4«мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуының теориясы мен әдістемесі» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары


Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасы



бет22/28
Дата01.07.2022
өлшемі88,83 Kb.
#37455
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасы.

Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасында оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім қабілеттері ескеріледі. Оқытылатын материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Бірақ бұл қағиданың мақсаты берілетін білім «жеңілдетілген» түрде ғана оқытып, қиын тақырыптарды алып тастау емес, ол оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге деген қағиданың берік сақталуын көздейді. Математиканы үйрену барысында оқушылар өздерінің білім қабілеттеріне сай қиындықтарды жеңе отырып, өз күшіне сенім пайда болады және математикаға деген қызығушылығы артады. Көрнекілік құралдарын шебер пайдалана білу оқытудың түсініктілігін арттырады. Сонымен қатар математиканы оқытуда жүйелік және реттілік қағидаларын қатаң сақтау нәтижесінде түсініктілік қағидасын жемісті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен, оқу материалының түсініктілігі оның күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне, білімді саналы меңгеруге көмектесетін оқыту әдістері мен құралдарын орынды қолдануына байланысты.


  1. Математиканы оқытудағы білімнің мазмұны мен әдістері

Математиканы оқытудың мазмұны мынадай себептермен өзгеруі мүмкін:
1) оқыту мақсатының кеңеюі, қоғамның дамуы және оның техникалық-экономикалық қажеттеріне байланысты мектеп оқушыларының
дайындығына қойылатын талаптардың өзгеруі, математикалық білім, білік
және дағдыларының деңгейіне де әсер етуі;
2) математика ғылымының үздіксіз дамуы, математиканың ішінде жаңа
пәндердің пайда болуы, оқу материялының мазмұнын жаңарту қажеттілігі;
3) қоғам даму үрдісінде оқушылардың жалпы даму тенденциясы балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау нәтижесінде оқу материалының мазмұнын ертерек оқу қажеттігі;
4) педагогика ғылымдарының дамуы, математика әдістемесінің дамуы, оқытудың озат жетістіктерін енгізу сабақ беруді жеңілдету.
Математиканың әрбір тақырыбын оқығанда оның тәжірибедегі қолданысын анықтап отыру арқылы математиканы оқытудың мазмұны айқындалады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет