құрамындағы негіздердің омонимдік қасиеттері күшті болады: күн, қыс, жаз,
ара, ақ, түс, қара, көк, жүз т.б. деген толып жатқан негіз сөздер контексте əр түрлі сөз таптары
ретінде қызмет атқара береді;
12) туынды сөздер сөзжасамның барлық бірліктерін құрайды (ұя, жұп, тізбек, қатар, саты т.б.);
13) туынды сөздер уəждеме теориясы заңдылықтарымен жүзеге асады;
14) туынды сөздер синтетикалық жəне аналитикалық деген түрлерге бөлінеді (сарылау —
синтетикалық туынды сөз, қарлығаш — аналитикалық туынды сөз т.б.);
15) туынды сөз мағынасы кез келген өзі құрайтын негіздің мағынасынан əлдеқайда кең болады;
16) туынды сөздер негіз сөздің сөз табының мағыналық түріне тəуелді болмайды, жасалған
туынды сөз басқа сөз табына ауысып кетуі мүмкін;
17) туынды сөздер грамматикалық заңдылық емес, сөзжасамдық тұлға ретінде қарастырылады.
Əдебиеттер тізімі
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 384 б.
2 Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. — Алматы, 2002. — 218 б.
3 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.– Алматы: Ғылым, 1989. — 368 б.
4 Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2003. — 271 б.
5 Қазақ грамматикасы. — Астана: Елорда, 2002. — 784 б.
Т.Т.Примбетов
Достарыңызбен бөлісу: |