4«мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуының теориясы мен әдістемесі» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары


Математиканы оқытудағы білімнің берік болу қағидасы



бет21/28
Дата01.07.2022
өлшемі88,83 Kb.
#37455
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Математиканы оқытудағы білімнің берік болу қағидасы.

Математиканы оқытудағы білімнің берік болу қағидасы өтілген материалды қайталай отырып, жаңа материалды өту барысында қолдана білуді көздейді. Математика сабағында оқушылар алған білімдерін ұзақ есте сақтау үшін, білімді одан әрі дамытатындай және есептер шығаруда біліктілерін арттыратындай етіп ұйымдастыру керек. Сондықтан білімнің берік болуы оқушылардың белсенділігіне, біліктілігіне, ынтасына және іс қимылының дербестігіне байланысты. Оқыту үрдісінде оқушылар тек жаңа білім, білік, дағдыға ие болып қана қоймай, алған білімдерін нығайтады және
толықтырады. Оқыту үрдісінде оқушылардан өзіндік жұмыстардың алуан
түрлерін тиянақты орындай білуді, негізгі ұғымдардың анықтамаларын,
теоремеларын еске сақтай отырып, қолдана білулерін талап етеді.
Сонымен математиканы оқытудағы білімнің берік болу қағидасын жүзеге асыру үшін мұғалім:
а) өтілген материалды қайталауды ұйымдастырады;
ә) оқушылардың білімі мен біліктілігін уақытында тексеріп, кемшілігін
толықтырып оларды түзетіп отырады;
б) оқушыларға берілген есептер мен жаттығулардың жүйелілігіне көңіл
аударады;
в) оқушылардың жауабы айқын және қысқа болуына дағдыландырады.


  1. Математиканы оқытудың жүйелілік және реттілік қағидасы.

Математиканы оқытудың жүйелілік және реттілік қағидасы мектеп математикасының логикалық жемісі арқылы анықталады. Математиканы
оқытудағы жүйелілік дегеніміз пәнді өзінің құрылымы мен ішкі логикасына
сай белгілі бір тәртіппен оқытуды және математика курсындағы негізгі
ұғымдар мен теорияларды біртіндеп игеруді айтады. Математикалық білім
беруде негізгі тақырыпты қосымша тақырыппен сабақтастыра отырып
оқушылардың санасына сіңіре білу керек.
Математиканы оқытудағы реттілік дегеніміз оқыту үрдісі:
а) қарапайымнан күрделіге; ә) көріністен ұғымға; б) белгіліден белгісізге;
в) білімнен білікке, одан дағдыға көшуді білдіреді.
Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін математикалық білім беруде жүйелілік пен реттілікті байланыстырып отырса, оқушылардың білімді саналы, әрі баянды меңгеруіне, дүние танымын кеңейтуге, белсенділіктерінің артуына ықпал етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет