4«мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуының теориясы мен әдістемесі» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары


Математиканы оқыту әдістемесі диалектика заңдары



бет14/28
Дата01.07.2022
өлшемі88,83 Kb.
#37455
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Математиканы оқыту әдістемесі диалектика заңдары

Басқа ғылымдар сияқты математиканы оқыту әдістемесі диалектика заңдары бойынша дамиды. Диалектикалық материализм оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарын ашуға және оны ұйымдастыру формаларын тағайындауға жағдай жасайды. Диалектика заңдарын меңгеру оқу-тәрбие үрдісінің тұтастығы мен қайшылықтарын түсінуге, кездейсоқ әдістемелік қателіктерге жол бермеуге көмектеседі

  1. Математика әдістемесінің пән және ғылым ретінде дамуына логиканың әсері

Математика әдістемесінің пән және ғылым ретінде дамуына логиканың әсері мол. Логиканың заңдары математика ұғымдарының жүйесін құру кезінде, оқыту құралдары жүйесін жасағанда кеңінен қолданылады. Білім тарихын зерттеушілер «логика» сөзін алғаш енгізген адам – ол ежелгі грек ғалымы Демокрит (б.з.б. 460-370) болған деп көрсетеді. Демокрит «Ойлау ережелері» деген ғылыми еңбегін жазған. Осы тарихи шығарманың айдарлық тақырыбына «логика» пәнінің аты келіп шықты. Өзіндік зерттегіш әдісі және зерттеу нәрсесі бар «логика» пәнінің негізін алғаш рет қалаған әлемнің бірінші ұстазы атанған әйгілі грек данагері Аристотель (б.з.б. 384-322). Әбу Насыр Әл-Фараби: «Логика - интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, интеллекция объектілерін танудың барлық жағдайларында адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын үйрететін пән» деген болатын.

  1. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары

«Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады» деген болатын А.И. Маркушевич. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу, тәжірибелік, дамытушылық болып табылады.
Математиканы оқытудың білім беру мақсаты:
а) барлық оқушылар математикалық білімнің барлық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету;
б) математикалық тілді меңгеруге үйрету;
в) оқушыларды бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруге жәрдемдесу;
г) оқушыларды математикадан алған білім мен іскерліктерін оқуға және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;
д) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;
е) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет