48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Пашен  әдiсiмен  бояу.  Бекiтiлген  жағындыны  Леффлер  көгiмен  буы 
шыққанша  қыздырып  бояп,  одан  кейiн  дистильденген  сумен  жуып  тастап 
суытылмаған  Циль  фуксинiнiң  ерiтiндiсiмен  қыздырып  1-3  минут  бояйды. 
Қайтадан  дистильденген  сумен  жуып  абсолюттi  спиртпен  немесе  таниннiң 
5%  ерiтiндiсiмен  өңдейдi.  Боялған  жағындыны  кептiрiп  иммерциялық  май 
көмегiмен микроскопиялайды. Арнайы денешiктер ашық көк түске боялады. 
Дайындалған патологиялық материалды эмбрионға егу. 
Бұл  мақсатта  көптеген  жағдайда  8-12  күндiк  эмбриондар  пайдала-
нылады.  Ол  үшiн  жұмыртқаны  алдын-ала  овоскоппен  қарап,  эмбрионның 

22 
 
тiрiлiгiн  анықтайды,  қарындашпен  езiндi  жiберетiн  жердi  белгiлеп, 
жұмыртқаның  сыртын  зарарсыздандырады.  Вирустың  ерекшелiктерiне 
байланысты  езiндiнi  жұмыртқаның  амнион,  аллантойс  қуыстарына,  саруыз 
қапшықшасына  немесе  хориоаллантоис  қабықшасына  жiбередi.  Материал 
енгiзiлген скорлупадағы тесiктi балауызбен бекiтiп, өсiру  үшiн жұмыртқаны 
48-72 сағатқа термостатқа (33-370С) орналастырады. 
 
 
 
 
 
Вирусты сәулелiк, люми-
нисценттi, 
электронды 
микроскоптар 
арқылы 
тiкелей  немесе  олардың 
антигендерiн 
сероло-
гиялық реакциялар арқы-
лы 
(экспресс-диагноз) 
табу 
Тауық  эмбрионына,  тор-
ша  езiндiсiне,  табиғи 
ауыратын  және    лабора-
ториялық 
жануарларға 
жұқтыру.  Вирустар  мен 
олардың 
антигендерiн 
микроскопия  әдiстермен 
және  серологиялық  реак-
циялардың 
көмегiмен 
ажырату. 
Тауық  эмбриондарында, 
клетка өсiндiлерiнде жә-
не 
лабораториялық 
жануарларда 
вирусты 
бейтараптау  реакциясын 
қою. 
 
2-сурет. Вирусологиялық зерттеу схемасы. 
 
Вирусологиялық  зерттеуге  материал  алу,  жiберу  әдiстемесi,  жолдама 
құжат  толтыру  бактериологиялық  зерттеудегiдей.  Тек  қана  вирустың 
термолобильдiгi,  яғни  жоғары  температураға  төзiмсiздiгi  ескерiлiп,  әсiресе 
жаз  айларында  патологиялық  материал  мұз  салынған  арнайы  термоска 
салынып жiберiледi.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-тақырып. Серологиялық зерттеу, оның балау 
 әдiстерi кешенiндегi маңызы 
 
Жалпы  сипаттама.  Серология  (латынша  serum  -  қан  сарысуы,  logos  – 
бiлiм  беру)  қан  сарысуының  иммундық  қасиеттерi  және  оларды  тудыратын 
факторлар  жайындағы  ғылым.  Серология  иммунология  iлiмiнiң  басты  бiр 
бөлiмi.  Ғылыми  иммунологияның  негiзiн  қалаушы  ғалымдар,  Нобель 
сыйлығының лауреаттары Роберт Кох, Илья Ильич Мечников, Пауль Эрлих, 
Жюлю  Борде,  Октав  Жангу,  Август  Вассерман,  т.б.  серологияның  қалып-
тасуына  үлкен  ықпал  жасады.  Соңғылары  комплементтiң  фиксациялану 
феноменiнiң  диагностикалық  мүмкiндiктерiн  анықтады.  Иммунологияның 
негiзгi  жетiстiгi  көптеген  серологиялық  (иммунологиялық)  әдiстердiң 
жұқпалы  аурулардың  балауында  қолдануға  практикаға  енгiзiлуi.  Жалпы 
Патологиялық материал
 

23 
 
иммунологиялық  реакциялар  деп  аталатын  серологиялық  реакциялардың 
инфекциялық ауруларды балаудағы телiмдiлiгi басқа әдiстерге (клиникалық, 
патология-анатомиялық, аллергиялық, т.б.) қарағанда өте жоғары.  
Жалпы  серологиялық  реакциялар  дегенiмiз  –  антиген  мен  гомологты 
антидененiң  in  vitro  әрекеттесуi.  Серологиялық  әдiстер  тек  қана  қан 
сарысуын  ғана  емес,  сүттi,  ағза  экстрактыларын,  ликвор,  басқа  да  организм 
сұйықтарын зерттеуге кең түрде қолданылып келдi.  
Малды  жаппай  серологиялық  әдiстермен  зерттеу  арқылы  инфекциялық 
аурулардың таралу деңгейiн, жасырын ауру малды анықтауға болады. Соңғы 
жылдары қос қан сарысуының титрлерiнiң ұлғаюына байланысты серология-
лық  балау  қойылып  жүр.  Ол  үшiн  алдымен  аурудың  жiтi  өршу  кезiнде, 
екiншi  рет  15-20  күннен  кейiн  қосақталған  қан  сарысуларын  зерттегенде 
антидене титрлерi 4, одан да жоғары еселенсе аурудың серологиялық балауы 
қойылды  деп  саналады.  Мұндай  зерттеулер  көптеген  инфекциялық  аурулар 
(лептоспироз,  вирустық  аурулар,  т.б.)  бой  көтергенде  олардың  iндеттiк 
жағдайын  талдауға  мүмкiндiк  бередi.  Созылмалы  түрде  өтетiн  жұқпалы 
инфекцияларда  бiр  жолғы  серологиялық  зерттеу  арқылы  аурудың  нозоло-
гиялық балауын қоюға болады. 
Серологиялық балау әдiстерiмен иммундыглобулин кластарын (Ig, IgM) 
зерттеу  арқылы  инфекциялық  процестiң  динамикасын  анықтауға  болады. 
Аурудың бастапқы сатысында IgM антиденелер анықталады.   
Қазiргi  кезде  серологиялық  балау  эпизоотологтарға  тек  қана 
инфекциялық  аурулардың,  оның  iшiнде  әсiресе  вирустық  инфекциялардың 
нозогеографиялық  таралуын  ғана  емес,  вакциналық  иммундық  фонды, 
қадағалауға кең түрде қолданылады.  
Серологиялық  реакциялар  жай,  күрделi,  бiр,  екi,  үш  және  т.с.с. 
компоненттi,  антиген  немесе  антидене  анықтауға  қолданылатын  немесе 
лизистенуi, нейтрализациялануы, тұнбаға түсуi бойынша топтарға бөлiнедi. 
Серологиялық  реакциялардың  түрлi  феномендерде  байқалу  механизм-
дерi  Т.С.Сайдулдиннiң  "Основы  серологии"  (1991)  монографиясында 
көрсетiлген. 
 
4-зертханалық сабақ. Серологиялық реакциялар классификациясы 
және олардың жұқпалы аурулардың балауында қолданылуы 
 
Сабақтың 
мақсаты. 
Серологиялық 
реакциялардың 
негiзiн, 
олардың 
классификациялануымен,  Дүниежүзiлiк  сауда  ұйымына  (ДСҰ)  кiретiн  мемлекеттерде 
қолданылатын  және  ұсынылған  альтернативтi  тесттермен  танысып,  олардың  қолданылу 
аясын талдау, іскерлік ойын тапсырмаларын шешу  
Керектi  жабдықтар.  Плакаттар  (серологиялық  реакциялардың  класси-
фикациясы, OIE тiзiмiне енген аурулар категориялары және оларды балауға 
қолданылатын  және  альтернативтi  тесттер),  ИФТ  компоненттерi,  арнайы 
автомат пипеткалар, пробиркалар, термостат, тоңазытқыш, ерiтiндiнiң опти-
калық тығыздығын анықтау фотометрі. 
 

24 
 
  Иммунологияда  серологиялық  реакциялардың  бiрнеше  классифи-
кациясы  ұсынылған  (М.И.Леви,  1961;  Б.М.Никитин,  1974,  1977;  Сайдулдин 
Т.С.,  1992).  Соңғы  автордың  классификациясы  (2-кесте)  серологиялық 
реакциялардың айырмашылығын, механизмiн түсiнуге маңызды. 
Қазiргi  серологияның  жетiстiгi  –  компоненттерi  таңбаланған  реакция-
лардың  жұқпалы  аурулардың  балауында  кең  түрде  қолданылуы.  Антигенге 
немесе иммунды глобулиндерге тиiстi ферменттердiң қосылуы серологияны 
жаңа  жұқпалы  ауруларды  балауда  тиiмдiлiгi  жоғары  –  иммунды  ферменттi 
талдау әдiсiмен қаруландырды. 
 
2-кесте. Серологиялық реакциялардың классификациясы 
(Т.С.Сайдулдин бойынша) 
 
Реакция 
компонент-
терi 
Қосымша факторларсыз 
Қосымша факторлармен 
Тiк 
Лимиттелген 
Тiк 
Лимиттелген 
Нативтi 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тасымал-
даушыда 
адсорбция-
ланған 
 
 
 
 
 
Компо-
нентi 
таңба-
ланған 
Агглютинация, 
преципитация 
 
 
 
 
 
 
 
Тiк гемагглю-
тинация, латекс 
агглютинация, 
коагглютинация, 
дерматол 
антигендi аг-
глютинациялау 
 
 
Тiк иммунды 
флюоресценция, 
бiрэтапты 
радиоизотопты 
преципитация 
 
Гемагглютина-
цияны тежеу, 
гемагглютина-
цияны басу, 
преципитацияны 
басу 
 
 
 
Антигендi ней-
трализациялау, 
антидененi ней-
трализациялау, 
латекс агглюти-
нацияны басу 
 
 
 
Тiк иммуно-
флюоресцен-
цияны өшiру, 
радиоавтогра-
фияны басу 
Бактериолиз, 
гемолиз, лейко-
цитолиз, лим-
фацитолиз, тiк 
конглютинация, 
Кумбс, Роза-
Ваалера 
реакциялары 
 
Эритроцит ан-
тиген мен ан-
тиглобулин 
реакциясы, аралас 
антиглобулин 
реакциясы, аралас 
гемадсорбция 
 
Жанама және 
антикомплемен-
тарлы иммун-
дыфлюорес-
ценция, екi-
этапты преци-
питация, им-
мунды ферменттi 
талдау 
Комплементтi 
байланыстыру, 
Сайдулдин 
реакциясы, 
иммунды ке-
шендi агрегат-
тау, т.б. 
 
 
Адсорбталған 
антигендi қол-
дану арқылы 
антиглобулиндi 
жұмсау, аралас 
гемадсорбцияны 
басу 
 
Жанама және 
антикомпле-
ментарлы 
иммундыфлю-
оресценцияны 
өшiру,екi этапты 
радиоизотопты 
преципитацияны 
басу 
 
Ветеринариялық  практикада  қолданылатын  және  қолдануға  ұсыны-
лған    альтернативтi  серологиялық  реакциялар  (тесттер).  Дүниежүзiлiк 
сауда ұйымына кiретiн мемлекеттерде түрлi инфекциялық ауруларды балауға 
қолданылатын серологиялық реакциялар 3-кестеде көрсетiлген. 
 
 
 

25 
 
3-кесте. OIE тiзiмiне енген аурулар категориялары, олардың балауында  
қолданылатын және қолдануға ұсынылған альтернативтi тесттер 
Аурулар атауы 
Қолданылатын 
тесттер 
Альтернатив
тi тесттер 
Бiрнеше түлiкке ортақ аурулар 
Бруцеллез (Brucella abortus) 
Бруцеллез (Brucella melitensis) 
Бруцеллез (Brucella suis) 
Гидроперикардит 
Жапон энцефалитi 
Аусыл 
Қойдың катаральды безгегi 
 
Топалаң (жамандат, қараталақ, т.б.) 
Батыс Нил безгегi 
Рифт шөлiнiң безгегi 
Қырымның геморрагиялық безгегi 
Ку безгегi  
Лептоспироз 
Ауески ауруы 
Паратуберкулез 
Сиыр обасы  
Құтырық 
Визикулярлы стоматит 
Туляремия 
BBAT,CF,ELISA 
BBAT,CF 
ELISA 
– 
– 
ELISA, VN 
AGID,ELISA, Agent 
id., PCR 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
ELISA, VN 
– 
ELISA 
VN 
CF, ELISA, VN 
– 
FPA 
Brucellin 
BBAT, FPA 
ELISA, IFA 
HI, CF, PRN 
– 
VN 
 
– 
– 
HI,ELISA,PR

– 
– 
MAT 
– 
CF,DTH,ELI
SA 
VN 
ELISA 
– 
Agent id. 
Сиыр аурулары 
Кампилобактериоз 
Сиырдың зiлдi катаральды 
қызбасы 
Сиырдың жұқпалы түйiндi 
дерматитi 
Сиырдың вирустық диареясы 
Сиырдың энцефалопатиясы 
Сиырдың энзоотикалық лейкозы 
Сиырдың плевропневманиясы   
Инфекциялық ринотрахеит 
 
Геморрагиялық септицемия 
Туберкулез 
– 
– 
– 
– 
– 
AGID, ELISA 
CF 
VN,ELISA,Agent id. 
(тек ұрық) 
– 
tuberkulin test 
– 
– 
VN 
– 
– 
PCR 
ELISA 
–  
 
Agent id. 
– 
Қой-ешкi аурулары 

26 
 
Инфекциялық агалактия  
Ешкi артритi (энцефалитi)  
Қой хламидиозы 
Қой мен ешкi шешегi  
Эпидидимит (Brucella ovis)  
Меди-висна  
Қой мен ешкiнiң Найроби ауруы 
Қой обасы  
Ешкiнiң инф. плевропневманиясы 
Сальмонеллез (S.abortus ovis) 
Скрепи  
Қой мен ешкi бруцеллезi (B.ovis-
ден басқасы)  
– 
AGID 
– 
– 
CF 
AGID 
– 
– 
CF 
–  
– 
BBAT, CF 
– 
ELISA 
CF 
VN 
ELISA  
ELISA 
– 
VN 
Agent id. 
– 
– 
Brucellin 
Тұяқтылар аурулары  
Жылқының инфекциялық 
анемиясы 
Жылқының вирустық артритi  
 
Жылқының батыс 
энцефаломиелитi 
Жылқының шығыс 
энцефаломиелитi 
Жылқы Венесуэлла 
энцефаломиелитi 
Жылқы тұмауы 
Жылқының инфекциялық метритi 
Маңқа 
Жылқының африкалық обасы 
Жылқының пироплазмозы 
Жылқы ринопневмониясы 
AGID 
VN, Agent id. (тек 
ұрық) 
– 
– 
– 
– 
Agent id. 
Mallein test,CF 
– 
CF, IFA 
– 
– 
– 
 
– 
– 
– 
HI 
– 
– 
– 
– 
VN 
Доңыз аурулары 
Нипах вирустық энцефалитi 
Трансмиссивтi гастроэнтерит 
Доңыздың визикулярлы ауруы 
Доңыздың африкалық обасы 
Доңыздың классикалық обасы  
 
Доңыздың репродуктивтi-
респираторлық синдромы 
– 
– 
VN 
ELISA 
NPLA,FAVN, 
ELISA 
– 
– 
VN, ELISA 
ELISA 
Immunoblot, 
IFA 
– 
 
– 
 
Құс аурулары 
Инфекциялық бронхит 
Инфекциялық бурсит (Гамборо) 
– 
– 
HI,VN,ELISA 
AGID, ELISA 

27 
 
 
Кестеде серологиялық әдiстер 2 түрлi   категорияда   берiлген.   Бiрiншiсi  
–  қолданылуы    бекiтiлген,  екiншiсi  –  альтернативтi  тесттер.  Қолдануға 
ұсынылған тесттер жануарларды сыртқа экспортқа шығару кезiнде олардың 
саулығын  анықтауда  оптимальды  саналады.   Ал   екiншiсi – инфекцияның 
бар-жоғын  бiрiншiсiнiң  деңгейiнде  анықтамайды.  Бiрақ  альтернативтi 
тесттердi  қолдану  арқылы  жануарлар  мен  олардың  өнiмдерiн  сатуды 
жоспарлау  кезiнде  импорттайтын  және  экспорттайтын  мемлекеттерге 
эпидемиялық  тұрғыдан  олардың  саулығы  жайында  хабар  беруге  жарайды. 
Кестеде  тестiлеу  қажеттiлiгi  жоқ  жұқпалы  ауруларға  “–”  (минус)  белгiсi 
қойылған. 
  OIE-нiң  инфекциялық  ауруларды  категориялау  және  оларды  жаңадан 
тiзiмдеудегi  ұстанған  негiзгi  критерилерi  мен  параметрлерi  iндетке  қарсы 
күрес шаралары тарауында талданады. 
 
4-тәжірибелік сабақ. Серологиялық зерттеуге жануарлардан  
жаппай қан алуды ұйымдастыру 
 
Сабақтың  мақсаты.  Малдан  жаппай  қан  алу,  сынамаларды  лабора-
торияға жiберу тәсiлдерiн үйрену.  
Құс хламидиозы 
Құс пастереллезi 
Үйректiң вирустық гепатитi 
Құстың жоғары патогендi тұмауы  
Инфекциялық ларинготрахеит 
Марек ауруы 
Ньюкасл ауруы 
Микоплазмоз (M.gallisepticum) 
Микоплазмоз (M.synoviae) 
Құс пуллорозы 
Кұрке тауық ринотрахеитi  
Құс тифi 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
– 
AGID, HI 
AGID,VN,ELI
SA 
AGID 
HI 
Agg, HI  
Agg, HI 
Agg, Agent id. 
AGID,VN,ELI
SA 
– 
Қоян аурулары 
Миксоматоз  
Қоянның вирустық геморагиялық 
ауруы 
– 
– 
AGID,CF,IFA 
HI  
Ара аурулары 
Америкалық шiрiме 
Еуропалық шiрiме 
– 
– 
– 
– 
Басқа да аурулар 
Түйе шешегi 
– 
– 

28 
 
Керектi  жабдықтар.  Плакат  (серологиялық  реакциялардың  классифи-
кациясы), қан алуға арналған инструменттер, қан сынамалары, бор қышқылы, 
арнайы пипеткалар. 
Орны  және  жүргізу  әдiстемесi.  Сабақ  мал  шаруашылығы,  болмаса 
клиника,  қасапхана  (ет  комбинаты)  жағдайында,  жүргiзiледi.  Сабақта  түрлi 
жануарлардан  қан  алу,  оларды  өңдеу  және  лабораториялық  зерттеуге 
құжаттар толтыру әдiстемелерi меңгерiледi. 
 
Сабаққа  студенттер келесi тақырыптар бойынша  дайындалып келулерi 
қажет: 
1.
 
Иммунитеттiң лимфоидтық жүйесi. 
2.
 
Иммунологиялық икемдiлiк, иммунологиялық жауап реакциялары.  
3.
 
Антидене (иммундыглобулин) түзу, иммундыглобулиндер түрлерi.  
4.
 
Серологиялық реакциялар және олардың классификациялары.  
Малдан жаппай қан алуды ұйымдастыру. Жануарлардан жаппай қан 
алу алдында лабораториялардан жеткiлiктi мөлшерде стерильденген, арнайы 
мақтамен  тығындалған  пробиркалар  әкелiнедi.  Барлық  пробиркалар 
нөмірленеді. Қан алу ведомостары толтырылады. Онда малдың инвентарлық 
номерлерi,  болмаса  мал  иесiнiң  аты-жөнi,  малдың  жынысы,  жасы,  түрi 
тексерiлетiн  реакциялар  көрсетiлiп,  қан  алған  мал  дәрiгерiнiң  аты-жөнi 
жазылады. Сонымен қатар алдын ала қан алатын инелер жуылып тазаланып, 
қайнату арқылы стерильденедi.  
Қан алу кезiнде қан тамшыларының жерге түспеуi қадағаланады. Қанды 
сарылдатпай,  көпiршiктетпей  пробирканың  қабырғасына  жанастырып  алу 
қажет.  Әсiресе  қысқы  уақытта  пробирканың  жылы  және  құрғақ  болуы 
мiндеттi.  Мүмкiндiгiнше,  қанды  тамшылатпай  алу  қажет.  Тамшылатып 
алынған  қан  көбiнесе  гемолизденедi.  Ондай  қан  зерттеуге  жарамсыз 
саналады.  
Қан  алынғаннан  кейiн  пробирка  этикеттелiнiп,  30-35
0
С-да  30  минут 
ұсталуы қажет (әсiресе қысқы мерзiмде). Одан кейiн ұйыған қанды пробирка 
қабырғасынан  арнайы  сым  арқылы  ажыратып  (әр  пробиркадағы  қанды 
өңдегеннен кейiн сым немесе шыны таяқша мақтамен сүртiлiп, спиртовкада 
қыздырылып, стерильденедi), салқын жерде қан сарысуы бөлiнiп шыққанша 
ұстайды.  Жоғарыдағыдай  тәсiлмен  гемолизденбей,  ұйыған  қаннан  ажыра-
тылған  қан  сарысуы  лабораторияға  арнайы  ведомость  толтырылып 
жiберiледi.  
С  и  ы  р  д  а  н    қ  а  н    а  л  у.  Қан  мойынның    күре  тамырынан,  мүмкiн-
дiгiнше  таңертең  азықтандырудан  бұрын  алынуы  қажет.  Қан  алынатын  терi 
аймағы арнайы қырқылып, 3%-ды фенол ерiтiндiсiмен немесе 70%-ды спирт 
ерiтiндiсiмен сүртiледi.  
Әр  малдан  қан  алуға  жеке  ине  қолданылуы  шарт.  Фермаларда  қан 
арнайы  жабдықталған  станоктарда,  болмаса  малдың  байлаулы  тұрған 

29 
 
жерiнде  алады.  Алдымен  күре  тамырды  резина  түтiкшемен  қысып  байлап, 
резина түтiк арқылы пробиркамен байланысқан иненi күре тамырға енгiзедi.  
Қан алуға арнайы мықты орнатылған бағаналарды пайдалануға болады. 
Техникалық  қауiпсiздiктi  сақтау  үшiн  қан  алу  кезiнде  бас  бармақпен 
сиырдың мүйiзi басылып ұсталып тұруы керек.         
Алынған  қан  қыс  кездерiнде  бөлме  температурасында  1-2  сағат 
мөлшерiнде қаннан сарысуы бөлiнiп шығу үшiн ұсталуы керек. Пробиркада 
ұйыған  қанды  арнайы  стерильдi  түтiкше  арқылы  оның  қабырғасынан 
ажыратып, қан  сарысуының бөлiнiп  шығуын  қадағалау  қажет.  Қан  сарысуы 
лабораториялық зерттеуге жiберiлгенше салқын бөлмеде сақталады.  
Қ о й д а н     қ а н    а л  у. Қойдың күре тамырын резинамен  қыспай, 
саусақ арқылы басып тұрып қан алуға болады. Көбiнесе ыңғайлы болу үшiн 
арнайы үстелге жатқызып алады.  
Д о ң ы з д а н    қ а н    а л у.  Құлақ тамырынан немесе құйрығынан 
алады.  
Қ ұ с т а н     қ а н     а л у. Құстан қан жаппай арнайы шаралар жүргiзген 
кезде  алынады.  Ол  жайында  арнайы  құс  аурулары  бөлiмiнде  толық 
көрсетiледi. 
Ж ы л қ ы д а н     қ а н    а л у. Жылқыдан қан алу сиырдыкiндей. Тек 
қана  жылқыны  үркiтпей  көзiн  жауып  тұрып,  мұрындық  салып  еппен  алу 
қажет. 
Қ а н   с а р ы с у ы н   к он с е р в а ц и я л а у. Қанды алғаннан кейiн 
лабораторияға  жiберу  мүмкiндiктерi  болмаған  жағдайда,  ұйыған  қаннан 
бөлiнген  сарысуды  стерильдi  пробиркаға  құйып  алып,  5%-ды  фенолмен  (1 
см
3
  консервант  9  см
3
  қан  сарысуына  қосылады)  немесе  құрғақ  бор 
қышқылымен консервацияланады (скальпель ұшымен бор қышқылы  сарысу-
ға қосылады).  
Алынған  қанға  жолдама  құжат  толтырылып,  лабораториялық  зерттеуге 
жiберiледi. Қанға жолдама  құжат толтыру үлгiсi төмендегідей. 
 
Үржар  аудандық  ветеринария  лабораториясының  бактериология  бөлi-
мiне. Үржар ауылы, Архатбаев көшесi №36 үй.  
 
ЖОЛДАМА ҚҰЖАТ 
 
Реттiк
№ 
Шаруа-
шылық, 
ферма, 
мал 
иесiнiң 
аты-жөнi 
Жасы, 
жынысы  
Инвен-
тарлық 
нөмiрi 
Зерттеу нәтижелерi 
АР 
КБР  
оң, 
терiс, 
күдiктi 
ИФТ 
Оң, 
терiс, 
күдiктi 
Титр
лерi 
Оң, 
терiс, 
күдiктi 
Тит
рле-
рi 
  
Қан сынамаларын жiберген             Зерттеу жүргiзген серологтың 
мал дәрiгерi (аты-жөнi, қолы)          (аты-жөнi, қолы)    

30 
 
Е  с  к  е  р  т  у:    жолдама  құжатта  қанның  алынған  уақыты,    қандай 
ауруларға  зерттелу  қажеттiлiгi,  вакцинамен  егiлiп,  егiлмегендiгi,  бұл  жылы 
осы табыннан не отардан нешiншi рет қан алынғаны және аурудың балауын 
объективтi қоюға қажеттi басқа да қажеттi деректер көрсетiлуi тиiс. 
 
5-зертханалық сабақ. Иммунды ферментті талдау және 
полимеразалық тізбектеу реакциясы. ИФТ-ның жанама вариантын 
сиыр бруцеллезін балауға  қолдану әдістемелері 
 
Сабақтың  мақсаты.  Заманауи  серологиялық  реакциялардың  (ИФТ; 
ПТР)  негiзiн,  олардың  қолдану  аясын  талдап,  Дүниежүзiлiк  сауда  ұйымына 
кiретiн  мемлекеттерде  қолданылатын  және  қолдануға  ұсынылған  альтер-
нативтi  тесттермен  танысып,  алыс  шетелдерде  кең  түрде  қолданыс  тапқан 
ИФТ-ның бруцеллездi балаудағы әдiстемелерiн меңгеру.  
Керектi жабдықтар. Плакат (серологиялық реакциялардың классифика-
циясы),  ИФТ  компоненттерi,  арнайы  автомат    пипеткалар,  пробиркалар, 
термостат,  тоңазытқыш,  ерiтiндiнiң  оптикалық  тығыздығын  анықтауға 
фотометр,  “БРУ–СЕРОТЕСТ”  (ТУ  7100РК40345157-РГП-002-2004)  –  имму-
ноферменттiк талдау тәсiлiмен сиыр бруцеллезiн балауға арналған реагенттер 
жиынтығы  (С.Сейфуллин  атындағы  мемлекеттiк  агротехникалық  универ-
ситет жанындағы ғылыми-инновациялық биотехнология орталығы өндiрген, 
адресi: Астана қ., Жеңiс даңғылы, 116), бруцеллезге позитивтi және негативтi 
қан сарысулары.   
Орны  және  жүргізу  әдiстемесi.  Сабақ  серологиялық  лабораторияда 
немесе  арнайы  жабдықталған  кафедра  зертханасында  жүргiзiледi.  Сабақта 
серологиялық  реакциялардың  негiзi,  классификациялану  тәсiлдерi,  олардың 
жұқпалы  ауруларға  қарсы  күрес  шаралары  кешенiндегi  қолданылу  орны 
талданып,  қан  сарысуларын  лабораториялық  жағдайда  зерттеу  әдiстемелерi 
меңгерiледi. 
Иммунды  ферментті  талдау  (ИФТ)  әдісін  V.Engval,  T.Perlman  алғаш 
рет  1971  жылы  “Enzyme-linked  immunosorbent  assay”  (ELISA)  атауымен 
лабораториялық  практикаға  ұсынған  болатын.  Авторлардың  деректеріне 
қарағанда,  оның  сезімталдық  деңгейі  радиоиммунологиялық  талдаудан  
төмен  емес.  Әдіс,  антидене  молекуласы  мен  ферменттің  функционалдық 
белсенділіктерінің  сақталуына  негізделген,  демек,  антидене  антигенмен 
байланысқанда,  фермент  субстратты  ыдыратады.  Классикалық  қойылымда 
(қатты  фазалы  ELISA)  антиген  қатты  материалда  фиксацияланады.  Антиген 
мен коньюгат (антидене-фермент) байланысқаннан кейін реакцияға субстрат 
қосылады. 
Гетерогендіден басқа (қатты фазалы), бұл тесттің гомогенді варианты да 
бар.  Бұлардың  кез-келгені,  тура  және  тура  емес  (жанама)  қойылымдарда 
қолданылады.  Сонымен  қатар,  ИФТ-ның  варианттары  түрлі  ферменттерді 

31 
 
(переоксиздаза,  сілтілі  фосфатаза,  каталаза,  т.б.)  қолдануға  байланысты 
өзгере береді.  
Иммундыхимияда,  физиологиялық  белсенді  заттарды  анықтауға 
бағытталған  жетістіктер  антиген,  антиденені  ферменттермен  таңбалауға 
байланысты  болғандықтан,  әдебиетте  жаңа  тест  –  “Иммунды  ферментті 
талдау” атауымен қалыптасты.  
Соңғы  жылдары  ИФТ-ның  қолдану  алаңы  кеңіп:  биология,  медицина, 
ветеринария  саласындағы  проблемаларды  шешуде  үлкен  роль  атқарып 
келеді.  
Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіретін  мемлекеттерде  жұқпалы  ауру-
лардың  нозологиялық  балауында  ИФТ-ның  кең  түрде  қолданылуы  –  тестің 
қойылу  әдістемесінің  толық  автоматтандырылуынан  және  оның  жоғарғы 
сезімталдығынан туындалады.   
ИФТ-ның негізгі бағыты: адамның, ауыл шаруашылық жануарларының, 
өсімдіктердің  инфекциялық  ауруларын  ерте,  нақтылы  балау  және 
медициналық,  микробиологиялық  өндірістер  өнімінің  сапасын  бақылау 
болғандықтан,  ИФТ-ны  практикалық  жағдайда  қолдану,  қазіргі  заманның 
мал дәрігеріне өте қажет.   
ИФТ-да  зерттеу  объектілерінің,  фрагмент  маркерлердің  сан  алуанды-
лығы,  оны  практикалық  лаборатория  жағдайында  қолдануда  қиындатады. 
ИФТ-ның  негізгі  принциптері  мен  түрлі  варианттарының  жалпы  қойылу 
техникасы әдебиеттерде көптеп көрсетілген.  
Соңғы  кездері  аса  қауіпті  жұқпалы  аурулардың  балауында    белгілі  бір 
ауру  қоздырушысына  тән  генді  немесе  нуклеин  қышқылдарының  тізбегін 
анықтау әдістері қолданылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет