48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

                                                                
                                                               Iндет ошағы 
       Қатер төнген аймақ                             
       Iндет ошағы                                                          Жаңа  
       Iндет                                                                      Сөнген  
       ошағының                                                             Табиғи  (тұрақты) 
       ядросы                                                                   Антропоургиялық 
                                                                                       Синантропты  
 
5-сурет. Iндет процесiнің бұғауы, байқалу формалары. 
Сыртқы орта факторлары және малды күту жағдайы 
Ауру қоздырушысының 
бастауы 
Берiлу 
тетiктерi 
Бейiм  
жануарлар 
Iндет бұғауы 
   
 I
нд
етте
н са
у 
 
емес п
ун
кт
 
 

41 
 
Бірінші  тарауда  инфекция  патологиясындағы  сұрақтар  микрожүйе 
(антиген,  антидене,  серологиялық,  бактериологиялық  диагностика,  т.б.), 
мезожүйе  (мал  организмі,  т.б.)  деңгейінде,  яғни  инфекциялық  процесс 
тұрғысынан  қарастырылса,  бұл  тарауда  жұқпалы  ауыруларға  байланысты 
құбылыстар    макрожүйе  (мал  табыны,  тобы,  індеттің  таралу  қарқынына 
байланысты белгілі бір кеңістік) шеңберінде қарастырылады.  
Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан. 
Аурудан  сау  емес  пункт  болып  індет  ошағы  бар  елді  мекен,  шаруашылық 
немесе  әкімшілік  территория  есептеледі.  Аурудан  сау  емес  пункт  деген 
ұғымның  мағынасы  оншама  нақтылы  емес.  Бұл  негізінен  әкімшілік 
территорияға  сәйкес  ұғым  және  әрбір  ауру  кезінде  оған  деген  көзқарас  та 
әртүрлі.  Мысалы,  бір  үлкен  шаруашылықтың  3  мал  фермасы  болып  оның 
біреуінде  аусыл  шыға  қалса,  шаруашылық  түгелдей  аурудан  сау  емес  деп 
саналады.  Ең  дұрысы  аурудан  сау  емес  пунктті  есепке  алмай,  індет  ошағы 
бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде 
бір әкімшілік территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін 
жағдай («Індеттану», Т.Сайдолдаұлы, 1993).  
Табынды жұқпалы аурулардан (бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, т.б.) 
сауықтыру,  індет  ошағынан  (топалаң,  қарасан,  т.б.)  арылу  шараларын  іске 
асырудың  қажетті  алғы  шарты  –  індеттанулық  балау,  ол  індет  процесі  мен 
індет  ошағын  толық  сипаттайды.  Індеттанулық  балау  қою  мақсатында 
жүргізілетін  індеттанулық  мониторинг    объектілері,  әдістері  келесі  тарауда 
қарастырылып, талданады.  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

42 
 
3-тарау. ІНДЕТТАНУЛЫҚ МОНИТОРИНГ  
 
1-тақырып. Iндеттанулық балау, оның инфекциялық  
ауруларға қарсы күрес шаралары жүйесiндегi маңызы  
 
Практикада  инфекциялық  ауруларды  балауға  қолданылатын  клини-
калық,  патология-анатомиялық,  серологиялық,  аллергиялық,  бактерио-
логиялық (вирусологиялық) әдістерді қолдану арқылы табында, отарда, басқа 
да  жануарлар  тобында  жұқпалы  аурулардың  бар-жоғы,  яғни  назалогиялық 
балауы  анықталады.  Қолданылуы  арнайы  нұсқаумен  бекітілген  әдістерді 
пайдалану  арқылы  ауруды  (топалаң,  сіреспе,  бруцеллез,  туберкулез,  т.с.с.) 
анықтау  –  «нозологиялық  балау»  деп  аталады.  Нозологиялық  балау,  оның 
әдістері  алдыңғы тарауда қарастырылған.  
Індеттанулық  мониторинг  (зерттеу)  жұқпалы  аурулардан  сау  шаруа-
шылық,  елді  мекен  (ауыл,  қала),  ауылдық  округ,  аудан,  облыс,  республика 
деңгейінде індеттік жағдайды анықтау, қадағалау, індетке қарсы шаралардың 
тиімділігін  бағалау  мақсаттарында  іске  асырылады.  Ал  індет  ошағы  орын 
алған  жағдайда  індеттанулық  мониторинг  арқылы  аурудың  шығу,  таралу 
себептері,  індет  процесінің  негізгі  қозғаушы  күштері  (инфекция 
қоздырушысының  бастауы,  берілу  тетіктері,  ауруға  бейім  малдардың 
иммундық жағдайы)  індеттен сау емес пункттің құрамы (індет ошағы, қатер 
төнген аймақ), олардың шекаралары, т.б. деректер түгелдей анықталып (яғни 
індеттанулық  балау  қойылып),  індетке  қарсы  шараларды  іске  асырудың 
нақтылы жолдары көрсетіледі. 
Сонымен,  «індеттанулық  балау»  арқылы  індет  процесінің  негізгі 
қозғаушы күштеріне (инфекция қоздырушысының бастауы, берілу жолдары, 
ауруға бейім жануар) және індет ошағына толық сипаттама беріледі. 
 
6-тәжірибелік сабақ. Iндеттанулық балау, iндет ошағының  
шекарасын анықтау 
 
Сабақтың  мақсаты.  Iндеттанулық  балаудың  негiзгi  мазмұнын  ұғып, 
iндеттанулық мониторинг жүргiзгенде: iндеттен сау емес пункт, iндет ошағы, 
оның  ядросы,  қатер  төнген  аймақ  категорияларының  шекараларын 
анықтауды меңгеру.   
Керектi  жабдықтар.  Шаруашылық  макетi,  жұқпалы  аурулардың 
ветеринариялық есептерi, лабораториялық сараптамалар.    
Жүргiзу  орны  мен  әдiстемесi.  Сабақ  кафедрада  және  шаруашылық-
тарда  жүргiзiледi.  Тақырыпты  игеру  үшiн  студенттер  алдын  ала  төмендегi 
сұрақтар бойынша  дайындалып келулерi қажет. 
1.
 
Iндеттанудың  зерттеу  әдiстерi  (iндеттанулық  талдау  мен  бақылау, 
салыстырмалы  тарихи  және  географиялық  сипаттау,  iндеттанулық  экспери-
мент, математикалық модельдеу, iндеттанулық болжау), олардың мазмұны?  

43 
 
2.
 
Iндеттанулық балау дегенiмiз не? Оның iндетке қарсы күрес шаралары 
кешенiндегi маңызы қандай? 
3.
 
Iндет процесiнiң негізгі буындары, даму сатылары? 
4.
 
Iндеттен  сау  емес  пункт  құрамы,  олардың  шекараларын  анықтау 
критерилерi.    
Жұқпалы  ауруға  індеттанулық  тұрғыдан  балау  қоймай,  індет  ошағын 
тиімді  жою  мүмкін  емес.  Осыған  қарамастан,  ветеринариялық  практикада 
індеттанулық  балауға  жеткілікті  көңіл  бөлінбей,  індеттен  сау  емес  пункт 
құрамы, олардың шекаралы нақтылы анықталмаған. Соның салдарынан, көп 
жағдайда  инфекциядан  сау  емес  пунктті  сауықтыру  шараларының  жоспары 
індет  процесінің  негізгі  қозғаушы  күштеріне  нақтылы  бағытталмаған. 
Ветеринарияда  қалыптасқан  анықтамада  «Індеттен  сау  емес  пункт»  ретінде 
аймақтық әкімшілік (ауылдық, поселкілік) немесе шаруашылық бірлігі (жеке 
шаруа қожалығы, т.б. меншік иелері) алынған, яғни індеттен сау емес пункт 
ретінде  әкімшілік  немесе  шаруашылық  территориялары  есептеліп,  оларда 
карантиндік,  ветеринариялық-санитариялық  шараларды  орындау  қажеттілігі 
айтылған (Бакулов И.А.,Третьяков А.Д., 1979).  
«Індеттен  сау  емес  пунктті»  анықтаудың  басқа  бір  жақын  аналогы 
практикаға  ұсынылған.  Оған  елді  мекеннің  (ауыл,  қыстақ,  т.б.),  шаруашы-
лықтың территориялары (жайылымдар, егістік, суаттар және т.б.) және аудан, 
облыс,  мемлекет  аралық  мал  айдау  трассалары  мен  уақытша  қолдану 
территориялары жатқызылған. Біреуінде ғана індет ошағы анықталса, барлық 
территория  індеттен  сау  емес  деп  есептелген  (Джупина  С.И.,  1991). 
Соңғысының  кемшілігі  үлкен  елді  мекенде  немесе  басқа  да  аудан,  облыс 
(республика)  аралық  бірлесіп  пайдалану  территориясында  бірнеше  мал 
фермалары  орналасуы  мүмкін.  Бұлардың  бірінен  індет  ошағы  анықталса, 
шаруашылық  бірлестіктері  сау  емес  деп  жариялануы  қажет.  Індеттен  сау 
емес пункттің құрамы, олардың шекаралары дұрыс белгіленбей, ауру шыққан 
елді мекеннің (ауыл, поселок, т.б.) шаруашылықтың (ұжымдық, мемлекеттік, 
жеке  меншік)  кең  алқапта  орналасқан әкімшілікке  қарасты  барлық  террито-
риясына  тұтастай  карантин  немесе  шектеу  жарияланып,  кең  ауқымды 
территорияда сауықтыру шаралары жүргізілген.  
Мұндай  ауқымды  аурудан  сау  емес  пунктті  сауықтыру  көптеген 
қаражатты  қажет  етеді.  Бұған  төменде  мысал  ретінде  көрсетілген  бруцел-
лезден сау емес пунктті індеттанулық зерттеу нәтижелері дәлел бола алады.  
Мысалы,  Шығыс  Қазақстан  облысы  Үржар  ауданындағы  “Қабанбай” 
ауылдық  округi  оңтүстiгiнде  Алматы  облысымен,  шығысында  Қытай 
мемлекетiмен,  солтүстiгiнде  Қарабұлақ  ауылдық  округымен  шектеседi. 
Ауылдық  округтың  әкiмшiлiк  территориясы  80-100  шақырымдық  кең 
алқапты  қамтыған,  орталығы  “Жарбұлақ”  ауылы  Алакөлдiң  шығысында 
орналасқан.  Ауылдағы  “Жарбұлақ”  совхозы  таратылып,  үлкендi-кiшiлi  40-
тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы 
сиыр  малы  10  табын  болып  құралып,  сәуiрден  желтоқсан  айына  дейiн 

44 
 
жайылымдарда бағылады. 1.07.2001 жылы жүргiзiлген iндеттанулық зерттеу 
кезiнде,  ауылдық  округтiң  статистикалық  есебiнде:  8921  қой-ешкi,  280 
жылқы, 2644 сиыр тiркелген, соңғысының 874-i сауын сиыр, 47-сi бұқа, 153-i 
ұрықтандыру  жасындағы  тайыншалар  және  843-i  бiр  жасқа  дейiнгi  бұзау-
тайыншалар. Бұл округте “Жарбұлақ” ауылынан басқа, мал ұстайтын 32 елдi 
мекен  бар.  Ауылдық  округ  орталығынан  ең  алысы  “Жалаңашкөл”  маңында 
орналасқан  “Алтыншы”  және  “Қарағаш”  елдi  мекендерi,  бұларда  малдың 
толық санаққа алынбағаны, таңбаланбағаны және бруцеллезге қарсы арнайы 
шаралармен толық қамтылмағаны белгiлi болды. 
2000  жылы  бруцеллезге  тексерiлген  1778  сиыр  малының  17-сi 
бруцеллезге шыққан (“Құмғанбаев”, “Қойшыбай” шаруа қожалықтарынан 6, 
қалғандары  Жарбұлақ  ауылы  тұрғындарының  аулаларынан).  2001  жылы 
сәуiр,  мамыр  айларында  зерттелген  1809  малдың  46-сы  ауруға  шығып, 
сойылған.  Бруцеллез  мал  анықталған  табындарда  аурудың  клиникалық 
белгiлерi  (iш  тастау,  т.б.)  байқалмаған.  Ауруға  шыққан  малдардың  қан 
сарысуларында агглютинин титрлерi: 16-сында 1:400, 10-ында 1:200, 13-iнде 
1:100,  ал  комплемент  байланыстырушы  антидене  тирлерi  1:5-1:160 
сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы ауылдық 
округке  қарасты  “Қарағаш”,  “Алтыншы”  елдi  мекендерiнде  орналасқан 
“Қойшыбай”,  “Бағатай”,  “Ахметжан”  шаруа  қожалықтары  мен  “Жарбұлақ” 
ауылынан  анықталған.  Округтағы  басқа  25  шаруа  қожалықтары  бруцеллез-
ден  таза  болған,  олардың  iндет  ошағындағы  табындардан  бөлек  жерлерде 
бағалатыны,  бiрақ  қыс  айларында  қыстақтардың  жақын  орналасуына 
байланысты  мал  жайылған  жағдайда,  олардың  араласып  жататыны  белгiлi 
болды.  Ауданның  ветеринариялық  есептерiнде,  бруцеллез  мал  шыққан 
ауылдағы  барлық  қора-жай  механикалық  тазаланып,  күйдiргiш  натрдың  2-
3%-ды  ыстық  ерiтiндiсiмен  дезинфекцияланып,  жаз  айларында  санация-
ланған.  Ауылдық  округте  сиыр  малының  бруцеллезге  шалдығуы  3,8% 
құрайды.   
30  мамыр  2001  жылы  аудан  әкiмiнiң  №326  шешiмi  негiзiнде,  iндет 
ошағының  3  елдi  мекенде  ғана  анықталуына  қарамастан,  60  шақырымдық 
аумақта орналасқан “Қабанбай” ауылдық округы тұтастай бруцеллезден сау 
емес  деп  жарияланып,  карантин  қойылған.  Ауылдық  округте  жүргiзген 
iндеттанулық  зерттеу  нәтижелерi  негiзiнде,  бұндай  кең  ауқымды 
территорияны  1  жыл  iшiнде  сауықтыру  өте  күрделi.  Округке  қарасты  елдi 
мекендердегi  шаруа  қожалықтары  мен  жеке  сектордағы  табындардың  8  ай 
бойы  жайылымдарда  қосылмай  бағылуларына  байланысты,  сауықтыру 
шараларын  әкiмшiлiкке  қарасты  барлық  территория  шеңберiнде  емес, 
бруцеллез  анықталған  жеке  табынның  орналасу  бойынша  жүргiзiлуi  қажет 
едi.  Яғни  сау  емес  пункттегi  бруцеллез  мал    орналасқан  “Жарбұлақ”, 
“Алтыншы”,  “Қарағаш”  елдi  мекендерiне  карантин  қойылып,  бруцеллезден 
таза  шаруа  қожалықтары  мен  жеке  меншiкке  қарасты  5  сиыр  табыны 
орналасқан территория – қатер төнген аймақ ретiнде саналып, бiрiншiсiнде – 

45 
 
сауықтыру, екiншiсiнде – iндеттiң таралмауы үшiн шектеу шаралары жүргiзу 
керек  болатын.  Бұндай  iндеттiк  жағдайларды  басқада  созылмалы  түрде 
өтетiн  инфекциялық  ауруларда  (туберкулез,  лептоспироз,  т.б.)  көптеп 
көрсетуге болады.  
Сонымен  “Iндеттен  сау  емес  пункт”  шекарасын  ауылдық  округтың 
немесе  шаруашылықтың  әкiмшiлiк  территориясы  бойынша  емес,  нақтылы 
жағдайда  iндет  ошағы  мен  қатер  төнген  аймақтан  тұратын  кеңiстiк  ретiнде 
қарастыру қажет (6-сурет).  
Iндет ошағында сауықтыру, ал қатер төнген аймақта дауалау шараларын 
жүргiзу арқылы iндеттен сау емес пункттен арылу шараларының нәтижелiгiн 
қамтамасыз етуге болады. 
Сонымен,  iндет  ошағын  iндет  процесiнiң  қозғаушы  күштерiнiң 
орналасуына  байланысты  анықтап,  iндет  ошағы  және  онымен  шектесетiн 
қатер  төнген  аймақты  iндеттен  сау  емес  пункттiң  құрам  бөлiктерi  ретiнде 
қарастыру  қажет.  
 
 
                                            Қатер төнген аймақ  
                                              Індет ошағы  
                                                                                                            Індеттен сау  
                                                                                              емес пункт 
                                                                                
 
 
 
                
 
                      
6-сурет. Індеттен сау емес пункт құрамы. 
 
Індеттанулық  категория  ретінде  «індет  ошағы»  дегеніміз  –  малдың 
ауруға  шалдығу  мүмкіндігі  сақталған  инфекция  қоздырушысының  бастауы 
мен  оның  берілу  тетіктері  бар  территория.  Індет  ошағына  инфекция 
қоздырушысының  бастауы  (ауырған  және  микроб  алып  жүретін), 
тасымалдаушылар  (кемірушілер,  ит,  мысық,  т.б.)  және  берілу  факторлары 
(тастанды төл, қағанақ су, шу, т.б.) арқылы зарарланған территория жатады. 
Індет  ошағының  шекарасы  ауру  қоздырушысының  бастауы  мен  берілу 
механизмінің орналасуына байланысты анықталуы қажет.  
Iндет ошағы  жаңа, өше бастаған, тұрақты және табиғи болып бөлiнедi. 
Соңғысы  белгiлi  бiр  географиялық  ландшафтта  байқалады.  Жұқпалы  ауру-
дың  табиғи  ошақтылығы  жайындағы  мәселелер  арнайы  сабақта  қарасты-
рылады.  

46 
 
Сауықтыру  шараларын  iске  асырудың  қажеттi  алғы  шарты  –  iндетта-
нулық балау.  Бұл салыстырмалы  жаңа  түсiнiк, оны  ветеринария,  медицина 
саласындағы  орыс  тiлiндегi  басылымдардан  “эпизоотологический  диагноз” 
немесе  “эпидемиологический  диагноз”  атауларымен  кездестiруге  болады. 
Бiрақ, бүгiнгi күнге  дейiн  эпизоотологияда iндеттанулық  зерттеу  жүргiзудiң 
жалпы  жобасы  көрсетiлiп,  инфекциялық  ауруларда  оны  iске  асырудың 
нақтылы әдiстемелерi дайындалмаған.   
Көпжылдық  ғылыми  iзденiстерiмiздiң  нәтижелерiн  талдау,  синтездеу, 
iндеттанулық  ойлау,  сонымен  бiрге  эпизоотолог  ретiнде  жылдар  бойы 
қалыптасқан практикалық  тәжiрибелерiмiз негiзiнде  iндет процесi мен iндет 
ошағын  толық  сипаттай  алатын  жұқпалы  аурудан  (бруцеллез)  сау  емес 
пункттi iндеттанулық зерттеу әдiстемелерi дайындалды (Қасымов Е.И., 2003). 
Әдістемелік  ұсыныс  ҚР  АШМ  ғылыми-техникалық  кеңесінде  қаралып, 
бекітілген.  Бұдан бұрын ғылыми,  практикалық басылымдарда  iндеттанулық 
зерттеудің  жалпы  схемасы  көрсетіліп,  оның  нақтылы  қолдану  әдiстемесi 
берілмеген.   
 
7- тәжірибелік сабақ. Жұқпалы аурудан (бруцеллез, туберкулез)  
сау емес пунктті індеттанулық зерттеу әдістемелері 
 
Сабақтың  мақсаты.  Iндеттанулық  талдау  объектiлерiмен  танысып, 
iндеттен  сау  емес  пункттi  зерттеу  әдiстемесiн  меңгеру,  iндеттiк  жағдайды 
қадағалау,  аурудың  шығу,  таралу  себептерiн  анықтау,  жұқпалы  ауруларды  
iндеттанулық  тұрғыдан  балауда  iндеттанулық  талдау,    ойлау,  синтездеу 
ұғымдарын қалыптастыру, iндеттанулық  зерттеу актiсiн толтыруды үйрену.  
Керектi  құралдар.  Шаруашылық  макеттерi,  шаруашылықтың  iндеттiк 
жағдайын  сипаттайтын  ветеринариялық  есептер,  лабораториялық  сертифи-
каттар (соңғы деректер, дипломдық жұмыс дайындаған студенттердiң зертеу  
материалдарынан алынады). 
Жүргiзу  орны  және  әдiстемесi.  Сабақ  кафедрада  және  түрлi  мал 
шаруашылықтарында,  фермаларда  жүргiзiледi.  Студенттер  iндеттанулық 
талдау  объектiлерiмен  (нысандарымен)  танысып,  аурудың  шығу,  таралу 
себептерiн  анықтап,  ауруға  iндеттанулық  түрғыдан  балау  қоюды  үйренедi. 
Мысал ретінде бруцеллез, туберкулез т.б. созылмалы аурулар алынады. 
  
1. Жалпы мәлiмет 
 
1.1.  «Iндеттен  сау  емес  пункт»  деп,  территориясында  iндет  ошағы  бар 
елдi  мекен  (ауыл,  т.б.)  немесе  шаруашылық  (ұжымдық,  мемлекеттiк) 
есептелiнедi. Сау емес пункт құрамына iндет ошағын қоршаған қатер төнген 
аймақ та кiредi.   
1.2. Індеттанулық зерттеудің мақсаттары: 
- аурудың шығу және таралу себептерін анықтау; 

47 
 
- нозологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекциялық ауруға індет-
танулық балау қою. Індеттанулық балау – індет процесі мен індет ошағының 
толық сипаты.   
1.3. Індеттанулық талдау объектілері: 
- инфекция анықталған мал табыны, отары; 
- мал қоралары мен аулалары; 
- суаттар, басқадай суару жүйелері; 
- ветеринариялық-санитариялық обьектілер; 
- синантропты кемірушілер; 
- мал өнімдері, қалдықтары; 
-  ветеринариялық  және  санитариялық-эпидемиологиялық  мекемелердің 
есептері; 
-лабораториялық  сараптамалар,  ветеринариялық  куәліктер,  сертифи-
каттар. 
 
2. Iндеттiң шығу және таралу  
себептерiн анықтау 
 
2.1.
 
Індеттің  шығу  және  таралу  себептерін  анықтау  үшін  мынандай 
жағдайлар талданады:  
-
 
малдың күйі мен күтімі; 
-
 
мал тұқымын іріктеу, табын құрау немесе толықтыру
-
 
сол жерде және шекаралас аймақтарда бұл аурудың болу-болмауы.  
2.2.
 
Малдың күйі мен күтімін анықтау үшін: 
-
 
меншік түріне қарамастан бруцеллезге бейім жануарлардың түрі, жасы, 
жынысына қарай саны (шаруашылық, әкімшілік есебі бойынша); 
-
 
олардың таңбалануы; 
-
 
клиникалық тексеру арқылы малдың жалпы күйі; 
-
 
бағып-күтілу, азықтандырылуы, суару жүйесі және пайдалану жағдайы;  
-
 
ферма  территориясының  қоршалуы,  зоналарға  бөлінуі  және  онда 
санитариялық  реттіліктің  сақталуы  (малды  жасына,  жынысына  қарай  бөлек 
ұстау, «бос, бос емес», «демалыс» қағидаларының орындалуы); 
-
 
 мал  қораларының,  мал  төлдейтін  бөлімдердің,  қолдан  ұрықтандыру 
пункттердің санитариялық жағдайлары және олардағы микроклимат; 
-
 
мал серуендейтін ауланың бар-жоқтығы;  
-
 
 ветеринариялық-санитариялық объектілердің (ветеринариялық-санита-
риялық жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл, көң орны, биотермиялық апан, 
қалдықтарды өтелдеуші қондырғы, қасапхана,  оқшауханалар) бар-жоқтығы, 
олардың жағдайы, орналасуы; 
-
 
мал  шаруашылығы  өндірісінің  қалдықтарын  (көңді,  өлексені,  шуды, 
тастанды төл өлексесін, т.б.) жинау және зарарсыздандыру тәсілдері; 
-
 
ферма  территориясында,  мал  қораларында  синантропты  кеміруші-
лердің, бұралқы ит, мысықтардың, т.б. бар-жоқтығы; 

48 
 
-
 
дезинфекция,  дезинсекция,  дератизацияның  жүргізілу  реттілігі,  олар-
дың қолданылу сапасы.   
2.3. Iндеттен таза шаруашылықтарда инфекциялық аурулардың (бруцел-
лез,  туберкулез,  лейкоз,  лептоспироз,  т.б.)  шығуына  көп  жағдайда  сырттан 
әкелiнген  асыл  тұқымды  мал  (тайыншалар)  себеп  болады.  Сондықтан,  мал 
тұқымын жетілдіру, аналық табындарды құрау немесе толықтыру жайындағы 
деректер соңғы 2 жыл бойынша талданып (бруцеллез, туберкулез), мынандай 
жағдайлар қарастырылады: 
- малды өз төлінен өсіру және табын құрау сипаты
- аталық малдың пайдаланылуы және жұқпалы ауруларға тексерулердің 
нәтижелері; 
- мал және мал өнімдерінің сырттан әкелінуі, бұл кезде тиісті ветерина-
риялық-санитариялық ережелердің орындалуы; 
-  малды  әкелмей  тұрып  және  дауалық  карантиндеу  кезіндегі  жұқпалы 
аууларға тексерулердің нәтижелері; 
-  сүттің  және  көксүттің  зарарсыздандырылу  сапасына  лабораториялық 
бақылау нәтижелері. 
2.4.  Ауылдық  округтің,  елді  мекеннің,  шаруашылықтың  және  оларды 
қоршаған  қатер  төнген  аймақтың бруцеллезден індеттік  жағдайы,  соңғы үш 
жылдағы  ветеринариялық  және  санитариялық-эпидемиологиялық  қызметте-
рінің есебін талдау арқылы анықталды, атап айтқанда:   
-  індетке  бейім  жануарлардың  балаулық  тексеру  нәтижелері,  ал 
бруцеллез мал анықталған жағдайда, сау емес пунктте жүргізілген сауықтыру 
шараларының нәтижелілігі; 
- эпидемиологиялық бақылау мәліметтері; 
-  инфекциялық  аурулармен  (бруцеллез,  туберкулез)  ауырған  адамдар-
дың, олардың меншігіндегі малдың лабораториялық зерттеу нәтижелері;  
- мал айдайтын жолдың бар-жоқтығы, онымен жұқпалы ауруларға шал-
дыққан  малдың  өтуі  және  олардың  тексеріліп  жатқан  территориядағы 
жануарлармен жанасу мүмкіндігі;  
-  мал  өнімдерін  өңдейтін,  өндіретін  орындардың  (ет  комбинаты,  қасап-
хана,  сүт  өңдеу  мекемесі)  орналасуы  және  оларда  өндірілетін  өнімдері  мен 
тастандыларының жұқпалы аурулардан санитариялық тазалығы; 
-  жануарлар  сататын  базарлар,  орындар  болса,  бұл  объектілердегі 
індетке қарсы бақылаудың жағдайы. 
 
3. Індет процесіне сипаттама 
 
3.1. Індет процесін сипаттау үшін инфекция қоздырушысының бастауы, 
берілу  тетігі  және  бруцеллезге  бейім  жануарлардың  ауруға  қарсы  вакцина-
лармен егілулері анықталады.   
3.2.  Инфекция  қоздырушысының  бастауын  анықтау.  Мысалы  сиыр 
бруцеллезге  4  айлық  бұзау  кезінен  бастап  АР,  КБР,  КҰБР,  РБС  кешенімен 

49 
 
немесе  тек  қана  СР,  не  болмаса  ИФТ-мен  тексеріледі.  Қой  мен  ешкі  – 
кешенді  АР,  КБР,  КҰБР,  РБС-пен  және  аллергиялық  әдіспен,  жылқы  – 
кешенді  түрде  АР,  КБР,  КҰБР,  РБС-пен,  шошқа  –  кешенді  түрде  АР,  КБР, 
КҰБР  және  аллергиялық  әдіспен,  ит  пен  басқа  жануарлар  –  кешенді  түрде 
АР, КБР-мен зерттелінеді.   
3.3.  Бруцеллез  қоздырушысының  бастауы  анықталғаннан  кейін  ауру 
және  сау  малдың  тікелей  немесе  тастанды  ұрық,  шу,  нәжіс,  мал  өнімдері 
және  қалдықтары,  құрал-сайман,  мал  күтуші  адамдар,  гинекологиялық 
аспаптар,  сауу  құралдары,  ыдыстар  мен  тышқан  тәріздес  кемірушілер 
арқылы  жанама  жанасулары  талданып,  ауру  қоздырушысының  берілу 
тетіктері анықталды. Талдау жүргізгенде мынадай жәйттерге мән берілді: 
-  төлдету  қорасына  кіргізу  алдындағы  жануар  денесінің  санитариялық 
тазалығы; 
- мал төлдету бөлімінің ветеринариялық-санитариялық жағдайына, атап 
айтқанда, көңнің шығарылуы және мал төлдеген жердің дезинфекциялануы; 
-  көңнің, іш  тастаған  жағдайда  тастанды  ұрықтың, шудың зарарсыздан-
дырылуы және соңғылардың жойылуы;  
-  сүт  сауу  құралдары  мен  аспаптарының  және  сүт  ыдыстарының 
зарарсыздандырылуы; 
-  малдан  алынған  сүт,  ет  өнімдері  қалдықтарының  зарарсыздандырылу 
сапасы;   
-  малды  қолдан  ұрықтандырғанда  және  акушерлік  көмек  көрсеткенде 
қолданылатын аспаптардың (қынап айнасы, шприц-катетр, акушерлік жіптер, 
ілмектер, қысқыштар, т.б.) зарарсыздандырылу сапасы;  
- жүргізілген дезинсекция, дератизацияның реттілігі және нәтижелілігі. 
3.4.  Бруцеллезге  бейім  жануарлардың  вакцинамен  егілуін,  ветерина-
риялық мәліметтердегі арнайы актілерді талдау арқылы анықтайды. 
Нәтижесінде: 
-
 
бруцеллезге  қарсы  егілген  жануарлардың  түрі,  жасы  және  жынысына 
қарай  бөлінгендегі  саны,  қолданылған  вакцина  түрі,  вакциналау  және 
ревакциналау мерзімі, егілуге тиісті мал саны; 
-
 
вакциналау  және  ревакциналау  мерзімінің  сақталуы,  егілетін  малдың 
жасына, буаздығына, т.б. талаптарға сейкестілігі; 
-
 
меншік  түріне  қарамастан бруцеллезге  бейім барлық  жануарлар  балау 
әдістерімен  тексеріліп,  ауру  мал  саны  және  инфекция  қоздырушысының 
берілу тетіктері анықталады. Вакциналанған, вакциналанатын және балаулық 
зерттеулер  жүргізілетін  жануарлардың  жасы  және  жынысына  қарай 
бөлінгендігі саны арнайы кесте түрінде көрсетіледі.      
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет