3.
Індет ошағы шекарасын анықтау
4.1. Індет ошағы дегеніміз – инфекция қоздырушысының бастауы
(мысалы, туберкулез, бруцеллезде ауру мал) және берілу тетіктері әрекет-
50
тесетін кеңістік, қысқаша айтқанда, малдың ауруға шалдығу мүмкіншілігі
бар зарарлы территория (аумақ).
4.2. Бруцеллездің індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы,
тасымалдаушылары және берілу факторлары (көң, төсеніш, шу) арқылы
зарарланған ауру мал оқшауханасы, қоралары, аулалар, жайылым, т.б.
территориялар жатады.
4.3. Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы, берілу
тетіктері және тасымалдаушылардың орналасуына байланысты анықталады.
4.4. Індет ошағы құрамына инфекциялық ауру (бруцеллез) мал жайылған
жайылымдар да кіреді.
4.5. Кең алқапта орналасқан ірі сиыр шаруашылығында індет ошағының
ядросы анықталды. Індет ошағының ядросы ретінде бруцеллез қоздырушы-
сы ең көп шоғырланған жер, атап айтқанда бруцеллез мал тұрған оқшаухана,
төлдету (туыт) қора және бруцеллездің себебінен мал іш тастаған телім
алынады.
4.6. Індеттен сау емес пункттегі індет ошағы сыртында орналасқан
территория қатер төнген аймақ болып есептелінеді.
4.7. Індеттен сау емес пункттің топографиялық картасы жасалынады.
Онда қатер төнген аймақтың, індет ошағының, қажет болса оның ядросының
(мәйегінің) шекаралары белгіленіп, оларда орналасқан мал саны көрсетіліп,
індет ошағына қойылатын карантиндік бекеттердің, дезинфекциялық
тосқауылдардың, қоршаулардың орындары, айналма жолдар белгіленеді.
Бруцеллезде індет ошағында карантин, қатер төнген аймақта шектеу
қою арқылы сауықтыру шараларының тиімділігін арттыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Індеттанулық талдау нәтижесі акт түрінде толтырылып, оның
қорытынды бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
- инфекциялық ауруға (бруцеллезге) қойылған нозологиялық балаудың
дәлелділігі;
- инфекцияның шығу және таралу себептері;
- жануарларды инфекциялық ауруларға (бруцеллез) тексерулердің нәти-
желері (сау, ауру және ауруға дүдәмал мал сандары, ауруға шалдығу индексі,
т.б.), індеттің таралу тетігі жөніндегі болжау және малдың ауруға қарсы
вакциналармен егілуі;
- індет ошақтарының саны (олар бірнеше болған жағдайда), олардың
сипаттамасы және ондағы ауру, ауруға бейім малдар саны;
- індет ошағын оқшаулап, оны жоюға бағытталған індетке (бруцеллез)
қарсы шаралар жүйесі;
- қатер төнген аймақтағы мал саны, оларды инфекциядан қорғау
мақсатында қолданылатын арнайы шаралар (бруцеллезде вакциналар
қолдану).
51
2. Індеттен сау емес пунктті індеттанулық зерттеу актісіне тіркелетін
құжаттар:
- барлық мал басының түрі, жасы, жынысына қарай бөлінгендегі саны,
оның ішіндегі бруцеллезге егіліп, егілмегені, алдағы уақытта егілетіні,
қайталанып егілетіні және арнайы әдістермен бруцеллезге тексерілетін мал
саны кесте түрінде беріледі;
- лабораториялық сараптамалар, ветеринариялық куәліктер мен
сертификаттардың көшірмелері.
3. Індеттен сау емес пункттегі індеттанулық зерттеулерді әдетте
аудандық ветеринария станциясының эпизоотологы немесе бруцеллез және
туберкулезбен күресу жөніндегі экспедиция маманы, не болмаса осындай
тексерулер жүргізуге рұқсаты (лицензиясы) бар мал дәрігерінің жүргізуі
шарт.
Індеттен (бруцеллезден) сау емес пункттегі індеттанулық зерттеу актісі
мемлекеттік ветеринариялық инспекция қызметін атқаратын мекемелерге
тапсырылуы қажет.
Iндеттанулық зерттеу iндет ошағы анықталған жағдайда, одан арылу
жоспарын құруға қажетті iндеттанулық балау қою үшін ғана емес, жұқпалы
аурулардан сау шаруашылықтарда, ауылдық округтерде немесе белгiлi бiр
аймақта iндеттiк жағдайды қадағалау мақсатында да жүргiзiледi. Төменде
түрлi мақсатта жүргізілген iндеттанулық зерттеу нәтижелеріне толтырылған
актiлер, үлгi ретiнде көрсетiлген.
1-үлгі Iндеттанулық зерттеу актiсi
14 маусым 2001. Үржар ауданы,
Южный ауылы.
Бiз, Үржар ауданының бас малдәрiгерi Сатай Б., “Благодатненский”
ауылдық округтың вет.инспекторы Тұраров Қ.Қ., Қазақ Аграрлық универси-
тетiнiң доцентi Қасымов Е.И. бруцеллезден сау емес пункт деп саналатын
“Благодатненский” ауылдық округiнде iндеттанулық зерттеу жүргiздiк.
Бұл ауылдық округте екi елдi мекен орналасқан (“Южный”, “Тасарық”
ауылы), бруцеллездiң iндет ошағы “Южный” ауылында 2001 жылғы
көктемдiк зерттеуде анықталып, “Тасарық” елдi мекенi бұл аурудан таза
болған.
Iндет ошағы ретiнде есептелген “Южный” ауылы Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданының орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. 14
мамыр 2001 жылғы статистикалық есеп бойынша, жеке меншiк секторда
1221 сиыр малы, 2268 қой, 262 жылқы, 45 шошқа тiркелген.
2000 жылы бұл ауылдық аймақта 4 айдан 1 жасқа дейiнгi тайыншалар
штамм 82 SR- вакцинасымен (препарат “Дауа” ЖШС кәсiпорынында
даярланған) егiлiп, ұрықтандыру жасындағы мал ревакциналанған. Ал, сауын
52
сиырлар көктемде, күзде серологиялық реакциялармен бруцеллезге
зерттелiп, малдың ауруға шалдығуы 0,9%-дан 0,1%-ға дейiн төмендеген.
Табындарға бұқалар сәуiр айынан бастап қосылған. Жыл соңына дейiн 2-3
айлық буаздық кезеңде егiлген құнажындар арасынан, вакцинаның себебiнен
малдың iш тастауы анықталмаған.
Жеке меншiк сектордағы мал (жасына, жынысына, физиологиялық
ерекшелiгiне байланысты бөлiнбей) сәуiр айынан бастап жайылымда болып,
алғашқы қар түскенге дейiн (қазан, қараша) табындар бiр-бiрiне қосылмай,
бөлек бағылады, қыста қолға ұсталады. Сиырды қолдан ұрықтандыру жолға
қойылмаған, мал табиғи жолмен ұрықтанады. Әр табынға бруцеллезге екi рет
серологиялық реакцияларда терiс нәтиже берген меншiк бұқалар қосылады.
Округтың “Южный” ауылында көктемгi зерттеуде (сәуiр 2001) бруцеллезге
15 мал шығып, 30 мамыр 2001 жылы “Благодатненский” ауылдық округының
әкiмшiлiкке қарасты барлық территориясы орналасқан елдi мекен бруцел-
лезден сау емес деп жарияланып, карантин қойылған. Кең алқапта орналас-
қан бұл ауылдық округтегi табындардың жеке бағылатынына байланысты
сауықтыру шараларын бруцеллезден сау емес пункт шеңберiнде емес iндет
ошағындағы жеке табындар бойынша төмендегiдей схемада жүргiзу тиiмдi
саналады:
- бруцеллезден сау емес пункт құрамын, оның шекараларын әкімшілікке
қарасты барлық территория бойынша емес, бруцеллез мал анықталған
табынның орналасуы бойынша нақтылап, бруцеллезден сау емес пунктте
күрес шараларын дифференцациялап жүргiзу;
-
сау емес пункттегi бруцеллез мал анықталған “Южный” ауылындағы
iндет ошағы анықталған мал табындарында - карантин қойып, сау емес та-
бынды жүйелi серологиялық реакциялар кешенi (АР, КБР) және СР-дi
қолдану арқылы сауықтыру;
-
қатарынан екi рет табын бойынша бруцеллезге терiс нәтиже алынған
жағдайда iндет ошағынан карантиндi алып, 3 ай шектеу қалдыру;
-
бақылаулық мерзiмде терiс нәтиже алынған жағдайда ғана, iндет
ошағындағы сиыр табынын штамм 82 SR- мен иммундеу;
- iндет ошағы мен қатер төнген аймақ ретiнде саналған “Тасарық” елдi
мекенiндегi 4-6 айлық тайыншаларды штамм 82 S-, ұрықтандыру жасындағы
малды штамм 82 SR-, сонымен қатар қатер төнген аймақтағы сауын сиырды
иммундық фонына қарамастан штамм 82 R- вакцинасымен (“Дауа” ЖШС
кәсiпорнында даярланған) иммундеу;
- сиыр малын толық таңбалау, басқа түлiктен бөлек бағу, табынның бiр-
бiрiмен қосылмауын қадағалау, бруцеллездiң жұғу, таралу, одан сақтану
жолдарын насихаттау;
- iндет ошағында сауықтыру шараларын жеке табын бойынша орындау.
- әр серологиялық зерттеуден кейiн бруцеллез мал анықталған аулалар-
ды арнайы дезинфекциялау.
53
Iндеттанулық зерттеу бойынша ұсынылған сауықтыру шаралары
ауылдық аймақты бруцеллезден сауықтыру жоспарын тиiмдi құруға
арналған.
Қолтаңбалар:
2-үлгi Iндеттанулық зерттеу актiсi
1 шiлде 2001. Қабанбай ауылы
Бiз, Үржар ауданының бас малдәрiгерлiк инспекторы Сатай Б.,
“Қабанбай” ауылдық округтың вет.инспекторы Н.Нұрғалиев, Қазақ Аграрлық
университетiнiң доцентi Е.Қасымов аталған елдi мекенде бруцеллездiң iндет
ошағы анықталуына байланысты iндеттанулық зерттеу жүргiздiк.
“Қабанбай” ауылдық округы оңтүстiгiнде Алматы облысымен, шығы-
сында Қытай мемлекетiмен, солтүстiгiнде Қарабұлақ ауылдық округымен
шектеседi. Ауылдық округтың әкiмшiлiк территориясы 80-100 шақырым
алқапты қамтиды, орталығы “Жарбұлақ” ауылы Алакөлдiң шығысында
орналасқан. Ауылдағы “Жарбұлақ” совхозы таратылып, үлкендi-кiшiлi 40-
тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы
сиыр малы 10 табын болып құралып, сәуiрден желтоқсан айына дейiн
жайылымдарда бағылады.
1.07.2001 жылы жүргiзiлген iндеттанулық зерттеу кезiнде, 8921 қой-
ешкi, 280 жылқы, 2644 сиыр малы тiркелген, оның 874-i сауын сиыр, 47-сi
бұқа, 153-i ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 843-i бiр жасқа
дейiнгi бұзау-тайыншалар. Бұл округте “Жарбұлақ” ауылынан басқа, мал
ұстайтын 32 елдi мекен бар. Ауылдық округ орталығынан ең алыс
“Жалаңашкөл” маңында орналасқан “Алтыншы” және “Қарағаш” елдi
мекендерi, бұларда малдың толық санаққа алынбай, таңбаланбағаны
анықталды.
2000 жылы бруцеллезге тексерiлген 1778 сиыр малының 17-сi
бруцеллезге шыққан (“Құмғанбаев”, “Қойшыбай” шаруа қожалықтарынан 6,
қалғандары Жарбұлақ ауылы тұрғындарының аулаларынан). 2001 жылы
сәуiр, мамыр айларында зерттелген 1809 малдың 46-сы ауруға шығып ,
Үржардың ет комбинатына өткiзiлген. Бруцеллез мал анықталған табындарда
аурудың клиникалық белгiлерi (iш тастау, т.б.) байқалмаған. Ауруға шыққан
малдардың қан сарысуларында агглютинин титрлерi: 16-сында 1:400, 10-
ында 1:200, 13-iнде 1:100, ал комплемент байланыстырушы антидене тирлерi
1:5-1:160 сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы
ауылдық округке қарасты “Қарағаш”, “Алтыншы” елдi мекендерiнде
орналасқан “Қойшыбай”, “Бағатай”, “Ахметжан” шаруа қожалықтары мен
“Жарбұлақ” ауылынан анықталған. Округтағы басқа 25 шаруа қожалықтары
бруцеллезден таза болған, олардың iндет ошағындағы табындардан бөлек
жерлерде бағалатыны, бiрақ қыс айларында қыстақтардың жақын орнала-
54
суына байланысты мал жайылған жағдайда, олардың араласып жататыны
белгiлi болды. Ауданның ветеринариялық есептерiнде, барлық бруцеллез мал
шыққан қора-жай дезинфекцияланып, санацияланған. Ауылдық округте сиыр
малының бруцеллезге шалдығуы көктемгi зерттеу бойынша 3,8% құрайды.
30 мамыр 2001 жылы аудан әкiмiнiң 326 - шешiмi негiзiнде, “Қабанбай”
ауылдық округы тұтастай бруцеллезден сау емес деп жарияланған. Бұндай
кең ауқымды территорияны 1 жыл iшiнде сауықтыру өте күрделi. Округке
қарасты елдi мекендердегi шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы
табындардың 8 ай бойы жайылымдарда бiр-бiрiмен қосылмай бағылуларына
байланысты, сауықтыру шараларын бруцеллез мал анықталған жеке табын
бойынша төмендегiдей схемамен жүргiзу тиiмдi саналады:
- бруцеллезден сау емес пункт құрамын, оның шекараларын әкiмшiлiкке
қарасты барлық территория бойынша емес, бруцеллез мал анықталған
табынның орналасуы бойынша нақтылап, сау емес пунктте күрес шараларын
дифференцациялап жүргiзу;
-
сау емес пункттегi бруцеллез мал анықталған, орналасқан “Жарбұлақ”,
“Алтыншы”, “Қарағаш” елдi мекендерiне - карантин қойып, сау емес
табындарды жүйелi серологиялық зерттеу арқылы сауықтыру;
-
қатарынан екi рет табын бойынша бруцеллезге терiс нәтиже алынған
жағдайда iндет ошағынан карантиндi алып, 3 ай шектеу қалдыру;
-
бақылаулық мерзiмде терiс нәтиже алынған жағдайда ғана, iндет
ошағындағы сиыр табынын штамм 82 SR- мен иммундеу;
- қатер төнген аймақта орналасқан бруцеллезден сау табындардағы (та-
быншылар: Хайранов К.–168, Бибишев Ж.-184, Омаров Н.-313, Малаев Б.-
143, Бодауов Д.–119 сиыр) малды бiздiң ұсынған штамм 82 SR- вак-
цинасымен (“Дауа” ЖШС кәсiпорнында даярланған) шiлде айынан
қалдырмай, иммундық фонына, 1-2 айлық буаздығына қарамастан жалпылай
егу;
- сиыр малын толық таңбалау, басқа түлiктен бөлек бағу, табынның бiр-
бiрiмен қосылмауын қадағалау, бруцеллездiң жұғу, таралу, одан сақтану
жолдарын насихаттау.
Iндеттанулық зерттеу бойынша ұсынылған сауықтыру шаралары
ауылдық аймақты бруцеллезден сауықтыру жоспарын тиiмдi құруға
арналған.
Қолтаңбалар:
3-үлгi Iндеттанулық зерттеу актiсi
3 қыркүйек 2002. Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Бiз, төменде қол қойғандар: ҚР АШМ ветеринария департаментiнiң бас
маманы Қалиев Б.Қ., ҚазҰАУ-дың доцентi Е.И.Қасымов, республикалық
55
ветеринария лабораториясының жетекшi маманы Мұхамедқалиев М.Н.,
облыстың мемлекеттік ветеринария инспекторы Жақыпбаев А.Ш., мем.вет.
бақылау бөлімінің бас маманы Қабдолданов Т.А., Жарма, Зырян, Қатон-
Қарағай, Глубокий, Аякөз, Көкпекті аудандарының, Семей қаласының
мем.вет. инспекторлері (аты-жөні жазылуы қажет) 2002 жылы ақпан айында
Шығыс Қазақстан облысында Қаз.ҰАУ ғалымдары (Т.С.Сайдулдин, Е.И.
Қасымов т.б.) ұсынған штамм 82 SR- вакцинасының қолданылу нәтижесін
қадағалау және іш тастаған мал анықталған ауылдық округтерде, оның
себебін білу мақсатында комиссиялық індеттанулық зерттеулер жүргізіп,
төмендегідей нәтижелер алдық.
Жарма ауданының ауылдық аймақтарында, барлығы 31324 сиыр мен
тайыншылар 2001 жылы маусым, шілде айларында штамм 82 SR
вакцинасымен егілген. Олардың 16535-і ұрыққа баратын, қалғандары 5-10
айлық бұзау-тайыншалар тобынан болған. Иммундеу кезінде табындарында
10-15% 1-3 айлық буаздық кезеңдегі малдың болғанына қарамастан, табын-
дарда вакцинаның себебінен сиырлар мен құнажындардың іш тастауы жыл
соңына дейін анықталмаған, егілген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған.
Зырян ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 1834 ұрықтандыру
жасындағы тайыншылар, 8534 бруцеллезге қарсы вакциналық иммунды
фоны жоқ сауын сиырлар 2001 жылы мамыр-маусым айларында иммун-
делген. Вакцинаның кеш қолданылуына қарамастан (табындарға бұқалар
мамыр айынан бастап қосылған), егілген сауын сиырлар мен тайыншалар
арасынан жыл соңына дейін малдың іш тастауы анықталмаған. Аудан
бойынша тек қана 2001 жылы қараша және 2002 жылы қаңтар айында 5
малдың іш тастауы тіркелген. Ауданның бас мал дәрігері Г.С.Овечкиннің
тұжырымдауына карағанда, бұл малдардың іш тастауына жеке сектордағы
адамдардың соңғы буаздық кезеңдегі малды үсіген асқабақпен азықтанды-
рылуы себеп болған. Бактериологиялық зерттеуде түсіктер бруцеллезге теріс
нәтижелер көрсеткен.
Қатонқарағай ауданында 2001 жылы маусым-тамыз айларында штамм
82 SR-вакцинасымен 23260 сиыр малы егілген, оның 5040-ы 5-8 айлық, 5120-
ы ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 13100-і бұрын бруцеллезге
қарсы егілмеген аналық сиырлар тобынан болған. Вакцина қолданылған 13
ауылдық аймақтың 12-сінде малдың іш тастауы жыл соңына дейін анық-
талмаған. Тек қана «Черновинский» ауылдық әкімшілікке қарасты
«Ақмарал» ауылында 2002 жылы қаңтар айында 6 жағдайда малдың іш
тастағаны орын алған. Індеттанулық зерттеу нәтижесі негізінде іш тастау
туытқа жақындаған суалған малдар арасынан болғаны, бактериологиялық
зерттеу түсіктерден бруцеллез қоздырушысының анықталмағаны белгілі
болды. Малдың іш тастауы тіркелген жеке шаруа қожалығындағы 32 сиырды
2002 жылы қаңтар айында серологиялық реакциялармен тексергенде,
вакцина қолданылмаған бір жасқа дейінгі бұзау-тайыншылар арасынан 4-і
56
бруцеллезге оң нәтиже бергені, сонымен қатар шаруашылықтағы 25 қой-
ешкінің 3-уі бруцеллезге шыққаны белгілі болды.
Глубокий ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 2001 жылы маусым-
шілде, соңы тамыз айында, барлығы – 18954 мал егілген, оның 3601-і 5-8
айлық тайыншалар, 3462-і ұрыққа баратын жастағы тайыншалар мен
құнажындар, 11891-і бұрын бруцеллезге қарсы егілмеген сауын сиырлар.
Вакцина 16 ауылдық аймақта қолданылып, оның 15-інде малдың іш тастау
жағдайы анықталмаған, егілгендері қалыпты жағдайда бұзаулаған. Тек
«Глубочанка» шаруа қожалығында буаздықтың соңғы кезіндегі 6 суалған
сиырдың 2001 жылы желтоқсан және 2002 жылдың қаңтар айларында іш
тастағаны айтылады. Бактериологиялық зерттеуге тек қана 1 түсік жіберіліп,
бруцеллезге теріс нәтиже алынған. Індеттанулық зерттеу кезінде, шаруашы-
лықта суалған буаз мал, сауын сиыр табындарымен бірге ұсталатыны және
малдың серуендеуге шығатын қақпасы тар екені анықталды. Сондықтан бұл
шаруашылықта іш тастаудың байқалуы буаз малдың механикалық
зақымдалуынан болуы да жоққа шығарылмайды.
Аякөз ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 2001 жылы мамыр,
маусым айларында 7362 ұрықтандыру жасындағы тайыншалар, 8292 сауын
сиырлар алғаш рет егілген. Егілген мал арасынан жыл соңына дейін іш тастау
жағдайы анықталмаған. Иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзауланған.
Тек қана 2002 жылы қаңтар айында үш ауылда бір-бірден, барлығы – 3 мал
соңғы буаздық айларында іш тастаған. Бактериологиялық зерттеуде түсік-
терден бруцеллез қоздырушысы анықталмаған.
Семей қаласына қарасты 14 ауылдық аймақта 2001 жылы мамыр-
маусым айларында штамм 82 SR- вакцинасымен 1531 ұрықтандыру жасын-
дағы тайыншалар және 4119 сауын сиыр егілген. Вакцина, алғаш рет
вакциналық иммунды фон жоқ сауын сиырда қолданылған. Препарат
қолданылған кезде табындарда 1-3 айлық буаздық кезеңдегі малдың болға-
нына қарамастан, жыл соңына дейін егілгендерінің арасынан іш тастау
жағдайы анықталмаған, иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған.
ҚОРЫТЫНДЫ. 1998-1999 жылдары штамм 82 SR- вакцинасының жеке
меншіктегі тайыншаларда, 2000 жылдан бастап, иммундық фонының
болмауына қарамастан сауын сиырда кең түрде қолданылуы нәтижесінде
індеттік жағдай тұрақталып, жақсара бастаған.
Препараттың аналогына (иммуногендік, реактогендік қасиеттері
бойынша стандартталмай Ресей технологиясымен өндірілетін штамм 82
вакцинасына) қарағандағы тиімділігі вакциналық иммунды фоны жоқ 1-3
айлық буаздық кезеңдегі сауын сиырлар мен құнажындарға қолданғанда
оларға іш тастатпағаны және төменгі агглютининдік қасиеті. Соңғылары
вакцинаның иммуногендік, реактогендік және абортогендік қасиеттері
бойынша стандарттылығымен түсіндіріледі.
57
Қазақстанда сиыр бруцеллезiне қарсы штамм 82 SR- вакцинасын кең
түрде түрлi мал топтарында Ресейде өндiрiлетiн оның аналогының орнына
қолдану ұсынылады.
Қолтаңбалар:
4-үлгi Індеттанулық зерттеу актiсi
1 қараша 2003. Шығыс Қазақстан облысы
Бастаушы ауылдық округi
Бiз, төменде қол қойғандар: ҚР АШМ ветеринария департаментiнiң бас
маманы Қалиев Б.Қ., ҚазҰАУ-дың доцентi.Қасымов Е.И, республикалық
ветеринария лабораториясының жетекшi маманы Мұхамедқалиев М.Н.,
облыстың мемлекеттiк ветеринария инспекторы Жақыпбаев А.Ш., мем.вет.
бақылау бөлiмiнiң бас маманы Қабдолданов Т.А., Жарма, Зырян, Қатон-
Қарағай, Глубокий, Аякөз, Көкпекті аудандарының, Семей қаласының
мем.вет. инспекторлері (аты-жөні жазылуы қажет) 2003 жылы желтоқсан
айында Шығыс Қазақстан облысы Бастаушы ауылдық округінде сиыр
малының жаппай іш тастау себебін анықтау мақсатында комиссиялық түрде
індеттанулық зерттеулер жүргізіп, төмендегідей нәтижелер алдық.
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына қарасты «Бастаушы»
ауылдық әкімшілік округінде сауықтыру шаралары «Мал бруцеллезін
дауалау және одан арылу» нұсқауында көрсетілген ережелерге сәйкес
орындалмай, төмендегідей қателіктермен жүргізілгені белгілі болды.
Індеттанулық зерттеу кезінде бұл ауылдық округте орналасқан
шаруашылық 1992 жылдан бері сиыр бруцеллезінен сау емес деп саналғаны,
1996 жылы мемлекеттік ауыл шаруашылық объектілерін (совхоз, колхоздар)
жекешелендіру бағдарламасы бойынша, бруцеллезден сау емес колхоздағы
сиыр табындары (барлығы 500 бас) бұл аурудан сауықтырылмай, жекемен-
шікке толық таратылып, берілгені анықталды. 1996-2000 жылдарда жүргізіл-
ген кезекті маусымдық серологиялық зерттеулерде табындардан бруцеллез
мал тұрақты анықталып отырылған. 1996 жылы 46 мал, 1997 жылы – 15, 1998
жыл – 38, 1999 жылы – 21, ал 2000 жылы бірінші рет зерттелген 1525 сиыр-
дың 8-і, ал қайталап зерттелген 3616 малдың 12-сі бруцеллезге шығып, етке
сойылған.
2000 жылы желтоқсан айында «Бастаушы» ауылдық-әкімшілік террито-
риясы бойынша бруцеллезден карантин жарияланып, сауықтыру шаралары-
ның жоспары «Бруцеллезді дауалау және одан арылу» нұсқауының 8.4.2.
пунктінде көрсетілген жүйелі серологиялық зерттеулерді қолдану ережеле-
ріне сәйкес құрылып, Көкпекті аудандық территориялық басқармасында
бекітілген.
Сауықтыру жоспары бойынша жүргізілген 1-ші серологиялық зерттеуде
тексерілген 2229 сиырдың барлығы бруцеллезге теріс нәтиже көрсеткен.
58
Екінші серологиялық зерттеуге 1542 мал қамтылып, оның 5-уі АР-мен
бруцеллезге шыққан. Зерттелген 33 иттің біреуі ауруға оң нәтиже көрсеткен.
Барлық ауылдағы мал бойынша бруцеллезге 2 рет теріс нәтижелер
алынбай, серологиялық зерттеулерден кейін 860 м
2
мал объектілері дезин-
фекцияланып (лабораториялық сараптамалар №234-294, 20.11.2001),
қыркүйек-қазан, соңы қараша айларында бұрын бруцеллезге қарсы вакцина
қолданылмаған (иммунды фоны жоқ), буаздық кезеңнің 2-жартысындағы
1496 сауын сиыр, 438 құнажын штамм 82 SR вакцинасымен жаппай егіліп,
бруцеллезден сау емес пункттен карантин алынып, 3 айға шектеу қалды-
рылған. Алайда, бруцеллезді дауалау және одан арылу шаралары нұсқауы-
ның 8.4.2.1.3. пунктінде көрсетілген ереже бойынша бруцеллезден сау емес
пункттегі барлық мал ауруға 2 рет теріс нәтиже бергенде ғана карантин
алынып, 3 айға шектеу қалдырылып, бұл мезгілде бруцеллезге қатарынан 2
рет (әр бір жарым айда) барлық мал бойынша теріс нәтиже алынған жағдайда
ғана штамм 82 SR вакцинасымен егілуі керек еді. Сауықтыру шараларын
жүргізген «Кард» ЖШС мамандары нұсқаудағы ережелерге сәйкес құрылған
сауықтыру жоспарындағы көрсетілген арнайы шаралардың дұрыс орындал-
мауының себебінен, індеттен сау емес пунктті 1 жылда сауықтыруға бөлінген
тендерлік қаражатты жыл соңына дейін игеру қажеттілігімен түсіндіреді.
Сауықтыру жоспарындағы арнайы шаралардың дұрыс орындалмауына
байланысты 2001 жылы желтоқсан, 2002 жылы қаңтар айларында
«Бастаушы» ауылында буаздық кезеңінің соңғы айларында иммунделген
1934 мал арасынан 26 сиыр мен құнажынның іш тастағаны анықталды. Іш
тастаған малдың 17-сі 5-10 жасар сиырлар, 9-ы бірінші рет бұзаулайтын
құнажын мен дөнежін мал, түсіктің абсолютті көпшілігі уақытынан ерте
туылған немесе өміршең емес (туғаннан кейінгі бірінші күндері өлген)
төлдер екені белгілі болды. Іш тастаған малда бруцеллезге тән клиникалық
белгілер: шудың түспеуі, эндометрит байқалған. Лабораториялық зерттеуге
11 түсік жіберіліп, олардың 5-уінен бруцеллез қоздырушысы анықталған.
ҚОРЫТЫНДЫ. Бруцеллезден сау емес пункті сауықтыруға қажетті
бақылаулық зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты, анықталмай қалған –
бруцеллез қоздырушысын жасырын тасымалдаушы мал организмінде,
инфекциялық процестің жіті өршуіне (малдың іш тастауына) вакцинаның
малға соңғы буаздық айларында қолданылуы түрткі болған.
Қолтаңбалар:
Студенттердiң өзiндiк жұмысына тапсырма:
1.
Шаруашылықта немесе ауылдық округте, болмаса басқа да жануарлар
фермаларында (аң, құс, балық, т.б.) iндеттанулық зерттеу жүргiзiп, акт
толтыру, келесi сабақта оны талдау, қорғау.
8-тәжірибелік сабақ. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы,
Достарыңызбен бөлісу: |