4«мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуының теориясы мен әдістемесі» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары


Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы



бет24/28
Дата01.07.2022
өлшемі88,83 Kb.
#37455
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы

Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы математиканы оқытуда оқушыларды тәрбиелеумен, олардың ақыл-ой қабілеттерін дамытумен және азаматтық қасиеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Математиканы оқыту процесінде математикалық ұғымдар, аксиомалар, теоремалар, заңдар мен теориялар адамдардың күнделікті қызметінің барысында сандық қатынастар мен кеңістік формаларды тану негізінде пайда болғаны туралы түсіндірілуі керек.
Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы математиканы оқытудың деңгейін, математика сабағына қызығушылығын көтеруді, математика тарихынан мағлұматтарды орынды пайдалануды, табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдарын ғылыми тұрғыдан түсіндіруді жүктейді. Сонымен қатар оқушылардың білімге деген құштарлығын, ынтасын арттыру, алған білімдерін саналы меңгеруге, оны тәжірибе жүзінде қолдануға және өз бетімен толықтыруға, математика сабағында жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуге жұмылдыру керек Мұнда әсіресе математика ғылымын дамытуда Әл-Фараби, Әл-Хорезми, Ұлықбек сияқты білімпаздар еңбектермен таныстыру оқушыларды отандық мақтаныш сезіміне бөлейді.


  1. Математиканы оқыту процесінде математикалық ұғымдар

Математиканы оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады:1)Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады. 2)Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) – оқу материалдарын танып білу әдісі жатады. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушының өздерінің математика жөніндегі белсенді дербес тану әрекетін іске асыру ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді.
Біріншісі, математиканы ғылым ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі, орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалған әдістер. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрену әдісі және бағдарламалық әдістер жатады. Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтанда математика дидактикасында үйрету (оқыту) әдістерімен формаларына үлкен орын беріледі.Оқыту әдістері оқушыларға математикалық білім білік дағдылардың белгілі бір жүйесін беру болып табылады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет