5 -бет 3-4 беттер 7 -бет Заттыбек


Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.03.2017
өлшемі7,38 Mb.
#8120
1   2   3

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, 

хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты, –

деп  халқының  болашағы  үшін  жан  аза-

бына  түскен  кешегі  Алаш  зиялыларының 

күресі, Желтоқсанда қазақтың болашағын 

аңсаған қазақтың жастарының алаңға шы-

ғуы  –  тəуелсіздік  жолындағы  күресіміздің 

айғағы.  Тəуелсіздік  тұғырының  нығаюына 

Елбасымыз – Нұрсұлтан Əбішұлы Назар-

баевтың  үлесі  аса  зор.  Президентіміздің 

басшылығымен бүгінгі күні егеменді еліміз 

бүкіл  əлемге  танымал,  қарқынды  дамып 

жатқан елге айналып, Мəңгілік Ел идеясы 

аясында халқымыз бірігуде.

Тəуелсіздік  –  ата-бабамыздан  мирас 

болып  қалған  ұлы  құндылықтарымызды: 

ділімізді,  тілімізді,  дінімізді  жаңғыртуға 

мүмкіндік берген асыл қазына.

Тəуелсіздік  –  біз  үшін  көпті  берді, 

ал  біз  тəуелсіздік  үшін  не  бердік?  Ой-

ланайық,  ағайын!  Тəуелсіздік  –  бақта 

өскен  гүл  сияқты,  əрбіреуіміздің  нəр 

себуімізді  талап  етеді.  Тəуелсіздіктің 

тірегін  нығайту  елдің  əр  азаматының 

қолында. Егемен мемлекетіміздің тамы-

ры  тереңдеп,  тəуелсіз  еліміздің  шаңы-

рағы берік болсын, ағайын!!!

Қайрат БАТТАЛОВ,

т.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ 

Қазақстан тарихы кафедрасының 

меңгерушісі

ТӘУЕЛСІЗДІК – 

АТА-БАБАДАН 

МИРАС БОЛҒАН 

ҚҰНДЫЛЫҚ


4

Тәу етер тәуелсіздік 



>

 

«Аллаға шүкір бұл күнді бізге көрсеткеніңе!», деп бастайын бұл мақаламды. Иә, 



шыныменде ананың зарымен, бабаның қанымен келген бұл күнді көріп отыр-

ған бізде арман жоқ шығар. Тарихтың тереңдей тұнған сырларына көз жүгіртер болсақ, 

хан Абылайдың тұсынан басталған талас-тартыстан, зұлмат соғыстан көз ашпаған қайран 

елім-ай десеңші! 

А ң с а ғ а н ы ң 

тек  бостандық, 

еркіндік, 

еге-


мендік  болмап  пе 

еді.  Бұл  қол  жет-

пес  биік  арманға  қол 

жеткізу  де,  оңай  бол-

масын  кім  білген.  Бұл 

жолда  азаттықтың  ақ 

таңын көре алмай кеткен 

адамдар  жайлы  айтпай 

кету  дұрыс  емес.  Расы-

менде,  елім,  жерім  деп 

ет  жүрегі  елжіреп,  қасық 

қаны  қалғанша  күрескен, 

сол жолда батырлықпен көз 

жұмған қаншама есіл батыр-

лар бар. Сол адамдардың ақ 

үміттері бүгінгі таңда ақталды 

ма  екен?!  Қандай  нəтижеге 

қол  жеткіздік?  Тəуелсіздік  тұ-

ғырын қаншалықты биік ұстап, 

мемлекеттік тілімізді құрметтеп 

келеміз, деген жүректен шыққан 

сұрақтар жан дүниемді мазалап 

Қазақстан  Тəуелсіздігіне  23 

жыл  толды.  Басқа  елдер  қы-

зығатындай  дəрежеге  жеттік. 

Қазақстан  Республикасына  23 

жыл  болса,  еліміздің  ең  алғашқы 

тəуелсіз біз деп жариялаған күнін-

де  дүниеге  келген  жас  өрендер 

де  жиырмадан  асты.  Көзді  ашып 

жұмғанша  ер  жеткен  ел  болдық. 

Қарап отырсақ көп те, аз да емес. 

Қаншама  рет  еліміз  жиырмаға  то-

дық деп жар салсақ та, айтқан ау-

зымыз  шаршамайтындай  ерекше 

күйге түстік. Бұл күнге жаңа айтып 

кеткенімдей  оңайлықпен  жетпедік. 

Бүгінгі  Тəуелсіздігімізге  жетуге 

себепші  болған  қайғылы,  қанды 

«Желтоқсан»  көтерілісі  жүрегімізге 

өшпестей із қалдырды. Бұл күнді біз 

сияқты келер ұрпақ есінде мəңгілік-

ке  ұстайды  деген  үміттемін.  Сол 

жолда  күрескен  батырларымызға 

тағзым  етіп,  ерліктерін  дəріптеп, 

есімдерін  ұлағаттап,  құрмет  көр-

сету  дəл  қазіргі  кезде  біздің  пары-

зымыз.  Қасық  қандары  қалғанша 

күрескен  Қайрат  Рысқұлбеков,  Ер-

бол  Сыпатайұлы,  Лəззат  Асанова, 

Сəбира  Мұхамеджанова  сынды 

батырларымызға деген алғысымыз 

шексіз. Бұл батырларымыз өз өмір-

лерін  ұлы  іс  жолында  құрбан  етті. 

Тарихта  есімдері  алтын  əріппен 

жазылды.  Сол  кісілердің  құрметіне 

ескерткіштер  қойылды.  Міне,  көріп 

отырғанымыздай  еліміз,  халқы-

мыз  бұл  батырларымыздың  ерен 

еңбегін  бағалап,  есімдері  өшпесін 

деп үлкен игі істер жасалыпты. Сол 

оңайлықпен  келмеген  жеңіс  туын 

болашақ ұрпақ қаншалықты түсініп, 

қандай игі істер жасап, батырлары-

мызға  деген  құрметін  қаншалықты 

дəлелдеп  жүр  екен?!  Яғни,  айта-

йын  дегенім  біз  жеке  дара  мемле-

кет  болып  жарияландық.  Еліміздің 

тəуелсіз  ел  екенін  айқындайтын 

төлқұжаты  болу  керек.  Ол  бізде 

бар.  Яғни,  Ту,  Елтаңба,  Əнұран, 

Ата Заң жəне мемлекеттік тіл. Осы 

төлқұжаттарымыздың 

барында 


біздің  еліміз  егеменді  ел  екендігі 

белгілі.


Тəуелсіздіктің тағы бір жетістігі – 

əрбір  шаңырақта  ана  тілімізге  жан 

бітірдік.  Ақ  бесікте  жатқан  кезіміз-

де-ақ  анамыздың  ақ  сүтімен  бойға 

сіңген,  қасиетті  ана  тілімізде  сөй-

леу біз үшін үлкен мəртебе болды. 

Тəуелсіздік  алған  күннен  бастап-

ақ  өз  тілімізде  сөйлеп  келеміз.  Ал 

оған дейін бұл тілімізді түкпірге, бір 

қуысқа жасыруымызға тура келгені 

бəрімізге  белгілі.  Қазақ  балалары-

на  өз  тілінде  сөйлеуге  тыйым  са-

лынып,  қазақ  мектептерін  азайта 

бастапты.  Соған  қарамастан  қазақ 

ұлты  тілінің  көп  уақыт  мемлекеттік 

тіл дəрежесіне қызмет ете алмаған-

дығына, қолданылу өрісінің тарыл-

ғанына  қарамастан,  ата-бабадан 

ғасырдан-ғасырға  жалғасып  келе 

жатқан  бай  мұра  екендігі  тайға 

таңба  басқандай  айқын  байқалып 

тұр. Тəуелсіздік тұғыры құламастай 

белін бекем байлады дедік, ал осы 

мемлекеттік тіліміздің қолданылуы, 

бұл  тілде  халқымыз  қаншалықты 

сөйлеп,  нағыз  мемлекеттік  тіл  бо-

лып қалыптасуына алтын діңгектей 

қайтып  құламасына  кім  кепіл  бола 

алады? Əрине, еліміздің жас, бола-

шақ ұрпақтары. Қадыр Мырза Əли 

ағамыз айтқандай:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бəрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – дегені осы 

тұста  айқын  байқалады.  Иə,  керек 

болса  орысша  да,  ағылшынша  да 

басқа  тілдерде  сөйле.  Ең  бастысы 

өзіміздің мемлекеттік тіліміз шетте 

ысырылып қалмағаны жөн.

Менің  байқауым  бойынша 

қазір  тіліміздің  өресі  кеңейіп, 

бұл  тілде  тек  қана  елімізде  тұ-

рып жатқан адамдар ғана емес, 

сонымен  қатар  алыс-жақынды 

басқа  елдердегі  қандастарымыз 

сөйлеп,насихаттап  жүр.  Біздің 

еліміз  көпұлтты  мемлекет.  Яғни, 

130-дан  астам  ұлт  өкілдері  тұрып 

жатыр. Оларда бұл тілде сөйлейді. 

Демек,  біздің  мемлекеттік  тіліміз 

бізге  ғана  ортақ  емес,  басқа  да 

ұлт  өкілдеріне  де  ортақ  тіл.  Басқа 

ұлт өкілдері біздің тілімізде сөйлеп 

отырғанда,  біз  соны  көріп 

отырып  қалайша  өз  тіліміз-

де  сөйлемеске.  Бұл  біздің 

маңдайға  жазған  бағымыз, 

арымыз. Оны дұрыс қолда-

на білу біздің міндетіміз.

Сөз соңында айтайын де-

генім қолымыздағы бақ құ-

сымызды  ұшырып  алмай, 

дұрыс  ұстау  келер  ұрпақ, 

біздердің  еншімізде. 

Тəуелсіздік  тұғыры 

биік  болсын  десек, 

мемлекеттік  тілімізді 

жетік  білу  біздің  міндетіміз.  Тоқсан 

ауыз сөздің тобықтай түйінін мына 

өлең  жолдарыммен  аяқтағанды 

жөн санаймын:



Ана тілім өшпесін,

Ана зары ақталып.

Ана тілім өшпесін,

Бабам қаны тапталып.

Ана тілім өшпесін,

Бала тілі былғанып.

Ана тілім өшпесін,

Тұңғиыққа оранып.

Ана тілім өшпесін,

Тарихымды талқандап.

Ана тілім өшпесін,

Халқымды қан қақсатып.

Ана тілім өшпесін,

Шаңырақты шайқалтып.

Ана тілім өшпесін,

Елдігімнен 

айрылып.

Ақмарал ЕРМАНАТ

ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЫ

М

ен  жоғары  оқу  орнының  сту-

дентімін.  Мен  жаспын.  Осыдан  28 

жыл бұрын мен секілді жас азамат-

тар жəне азаматшалар Отаны үшін жандарын 

құрбан етті. Ол тарих сахнасында 1986 жыл-

дың «Желтоқсан оқиғасы» деп сақталды.

1986  жылдың  желтоқсаны  туралы 

ойласам  қиялым  қия  кезіп,  ұзақ  тол-

ғанамын.  Себебі  бүгінгі  тəуелсіздікке 

желтоқсан  оқиғасына  қатысушылар-

дың көз жасына малынып жеттік. Сон-

дықтан  да  бүгінгі 

көріп 


жүрген 

тəуелсіздік  біз 

үшін 

қымбат. 


Сол күні алаңға 

шыққан  жас-

тардың  үлкен 

армандары-

ның 

жүзеге 


асуына  қазіргі 

таңда  біз  куə 

болудамыз.

Сол  ызғарлы  күні  бақилық  болған  аға-əп-

келеріме  құрметім  шексіз.  Жалындап  тұрған 

жастық шағында қазақтың білімге құштар жас-

тарының өмірлері қиылып, жиырмасыншы көк-

темін  көре  алмай  кетту-ау.  Өшуді  емес  өсуді 

армандаған қазақтың білімді жастарының қанға 

шомылып кеткені жүрекке ауыр тиеді. Оларды 

жаужүрек, өжет еткен де еліне деген үлкен ма-

хаббат еді. Желтоқсан оқиғасына қатысқан əр-

қайсысының бойында отансүйгіштік қасиет сіңіп 

тұрды. Күре тамырында ағып жатқан қазақтың 

асыл  қаны  оларға  қайтпас  қайсарлық  пен  рух 

сыйлады.  Еліне  туған  сын  сағатта  кеудесін 

жауға  тосқан  сол  күнгі  жастар  бүгінгі  өскелең 

ұрпаққа  өнеге.  Қазақ  аруларының  бұрымынан 

сүйреп жатқаны Қайрат, Ербол сияқты қазақтың 

жігіттерінің ұлттық намыстарына тиіп, бос қарап 

тұра алмады. Олар орталық алаңда үлкен ерлік 

көрсетті.

Бүгінде  анамыздың  ақ  сүтінен  дарыған  ана 

тілімізбен, ата – бабаларымыздың төккен қаны-

мен  дарыған  тəуелсіздіктің  оңайлықпен  келме-

генін түсінеміз. Жас ұрпақ өз Отанын қастерлеп, 

елдің дамуына өзіндік бір үлесін қалдыру қажет. 

Бейбіт  заманда  басымызға  түскен  қиындықты 

осы  күнгі  жастар  білімімен,  биік  талғамымен 

өзге  мемлекеттерге  дес  бермей,  рухани  тұрғы-

да  мықты  болса,  кез  келген  қиындыққа  төтеп 

бере  алады  деген  ойдамын.  Кешегі  желтоқсан 

оқиғасына  қатысқан  азаматтардың  басты  тілегі 

тəуелсіздіктің  ақ  таңын  көру  еді.  Ал  бүгін  еге-

мендік алып, еңселі елге айналдық. Сондықтан 

біздерге артып отырған үміт өзгеше. Ол жастар-

дың толық мəнді білімді болуы, əр нəрседе то-

леранттық таныту, еңбек ету, мемлекетіне адал 

қызмет атқару. Ал ең бастысы қиындықпен қол 

жеткізген егемендігімізді сақтап қалу үлкен мін-

дет.  Əр  жас  адам  өзінің  Отанына  деген  үлкен 

махаббаты болу керек. Бейбітшілікті сақтап қалу 

бізге  ата-  бабамыздың  қалдырып 

кеткен 


аманаты. Ал аманатқа қиянат 

жасауға болмайды.



Назгүл РАБИЛОВА,

С.Торайғыров атындағы 

ПМУ «Журналистика» 

кафедрасының 3 курс 

студенті

ТӘУЕЛСІЗДІК – 

ЕЛ ТҰҒЫРЫ

5

Мәшһүр-Жүсіп 

туралы аңыз-әңгімелер:

Одан артық не керек?

Мұса  Шорманов-

тың  өмірден  қайтқа-

нына  қырық  күн  толғанда 

жақын-туыстары  ас  береді. 

осы асқа арнайы Мəшһүр-Жүсіп 

Көпеев  те  шақырылады.  Ас  үстін-

де төрде отырған Мəшһүр-Жүсіптен 

халық дұға тілейді. Мəшһүр-Жүсіп һұл 

һу Алланы үш рет қайырып əмин, – деп 

қысқа дұға қайырады.

– Ойбай-ай, Мəшеке, Мұса мырза адам-

заттың абзалы еді…,енді біреуі:

–Тіршілігінде сыйласқан жан едіңіз ғой, бір 

тəуір дұға болмады ма? – дегенде, Мəшһүр-

Жүсіп:


–  Ықылас  сүресі  қандайда  оқылады?-деп 

өздеріне сұрақ қояды.

–  Ол  əр  жерде  оқыла  бермейтін  аяяттың 

абзалы ғой, – деп бір ақсақал жауап береді. 

Сонда Мəшһүр-Жүсіп:

– Ендеше мен адамзаттың абзалы мен дұ-

ғаның абзалын табыстырдым. Одан артық не 

крек? – депті.

Мәшһүр-Жүсіптің мейірімі

Мəшһүр-Жүсіп пен Иманғали бір сапардан 

келе  жатып,  ат  басын  далада  жеке  тұрған 

киіз үйге тірейді. Мəшһүр-Жүсіп:

– Күлшашарлары бар ма екен? – деп сұ-

райды.


– Жылаған дауысы шығады, – деп Иман-

ғали жауап береді.

–  Е,құдай  жарылқаған  екен,  –  деп  ар-

бадан  түсіп,  үйге  кіреді.  Үй  иесінің  есі 

шығып, ас əзірлеуде. Іші пысып 

отырған  Мəшһүр-

Жүсіп:

–  Мен  саған 



өрік-мейіз 

бе-


ремін,  ал  сен  ма-

ған қанша мал-

дарың бар, соны айтшы,-деп баладан сұрап, 

үй иесі жөнінде мағлұматтар алады. Дастар-

қан жайылып, шай ішіліп отырғанда Мəшһүр-

Жүсіп үй иесінен:

–  Қанша  сиырың  бар?  –  деп  сұрайды.  Үй 

иесі:


–  Үш  сиыр  бар,  өзімізге  жетіп  жатыр,  – 

дейді.


–  Жалғыз  сиырың  үшеу  болғанша  қай  за-

ман? Балалы үйдің ұрлығы жатпайды. Əлгін-

де əкем кедей деп балаң айтып берген. Мына 

көрші бай бір үйір жылқы беріп еді, соны қазір 

менімен  бірге  барып  айдап  əкел  де,  балаң-

ның игілігіне жұмса. Ал Иманғали, тұрарлық, 

тамақ  ішіп  отырып,  талай  қызықтан  қала-

мыз, – деп Мəшһүр-Жүсіп тұрып кетсе керек.

Керекудің данасы мен дарасы

Баянауыл өңірінің осындай асқар-асқар 

таулары мен биік-биік белдері қандай көп 

болса,  аялап  өтер  алыптары  да  сондай 

көп.…Міне  сол  алыптардың,  жүйрік  құ-

лагерлердің  қазақ  əдебиеті  майданында 

қосқан  сəйгүліктерінің  шабысы  əлі  күнге 

дейін бүкіл қазақ халқының есінде… Əрда-

йым олардың рухына, данагөйлігі мен інжу 

маржандай  сөздеріне  бүгінгі  ұрпақ  мына 

біздер бас иеміз… Туған өлкем Керекудің 

«Тұлғалары»  əрбір  Керекуліктің  құлағын-

да  сағаттай  тарсылдап  тұруы  міндет  деп 

есептеймін. Осы міндеттің жүзеге асуына 

SMS+  жастар  газетінің 

«Көкжиекті  Кере-

кудің данасы мен дарасы» атты айдары-

ның тамшы болып тамарына сенемін!



Мәшһүр-Жүсіп 

Көпейұлының әулиелігі 

туралы

«Жақсыдан – ғибрат, жаманнан – кеса-

пат»  демекші,  халық  жадында  есімдері 

ұзақ  сақталған  əулиелер  төңірегідегі  ел 

арасында  əңгімелер  көп.  Ал  аңыздың 

анасы-ақиқат  екенін  ескерсек,  əулиелік 

пен  дарындылықтың  əркімнің  пешенесі-

не  жазыла  бермейтін  ерекше  қасиеттер 

екеніне көзіміз жеткендей болды.Тек қана 

жастайынан сергек сезімді зейінді болып, 

қанатты  сөздердің  қадірін  түсіне  білген: 

Бұқар жырау, Төле би, Мəшһүр Жүсіп Кө-

пейұлы, Шəкəрім сынды асыл жандар ғана 

елінің  ыстық  ілтипатына  бөленді.  Кейінгі 

уақытта, əсіресе республикалық басылым 

беттерінде «Əулие,дара тұлға» деген сөз-

дер көбейіп кетті. Ал осы киелі сөздің өзі 

Мəшһүр-Жүсіп  сынды  бір  туар  тұлғалар-

ға айтылғандай. Қазақтың кең даласында 

өскен,  дархан  мінезді  дуалы  ауыз,  əулие 

Мəшһүр-Жүсіп  бөгеліп  қалған  бұлақ  көз-

дерін  аршып,  бізге  таусылмас  рухани 

азық,  жұтамас  байлық  қалдырды.  Жазу-

шы  Ə.Тəжібаев:  «Мен  Мəшһүр-Жүсіптің 

атын  қаршадайымда  естісемде,  оның  кім 

екенін  білгір  баяндауға  қартайғанымша 

жараған  емеспін.  Сонау  қатал  жылдары 

əміршілдік əкімшілдік қаһарына ұшыраған 

аяулы  азамат  та  өзгелер  сияқты  құлып-

таулы  болды»,  –  деп  қынжылыс  білдірсе 

халық  қаһарманы  Ш.Шөкіұлы:  «Мен  үшін 

Мəшһүр-Жүсіптің  сөзіндегі  ең  қадірілісі 

оның  өмірдің  өшпейтіндігі  жер  бетіндегі 

тіршіліктің кездейсоқ пайда болмағандығы 

жөніндегі сара пікір», –деп əулиенің білімі 

түпсіз шыңырау екенін баса айтады.



Əуелгі Əлиф алланың аты болар

Би бес парыз пенденің жасы болар,

Кімде кім құран кəрім сөзін білсе

Аузында ас, астында аты болар

Тұрарда таң намазға кер боларсың

Шығарда шыбын жаның кер боларсың

Таудан биік күнəміз болсадағы

Аллаға шын жыласаң өзі кешер, – деп 

шабытты шабысынан талмай, табиғаттың 

тылсым  сырын  игерген  Мəшһүр-Жүсіп 

Қожа  Ахмет  Яссауи  мен 

Əл-Фараби сияқты өзгеге бой бермес шы-

ңырау мұхит.

Р.Əбдірашұлының сөзімен айтар болсақ:

Көшінде адамзаттың ұлы болған,

Бойында күн сəуленің нұры қонған

Іздесең Мəшһүр-Жүсіп табылады

Əл Фараби бастаған ұлы жолдан.

Ұша білген қанатқа əрдайым дүние кең. 

Бірақ сол кеңдікке қол жеткізе алатындар 

алғыр  ойдың  иелері  ғана.  Көзіңді  қызық-

тырып көңіліңді желіктіретін құнарлы, шы-

райлы бұлақтардан нəр алып қана, бізде 

бабалардан жеткен кең дүниені игілігіміз-

ге  пайдалана  аламыз.  Сонда  ғана  өнер 

мен білімнің таусылмас дария екеніне көз 

жеткізісің.

Бір  жылы  Мəшһүр-Жүсіп  пен  Шəкəрім 

қажы  бір  дастарханның  басында  кезде-

седі. Қысқа да болса, біраз əңгімелеседі.

Кетерінде əулие:



–  Аумалы  –  төкпелі  заман  келе  жа-

тыр,  біреуміздің  ажалымыз  Алладан, 

біреуміздің  ажалымыз  адамнан  болар,  – 

депті. Сонда Шəкəрім:

Пешенемізге  жазылғанды  көреміз,  – 

десе  керек.  Екеуі  де  енді  көріспестей 

қоштасады. Мəшһүр-Жүсіп ауылдан ұзап 

кеткен соң, «Əулиеге бұл сөзді періште-

лері  айтқызды  ма  екен?»  деген  оймен 

Шəкəрімде елге қайтады.

Бұл екі тұлғаның Мусаның асынан кейін 

кездесіп  тұрған  төртінші  кездесуі  болса 

керек. Арада біраз уақыт өткен соң Мəш-

һүр-Жүсіп сапарға шығуын тоқтатады. Ал 

Шəкəрімі болса көп ұзамай ОГП-нің «жан 

алғыштарының» қолынан қаза табады…

…Бірде  Мəшһүр-Жүсіпке  Əбдəйілде 

қажы сəлем беріп, біразі шариғат талас-

тыруғка  келеді.  Екеуі  түннің  бір  уағына 

дейін армансыз əңгімелеседі.

–  Жастарымыздың  бүгінгі  тынсы-

тірішілігі  мені  алаңдатты.  Болашақ-

тағы  ізбасарымыз  қандай  болар 

екен? – деген Əбəйілдінің сұрағына:

«Өздері аласа туар,

Аласа туса да, таласа тура

Мазасыз зарлауық болар.

Жесе нанға тоймас

Боқтаса дымыңды қоймас.

Ішкені арақ, тартқаны наша,

Бұзықтықтан басқаға мойын 

бұрмас», – деп өлеңдете жөнел-

се крек.


Мəшһүр-Жүсіптің 

білмейтіні 

жоқ  екен,  –  деп  тамсанып  отыр-

ған  ұлы  Əбдірахманға  Абай:  – 

Шəкəрім  мен  Мəш-

һүр-Жүсіп 

құрдас 

екеуі  де  дін  жо-



лына  берілген 

жандар. 


Мен 

де  ақынмын, 

Мəшһүр-Жүсіп 

те ақын. Деген-

мен,  ол  ақын 

б о л ғ а -

нымен  құдайға  жақын.  Сондықтан  Мəш-

һүр адамзаттың əулиесі ғой, – десе керек.

Қара күш иесі Қажымұқан туралы Тали-

ға Бекхожина «Əншілгі де бар еді» – деген 

əңгімесінде: «бір басқосуда Алтай өңіріне 

келген бір ақын Қажымұқанның жұрт ал-

дында беделін сөзбен түсіруді жөн көріп:

–  Мəшһүр  деген  əулие  шығыпты  ғой, 

бір  өзінің  бойында  бірнеше  өнер  бар 

деп  естідім.  Сонымен  күреске  шықсаң, 

жеңіліп тынарсың, – деп қарқылдап күлсе 

керек. Сонда Қажымұқан.

–  Мен  ол  кісінің  алдына  барып,  тізер-

леп  отырып  өзім  жеңілер  едім.  Əулиеге 

тіл тигізбей жайыңа жүр, – деп ашуланып 

кетіп қалады.



«Дүниенің базарында, арзан нарқым,

Нарқым арзан болса да, қымбат даңқым.

Тіршілікте ағайынға қадірім жоқ

Өткен  соң,  əттеген-ай,  дерсіңі  хал-

қым»,  –  деп  Мəшһүр-Жүсіп  өзі  көз  жұм-

ған  соң,  есімнің  көпке  дейін  сыңар  жақ, 

солақай  көзқарастың  алдында  боларын 

сезген  болар.  Мəшһүр-Жүсіп  көз  жұм-

ғаннан бергі алғашқы 30 жылда ақынның 

жүрегінің түбінен шыққан, халыққа рухани 

азық  боларлық  шығармалары  көлеңкеде 

қала берді.

Шамамен  1908  жылдары  Мəшһүр-

Жүсіп: 


«Ақиқат 

жолында 

жалындап, 

Алланың 

жазуымен 

емес, 

адамның  қо-

лынан қаза 

болған-

дар-

дың  ғасыр  соңында  жұлдызы  жанар»  – 

деген екен.

Мəшһүр-Жүсіп:

Қаракесек Бекболаттың Заманы –

Қасқыр деген Заман еді.

Жамандық пен бұзықты

Басқа ұр деген Заман еді.

Айдабол Тайкелтірдің Заманы –

Қаракесек Алшынбайдың заманы

Қарсақ деген Заман еді.

Шүршіттің темір қақпаны,

Мұжықтықтың кендір арқаны

Жетпіс жылда бір шірір» – деп еді.

Иə, 1986 жылғы жастардың толқуы мұ-

жықтың кендір  арқанын  шірітіп  қана қой-

ған жоқ, тас-талқанын шығарды емес пе? 

Оның  алмастай  нұрлы,  семсердей  өткір 

бағалы  сөздері,  дуалы  ауыздан  шыққан 

шуақтай жылы өлеңдері, адамзаттың жан 

түкпіріне жарық түсіріп қана қоймай жаңа 

өмірдің  жайлауына  шақырған  жарқын 

өмірдің жаршысы…



(Ə.Пазыловтың «Мағлұматты 

М.Ж.Көпеев», Қарағанды қаласы

«Болашақ» баспасынан, 2006 жылы 

жарық көрген кітабынан ықшамдалып 

алынды.)

Ұлжан ТӨЛЕУ

А

сыл сөздің иесі



>

 

Еркелі Ертіс, Көкжиекті Керекудің Баянауыл өңірінің сапары алысқа көз тіктірген тіршілік көзі 



мен табиғаттың алтын құрсағы талай құлагер ақындарды өмірге әкеліп, өнегесімен өлмес із 

қалдырғанын есіңізге ала қалсаңыз, көз алдыңызға әрбірі бір-бір құзіретті ие еткен мұзарт шыңдар 

елестейді… Аспанмен астасып, бұлттармен достасқан сол шыңдарға, сол алып тауларға қарап 

      тұрып кейде тау баласы болғың келеді, таудай асқақтықты, биіктікті армандайсың.



Тәуелсіздік жемісі

Елдікке жеттік аңсаған,

Тəуелсізбін деп жар салам.

Жаңа тарих беттері, 

Сол күннен-ақ басталған.

Жаңа дəуір басталды,

Артта қалу жоқ енді.

Елбасымыз Нұраға

Көшбасшы боп келеді.

Белестерге бел байлап,

Тəуекел деп көреді.

Бірлікті ел əрқашан да,

Тек қана алда жүреді.

Тіл мен дінді пір тұтып,

Ана тілде сөйлейді.

Тарихтарын жыр ғылып,

Ұлағаттап жүреді.

Əнұранды орындап,

Жүректерін тербейді.

Туымызды желбіретіп,

Хан-Тəңірге өрлейді.

Елтаңбаны ерек қылып,

Елдігіміз бұл дейді.

Қазақстан əрқашанда

Жеңісті ешкімге бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет