4«мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуының теориясы мен әдістемесі» ПӘні бойынша емтихан сұРАҚтары



бет23/28
Дата01.07.2022
өлшемі88,83 Kb.
#37455
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Ғылыми танымның жалпы әдістері

Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады.


  1. Ғылыми таным үрдісінің маңызды

Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет